«арнайы клиникалық ПӘндер» кафедрасы «жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері


Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)



бет54/57
Дата24.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193276
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
FNEGCOVCQSUP16112023204815

9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Тест сұрақтары:
І - нұсқа
1. 2-ші типті қант диабетінің өлімге әкелетін жиі себебі болып табылады:
A. кетонемиялық кома
B. гиперосмолярлы кома
C. миокард инфарктісі
D. аяқтардың гангренасы
E. диабеттік нефропатия
2.Қант түсіруші сульфаниламидтік препараттардың әсер ету механизмі:
А) ұйқы безінің инсулинді секрециялауын күшейтеді.
В) β-клеткалардың глюкозаға физиологиялық сезімталдығын қалпына келтіреді
С) глицерин түзілуін азайтады
D) бауыр мен бұлшық еттерде глюкозаның утилизациясын жоғарлатады
Е) глюконеогенезді тежейді
3. 15 жастағы жасөспірімде салқын тиіп ауырғаннан кейін шөлдеу, полиурия, жалпы шаршағыштық пайда болды. Қанда қант 12 ммол/л, зәрде ацетон анықталады. Науқаста диабеттің қай түрі:
А) екіншілік қант диабеті
В) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2 тип)
С) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2 тип), инсулин талап ететін фаза
D) қант диабеті 2 – тип жас адамда (MODY)
Е) қант диабеті инсулинге тәуелді (1 тип).
4. Қант диабетімен ауратын науқастың ем дәмі:
A) № 9.
B) № 11
C) № 10
D) № 8
E) № 5
5. Тері астына инсулинді енгізгендегі асқынулар:
A) гипогликемиялық жағдай
B) инсулиннен кейінгі липодистрофия.
C) кетоацидоз
D) ауалық эмболия
E) қышыну
6. Гипогликемиялық кома кезіндегі бірінші көмек:
A) 40% глюкоза ерітіндісінің 40-80 мл көк тамырға енгізу.
B) инсулиннің 10 бірлігін көк тамырға енгізу
C) 0,9% натрий хлориді ерітіндісін көк тамырға енгізу
D) жүрек гликозидтерін көк тамырға енгізу
E) 40 мг фуросемидті көк тамырға енгізу
7. Науқас 30 жаста, 1 типті қант диабетімен ауырады, инсулинді енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң коматозда жағдайда табылған. Бірінші болып қандай іс-шара қолданылады:
A) ЭКГ түсіру
B) 5% глюкоза ерітіндісін ендіру
C) инсулинді енгізу (10-20 Б)
D) қандағы глюкоза және электролиттер, креатининдер деңгейін зерттеу
E) 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу.
8. 45 жастағы семіз әйелде диспансерлік қарау кезінде аш қарында гликемия 9,2 ммоль/л, глюкозурия 3%, зәрде ацетон «теріс». Туған ағасы қант диабетімен ауырады. Науқаста диабеттің қай түрі:
А) қант диабеті инсулинге тәуелді (1тип)
В) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2тип).
С) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2тип), инсулин талап ететін фаза
D) қант диабеті 2 – тип жас адамда (MODY)
Е) екіншілік қант диабеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет