2.7 Ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балалар үшін 46. Ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы ұйымдарға:
1) ерік-жігер аясында бұзылыстары бар, оның ішінде аутистикалық спектрдағы бұзылыстары бар мектеп жасына жеткен балалар қабылданады.
47. Ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған сыныптардың толықтырылуы 6 оқушыдан аспайды.
48. Ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы ұйымның ерекше міндеті әлеуметтік өзара іс-әрекет, бейімдеу және кіріктіру саласындағы бұзылыстарды түзету үшін кешенді түзету психологиялық-педагогикалық жұмыс өткізу болып табылады.
49. Түзету жұмысының мазмұны кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық сипатта болады. Балаларды түзете-дамыта оқыту мен тәрбиелеуді психолог, дефектолог, мұғалім-логопед іске асырады.
50. Контингентті толымдау және оқу-тәрбие процесі оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, құрылады.