Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы


Тарихты оқытуда интерактивті және инновациялық әдістерді қолдану



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата21.09.2022
өлшемі444,13 Kb.
#150162
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
6M011400 kz

Тарихты оқытуда интерактивті және инновациялық әдістерді қолдану. 
Интерактивті 
әдістеменің міндеттері мен функциялары. Оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың мәні. 
Интерактивті әдістерді сабақта қолдануды басқару мен ұйымдастыру. Интерактивті әдістерді
қолданудың жолдары. 
Тарихты оқытуда ойын түрін пайдаланудың әдістемелік аспектілері.Іскерлік ойындар, тарихи 
пікірсайыстар, театрлік қойылымдар мен байқаулар. Жарыс сабақтары, саяхат сабақтары
кіріктірілген сабақтар, өлкетану ойындары. Тарих сабақтарын өткізуде тірек сигналдар мен 
белгілерді дайындау. Оқыту үрдісінде ойын түрін жүзеге асыру технологиясы. Мұғалімнің 
алгоритим әрекеті, оқушының алгоритм қызметі. Сабақты өткізудің жаңа түрлерін ұғыну, мазмұны, 
құрылымы, ұйымдастыруы. Тарихты оқытудағы ойын-оқушылардың танымдық қызметінің 
белсенділік әдісі ретінде. 
Тарихты оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану.
«Технология» ұғымы. 
Педагогикалық технология пәні, міндеттері мен функциялары. Педагогикалық технология мен 
әдістемені салыстырмалы талдау. Педагогикалық технологияның кезеңдері мен түрлері. 
Педагогикалық технология-оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастырудың әдістері 
мен үдірістердің жиынтығы мен бірізділігі ретінде. Педагогикалық технология оқушыларды 
оқытуға, дамытуға, тәрбиелеуге, өзін-өзі іске асыруға, жетілдіруге бағытталған. Тарихты оқытуда 
педагогикалық технологияны пайдаланудың жолдары.
Тарихи пәндерді оқытуда оқушылардың өзіндік жұмысы.
«Өзіндік жұмыс» ұғымы. 
Оқушылардың өзіндік жұмысының мақсаты, міндеттері. Өзіндік жұмыстың түрлері. Өзіндік 
жұмыс үрдісінде әр түрлі деректерді пайдалану. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың мәні. 
Оқыту нәтижесін тексеру.
Оқыту нәтижесін тексерудің міндеттері мен әдістемелік 
ұстанымдары. Тексерістің мазмұны. Оқыту нәтижесін тексеруді ұйымдастыру, формалары
түрлері мен әдістері. Оқыту сапасының мониторингі. Оқыту сапасын бағалау механизмі. 
Оқушылардың білімін бағалау әдістері мен әдістемесі. Тарихты оқытудың нәтижесі, оларды 
бағалау мен диагностикасының құралдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет