Арналған әдістемелік ұсыныстар Математика 5-сынып



бет2/8
Дата20.11.2023
өлшемі187,44 Kb.
#192430
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
sor matematika 5-kl kaz

«Натуралсандаржәненөлсаны»бөлімібойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу
Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі

Оқу мақсаты

5.1.2.3 санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану
5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу
5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қосу мен көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, санды өрнектің мәнін табады

  • Теңдеуді шешеді

  • Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есепті шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут



Тапсырмалар



  1. Өрнектің мәнін тиімді әдіспен табыңыз: a) 5084 24 976 5084

b) 594 847 6 153

  1. Теңдеуді шешіңіз және тексеруді орындаңыз:

24  (78  m)  36



  1. Есепті шешіңіз:

Көрермендер залында 360 орын бар. 42 адамнан тұратын 8 топ өз орындарына отырғаннан кейін неше орын бос қалады?

Бағалау критерийлері



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қосу мен көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, санды өрнектің мәнін табады

1

көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік
қасиетін қолданады;

1

қосудың ауыстырылымдық заңын
қолданады;

1

санды өрнектің мәнін есептейді;

1

Теңдеуді шешеді

2

қосу амалының белгісіз компонентін табу
ережесін қолданады;

1

азайту амалының белгісіз компонентін
табу ережесін қолданады;

1

айнымалының мәнін табады;

1

тексеруді орындайды;

1

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есепті шығарады



3


берілгенін қысқаша жазады;

1

есептің шарты бойынша санды өрнек
құрастырады;

1

есептің шарты бойынша бірінші амалды
орындайды;

1

есептің шарты бойынша екінші амалды
орындайды және жауабын табады.

1

Жалпы балл

11

«Натурал сандар және нөл саны» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикалар Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

төмен

орта

жоғары

Қосу мен көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, санды өрнектің мәнін табады

Өрнектің мәнін есептегенде қосу мен көбейту қасиеттерін қолданғанда қиналады немесе көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланбай, санды өрнектің мәнін табады

Амалдардың орындау тәртібін анықтау үшін көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік / қосудың ауыстырылымдық қасиетін қолдануда / есептеу барысында қателіктер жібереді

Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолдана отырып, амалдардың орындау тәртібін анықтайды, санды өрнектің мәнін дұрыс табады

Теңдеуді шешеді

Теңдеуді шешу барысында арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесін қолдануға қиналады

Теңдеуді шешу үшін арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесін қолданады, бірақ есептеуде қателіктер жібереді / тексеруді орындамайды

Теңдеуді шешу үшін арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесін дұрыс қолданып, теңдеуді шешеді. Тексеруді орындайды

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есепті шығарады

Мәтін есепті шығаруға қиналады

Есептің шарты бойынша қысқаша берілгенін жазады, санды өрнек құрастырады, арифметикалық амалдарды орындау барысында қателіктер жібереді

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтін есепті шығарады, жауабын жазады

«Натурал сандардың бөлінгіштігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып



Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет