Екінші бөлімде соғыс жылдарындағы ғылымның дамуы қарастырылады.
Ұлы Отан соғысы жылдары республикаға 20 ғылыми-зерттеу институттары эвакуацияланып, олардың 15-сі Алматыға орналастырылды. Сол кезеңнің атақты ғалымдары В.Г.Фесенков, Г.А.Тихов, М.И.Горяев және басқа да ғалымдар елдегі ғылыми жұмыстың біршама жандануына ықпал етті және ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарының қалыптасуының бастамасын жасап берді. 1941 жылдың соңында, Ұлы Отан соғысының басталуымен, Алматыға КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі А.М.Панкратова бастаған мәскеулік және ленинградтық тарихшылар көшірілді. Ғалымдардың Қазақстанға эвакуацияға келуімен ғылыми қызметкерлерді аспирантура арқылы даярлау кең қанат жайды. Мәселен, 1942 жылы желтоқсанда аспирантураға 57 орын бөлінеді, оның ішінде екі орын тарих ғылымы бойынша болды. Елдің бас тарихшыларының Алматыға келуі, олармен тікелей қарым-қатынас қазақ жастарына тарихи шеберліктің нағыз мектебінен өтуге мүмкіндік берді. 1941-1945 жылдары Қазақстан тарихы бойынша алғашқы диссертацияларды қорғау жүзеге асты. (М.П.Грязнов, А.Х.Марғұлан, С.Х.Брайнич, Е.Ермекбаев, Н.Г.Аполлова, М.А.Нудель, О.А.Ваганов, Б.С.Сүлейменов, Х.Г.Айдарова). Ғылыми кадрлардың тез өсуі, республикаға келген көрнекті ғалымдар тарапынан әсер ету және жан-жақты ғылыми көмек гуманитарлық ғылымдар бойынша өзіндік ғылыми зерттеу мекемелерін ұйымдастыру үшін жағымды жағдай жасады.
Соғыс жылдарындағы ғылымның дамуының көптеген мәселелері отандық тарихшылардың зерттеулерінде қарастырылды. Қазақстанға эвакуацияланған ғалымдар мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің әскери-техникалық маңызы бар ғылыми міндеттерді шешуі, Жеңіске жетудегі бүкілхалықтық күреске қосқан үлесі, шикізаттық ресурстар мен өндірістік қуаттарды жұмылдырудағы қызметі туралы М.Қ. Қозыбаевтың мақаласында сарапталды. Н.Е. Едігенов пен Ш.Е. Есеновтың мақалаларында қазақстандық ғалымдардың 1941-1945 жылдардағы жұмыстарының негізгі нәтижелері қорытындыланды. А.К. Бисенбаев академиялық ғылым мен жоғары оқу орындарының қалыптасуы және дамуын зерттеді. Республиканың жоғары оқу орындарының аталған кезеңдегі дамуы мәселесі Ш.Ю.Тастанов, Ю.Пачин, Ц.Р.Розенберг, М.Қ. Қозыбаевтың еңбектерінде де қарастырылды.
Қорыта келе, тарихи еңбектерді талдау Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуы, оның майдан мен тылды жұмылдырудағы қосқан үлесі және ұлттық интеллигенцияның қызметі туралы көлемді еңбектің, арнайы зерттеудің жоқтығын көрсетеді. Бұл мәселе көбіне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихы туралы жазылған еңбектерде жалпылама түрде, жекелеген зерттеушілердің мақалалаларында, зерттеулерінде қарастырылған. Бүгінгі таңда ғылымның еліміздің болашағы үшін маңыздылығы айқындалып, оны дамытуға жағдай жасалып жатқан кезде соғыс кезеңіндегі ғылымның дамуы туралы арнайы, кешенді зерттеу жүргізу қажеттігі өздігінен туындайды. Бұл үшін біздің ойымызша, ғылыми айналымға әлі тартылып үлгермеген мұрағат қорлары мен сол кезеңдегі ғалымдардың жеке қорларын зерттеу аясына тартып, ғылымның Жеңіске қосқан үлесіне тиісінше бағасын беру қажет.
Үшінші бөлімде соғыс жылдарында бастау алған, отандық тарихтың өзекті мәселелерімен айналысқан тарихшыларға идеологиялық қысымның көрсетілуі, Е.Бекмахановтың қуғындалуы мысалында талқыланады.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан тарихының зерттелуі үшін маңызды уақыт болды. Өйткені, эвакуацияға келген одаққа белгілі тарихшылардың көмегімен қазақ тарихының зерттелуі, ұлттық тарихшы мамандардың даярлануы ерекше маңызға ие болды. Баршаға белгілі ақиқат, Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың қозғалысын «буржуазиялық-ұлтшылдық» тұрғыдан ашып көрсетпегені үшін 1952 жылдың соңына қарай 25 жылға бас еркінен айрылып, сотталған болатын.
Тарих ғылымында бүгінге дейін қазақстандық ғалымдардың Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты монографиясын талқылаудағы көзқарастарын терең де жан-жақты талдау толық қолға алына қойған жоқ. Бұл бағытқа алғашқы қадамдар жасалды, Л.Гуревичтің, И.Қозыбаевтың және К.Нұрпейісовтың зерттеулері осы бағыттағы алғашқы еңбектер. Алайда, сол кездегі қазақстандық зерттеушілердің ұстанған бағытының әр түрлілігі және олардың пікірлерінің сан алуандығы сол жылдардағы Қазақстан тарихының ғылыми-методологиялық деңгейінен ғана емес, сонымен қатар, зерттеушілердің интеллектуалдық, адамгершілік және әдептілік сапаларынан да жан-жақты хабардар ете алады. Бұл мәселені жан-жақты талдауда бізге берілген тақырыпқа қатысты пікірталастың стеннограммасының мұрағатта сақталуы толық мүмкіншілік береді.
Қорытындылай келе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарих ғылымының дамуын отандық тарихнамада кешенді қарастыру, оның тарихи арнайы зерттеудің нысанына айналдыру берілген кезеңдегі тарихи ойлардың дамуын талдауға мүмкіндік береді. Осы оқиғаға байланысты барлық деректерді жинап, сараптау қажеттігі туып отыр. Деректік база толық қалыптасқаннан кейін Қазақстан тарихының тарихын әрі қарай зерттеуді жалғастыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кеңестік дәуірде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы тақырыбы қазақстандық тарихнамада отандық тарих мәселелерін жасаудың басты бағыттарының бірі болды. Бұған келтірілген тарихи зерттеулердің сандық және сапалық сипаттамалары дәлел бола алады. Тәуелсіздік кезеңінде қазақстандық зерттеушілердің Ұлы Отан соғысының тарихы тақырыбына деген қызығушылығы біршама төмендеді. Біздің соғыс сынағы жылдарындағы Қазақстан тарихының мәселелеріне жүргізген талдауымыз, жарық көрген зерттеулердің санының көптігіне қарамастан, көптеген мәселелердің одан әрі зерттеу мен өңдеуді қажет ететіндігін көрсетті. Біз елдің тарихының бұл кезеңіндегі партияның басқарушылық рөлін теріске шығармаймыз. Ең алдымен, біздің ойымызша, барынша тырысушылықсыз, артық түсініктемелерсіз және дәріптеушіліксіз КОКП партия ұйымдарының қазақстандықтарды ел қорғау ісіне жұмылдырудағы рөлін зерттеу қажет.
Жұмыс нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Кеңестік тарихнаманың бірінші кезеңінде (1941-1956 жылдар) Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихын зерттеуге арналған жалпы одақтық және қазақстандық тарихшылардың еңбектері идеологиялық тұрғыда жазылған. Қатаң идеологиялық қысым, жеке басқа табынушылық орын алған кезеңде маңызды тарихи зерттеулерге қол жеткізілмеді, соғыс тарихы біржақты жазылды.
2. Берілген кезеңде соғыс жылдарындағы республиканың дамуы туралы жазылған, жарық көрген қазақстандық тарихшылардың еңбектері өз деңгейінде жазылған алғашқы кешенді зерттеулер болды. Дегенмен оларда идеологияның ықпалы айқын сезіліп тұрды.
3. Тарихнамада қазақстандықтардың ірі соғыс қимылдарына қатысуының және Қазақстан жерінде құрылған әскери бөлімдердің, құрамалардың және бірлестіктердің құрылу тарихы, соғыстағы ерлік жолдары жеткілікті зерттелген. Тарихнаманың үшінші кезеңінде бұл мәселеде біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Дегенмен зерттеуді қажет ететін мәселелер:
-соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерліктері көп жағдайда әділетті бағаланбағаны белгілі, сондықтан берілген тақырыптың ақтаңдақ тұстары әлі де толық зерттеуді қажет етеді;
-қазақстандық әрбір арнайы әскери құрамалардың тарихы кәсіби тұрғыдан, яғни әскери тарих тұрғысынан зерттеуді қажет етеді;
-Қазақстанның соғыстағы адам шығыны, хабарсыз кеткен жауынгерлер, неміс тұтқынында болып, хабарсыз кеткендер, соғыс жылдары құрылған мұсылман легиондарының тарихы.
.4.Соғыс жылдары шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақтар туралы тақырып та толық зерттелмеген.
5.Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы туралы тарихи зерттеулер жеткілікті. Алайда мұнда да зерттеушілердің назарын аударатын мәселелер бар.
6.Тарих ғылымының соғыс жылдарындағы дамуында үлкен орын алған «Бекмаханов ісін» кешенді зерттеп, саралау сол кезеңдегі идеологияның, партия саясатының ақ-қарасын ажыратып, тарих ғылымының даму тарихындағы маңызды белестің ақиқатын ашуға көмектеседі деп ойлаймыз.
7. Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде соғыс жылдарындағы Қазақстан тарихына қатысты ақтаңдақ мәселелер бірқатар тарихшылардың еңбегінің арқасында көтеріліп, зерттеушілердің назарына ұсынылып жатыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Төлеуханқызы А. Ұрпақтарымыз ұмытпайды.// Егемен Қазақстан. 8 мамыр, 2010 ж. № 178-180.
История и историки. Историографический вестник. К 100 летию академика М.В. Нечкиной. М.,2001. с.7
Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских захватчиков.-Алма-Ата, 1943.-325с. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней.-Алма-Ата: Наука, 1943.-485с.
Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. А.-А.: Казгосиздат, 1958.; Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).- Алма-Ата: Казахстан, 1964.-363 с; Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата. Казахстан. 1970. 471 с., Ұлы ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1980.156 с. Майдангер студенттер.-Алматы,1985.-105с.
Нусупбеков А.Н. Могучий арсенал Великой Отечественной войны // Известия АН КазССР. Сер. историч. - 1947. - Вып.З.- С.73-84; Казахстанцы в битве под Москвой.- В кн.: Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки,- Алма-Ата, 1968, вып.1. Т.6.- С. 5-32; Малыбаев О. Дружба, испытанная в боях за Родину. А.-А., Казгосиздат,1955; Абишев Г. Работа партии большевиков по воспитанию чувства советского патриотизма у бойцов-казахов в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). А.-А., Казгосиздат, 1950.
Герои Советского Союза-казахстанцы. Сб. Документов и материалов. Кн.1. А-А., Казгосиздат, 1945.
История Казахской ССР. Т.ІІ. ~ Алма-Ата: Наука, 1959. -736 с; Қазақ ССР тарихы . - Т.2. - Алматы: Ғылым, 1963.
Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Историография Казахстана периода Великой Отечественной войны//Актуальные проблемы истории советского Казахстана.-А-А.:Ғылым,1980. С.115.
БасинВ.Я. Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический очерк).А.-А., Наука,1965.; Пинегина Л.А., Федюкин С.А. Джезказган-город меди. Исторический очерк. А.-А.: Наука, 1965. Шаукенбаев Т. Урало-Эмбинский нефтеносный район. Алма-Ата. Каз ГИС.1958. 231 с.; Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. Алма-Ата. Казахстан. 1974.-167 с. Чуланов Г. Промышленность Казахстана за годы Советской власти.-Алма-Ата: КазГИС 1951.-342с.
Михайлов Ф.К. Профессионально-техническое образование в Казахстане. М., Труд. Резервы, 1962.; Оразов К. Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне. А.-А. Наука, 1975.; Нурбекова Г. Женщины Казахстана-фронту(Трудовые подвиги женщин в промышленности Казахстана в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.)А.-А., Казахстан, изд. 2-е, перераб. И доп. 1988 г.
Балақаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны.-Алма-Ата: Казахстан, 1971.-351 с.; Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 жж.).- Алматы: Ғылым, 1985. - 320 б.
Шошенко А.В. Борьба партии большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны(по материалам Казахской ССР). -Алма-Ата: КазГИС, 1951. – 169 с. Каймолдин С. Советы Казахстана в годы Великой Отечественной войны. Алма-Ата. Казахстан. 1969. -176 с.; Спиридонов И. Комсомол Казахстана в дни Великой Отечественной войны.-Алма-Ата: КазОГИЗ, 1948.-325 с.
Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. А.-А., Казгосиздат, 1958; Чокин А.Р. Очерки развития санэпидслужб в Казахстане. А.-А., Казахстан,1975; Жакупова М.А. Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны. А.-А., Казахстан, 1985.
Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки. - Алма-Ата, 1968. - вып.1. ; Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки. -Алма-Ата,1974. - Вып.2.; Совет Одағының қазақстандық батырлары. Алматы:Қазақстан, 1969. Т.1-474б. Және Т.2.-439 б.
Аманжолов К. Национальные воинские формирования в составе советских вооруженных сил (1917-1945 гг.). Автореф. дис. докт. ист. наук.- Алма-Ата, 1987.- С 43.; Белан П.С. Казахстанцы на фронтах Великой Отечественной Войны 1941-1945 гг. -Алма-Ата, 1991. - 435с; Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1959. -631 с.
Алданазаров А. Участие казахстанцев в боях за освобождение Польши от немецко-фашистской оккупации (1944-1945гг.).- Автореф. дис. канд. ист. наук. Алма-Ата, 1972.-24 с; Қазақстан зиялыларының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек және жауынгерлік ерліктері (1941-1945 жж.). -Алматы, 1965. -340 б.; Маляр И.И. Участие казахстанцев в антифашисткой народно- освободительной борьбе в странах Европы (1941-1945 гг.). -Автореф. дис. канд. ист. наук.-Алма-Ата, 1990. -24 с; Мухамеджанов А. Участие казахстанских воинских соединений и частей в битве под Москвой (сентябрь 1941- март 1942 гг.). -Алма-Ата, 1968.-228с; Стамбеков К. Казахстанцы в боях за освобождение Украины в годы Великой Отечественной войны (1943-1944гг.). Автореф. дис. канд. ист. наук.-Алма-Ата: Казгосунив-т, 1966.-30 с.
Абдуллаев У. Местные Советы депутатов трудящихся Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1973.-174с; Акинжанов М.А. Трудовой подвиг колхозного крестъянства Западного Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.), -Алма-Ата, 1972.-213 с; Алдажуманов К.С. Роль МТС и трудовой подвиг сельских механизаторов Казахстана в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.). Алма-Ата, 1986. -168с; Ауельбаев А. Южно-Казахстанская область в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).-Алматы: Наука, 1967. -214 с; Балакаева Л. Укрепление союза рабочего класса и колхозного крестьянства Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1989. -217 с; Баширова Л.Ш. Культурно-просветительная работа в Казахстане в годы Великой Отечественной войны. - Алма-Ата, 1977. -167 с; Белан П.С. Северный Казахстан в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). - Алма-Ата, 1962, -308 с; Бисенбаев А.К. Деятельность научных учреждений и высших учебных заведений Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1984. -214 с; Букаткин П.Р. Западный Казахстан в годы Великой Отечественной войны Советского Союза (1941-1945 гг.). -Алма- Ата, 1967. - 308 с; Бутин М.Е. Пищевая промышленность Казахской ССР период Отечественной войны Советского Союза (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1960. -237 с; Городецкая В.С. Самоотверженный труд работников легкой промышленности Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1975. -197 с; Жумасултанов А. Братская помощь трудящихся Казахстана освобожденным от немецко-фашистской оккупации районам в годы Великой Отечественной войны. Автореф. дис. канд. ист. наук. -Алма-Ата, 1963.; Ибраев Е.Ш. Трудовые подвиги трудящихся Южного Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941 - 1945 гг.) На материалах Южно- Казахстанской, Джамбулской и Кзыл-Ординской областей. -Алма-Ата, 1982. - 178 с; Искакова Б. Казахстан в первый период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1955. -237 с.
Аманжолов К. Ерліктің жарқын беттері (Ұлы Отан соғысында қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары 1941-1945). - Алматы: Қазақстан, 1987.; Жауынгерлік ту астында.- Алматы: Қазақстан, 1991.-176 б.
Белан П.С. Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской Прибалтики (1941-1945 гг.). -Алма-Ата: Наука, 1988; Казахстанцы в битве на Волге. -Алма-Ата: Ғылым, 1990.; На всех фронтах: Казахстанцы в сражениях Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.. - Алматы: Ғ Ғылым, 1995. -336 с.
Көпішев Қ. Қара бұлтты қақ жарған. -Алматы: Қазақстан, 1994; Халимульдина А., Халимульдин Ә. Мәншүктің жұлдызды сәті: Естеліктер. - Алматы: Балауса, 1992.- 445 б.; Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының 10 томдығы. -Алматы: Қазығвдрт, 2005. - Т. 2; Роман, майдан жазбалары: Т. 3; Роман, хикая, әсселер, Т. 4. Очерктер; Т.5. Тоғыз толғау; Т. 10. Менің замандастарым.
Боздақтар. Жинақтама том (Құраст.: П.С. Белан, Н.Едігенов). -Алматы: Қазақстан, 1995.-480 6.
Ким М.П. 40 лет советской культуры. М. 1957.; Очерки истории советского кино. 1939-1945. М. 1959; История русской советской культуры. 1941-1953. М. 1968; Максакова Л.В. В рядах воюющего народа: из истории советской культуры в годы Великой Отечественной войны. М. 1965.; Калшабеков А.Ж. Ратные и трудовые подвиги интеллигенции Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.): Автореф дис. к.и.н. Алма-Ата. 1965 (на каз. яз.).
Жумашев Р.М. Историография становления и развития культуры Казахстана. 1936-1991 гг. Автореферат на соискание ученой степени д.и.н. Москва 2004. ; Жумашев Р.М. Развитие социалистической культуры в Казахстане в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). Дис. к.и.н. - Москва, 1990. 245 с.
Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов.: Сборник докладов и выступлений на Международной научной . конференции, посвященной 60-л. Победы над фашисткой Германией.- Алматы, 2005.-160 с; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған студенттердің ХІV ғылыми конференцияларының баяндамаларының тезистері: I, П-бөлім.-Өскемен., 2005.; Кеңес Одағының Батырлары. Мағлұматнама.-Өскемен.-2005.; «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан» атты Жеңістің 60 жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Өскемен.- 2005.; «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»: Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми -теориялық конференция материалдары.-Астана: ЕҰУ баспасы, 2005.- 262 б.; «Ұлы Жеңіс: жаңа көзқарастар мен қадамдар» Жеңістің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми -практикалық конференция материалдары. .-Астана: ЕҰУ баспасы, 2010.- 356 б.;
Могильницкий В. Звезды Гулага. Худ.-докум. книга. Караганда: ОАО «Карагандинская полиграфия», 2001.131 с.; его же. Люди Победы. Караганда, 2010.;Суворов В. Последняя республика. Почему Советский Союз проиграл Вторую мировую войну. М, 1999. ; Его же. Самоубийство. Зачем Гитлер напал на Советский Союз. М, 2004.; День «М». Когда началась Вторая мировая война. М,1994.; Очищение. Зачем Сталин обезглавил свою армию. М,2006.
Снегин Д. В те дни и всегда. А:Санат, 2005. 432 с.; Пока бьется сердце. А: Жібек жолы, 2005.184 с.; Исабай Қ. Алғы шепте. А.Санат, 2005. 240 б.Сквозь пламя войны.А: «Жибек жолы», 2005. -436 с.; Нурмагамбетов С. От огненных лет до суверенной армии. Сб. мемуарных произведении. –А: «Жибек жолы», 2005. -544с.; Абенов К. «Операция «Марс». Казахи в «Долине смерти».-Алматы: Жеті жарғы, 2010. - 440с.
Назарбаев М., Слиденко В. Великие битвы Великой отечественной войны. А, 2010. 376 с.; Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы: Оқу құралы. А:Білім, 2008. 320 б.
Бырбаева Г.Б. Женщины Казахстана в годы Великой Отечественной войны.канд. диссертация. Алматы 1996 г. Карпыкова С.С. «Женщины Казахстана: проблемы историографии (20-80-е годы ХХ века). - Алма-Ата, 1997. -88с. Автореф. дис. канд. ист. наук. Қожабекова А.Д. Кеңес өкіметінің әйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тәжірибесі: нақтылы тарихи-зерттеу (Қазақстан мысалында 1917-1990 жж). -Алматы, 2007. -92б. –Тарих ғыл. канд. автореф.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылымның дамуы // Актуальные проблемы исторической науки Казахстана: Материалы междунар. науч.-прак. конф. (29-30 мая 2009 г.).- Алматы, 2009. С. 302-306.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР халық шаруашылығының дамуы // ҚарМУ хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. – 2009. - №4(56). - Б. 78-83.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы // Тарих ғылымдарының мәселелері: жағдайы мен болашағы. Материалы респ. науч.-прак. конф. (13 ноября 2009 г.).-Караганда, 2009. – Б.230-236.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан партия органдарының қызметі // Жуасов оқулары-14: Респ. ғыл. –практ. конф. материалдары. Т. 1.- Қарағанды, 2010. - Б. 127-130.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан әйелдері // ҚарМУ хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. – 2010. - №3(59). - Б. 121-126.
Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы // ҚарМУ хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. – 2010. - №3(59). - Б. 127-132.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың соғыс қимылдарына қатысуының тарихи әдебиеттерде қарастырылуы // Духовное наследие и современность: Материалы междунар. науч.-прак. конф. (18 ноября 2010 г.)Караганда: Изд. КарГУ, 2010. - Б. 271-275
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының тарихнамасын кезеңдестіру // Духовное наследие и современность: Материалы междунар. науч.-прак. конф. (18 ноября 2010 г.) Караганда: Изд. КарГУ, 2010. - Б. 182-185.
РЕЗЮМЕ
Карсыбаева Жулдыз Алпыскызы
Историография истории Казахстана периода Великой Отечественной войны 1941 – 1945 гг. (1941 – 2010 гг.)
диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.09 – Историография, источниковедение и методы исторического исследования
Актуальность темы исследования. Изучение истории Казахстана периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. имеет не только огромную общественно-политическую и культурную значимость, но также актуальность данной проблемы определяется необходимостью накопления собственно научного знания. Всесоюзными и казахстанскими научными центрами был создан обширный круг исследований по истории Казахстана периода Великой Отечественной войны 1941 – 1945 гг. Поэтому, на наш взгляд, представляется весьма необходимым подготовить историографическую основу для создания в ближайшем будущем новых военно-исторических и общеисторических исследований, продолжающих отечественные традиции в изучении истории Казахстана в годы Великой Отечественной войны. Мы считаем, что только продолжение отечественных традиций в историографии позволит обеспечить преемственность в изучении истории Казахстана в суровые годы Великой Отечественной войны.
Исследование на уровне данной историографической проблемы стало бы, по нашему мнению, попыткой сделать скромный вклад в поиск новых моделей и подходов к изучению истории Казахстана периода Великой Отечественной войны, а также истории исторической науки Казахстана.
Объектом диссертационного исследования являются монографии, диссертации, научные статьи, рецензии на исторические труды, художественные произведения и публицистика, опубликованные советскими и современными исследователями по проблемам изучения истории Казахстана в годы Великой Отечественной войны.
Предметом настоящего исследования является история изучения политического, социально-экономического, культурного развития Казахстана в годы Великой Отечественной войны, а также участия казахстанцев на фронтах войны.
Целью данной диссертации является анализ истории советской и казахстанской историографии, посвященной изучению истории Казахстана периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.
Достижение обозначенной цели предусматривает решение следующих задач:
обозначить основные этапы развития исторических исследований по истории Казахстана периода Великой Отечественной войны и определить их основные проблемы;
проанализировать основные результаты советских исторических исследований по истории Республики в годы Великой Отечественной войны, истории участия казахстанцев на фронтах войны, подвести основные итоги;
определить круг неизученных проблем в истории изучения вклада казахстанцев на фронтах и в тылу Великой Отечественной войны;
изучить современные произведения современных казахстанских авторов, специальные произведения, материалы периодической печати, воспоминания участников и тыловиков по истории Казахстана периода Великой Отечественной войны;
на основе требований современной исторической науки дать оценку вышедшим в период независимости Республики Казахстан историческим трудам, посвященных изучению различных аспектов истории Казахстана периода Великой Отечественной войны;
разработать выводы и рекомендации по изучению проблем Отечественной истории периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.
Методологическую основу диссертационной работы составляют как общенаучные (диалектические, логические, проблемные), так и специальные – историко-генетические, историко-сравнительные, проблемно-исторические научные методы.
Научная новизна диссертационного исследования состоит в том, что в советской и современной казахстанской историографии это первое специальное историографическое исследование всего комплекса исторической литературы и источников, посвященных истории Казахстана периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.
Хронологические рамки исследования охватывают период истории исторической науки начиная с Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. по настоящее время.
Территориальные рамки диссертационного исследования охватывают территорию всего Казахстана.
Положения, выносимые на защиту:
- настоящее исследование является первым в отечественной исторической науке историографическим исследованием, посвященным анализу исторических трудов и источников по истории Казахстана периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.;
- проводится комплексный анализ накопленных исторических знаний по истории экономического, социально-политического, культурного развития Казахстана периода Великой Отечественной войны;
- впервые в казахстанской историографии анализируется работы по истории Казахстана периода Великой Отечественной войны, опубликованные в период независимости;
- предпринимается попытка научной периодизации истории изучения Казахстана в годы Великой Отечественной войны;
- анализируется вновь введенные в научный оборот исторические источники по истории республики в период Великой Отечественной войны;
- намечаются пути дальнейшего исследования и разработки проблем истории Казахстана периода Великой Отечественной войны на общенациональном и региональных уровнях.
Научно-практическая значимость диссертационного исследования состоит в том, что выводы и обобщения, сделанные в работе, могут быть использованы при создании обобщающих работ по истории исторического знания Республики Казахстан, Отечественной истории, при изучении новейшей и современной истории Казахстана, выработке рекомендаций в военно-патриотическом воспитании молодежи.
Апробация результатов исследования. Основные положения исследования были изложены в 8 статьях автора, из них 3 - в журналах, рекомендованных ККСОН МОН РК для публикации результатов научных исследований, и 5 – в сообщениях на научно-практических конференциях международного и республиканского уровней.
Структура диссертации состоит из определений, сокращений и обозначений, введения, трех глав, заключения, списка использованных источников и приложений.
Достарыңызбен бөлісу: |