Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


ҚР зияты бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі



бет77/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

79. ҚР зияты бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі
Қр зияты бұзылған балаларға арналған интернат үйлеріне ақыл-ой кемдігі және дене мүшесі кемтарлығы белгілері бар, сондай-ақ жүйке ауруларымен ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұқтаж 4-18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлерінде тәрбиелеу мен оқыту арнайы оқу жоспарлары, арнайы бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жүзеге асырылады. Балалар қажетті медициналық көмекті алып, нормативтер бойынша тамақпен және киіммен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олар үшін мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақылар көзделген.

Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған көмекші мектепте дамуында зияткерлік бұзылыстар бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген мазмұннан тұратын дәстүрлі пәндер мен арнайы түзеу пәндері оқытылады.



«Түзеу ритмикасы». Осы курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың дене қозғалысын жетілдіруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музыкалық сезім және қозғалыс мүшелеріне, эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

«Әлеуметтік тұрмыс-тіршілікке бейімделу».Сабақтарда оқушыларды өздігінен өмір сүруге іс жүзінде дайындау, қоғамның мәдени және әлеуметтік өмірінде әлеуметтік бейімделуде көмек ретінде олардың білімін және ептілігін қалыптастыру жүзеге асырылады. ӘТБ сабағы бойынша сынып 2 топқа бөлінеді.

«Танымдық іс – әрекетті түзеу». Осы курс бойынша сабақтар оқушылармен жеке немесе топпен бірге өткізіледі. Сабақтар ақыл – ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс – жүзіндегі іс-әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

«Емдік дене шынықтыру (ЕД)». Топпен немесе жеке жүргізілетін сабақтар жүріп - тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балаларды оңалту мақсатында жүргізіледі. Топтар дәрігердің ұсынымдары бойынша құрылады.

«Логопедиялық сабақтар». Көмекші мектептегі логопедиялық жұмыс ақыл-ойының кемістігі бар балалардың дамуын түзеуде маңызды. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы көптеп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылушылық ақыл – ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет