Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата17.01.2020
өлшемі1,06 Mb.
#56039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ергалиева Г.А., Жантуреева А.А., Мақсотова Т.Т. Арт-терапия мүмкінтіктері


 
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, НЕГІЗДЕРІ 
 
Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі 
ол  арт-терапия  болып  саналады.  Арт-терапия  даму  үстіндегі 
психотерапияның    әдістердің  жаңа  түрі  болып  есептеледі.  Қазір 
Қазақстанда  арт-терапия  өзінің  қалыптасу  кезеңінде.  Бұл  сала 
Қазақстанда  әлі  де  болса  толығымен  зерттелмеген  деп  айтуға 
толық  негіз  бар,  себебі  осы  салада  елімізде  ғылыми  жұмысты 
айтпағанның  өзінде  бітіру  жұмысыда  жоқ  екендігі  дәлел. 
Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен  
қалыптаспаған. 
Арт-терапиямен 
айналысу 
үлкен 
профессионалды 
дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін  
қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар 
жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген 
қызығушылық өте жоғары. 
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек 
қана  психологтарға  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогтарға, 
әлеуметтік  жұмыскерлерге,  қарт  адамдар,  жасөспірімдер 
психикалық  ауру  адамдарға  тағы  басқа  көптеген  жерлерде 
қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде. 
Арттерапия  –  бұл  бейнелеу  өнерімен  емдеу  дегенді 
білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art  –  өнер,  artterapy  –  өнер 
арқылы  терапия  жүргiзу)  көбiне  ағылшын  тiлдi  халықтар 
қоныстанған  елдерде  кеңiнен  тараған.  Арттерапия  –  ауру 

18 
 
адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем 
жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш  бұл термин 1938 жылы 
Адриан 
Хиллдiң 
санаторияда 
туберкулез 
ауруына 
шалдыққандардың 
көңiл-күйлерiн 
сипаттау 
жұмысында 
қолданылады.  Кейiннен  бұл  термин  өнерге  қатысты  барлық 
терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, 
бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды. 
Арт-терапияны  жүргізу  барысында  мүшелер  саны  15-20 
адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға 
да, 
сонымен 
қатар, 
сол 
жұмысты 
жүргізушіге 
яғни 
психотерапевке  де  оңайға  соқпайды.  Топтың  мүшелерінің  көп 
болуы,  жұмыс  аяқталғасын  жасалған  жұмыстарға  талдау, 
қорытынды шығару да қиынға соғады. 
Арт-терапияны  жеке-дара  шығармашылық  жұмыс  жасау 
үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы 
қажет.  Топ  мүшелері  өтіп  жатқан  арт-терапия  жайлы  білуіне 
құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап 
айтсақ,  мысалы,  соус,  түрлі  түсті  қарандаштар,  әр  түрлі 
мөлшердегі  щеткалар,  губка,  суы  бар  құты,  политра,  түрлі-түсті 
қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және 
т.б.  Кейбір  сабақтарда  маталар,  батпақ,  ермексаз,  қамыр,  ағаш, 
үлкен  композиция  жасау  үшін  табиғи  жане  басқада  химиялық 
заттарды да пайдалануға болады.  
Ал  театрленген  көрініс  үшін  грим,  свеча,  костюмдер, 
музыкалық  аспаптар  қажет  болуы  мүмкін.  Ереже  бойынша 
сабақтың 
тақырыбын 
психолог 
(арт-терапия 
жүргізуші) 
таңдайды.  Дегенмен  де  оны  топпен  ақылдаса,  кеңесе  отырып, 
талдап, талқылап, таңдап алуға болады.  
Арт-терапияның  тақырыбын  таңдауға  және  топтастыруға 
болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық 
практикада  еңбек  сіңірген  М.Либманның  классификациясы 
баршаға және бізге танымал: 
- көркем сурет материалдарын игеруге болады; 
- топ мүшелерін толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша 
зерттеу жүргізу; 
- «мен» 
бейнесі, 
қарым-қатынас 
жүйесін 
зерттеуге 
байланысты; 

19 
 
- жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы; 
- топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет. 
Сонымен  қатар  кейбір  арт-терапиялық  жаттығулар  (күн  мен 
түн)  топ  арасындағы  үйлесімді  қарым-қатынасқа,  әлеуметтік 
алшақтауды  реттейді  және  жеке  адамның  топпен  қарым-
қатынасын  реттейді.  Басқа  да  көптеген  көмек  береді.  Топ 
мүшелерінің  бірігіп  жақсы  тақырып  таңдауы  маңызды  сәттердің 
бірі  болып  табылады.  Таңдап  алынған  тақырып  егер  топ 
мүшелерінің  біреуіне  ұнамаған  жағдайда  қайта  талдауды  қажет 
етеді.  Талданып  қайта  түсініп  алынған  оған  қоса  топ  мүшелері 
келіссе,  ол  тақырып  сол  күйінше,ұнамаса  қайта  басқа  тақырып 
алу керек.  
Алғашқы  кезде  арт-терапияны  ауруханалармен  жүйке 
жүйесіндегі  бұзылулары  бар  ауру  емдеушілерді  емдейтін 
эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. 
Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және 
ол  өзінің  алғашқы  психоаналитикалық  негізінен  алыстауда. 
Негізінен  арт-терапияны  қолданғанда  ең  бастысы  жұмыс 
барысында  талантын  көрсету  емес,  спонтанды  пайда  болған 
қобалжуларын,  қиындықтарын,  бұрынғыдан  қалғанелестерін 
суреттеу арқылы жеткізу. 
Сонымен  қоса,  психотерапевтің  шығармашылық  жұмыс 
кезінде  топ  мүшелеріне  көмек  беруді  және  қажет  жағдайда 
қолдау  да  көрсетуі  керек.  Мұндай  топтармен  жұмыс  жасаушы 
психолог  немесе  психотерапевт  көптеген  сапаларға  ие  болуы 
керек.  Атап  айтатын  болсақ,  олар,  адамгершілік,  басқаларға 
қандай  жағдай  болмасын  көмек  қолын  соза  білу,  тұрақтылық, 
барлық 
жағдайда 
түсінушілікпен 
қарау, 
сабырлық, 
кішіпейілділік,  төзімдік,  адалдық  және  тағы  осы  тұлғалық 
қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 

20 
 
АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ӘР ТҮРЛІ БАҒЫТТАР 
БОЙЫНША ҚАРАСТЫРУ 
 
Өнерді  сапалы  терапиялық  мақсаттарда  қолданудағы 
құндылығы,  символикалық  деңгейде  әр  түрлі  сезімдермен 
тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып 
табылады.  Сиволдарды  іске  асыруын  алғашқы  қауымдық 
адамдардың  үңгірдегі  суреттерінен  дейінгі  және  кейінгілерден 
байқауымызға  болады.  Біздің  ертедегі  ата-бабаларымыз 
сиволикалық  бейнелерді  өздерінің  әлемдегі  орны  мен  адамның 
күнелтуін  айыру  үшін  қолданған.  Өнер  қоғамдық  құрылыспен 
пайда  болған  қоғамның  көрінісі  болып  табылады.  Біздің 
дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, 
мәдениеттік  құндылықтардың  өзгеруінің  дәлелдеуіне  себеп 
болды. 
Көптеген 
мамандар 
арт-терапияда 
өздерінің 
практикаларында  психодинамикалық  көзқараста  Фрейд  пен 
Юнгтың символдық формасында бейсаналы түрде көрінеді дейді. 
Сонымен 
қатар, 
Маргарет 
Наубургтың 
ойы 
бойынша 
психокоррекциялық  топта  олардың  мүшелеріне  оңай  өздерінің 
қиялдарын,  қорқыныштарын  сөз  арқылы  емес,  сурет  арқылы 
көрсетуге болады. Өзінің ішкі қайғыруының емделуші сурет салу 
үрдісі  арқылы  сөзбен  айту  қабілетін  жинақтайды.  Көптеген 
психокорекциялық 
топтың 
жетекшілері 
қатысушылардың 
шығармашылық 
көркем 
суретінің 
нәтежелерін 
интерпритацияланбайды,  тек  қана  жабық,  тұйық  қиялдарын 
көруге  көмектеседі.  Осы  мақсатпен  жетекшілері  топта  жылы 
шырайлы  ортаны  құрайды,  осындай  ортада  қатысушылардың 
сынауынан 
сақтайды. 
Сонымен 
бірге, 
жетекшілер 
қатысушылардың  еркін  ассоцияциясын  бағалауы  керек.  Ең 
маңыздысы-қатысушылар  ассоцияцияны  өз  бетімен  құрастыруы 
керек.  Ол  өзіндік  сананың  дамуына  ықпал  етеді.  Кейбір 
терапевтер  клиенттердің  жасаған  ассоцияцияларын  өздері 
интерпретациялайды,  содан  шыққан  қорытындылармен  клиентті 
таныстырады.  Мысалы,  Бернард  Леви  айтуы  бойынша 
қатысушылардың  шығармашылық  өнімді  интерпретациялайтын 
терапевт  олардың  өздерін  терең  түсінуге  мүмкіндік  береді. 
Осыған  мысал  ретінде,  адам  өзін-өзі  көру  бейнесі  арқылы  тани 

21 
 
алaды. 24 жастағы әйел адам дипрессиядағы, суретті қара түспен 
салған өзінің 4 жасында және бірнеше балетгік аяқ-киімін қолына 
ұстап  алған.  Ол  әйелдің  ассоцияциясында  көңіл  бөлген,  оның 
есіне  2  жастағы  әпкесі  жоғалып  кеткенде,  осылай  тұрғаны  және 
ол сол күні әпкесі қаза болған.  
Терапевтке өзінің есіне түсірген құбылыстар мен оқиғаларды 
айта  бастағанда  оның  дипрессиясы  төменгі  деңгейде  болған. 
Басқа  жағдайларда  кенет  схематикалық  сурет  немесе  эскиздерді 
салған  кезде  оны  қобалжытып  жүрген  түсі  немесе  қиялы  болуы 
мүмкін. Еркін ассоцияция қобалжуды көрсетеді. Саналы деңгейде 
адам  өзінің  суреті  қандай  мағынада  берілетініне  қарамастан 
эмоциялық  босаңсуды  сезеді.  Алайда,  мұндай  құбылыстар 
топтағы  мүшелерге  терапевт  көмектеседі.  Символикалықтан 
нақтыға, 
бейсаналыдан 
саналыға 
өткен 
қобалжулардың 
қайталануы  тұлғаның  дамуына  кедергі  жасайды.  Топтық  арт-
терапияда  үнемі  қолданатын  бірігіп  сурет  салу  болады.  Әрбір 
қатысушы, ортақ қағазға сурет салады, әлбетте сол мезетте ойына 
келгенін,  қатысушылар  салынған  суретті  талқылайды.  Арт-
терапияда 
психодинамикалык 
бағыттардың 
бір 
түрі 
Дж.Вассуллусомның  «топтық  бейнелердің  синалактикалық 
әдісі».  Бұл  әдістің  бір  ерекшелігі  катысушылар  үйлерінен 
әрқайсысы  бір  сурет  салып  алып  келеді.  Барлығы  бірігіп  дауыс 
беріп бір суретті таңдайды. Содан соң сол суреттін авторы өзінде 
қандай  ассоцияцилар  бірлескенін  айтады,  сол  сурет  жасау 
кезіндегі  сезімдері  туралы  айтады,  топ  мүшелері  сол  суретке 
қарағанда  өздерінде  пайда  болған  сезімдері  туралы  пікірлерін, 
ойларын  ортаға  салады.  Ницшидің  жүргізген  жұмысы, 
ауруханада  жатқан  аурулармен  болған,  олар  әйел  адамдар.  Олар 
біраз  уақыт  өз  үйлеріне  баруға  рұқсат  алғандардың  әрқайсында 
балалары болған. Соның ішіндегі біреуі аю мен оның қонжығын 
салған. Бұл суреттің мағынасы «біз терапевтерге тәуелдіміз, бізді 
олар  тамақтандырғанды  жөн  көреміз,  бірақ  кей  кезде  өзіміз 
аналық  рөлді  ойнаймыз.  Бұл  біз  үшін  өте  қиын.  Бұл  әйелдердің 
барлығында  бала  тәрбиелеуде  ішкі  шиеленіс  бар.  З.Фрейдтің 
айтуы бойынша, символикалық суреттер немесе адам қандай түс 
көріп,  соны  салса,  онда  ол  бейсаналы  үрдісті  көрсетеді. 
«Синалактикалық» әдіс арқылы терапевт «ұжымдық бейнелерді» 

22 
 
табу  мақсат  болады,  ол  тақырып  та  болады.  Сол  сеонстың 
топтағы  қарым-қатынасты,  жағымсыз  эмоцияны  көңіл-күйдің 
жинақ болу себебін анықтайды.   
Терапевтердің  көбісі  З.Фрейдпен  К.Юнгтің  принциптеріне 
сүйенбейді,  көпшілігі  гуманистік  бағытты  қолдайды.  Оның 
негізіне  қатысушылардың  белсенділігін  көрсетеді.  Арт-терапия 
мидың оң жақ бөлігі жақсы дамуына ықпал етеді. Интуициямен, 
ориентацияға  бағытталған  Джейни  Райн  арт-терапиядағы 
гуманистік бағыттың негіздеушісі болады. Оның шарты бойынша 
гештальт  теорияға  сүйенеді,  бұл  теорияның  концепциясы 
бойынша  фигура  мен  фонға  көңіл  бөлуіміз  керек.  Біздің  көріп 
қабылдауымыз  біз  не  ойлаймыз  және  сеземіз  соған  байланысты. 
Осындай  кезде  адам  кім  екенін,  кім  бола  алатынын  түсінеді. 
Д.Райн  өзінің  клиенттеріне  өз  қабылдауына  сенулеріне  кеңес 
береді.  Райн  өз  тобына  әр  түрлі  материалдар  береді,  құм,  бояу, 
бор.  Гештальт-терапияның  үрдісі  кезінде  ең  алдымен,  жетекші 
қатысушыларға 
суретті 
жабыстыру 
арқылы, 
өзіндік 
идентиорикациямен  басталады.  Тапсырманы  қарапайым  түрде 
береді,  қорқыныш  сезімін  тудырмауы  үшін,  саналы  және 
күтпеген  сәтте,  өзінің  ішкі  сезімін  білдірулері  үшін.  Бастапқы 
кезеңдерде  терапияльщ  үрдісте  әркім  өз  бетінше  жұмыс  істейді. 
Олардың  жұмысы  жеке  мінезді  көрсетеді,  жетекші  топқа  бағыт 
бере алады.  Мысалы, пластилинмен өзін қалай қабылдайтын  бір 
фигураны жабыстыру және қандай да фигураны ұнататын өзінің 
қиялынан  махаббат,  сұлулық,  еркіндік  жайында  бейнелеп 
бпстайды.  Осыны  орындағаннан  кейін  ішкі  сезімдерін  айтады. 
Сезімін  айтқан  кезде  эмоцияның  жоғарғы  бөлігі  ғана  көрінуі, 
кейінірек  басқа  стадияда  топ  мүшелері  жұпқа  бөлінеді  де  сурет 
салады, біреулері келісіп салуы мүмкін, енді біреулері ойларымен 
бөлісуі де мүмкін. Альтернативті стратегия пластилмен фигураны 
біріктіру  болады.  Қарым-қатынасты  анықтау  үшін  топ 
мүшелеріне  көздерін  жұмып  және  бір  адам  эмоциялық 
байланысты  елестету  керек,  ал  оны  мүлдем  агрессияны  шығару 
үшін  жойып  тастауы  да  мүмкін.  Жұмыс  аяқталғаннан  кейін 
жетекші  топ  мүшелерінен  осы  жұмысқа  қаншалықты  күш 
жұмсағанын  айтады.  Басқа  да  тапсырмалар  бар  топтың  қарым-
қатынасын  көрсететін  және  жабық  шиеленісті  байқау  үшін 

23 
 
Райнның ұсынатын жұмысына жұпка бөлініл, бір-бірінің суретін 
салу,  сол  тұлға  жайлы  мінездеме  беру.  Қатысушы  өзінің 
автопортретін  салыстыра  алады.  Мысалы,  әйел  өзін  әдемі  деп 
ойласа, басқа біреу оның суретінде ернінің формасын үлкен етіп 
салады, оның көп артық сөйлемейтінін білдіруі болып табылады. 
Осындай құбылыс Джейм Денидің жұмыс істеп жүрген тобында 
болған өзінің суретін әдемі салған кезде, басқалар оны керісінше 
бейнеленген.  Арт-терапияның  гуманистік  бағыты  топта  тұлғаны 
дамыту, интенсивті жеке түрде өту керек. Оның мақсаты саналы 
денгейге  жетуді  терапевт  өзі  құрады.  Клиент  өзін-өзі  тану  үшін 
өзекті  мәселені  де  көру  керек.  Топтың  ұйымдасуын  ортада 
қатысушының өзін жаңадан бағалауы, ішкі қобалжуларын, бұрын 
байқалмаған  сәттерде  визуалды  бейнеде  көрінген  кезде, 
шығармашылық  интениция  көріне  бастайды.  Арт-терапия  өзінің 
бастауын негізін психоаналитикалық көзқарастардан алады. Осы 
көзқарастар  бойынша  соңғы  өнім,  көркемдік  емделушінің    іс-
әрекеті  ол  сурет,  картинка  болмаса  мүсін,  ол  бейсаналы 
психикалық процестердің көрінуі болып саналады. ХХ ғасырдың 
20-ы  жылдары  осы  салада  көп  зерттеулер  жүргізген    Принцхорн 
(Prinzhorn  1922)  өзінің  ауруларды  емдеудегі  шығармашылығын 
және 
психикалық, 
классикалық 
зеттеулеріне 
мынадай 
қортындыға  келеді:  өнер  ауру  адамдардың  көпнесе  олардың 
интенсивті ішкі шиеліністеріне әсер етеді. 
АҚШ-та 
өнерді 
терапиялық 
мақсттарда 
алғаш 
қолданғандардың  бірі  Маргарет  Наумбург  болды.  Бұл  саладағы 
еңбек  етуін  ол  Нью-Иорк  штатындағы  психотерапиялық 
институтында  мінез-құлқында  мәселесі  бар  балалармен  жұмыс 
жасау  арқылы  бастаған.  Кейіннен  Маргарет  Наумбург  Нью-Иорк 
штатында  арт-терапия  саласында  мамандар  дайындау  үшін 
психоаналитикалық 
бағдарламаларды 
жасайды. 
Маргарет 
Наумбург  жұмыстары  психоанализ  бағытының  психологиядағы 
негізін  салушы  З.Фрейдің  көзқарастарына  негізделген:  ондағы 
алғашқы  ойлармен  қобалжулар,  сандан  тыс  вербалды  емес  түрде 
пайда  болады,  бейне  мен  символдар  формасында  көрініс  береді. 
Арт-терапия  терапевпен  емделушінің  арасындағы  символикалық 
деңгейдегі  қарым-қатынастың  тәсілі  ретінде  қолданылады. 
Көркемдік  шығармалардың  бейнелерінің  барлық  түрі  бейсаналық 

24 
 
процестер қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, 
естеліктер,  түс  көру  және  т.б.  көріністер,  психотерапевтермен 
З.Фрейдтің бағдарлар талданады. Ал З.Фрейдтің өзі болса өз емдеу 
жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіні 
жоғарғы баға беретіндігі қалады.  
Көру  бейнелері  көп  бөлікте  біз  түс  көру  арқылы 
қобалжыймыз.  Түс  көруде  сезіммен  немесе  қобалжулар 
қатысады, одан ойлар –сонымен бірге, түс көру-ең басты орында 
көру  бейнелері.  Бақытымызға  орай  түс  көруді  суреттегенде 
қиындықтармен  мынадай  байланыстар  туындайды  және  олар 
көбнесе  мынадай  сөздерді  қолданады.  Мысалы:  «түс  көрген 
адамның  сөзі:  мен  сурет  сала  аламын,  бірақ  мен  оны  қандай 
сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін».  
Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып сендіру, адамның 
ішкі  «мен»-і  көру бейнелерінде, әр кезде сол  сурет  салғанда  және 
мүсін  соққанда  өз  еңбектерінде  ойланбастан,  яғни  ол  спонтанды 
пайда  болады.  Бірақ  З.Фрейд  кейіннен  мойындағандай, 
бейсаналылық  символдық  бейнелерде  көрінеді,  ол  өзі  практикада 
көркемдік  шығармада  өзінің  емдеушілерін  оған  қызығушылығын 
тудырмаған.  Бірақ  психологиядағы  аналитикалық  теорияның 
негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, 
армандарын  және  қиялдарын  сурет  арқылы  бейнелеулерін  талап 
еткен.  К.Юнгтің  идеялары  персональды  және  әмбебаптық 
символдардың  бар  болуы  және  қиялдың  күшін  терапиялық 
мақсаттарға  қолдану  мүмкіндігі  бар,  қазіргі  кезде  арт-терапиямен 
айналысатындарға тереңінен әсер етті.  
Арт-терапиямен 
айналысатын 
мамандар 
тек 
қана 
психологтармен  және  психиатрларға  қойылған  диагнозды 
нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға балалармен немесе 
стационарлардағы  емделіп  жатқан  үлкендермен  жасалған 
жұмыстардың  талдауларына  сүйене  отырып,  көмектескен. 
Кейінгі  мазмұнынан  көрінетіндей  шығармадағы  материалды 
осылай қолдану проективті тестерде қолданудан айырмашылығы, 
мысалы,  Роршах  тесті  болмаса,  тақырыптық  апперцепциялық 
тесті  жүргізгенде  тест  тапсырушы  адам  ерікті  формада  немесе 
суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі кезде арт-терапия 
мамандары  тәжірибе  жүзінде  мойындалған,  тәуелсіз  атаққа  ие, 

25 
 
сонымен  бірге  жеке  тұлғаны  зерттеуге  және  оны  емдеу 
процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей 
келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен 
амалдың  төңірегінде  екі  бағыт  бар.  Мына  бағытты  жақтаушы 
мамандарға  әлеуметтік  реабилитация  және  еңбек  тарапиясы 
саласындағы мамандар. Мысалыға алатын болсақ, осы салада көп 
еңбек  сіңірген  Эдит  Крамер.  Осы  бағытты  жақтаушылар  өнер 
өзінен-өзі  мақсатты  іс-әрекетке  ие  және  арт-терапияны  суррогат 
психотерапия 
ретінде 
қарастырады. 
Бұл 
бағыттағы 
психотерапевтер өнерде өздерінің терапиялық процедураларынан 
жоғары қояды және олардың кейбіреулерінен өзінің арсеналынан 
шығару  шығармашылық  процестің  стимуляциясына  бағытталған 
дейді.  Екінші  бағыттың  жақтаушыларына  жоғарыда  айтылған 
мысалы,  Маргарет  Наумбург  жатады.  Оның  жеке  көзқарасы 
бойынша  шығармашылық  мақсатқа  терапиялық  бола  түсуге 
болады  деген.  Мұндай  психотерапевтер  дәрігерлік  дайындыққа 
ие  болуы  керек.  Олар  бірақ  арт-терапияны  өзіндік  қолдануға  да 
болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жай ғана 
қолдану  деп  санайды.  Бірнеше  бар  айырмашылыққа  қарамастан, 
екі  бағытта  таңдамалы  өнерде  тұлғаның  интеграцияцы  және 
реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Казіргі уақытта 
арт-терапия  тек  қана  аурухана  бөлімдерінде  ғана  қолданыста 
емес, оған қоса психокоррекциялық топтан, онда ол таза түрінде 
сонымен қоса, көмекші  әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-
терапиямен  айналысатын  мамандардың  көп  бөліктері  Солтүстік 
Америкада  фредистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ 
көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс 
деп  табады,  тұлғаның  гуманистік  теориясы  психокоррекциялық 
топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда 
көп 
келісілген 
түбірін 
тудырады 
делінген. 
Жоғарыда 
айтылғандай  арт-терапияның  дамуынан  психодиагностикалық 
бағыттар  көп  әсер  еткен.  Ал  дамуына  үлес  қосқан  авторлар  ең 
біріншіден  арт-терапия  терминін  ғылымға  енгізген:  Адриан 
Хиллдан  бастаған  жөн  болар.  Сонымен  бірге  М.Наумбург, 
З.Фрейд, К.Юнг, Э.Крамер болып табылады. 
Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең   ХХ ғасырдың 
60-шы  жылдарының  аяғы  мен  70-шы  жылдардың  басынан 

26 
 
басталады.  Әсіресе  осы  жылдардың  бас  кезінде  арт-терапиялық 
топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интереактивті 
арт-терапияның  бастауы  қалана  бастады.  Мұндай  топтық  арт-
терапияның  жұмысының  формасы  пайда  болуына  өмірдегі 
көптеген жағдайлармен шақырылған, олардың қатарында: 
-  әлеуметтік-саяси,  институтциональды  және  мәдениеттік 
контекістердің өзгеруі; 

клиенттердің 
психотерапиялық 
тілектерінің 
және 
қажеттіліктерінің 
өзгеруімен, 
эмоциялық-құрылымдық 
бұзылулары;  
-  топтық  психотерапияның  практикада  және  теориялық  тез 
дамуы  және  арт-терапиялық    іс-әрекетке  жетудегі  біртіндеп 
ассимиляциялау; 
-  арт-терапиялық  топ  жүргізушілерінің  кәсіби  өсуімен  және 
арттерапиялық білім беру жүйесінің дамуымен. 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  алдынғы  кезеңдермен 
салыстырғанда,  техникасының  даралануы  тым  қиын.  Айта 
кететін  жайт,  арт-терапия  психотерапияның  саласы  ретінде  енді 
ғана  дамуда.  Казіргі  кезде  арт-терапия  өнерге  қатысты  барлық 
қызмет  түрлерінде  психотерапиялық  мақсаттарға  қолданылып 
келеді.  Барлық  уақытта  шығармашылық  тұлға,  шығармашыл 
мақсатқа ұмтылады, ал сыртқы жағдайлар оған кедергі жасайды. 
Арт-терапия  кезінде  шығармашылық  процесс  жағымды  болса 
онда арт-терапияда өз мақсатына жетеді.  
 
АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚОЛ 
ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАТЫН МҮМКІНДІКТЕР 
 
Агрессияға  болмаса  басқада  негативті  сезімдерге  әлеуметтік 
шығар 
жолды 
табуға 
мүмкіндік 
береді. 
Суреттермен, 
мүсіндермен  жұмыс  жасау  күштеуді  бәсеңдетудің  қауіпсіз  түрі 
болып табылады. 
Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және 
қобалжулар  көбінесе  көру  бейнелерінің  көмегімен  вербалды 
психотерапия  кезінде  сөзбен  айтқанға  қарағанда  көрсету  оңай. 
Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады. 

27 
 
Интерпритацияға  және  диагностикалық  қорытындыларға 
материалдар  алуға  болады.  Көркем  шығарманың  өнімі  ұзақ 
уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа шығаруы. Терапевтке 
емделушінің  көркем  жұмыстың  стилі  және  мазмұны  емделуші 
туралы  ақпарат  береді,  сол  арқылы  терапевт  өзінің  еңбектеріне 
интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі. 
Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен 
сезімдерімен  жұмыс  жасау.  Кей  кездері  вербалды  емес  амал, 
бірден-бір  күшті  қобалжулармен  сендірулерді  анықтауға, 
көрсетуге мүмкіндік береді. 
Терапевт 
пен 
емделушініңарасындағы 
қарым-қатынасты 
жақсарту үшін көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті қарым-
қатынас, эмпатия және өзара түсінушілік туындауына әкеледі. 
Ішкі 
қадағалау 
сезімін 
жоғарылату. 
Суреттермен 
картиналардан  жұмыс  болмаса  мүсін  соғу  жұмыстарында 
түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды. 
Зейінді  қабылдауға  және  сезімдерді  шоғырландыру. 
Таңдамалы  өнермен  жұмыстар  бай  мүмкіндік  тәжірибе  жасауға 
кинестетикалық 
және 
көру 
түйсіктеріне, 
қабылдау 
қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.  
Көркемдік  қабілеттерді  дамыту  және  өзін-өзі  бағалауын 
жоғарылату.  Арт-терапияның  соңғы  өнімі  қанағаттану  рахат  алу 
сезімі,  ол  жасырын  таланттың  көрінуінің  және  олардың 
дамуының нәтижесі. 
Жоғарыда  аталған  әсерлерден  басқа  көркем  өнерді 
психокоррекционды  топпен  жұмыста  қолданудың  қосымша 
нәтежесі,  қиялға  түрткі  және  дау-дамайға  топ  мүшелерінің 
қарым-қатынасын дұрыстауға көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, 
бұл  ешқандай  жағдайға  тәуелсіз  (өзінен-өзі  маңызды),  бұл 
қуаныш  біздің  санамыздан  тыс  пайда  болады  ма,  болмаса  ол 
саналы әрекеттің нәтежесі ма ол әлі күнге дейін бізге белгісіз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет