Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата17.01.2020
өлшемі1,06 Mb.
#56039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ергалиева Г.А., Жантуреева А.А., Мақсотова Т.Т. Арт-терапия мүмкінтіктері


1 фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін 
материал  алу,  проблеманы  қайта  талқылау,  протагонист  және 
басқа  қатысушылардың  дайындығы  психодрамалық  әрекетке 
кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.  
1-ші фаза 3 стадиядан тұрады: 
1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету. 
2. Аяқ- астылы қылық-әрекеттік реакция стимуляциясы. 
3. Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы. 
Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз. 
Бағытталған    қызу  протагонист  рөлдік  ойындарға  дайын 
болмай сеансқа кіріскен  жағдайда  қолданылады. Вербалды және 
вербалсыз тәсілдері бар. 
Бағытталмаған  қызу  фокусирленген  және  спецификалық 
болуы мүмкін. Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен 
жұмысқа дайын болып сеансқа кіріседі. 
Жаттығулар  кезінде  психодрамадағы  белгілі  рөлдерді  ары 
қарай  орындауды  жеңілдету  үшін,  топ  мүшелері  қарапайым 
жаттығулар  тізбегін  орындайды.  Жаттығу  кезінде  қатысушылар 
психологиялық  және  физикалық  босайды,  артық  уайымдаулары 
мен  қысымдылықты  шығарады,  рөлдік  ойындарға  ыңғайланады. 
Жаттығу  сөз  түрінде  және  дене  жаттығулары  түрінде  болуы 
мүмкін.  Оның  міндеттері:  қатысушыларды  аяқ-астылыққа 
стимулдау, 
қорқынышты 
әлсірту, 
қажетті 
эмоционалды 
атмосфера орнату. 
Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  түрлі  көмекші  әдістер 
қолданылады:  дискуссиялар,  тірі  скульптуралар,  импровизация, 
ертегілерді ойнау және т.б. 
Жаттығулар вербалды және вербалсыз болуы мүмкін.  
Вербалсыз  жаттығулар  қатысушыларға  өздерінің  сезімдері 
мен проблемалары жайлы ашық әңгімеге қарсылықтарын жеңуге 
жанама  түрде  көмектеседі.  Дене  әрекеттері  қатысушылардың 
активизациясы мақсатында қолданылады. 

39 
 
Психодраманың  2-ші  фазасы  реалды  проблемалық  өмірлік 
жағдайдағы рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді. 
Көбінесе 
проблеманың 
авторы 
өзін-өзі 
ойнайды. 
Психодрамалық  әрекетте  клиент  катарсисқа  жетуі  мүмкін  және 
өзінің  шынайы  сезімдерін  түсінуі  мүмкін.  Бұл  процесстерді 
жеңілдету  үшін  әдістер  тізбегі  қолданылады:  «айна»,  «егіздер», 
«монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б. 
3-ші  фаза  -  талқылау  немесе  интерпретация-қорытынды 
болып  табылады.  Әрекет  біткен  кезде  протагонист  және  қалған 
топ  мүшелері  анализге  кіріседі.  Әдетте  ол  психодрамалық 
әрекетке  тікелей  қатысы  жоқ  клиент  сөздерінен  басталады: 
рөлдік  жағдайларды  ойнау  кезінде  туындаған  өзінің  әсерлері, 
уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін протагонистке 
сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоционалды 
реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық 
әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді. 
Талқылау фазасы екі бөліктен тұрады: рөлдік кері байланыс, 
идентификациялық кері байланыс. 
Рөлдік  кері  байланыста  серіктер  оларға  бөлінген 
рөлдерді  орындау  кезінде  пайда  болған  сезімдерді  кезекпен 
протагонистке суреттейді. 
Идентификациялық  кері  байланыста  көрермендер  мен 
психодрама 
жүргізушісі 
қатысады. 
Идентификация 
топ 
қатысушылары жайлы маңызды ақпарат болып табылады. 
Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі
де-ролинг  -  протагонистің  әрекет  кезінде  ойнаған  рөлінен 
шығуы. Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі; 
эмоционалды  стабильдік  -  рөлден  шығу  процесінің  бөлігі 
ретінде әрекеттің соңындағы эмоционалды стабильдікті қалпына 
келтіру болып қарастырылады; 
комфортты  жағдай  -  бұл  сезімге  кімде  -  кім  сенің 
қиындықтарыңды бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді; 
өзін  түсіну  қабілеті  -  клиентте  өзін  түсіну,  өзінің  әрекет- 
қылығын,  қоршаған  ортаға  өзінің  ықпалын  түсіну  қабілетін 
жоғарылату. Әдетте бұл интерпретация кезінде жүреді. 

40 
 
Талқылау  стадиясының  негізгі  ережесі  әрекеттің  жоқтығы 
болып  табылады.  Сөздік  әдістер,  яғни  сезімдерімен  алмасу, 
талқылау және анализ қоланылады. 
 
ПСИХОДРАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 
 
Психодраманы 
жүргізу 
кезінде 
келесі 
әдістемелер 
қолданылады: 
1. 
Өз-өзін көрсету (самопрезентаця); 
2. 
Монолог; 
3. 
Дублирлеу; 
4. 
Рөлдермен ауысу; 
5. 
«Бос» орындық және «биік» орындық; 
6. 
«Айна»; 
7. 
Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау; 
8. 
«Артыңда»; 
9. 
Идеалды басқа адам; 
10. 
Сиқырлы магазин. 
1.  Өз-өзін  көрсету  (самопрезентация).  Бұл  ең  қарапайым 
техникалардың  бірі.  Ол  қысқа  рөлдік  әрекеттер  сериясынан 
тұрады.  Протагонист  өз-өзін  немесе  өзіне  маңызды  адамды 
бейнелейді.  Бұл  әрекеттерде  протагонист  жалғыз  қатысушы 
болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады. 
2. Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна ортасында 
түсіндіру  сияқты  көрінеді.  Монолог  проблема  авторының 
репликалары. Бұнда ол проблеманың мәнін ашады, өзінің ойлары 
мен  сезімдерін  айтып  жеткізеді.  Актердің  көрсететін  персонажы 
басқа  адамдарға  емес,  өзіне  арналады.  Бұл  тиімді  әдіс 
протагонистке  өз  эмоцияларына  сырттан  қарауға  мүмкіндік 
береді және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.  
3.  Дублирлеу.  Психодрамада  дублирлеу  проблема  авторының 
рөлін  алатын  екінші  біреудің  көмегімен  жүзеге  асырады.  Ол  адам 
автордың «ішкі дауысы» рөлінде болуы мүмкін. 
Двойник  немесе  екінші  «мен»  -  протагонисті  кез-келген 
уақытта  алмастыра  алатын  қатысушы.  Егер  протагонист  өз 
әрекеттерін жалғастыра алмаса, двойник оған көмектеседі. Кейбір 
топтарда топ қатысушылары әрекетіне біресе протагонист, біресе 

41 
 
двойник болып кіріседі. Двойник тура сондай күйді қабылдайды, 
тура  солай  әрекет  етеді,  осылайша  ол  протагонистке  өз  рөлін 
ойнауға  көмектеседі.  Ол  нейтралды,  ирониялы,  құмаршыл  және 
оппозиционер бола алады. 
Нейтралды  двойник-протагонистің  сезімдерін  қолдайды 
немесе біраз күшейтеді. 
Ирониялы 
двойник-протагонистің 
рөлін 
ирониялы, 
юмористік  түрде  орындайды  және  проблеманы  тереңірек 
зерттеуге итермелейді. 
Құмаршыл  двойник-протагонистің  сезімдерін  күшейтеді, 
оларды ашығырақ, нақтырақ қылады. 
Двойник-оппозиционер-протагонист  позициясына  қарсы 
позицияны  ұстауға  тырысады.  Ол  оның  зейінін  альтернативті 
қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.  
4.  Рөлдермен  ауысу.  Рөлдермен  ауысу  кезінде  протагонист 
психодрамада  қандай  да  бір  фигура  рөлін  ойнайды,  ал  көмекші 
«мен»  протагонист  рөлін  алады.  Рөлдермен  ауысудың  мақсаты-
көмекші  «мен»  ретінде  ойнайтын  адам  протагонистің 
орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.  
Бұл  әдістеме,  бір  жағынан  протагонистің  қиындықтарын 
түсіну,  өзінің  ойларын  нақты  білдіруге  көмектесу  болса,  екінші 
жағынан-  көмекші  «менге»  жағдайды  өзіндік  түсіну  мен  оған 
өзінің  қатынасын  білдіруге  мүмкіндік  береді.  Мысалы, 
жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде 
әйел,  ал  көмекші  «мен»  күйеуі  болғанда,  оларды  рөлдерімен 
ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде 
басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай 
да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу. 
Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста 
эффективті  қолданылады.  Балалар  ата-ана  мен  үлкендер  рөлін 
қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.  
Үлкендерде  рөлдермен  ауысу-инсайтқа  жетудегі  эффективті 
және тез әдіс болып табылады. 
5.  «Бос»  орындық  және  «биік»  орындық.  «Бос»  орындық 
техникасын  қолданғанда,  клиент  сахнадағы  бос  орындықта 
отырған өзінің антагонистін елестете отырып, өз проблемаларына 
әсер  етеді.  Клиент  бұл  фантоммен  өзара  әрекеттеседі,  тіпті 

42 
 
рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен айтқанда, клиент жоқ индивид 
позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі. 
«Биік»  орындық  техникасын  қолданғанда  қарапайым 
орындықтың  астына  бірдеңе  қояды,  яғни  басқалардан  биігірек 
болуы керек (ол басқалардан биік болуы үшін орындыққа шығуы 
мүмкін). Бұл клиент- протагонистке күш беруі үшін жасалады. 
«Биік»  орындық  тәжірибесі  клиентке  қауіпті  шындықпен 
тиімді күресуге көмектеседі.  
6. «Айна». «Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен 
ауысу»  жаттығуына  жақын  келеді.  Айна  протагонистке  оны 
басқалары  қалай  қабылдайтынын  ұғуға  мүмкіндік  береді. 
Режиссер  дәл  осы  әдісті  қолдануға  кез  жеткенін  сезгенде,  ол 
клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін 
бақылағанды  ұсынады.  «Айна»  өздерінің  іс-әрекетіне  сырттан 
қарауға  мүмкіндік  береді  және  өзінің  әрекеттеріне  жаңа 
көзқарасты қалыптастырады.  
Бұл  әдіс  топта  қолданылады.  Мұнда  өзін  жағдайға 
байланысты  ұстауына  басты  назар  аударылады.  «Айна»  клиент 
пен  өзінің  қосымша  «менінің»  арасындағы  визуальді  және 
вербалды байланысты тудырады. 
«Айна» техникасы «Рөлдермен ауысу» сияқты, клиентке оны 
басқалары  қалай  көреді  және  оған  қалай  әсерленетінін  түсінуге 
көмектесу  үшін  қолданылады.  Режиссер  бұл  техниканы  қолдану 
дұрыс  деп  санағанда,  протагонист  шетке  тұрады  немес  басқа  да 
көрермендермен бірге отырады. Ол қосымша «мен» актері оның 
рөлін ойнағанын бақылайды, яғни протагонистің өзін бейнелейді 
және 
протагонист 
жағдайының 
немес 
әрекет-қылықтың 
психодрамалық  көрінісіндегі  басқа  көмекші  «мендермен» 
әрекеттеседі. Олар клиенттің қылық-әрекетін өздері қалай көреді, 
солай  бейнелейді.  Осылайша,  клиент  өзінің  бір  бөлшегін 
басқалардың көзқарасымен көре алады. Бұл әдіс регрессивті және 
аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады. 
7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау. 
Қатысушылар,  егер  драматизделген  проблемалық  жағдай 
басқалай  болғанда  немесе  басқа  жолмен  шешілген  болса  не 
істейтіндерін  елестетулері  керек.  Мүмкін  болатын  жағдайлар 

43 
 
ойналады.  Бұл  әдіс  протагонисті  болашақта  мүмкін  болатын 
жағдайға дайындау. 
8. «Артыңда». «Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни 
клиент  сахнада  орындыққа  көрермендерге  артпен  отырады,  ал 
режиссер көрермендерді клиентті талқылауға шақырады. 
9.  Идеалды  басқа  адам.  «Идеалды  басқа  адам»  техникасын 
қолдану 
клиенттің 
психодрамалық 
әрекеттің 
соңында 
қысымдылықты  төмендетуге  көмектеседі,  сонымен  қатар  өзіне 
деген  қатынасты  сезінуге  мүмкіндік  береді.  Психодрамада 
бейнеленетін 
«басқа 
адам» 
жұбайылардың, 
ата-ананың, 
достардың біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші 
«менді» бейнелеуші болып табылады. 
10. 
Сиқырлы 
магазин. 
Психодрамада 
кең 
түрде 
қолданылатын  жаттығулардың  бірі  «сиқырлы  магазин»  ойыны 
болып  табылады.  Бұл  техника  клиентке  өмірдегі  өзінің  шынайы 
мақсаттары  мен  армандарын  түсінуіне  көмектеседі:  клиент 
«сиқырлы  магазин»  сатушысымен  әрекеттеседі,  оны  көбінесе 
көмекші  «мен»  немесе  режиссер  бейнелейді.  Режиссер 
қатысушылардан  сахнада  дүкен  ашылғанын  және  онда  керемет 
заттар:  махаббат,  ерлік,  ақыл,  дарындылық  және  т.б. 
сатылатынын  елестетуді  сұрайды.  Магазин  сатушысы  клиентке 
қалаған  нәрсенің  барлығын  ұсынады:  байлық,  бақыт,  генийдің 
интеллектісі.  Мысалы,  біреу  «сыйласымды»  сұрайды.  Дүкен 
қожасының 
рөліндегі 
режиссер 
нақтылайды: 
«қанша 
сыйласымдық керек», «кімнен», «неге байланысты» және т.б. 
Магазин  сатушысы  клиенттен  төлем  сұрайды,  пациентке 
қымбат  бір  нәрсе.  Мысалы:  денсаулық,  махаббат,  тәуелсіздік, 
абырой.  Бұл  клиентті  дилемма  алдына  қояды  және  әдетте  тез 
арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді. 
Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ 
мүшелерінің  қатысуы  табылады.  Әсіресе  көмекші  «мен»  рөліне 
таңдалғандар.  Психодрамаға  топтық  нормалар,  ортақ  топтық 
тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды. 
Тәжірибелі 
режиссер 
түрлі 
таңдаулы 
әдістемелерді 
қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын 
басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді. 
 

44 
 
ДЕНЕ ТЕРАПИЯСЫ 
 
Біздің  жүз  жылдығымыздың  ХХ  жж.  Гиндлер  дене 
терапиясының жаңа түрін әзірледі, оның негізінде ағзаны өзінен-
өзі реттелуіне әсер ету талпынысы жатыр. 
Селвер 
АҚШ-тағы 
Гиндлердің 
идеяларын 
кеңінен 
таратқандардың  бірі  болды.  1938  жылдан  бастап  сезіктік  ұғыну 
(sensory awareness) әдісі деп атаған әдіспен белсенді түрде жұмыс 
жасады. Нәтижесінде оның жұмысына психоаналитиктер қатары 
қызығушылық  танытып,  олардың  кейбіреуі  Фромм  (Fromm  E.) 
және Перлс (Perls F.) — оның шәкірттері болды. 
Селвер  және  Брукс  жұмыстары  көбінесе  оның  ұстазының 
жұмысымен  үндесетін  онымен  «сезімді  қөзғау»  (sensory 
awakening) деп атаған техниканы шығарған Гунтерге (Gunther В., 
1974) әсерін көп тигізді.  
Бұл  техниканың  жаттығулары  өз  денеңді  сезінуге  және  өз 
сезімдерімен  үйлесуге,  басқаларға  жанасуға  және  жанасуларды 
қабылдай білуге үйренуге көмектеседі. 
Адамның  психикасы  және  денесі  бір,  психикалық  әлемінде 
болып  жатқанның  барлығы  адамның  денесінен  көрініс  табады. 
Адам  денесімен  жұмыс  істегенде,  дәлірек  айтсақ,  онда  толып 
жатқан  психикалық  қысымнан  оны  босаңсыту,  терең  талдаумен 
айналыспай  жеке  тұлғаның  психологиялық  мәселелерін  шешу 
энергиясымен  байланысты  босаңсыттуға  болады.  Денеге 
байланысты  өзінің  денесін  және  сезімін  түсіну  сферасын 
қарапайым  кеңейтудің  өзі  күрделі  психологиялық  мәселелерді 
шешуге мүмкін. 
Денеге-бағытталған  терапия  (ДБТ)  –  адам  тәнімен  бірге 
өткізілетін,  психиканы  өзгерту  арқылы  емдейтін,    түрлі 
теоретикалық  және  методологиялық  амалдарға,  тәсілдерге  ие  
психотерапия  бағыттарының  бірі.  Негізгі  бағыттары  және 
техникалары:  қозғалыс,  жақындасу,  тыныс  алу.  Бұл  тәсіл  адам 
тәнінде  әсерін  қалдырған  бастан  кешірулер  мен  мәселелерді  
«жанды тәнмен жұмыс арқылы емдеу». Адамның жан дүниесінде 
болып  жатқан  жағдайлар    оның  тәнінде  де  өз  іздерін  қалдырып 
отырады. 

45 
 
Біздің  тәніміз  —  өзіміз  өмір  сүретін  әлемді  қабылдайтын 
құрал.  Тәніміз  біздің  көзқарасымыздың,  ойлау  жүйеміздің 
сыртқы  көрінісі  немесе  ішкі  жан  дүниеміздің  айнадағы  сияқты 
шағылысы,  бейнесі.  Өмірдің  кез  келген  сәтіндегі  адам  тәнінің 
жағдайы  –  олардың  басынан  өткерген  жеке  өзіндік  тарихын 
құрады. Ол тарих – біздің өміріміздің оқиғалары. Мұнымен адам 
баласы жерге шыр етіп түскен сәттен бастап шұғылданады, біздің 
өміріміз  жайлы  барлық  ақпараттар  бар.  Өсе  келе,  тәжірибе 
жинақтаймыз,  Бірақ,  біздің  өміріміз  өткен  өміріміз  бен 
тәжірибелеріміз  арқылы  құралатынын  біле  бермейміз.  Ол 
өміріміздің  бастауындағы  және  өткеніміздегі  қалыптасқан 
көзқарасымызды ұстанады. 
Біздің  «Меніміз»  психикамызда  қалай  көрінсе  тәнімізде  де 
солай  көрінеді,  жанды  тән  процестеріне  әсер  ету  арқылы 
жандандыруға  болады.  Тәнге-бағытталған  терапия  оның 
сезімдерін,  ақылы  мен  дене  түйсіктерін  байланыстыруға, 
олардың  арасындағы  бұзылған  өзарабайланысты  қалпына 
келтіруге,  адамға  оның  тәнімен  сенімді  және  толық  байланыс 
құруына көмектесетін сирек кездесетін және тиімді әдіс. 
 
ДЕНЕ ТЕРАПИЯСЫНДАҒЫ В. РАЙХТЫҢ ОРНЫ 
 
Дене терапиясының ең белгілі әдістерінің бірі мінез талдауы 
және  Райхтың  вегетотерапия  тәжірибесі  болып  табылады.  Райх 
науқастармен  жұмыс  жасауда  табиғат  пен  мінез-құлық 
қызметтеріне  түсініктеме  беретін  алғашқы  аналитик  болған.  Ол 
жеке  тұлға  мінез-құлығының  физикалық  аспектілеріне,  әсіресе 
«бұлшық  ет  сауыты»  деп  атаған  сөзылмалы  бұлшық  ет 
қысқышына  назар  аударудың  маңыздылығын  атап  айтқан.  Райх 
адам  денесіндегі  қорғанысының  түрімен  байланыстырып, 
«бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның тұрақты бұлшық 
ет  күштенуін  оның  мінез-құлқы  мен  ауыртатын  эмоциональдық 
тәжірибе ойынша, созылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі 
эмоциональдық  жағдайды  блоктайды:  үрейлілік,  ашу  және 
жеңсіктік  қөзу.  «Бұлшық  ет  сауыты»  адам  сезімдерін  шектеп 
және  бұзып,  қатты  эмоцияларды  сезіну  мүмкіндігін  бермейді. 
Райх  жазған:  «Бұлшық  еттің  құрысуы  ығыстыру  үдерісінің 

46 
 
денелік  жағы  және  оның  ұзақ  мерзімді  сақталу  негізі  болып 
табылады» (Reich W., 1997).  
Вильгельм Райх (1897-1957) дене психотерапиясының негізін 
салушы деп есептеледі,  хатха-йогамен басқа да  шығыс әдістерді 
есептемегенде,  ол  өзінің  жұмысын  «үшінші»  толқынды 
психоаналитик ретінде бастады. 
Райх  оргонды  энергиятуралы  айтқан,  ол  денеде  еркін 
қозғалады,  сау  ағза  мен  психиканың  негізгі  функциясы  болып 
табылады. Оргонды энергия бүкіл космостан өтіп, тірі ағзаларда 
ең бірінші ауамен демалған кезде жиналады.  Дем  (оның  шәкірті 
А.  Лоуэн  жазғандай)  дененің  қозғыш  жағдайына  тікелей 
байланысты. Біз тыныш және босаңсыған күйде болғанда, біздің 
деміміз еркін және тыныш болады. Күшті эмоционалды жағдайда 
денеден жылам және екіпнді болады. Қорқу күйінде болағнда, біз 
қатты және демді тоқтатып демаламыз. Қысым күйінде болғанда 
дем  үстірт  болады.  Кері  пікірде  орынды:  терең  дем  алу  денені 
тыныштандырады. Терең демалу дегеніміз – терең сезіну. 
Бұл  энергияны  жинау  үшін  және  адамды  сауықтыру  үшін 
Райх 
оргонды 
аккумуляторды 
ойлап 
тапты. 
Оргонды 
аккумуляторды жәшік түрінде болады, ол бірнеше қабат ағаштан, 
металлдардан, арнайы құбырлардан тұрады. Олар қазіргі кезде де 
АҚШ-та, Германияда жасалынады. 
Райх  бойынша  оргонды  энергия  омыртқа  бойымен  жоғары-
төмен,  орталықтан  периферияға  қарай  және  кері  ағады. 
Жағымсыз  уайымдардан  қорғанысы  болып  табылатын  оргонды 
эенргияның  денеден  еркін  өтуін  бөгейтін  бекіген  бұлшықет 
қысымы  белгілі  бір  тұлғаның  невротикалық  згерістерге  әкеледі. 
Бұл  бекіген  бұлшықет  бөгеулер  «бұлшықеттің  қабатын»  немесе 
«мінез  қабатын»  құрады.  Адамның  мінезі  бұлшықет  қысымына 
сәйкес келеді, бұл оның денесінде болады және қоршаған ортаға 
өзіне тән стереотипті реакцияларды анықтайды. 
Адам  бұлшықет  қорғаныс  қыртысымен  шектелген  кезде,  ол 
қабіеттілікті  және  шынайылылықты  жоғалтады,  оның  қоршаған 
ортаға  реакциясы  шаблонды  және  механикалық  бола  бастайды, 
ол  терең  және  шынайы  сезіну,  өзінің  сезімдерін  ашық  білдіру, 
біреуге  шынайы  жақындық  сезімін  бастан  кешу,  өмірден  және 
сексуалды  қатынастан  ляззат  алу  қабілеттерін  жоғалтады.  Ол 

47 
 
өзінің бұлшықет қыртысының құлына айналады, және оның өмірі 
әр түрлі қорқыныш сезімдеріне тола бастайды. 
Райх  бұлшықет  қабатын  жеті  сегментке  бөледі,  олар  көз, 
ауыз, мойын, кеуде, диафрагма, іш, бөксе аймағында орналасқан. 
Олардың  әрқайсысы  белгілі  бір  сезімдер  мен  іс-әрекеттерді 
бөгейді  немесе  басып  тастайды.  Мысалы,  көз  аймағында 
қорқыныш,  ашу  сезімдері,  жас  т.с.с.  бөгеу,  қатты  қысымдар 
кезінде маңдай жансыз қозғалыссыз болады. 
Бұлшықет қабатын босаңсыту адамды оның алғашқы табиғи 
жағдайына  әкеледі,  онда  ол  шынайы  рахат  жағдайды  бастан 
кешіреді, өмір күшінің тасуы еркін және ашық, толық сексуалды 
ляззатқа  бөлену  қабілетті  бола  бастайды.  Адамның  бұлшықет 
қыртысы жағдайға стереотипті емес, аяқ асты жауап береді. 
Райхтың  пікірінше  мінездің  қыртысы  жалғыздықтың, 
әлсіздіктің  негізі  болады.  Оның  шәкірті  А.  Лоуэн  бұл  көзқарас 
бойынша бес мінезді сипаттап береді. 
Шизоидті  тип  мінез  ойлары  сезімдермен  айқын  емес 
байланыста 
болатын, 
өз-өзіне 
кетуге 
тырысатын, 
шынайылылықпен  қатынасты  жоғалтатын  адамға  тән.  Олардың 
энергиясы  дененің  ортасында  орналасқан  және  периферияға 
бармайды, оның бет, аяқ, жыныс мүшелеріне еркін өтуіне бекіген 
бұлшықет  қысымы  бөгет  болады.  «Шизоидті»  жеке  тұлғада  аяқ 
асты іс-әрекеттерде қиындықтар болады, әрекеттері икемді емес. 
Олардың  өз-өзін  бағалауы  төмен,  дене  пішіндері  қысылған, 
жіңішке  болып  көрінеді.  Мимикасының  жоқтығы  оның  маска 
киіп алған тәрізді етіп көрсетеді. 
Оральді  мінезді  адам  басқа  адамдардың  қолдауын 
қажетсінеді  және тұлға аралық қатынастарда тәуелділікке бейім. 
Олардың энергиясы орталықта бекімеген емес, бірақ периферияға 
әлсіз өтеді. Денесі және қол-аяғы ұзарған, бұлшықет жетілмеген. 
Мұндай  типтегі  адам  өз  аяғында  нық  тұра  алмайды,  бұл  тура 
мағынада  және  ауыспалы  мағынада  айтылып  тұр.  Негізгі 
қажеттіліктері қанағаттанбағанда оларда депрессияға бейім. 
Психопатикалық  типтегіадамда  басқару  және  билік  ету 
қажеттілігі  айқын  көрінген,  олардың  өзінің  әлеуметтік 
имиджімен  естері  шықан.  Мұндай  доминанттылыққа  қажеттілік 
олардың  денесінің  жоғарғы  жағының  аса  дамығанында  көрініс 

48 
 
табуы  мүмкін.  Энергия  көбінесе  басқа  қарай  өтеді,  ал  белден 
төмен қарай өтуін бұлшықет қысымы бөгейді. 
Мазохистік  тип  мінезіндегілер  мәселені  белсенді  шешу 
кезінде  әлсіздігін  білдіреді.  Олар  толығымен  эенергиямен 
зарядталған,  бірақ  сезімдерін  ашық  білдірмеуге  тырысады. 
Мұндай  адам  бұлшықет  қысымын  басқарады,  жаратылысты 
болдырмау  үшін  тәрізді.  Денесі  әдетте  қысқа,  тығыз  және 
бұлшықетті. Өз-өзін бекіту өте шектеулі. 
Регидті типөзімшіл, жеке тұлғаның шындығына бағытталған, 
функционалдылығы  жақсы,  бірақ  өзінің  қылық-әрекетін  тым 
қатты  қадағалап  басқарады.  Олар  қатынаста  өздерін  алшақ 
ұстайды,  рахатқа  толық  берілуге  қорқады.  Биоэнергетикасы 
қоршаған  ортамен  байланыс  үшін  периферияда  бар  және 
сонымен  қатар  орталықта  да  бар.  Сезімдері  еркін  өтеді,  бірақ 
олардың  көрінісі  шектелген.  Әдетте  мұндай  типтегі  адамдар 
қозғалмалы, денелері пропорционалды. 
Райх  терапиясында  бұлшықет  қыртысын  алып  тастау  үшін 
әдетте келесі қолданылады: 
Терең дем алу арқылы денеде энергияны жинау; 
Бекіген  бұлшықет  қысымын  босаңсыту  үшін  оған  тікелей 
әсер ету; 
Арнайы қимылдар (әдетте ритмдік), мысалы кушетканы теуіп 
велосипедті қозғалыстардай аяқты қозғалту; 
 Бұлшықет қысымына белгілі бір әсер ету арқылы анықталған 
эмоционалды шектеулер мен қарсыласуды клиентпен бірге ашық 
қарастыру; 
Клиенттің  шығарған  дыбыстар,  айғайлар  білгілі  бір  блокпен 
байланысты эмоционалды күйді көрсетеді
Гримасничандылық  немесе  кейбір  сезімдерді  дене  қылық-
әрекеттері арқылы көрсету; 
Қазіргі дене тераписында бұл реестрге тағы мыналар қосылған: 
Терең дем алумен бірге арнайы қысымды дене тұрыстары
Ерекше  денені  ұқалау  (рольфинг),  оның  мақсаты  бұлшықет 
қыртысын (фасции) босату. 
Райх  бойынша  бүкіл  дене  бұлшықет  қабаты  бойынша  жеті 
сегментке  бөлінген,  әрқайсысы  спецификалық  сезімдермен  және 
іс-әрекет импульстарымен басылып тасталынады. 

49 
 
Райх  теориясының  негізінде  адам  психикасының  қалыпты 
қызметін  қиындататын  қорғаныс  механизмдерге  денеге  тікелей 
әсер ету арқылы қарсы әрекеттер жасауға болатыны туралы ұғым 
жатыр.  Ол  «вегетотерапия»  деп  атаған  қорғаныс  бұлшық  етке 
тікелей әсер етуден «мінез-құлық талдауы» және «биофизикалық 
қызмет  саласындағы  мінез-құлық  талдауы»  деп  атаған  өзінің 
аналитикалық  түсіндірулерін  атаған.  Райх  тұлға  өсуінің  негізгі 
кедергісін  адамға  айналадағы  адамдар  мен  қоршаған  табиғатпен 
үйлесімді  толыққанды  өмір  сүруге  бөгет  болатын  қорғаныс 
бұлшық ет сауыты деп көрген. Ол денені қамтитын  «бұлшық ет 
сауытының»  жеті  сегментін  жіктеген:  1)  көз  тұсы;  2)  ауыз  және 
жақ; 3) мойын;  4) кеуде; 5) диафрагма; 6) іш; 7) жамбас. 
Бұлшықет  қабатының  әр  түрлі  сегменттерінен  жүргізілетін 
жұмыстарының кейбір нұсқаларын мысал үшін келірейік: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет