Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін



бет13/40
Дата07.02.2022
өлшемі173,42 Kb.
#83117
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
@8; 65=85 07

2.2 Көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін


  • 14. Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
    15. Жалпы орта және кәсіптік орта білім алу мақсатында оқуды жалғастыру төмендегідей:
    1) бастауыш білім беру деңгейі – 0, 1-4 сыныптар,
    2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар,
    3) жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
    Нашар көретін балалардың жалпы білім беретін мектепке ауысуы оқытудың кез келген кезеңінде мүмкін.
    16. Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады.
    Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады.
    Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі.
    Күрделі бұзылыстары бар көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады.
    17. Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет