5 . Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Әріп.Қыс.айнала күміс қар.
Сабақтың мақсаты: а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін қалыптастыру ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс »,Ж.Аймауытов суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пән аралық байланыс: дүниетану
28.12.2013ж
12. Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды сауатты оқып, саутты жазуға үйрету.сөздік қорларын молайту.Шапшаң оқуға үйрету..
Оқуға ынтасын арттыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту,
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық
Тағып алып коньки біз.
Кешке мұзда қалқимыз.
Қызған сайын денеміз
Қиғаш-қиғаш тебеміз
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау
Бата туралы сұрау.
Бата дегеніміз не?
Батаның қандай түрлері бар?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ.Қайталау.
Жеті ата ауылына саяхат жасау арқылы алған білімдерін пысықтау.
Ата ауылы
Алфавитті жатқа сұрау
Әке ауылы
Отан.Астана туралы өлеңді жатқа сұрау.
Біздің отанымыз қалай аталады?
Еліміздің астанасы қай қала?
16 желтоқсан қандай күн?
Бала ауылы
Санамақ сұрау
Бір уыс мақта әңгімесін сұрау.
Немере ауылы
Құстардың аттарын жазғызу.
Құстың ұясы әңгімесін мазмұнын сұрау.
Балалардың ісі дұрыс па?
Шөбере ауылы
Бір қазан сүт өлеңін жатқа сұрау.
Өлеңде айтылған құстардың аттарын атаңдар.
Күншіл үйрек ертегісін рөлдеу.мазмұнын сұрау.
«Біреуге ор қазсаң, өзің түсерсің» деген мақалдың мағынасын ашқызу.
Шөпшек ауылы
Бақа өлеңін жатқа сұрау.
Қожаның аты әңгімесін сұрақтар қою арқылы сұрау.
Кім неден күшті? Ертегісін қою.Ертегідегі кейіпкерлерді атап айту.Құмырсқа туралы сұрау.
Немене ауылы
Мақта қыз бен мысық.Балық пен бақа ертегілерін рөлге бөліп оқыту.Мазмұндау.
Үйге тапсырма беру:қайталау
Бағалау:Білімдерін бағалау.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Рәміздер - тәуелсіздік белгісі
Мақсаты: оқушыларды отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Көрнекілігі : Мемлекеттік рәміздер.
Барысы:
Құрметті оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Тәуелсіздікке 23 жыл!» мерекесіне арналаған «Рәміздер тәуелсіздік белгісі» Біздің туған жеріміз, алтын бесігіміз –кең байтақ еліміз Қазақстан .Қазақстан-біздің Отанымыз.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер , атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Ежелден елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқӨз тілін,мәдениетін дамытамын деген қазаққа мүмкіндік бермеді.
1986 жылы 16 желтоқсанда қантөгіс қырғынға жалғасты.
Нашақор деп «Ұлтшыл» деп
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір түнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Озбырлық күштен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бар шындық
Ер қайрат қыршын кеткен күн.
Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасы.
-Отан дегеніміз не, балалар?
-Отан дегеніміз туып өскен жеріміз.
Отан туралы қандай өлең білеміз?
1-оқушы
Отан – сенің ата-анаң
Отан-досың, бауырың.
Отан –өлкең , астанаң
Отан-аудан ауылың.
Хормен: Отан- осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым.
Оны ардақтап сүйе біл.
Мұғалім:
Қазақстан республикасы тәуелсіз мемлекет болып 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл толып отыр.қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін 1992 жылы 4 маусымда жариялады.1995 жылы 30 тамызда Конституция қабылданды.1998 жылы 10 шілдеде Астана қаласының тұсауы кесілді.1991 жылы 2 қазанда қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.1993 жылы ұлттық валюта теңге айналысқа енді.
Міне балалар бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ.Оған аға, апаларымыз өз жандарын құрбан етіп, туелсіздігімізді алдық.Сол батыр аға апаларымызға құрметпен бас иеміз.
Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді ме өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген.
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той ғып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Мұғалім:
Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап қан кешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.
Жиырма екі жыл сері күн шалқығалы
Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.
Көк байрағым алашым желбіретіп.
Содан бері алмастай жарқылдады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жан түршігерлік естен кетпес оқиға еді.Міне бұл күнді де ұмытып, дербестік алғанымызға 23 жыл болып отыр.1986 жылдан бастау алған тәуелсіздігіміз ресми түрде 1991жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы болып жариялады.
Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы- Қайрат рысқұлбеков,Он екіде бір гүлі ашылмаған Ляззат АсанқызыныңСыпайұлы Ерболдың, Мұхаметжанқызы Сәбираның,Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары бүгінде көк туымыз асқақ желбіреп тұр.Бір өкініштісі олардың бүгінгі бақытты сәтті көре алмауы.
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Қорыту:
Желбіреген байрағы желді күнде
Биіктерің мәртебең елдігінде
Таныта бер Қазақстан бар әлемге
Керегеңнің кеңдігін де теңдігін де.
«Өз елім» әні орындалады.Еліміз мәңгі жасай берсін, көк туымыз желбіреп, елімізде тыныштық болсын!
1-бет
Қош сүйікті Әліппе.
Мақсаты: білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау.Білімдерін арттырып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, әріптердің макеті, білімге байланысты қабырға сөздері.
Барысы: Әнұран орындалады.
Жоспары:
1.Әліппемен достасып, әліппемен қоштастық.
2.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
3.Өнерлі өрге жүзер.Әдеби музыкалық монтаж.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Бүгін бізде үлкен мереке.Себебі кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкене бөбектеріңіз, ең алғаш тілін ашқан ғылым дүниесінің алғашқы есігі білімге бастайтын алғашқы соқпақ Әліппемен қоштаспақ.Балаларыңыздың алғашқы қадамы әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
Балалар зейіндерің зерек болсын,
Көңәлдерің көк жиектей кең болсын.
Жүректерің тау суындай таза болсын,
2-бет
Ақылдарың асқар таудай биік болсын деп бүгінгі «Қош бол, Әліппем» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрініс: «Мектепке алғаш келген оқушы»
Апасы: мынау мектеп.Бұл жерде білім аласың
Қызы: Менің оқығым келмейді, мен кірмеймін, қорқамын.
Мұғалім: Неге қорқасың, жылама мен саған көмектесемін.
Апасы кетеді.Мұғалім алып кіреді.
1.шаттық шеңберін құру.Оқушылар шеңбер жасап тұра қалады.
2.Танысу.Әр оқушы өз аттарын айтады.
-Енді жаңадан келген оқушы өз атын айтады.
-Балалар бізге жаңадан оқушы келіп отыр.Сендер қуаныштысыңдар ма?
Иә.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Сапқа тұрады.
-Балалар енді сендер кімсіңдер?
-Оқушымыз ( хормен)
3-бет
1-оқушы Жансерік
Алақай, ау алақай
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай балақай.
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді
Бардым бүгін мектепке
Оқушымын мен енді.
1-жүргізуші
Қайырлы күн, уа халайық!
2-жүргізуші
Армысыздар мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
1-жүргізуші
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
4-бет
2-жүргізуші
Армысыздар, аталар мен апалар!
Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
1-жүргізуші
Білім ордасы не деп аталады?
Оқушылар: Мектеп.
2-жүргізуші
Сәлем саған мектебім
Алғыстарым көп менің
Оқу , білім, тәрбие.
Ой санама еккенің.
2-жүргізуші
Білім берген адамды кім деп айтамыз?
Оқушылар: мұғалім
1-жүргізуші
Білім алған өзіңнен
Дәрігер ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт мұғалім.
«Ұстазым» әні орындалады.
Мұғалім: Балалар, сендер ең бірінші рет қолдарыңа қызықтаған, сонан соң әріптер танытқан оқулықтарыңның аты не?
Оқушылар:Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті-Әліппе!
Ол сүйікті-Әліппе!
М: Ендеше балалар , әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе.
Әліппе ортаға шығады.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Армысыздар жас достар!
Армысыздар , жол бастар!
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажайыптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болсын талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананаң,
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане ортаға салайық!
1-оқушы
Таныстырып әріппен
Мынау кітап-әліппең
Әліппе деген аты оның,
Басталаған қай әріптен
2-оқушы
Дос қуанар балаша,
Өмір сүрер жараса
Достарымыз көбейді,
Сан жетпейді санаса
3-оқушы
Ғарышкері ғаламның
Намысты ер даламның
Тоқтар сынды ағамның,
Ізбасары боламын.
Ашық күннің жыры боп
Қалықтай бер көгершін
Бейбітшілік жыры боп
Шарықтай бер көгершін.
4-оқушы
Отан –менің ата-анам
Отан-өлкем, астанам.
Отан –досым бауырым,
Отан-туған ауылым.
5-оқушы
Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
«А»деген ол аналар ғой ардақты
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
6-оқушы
Өнер іздеген өсер
Өсек іздеген өшер
7-оқушы
«Б» дыбысын өткенде дастарханға бата беруді үйрендік.
Берейін бата асыңа
Амандық берсін басыңа.
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!
8-оқушы
О дыбысын өткенде ою оюды үйрендік
Ою ойған сызу да сызады.
Шебер көп жерде ою көп.
Ойсыздан ою шықпайды.
9-оқушы
Гүл өсірсем үйде
Су құямын гүлге
Күнде гүлін ашады.
Жұпар иісін шашады.
10-оқушы
Жаңа жылды қай айда
Қарсы аласың тойлайсың
Ең басында ол сөздің
Қай әріп деп ойлайсың?
11-оқушы
Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан
«Ата-ана» сөздерін
Қайсы әріптен бастаған?
12-оқушы
Алфавитті біліңдер
Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
.
13-оқушы
Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан
«Ата-ана» сөздерін
Қайсы әріптен бастаған?
Хор: « Мұғалім ол біздің»
ІІ.Бөлім «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» деп аталады.
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар , ата-аналар!
Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз
2-жүргізуші
Алғаш қолымызға гүл алып, мектеп табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті.Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып, жаза білеміз.
1-оқушы
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тоймадық.
2-оқушы
Әліппе -білім анасы,
Әліппе кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
3-оқушы
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
4-оқушы
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
5-оқушы
Өзім ұстап кітапты,
Жалынбадым ағама
Қуанды анам оқудан
Алған бестік бағама.
1-жүргізуші
Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
6-оқушы Айбат Ақмаржан
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанан түсіндім.
7-оқушы
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға,
Бас иерміз құрметпен!
8-оқушы
Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем апамды.
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Әліппе: - Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Төтеп берген не сынға,
Қайыспаған ауырға,
Адал болып досыңа
Бас имеген жауынгер,
Елдің аты кім балалар?
Оқушылар. Қазақ
Дархан жері бар,
Қонақжай халқы бар
Қай ел?
Хормен : Тәуелсіз Қазақстан!
9-оқушы
Оқымап ем «бір» алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім екілік
Мамам шықты жекіріп.
Үш алғанда байқадым
Папам басын шайқады.
«Бес» деп бүгін кеп
Қалды бәрі күлімдеп
10-оқушы
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі,
Шаншылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
11-оқушы
Ақыл құйған санама
Күннен де артық расында.
Күн –алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген
Әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға, ұстаздарымызға мың алғыс.
Менің және менің шәкіртім Абылайдың орындауындағы «Анашым» әні сіздерге арналады құрметті ата-аналар!
12-оқушы
Атағым Алатаудай болып биік
Тұрсам да төбем өсіп, көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамыз «Ұстазым» деп басымызды иіп.
13-оқушы
Өтті оқудан сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықмен достассақ
Әліппемен қоштассақ.
Өсті білім, бойымыз
Хормен: Құтты болсын тойымыз
14-оқушы Абай мен Ахмади
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
1-жүргізуші
Бір жылда неше ай бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Бір аптада неше күн бар, ата?
Әліппе : Балалар сендер мақал-мәтел білесіңдер ме?
-Иә
1-оқушы Жансерік
Оқу инемен құдық қазғандай
Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды.
Ақққуды атпа, досыңды сатпа.
2-оқушы Бекжан
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ
Математика
М: Балалар біз санау білеміз бе?
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0
Санамақ білеміз бе?
Жұмбақ жасырады.
Жансерік
Бір дегенім -бесік,
Шықтың содан өсіп.
Екі деген-елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегені-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты деген-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген-жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген-сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім –Отан,
Қорға соны ботам!
Әліппе: Еліміздің астанасы қай қала?
О: Астана
Жаңабек
Бабалардың көзіндей
Даналардың сөзіндей
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам-
Әсем қалам, бас қалам!
Хор: « Әліппе» әні орындалады.
«Бақа» өлеңін сомдау.
«Күншіл үйрек» ертегісін мазмұндап айтып беру.
Енді балалар мен кетейін Сендердің білімдеріңді көріп риза болдым.Мені жақсы игеріпсіңдер.Енді оқитын достарың Ана тіліні ортаға шақырайын.Ал жақсы сау болыңдар балалар!
Рахмет , саған әліппе!
Ана тілі
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен ана тілі оқулықтарың боламын.Енді сендер меннен оқып, білім аласыңдар.
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің
Ана тілің біліп қой
Қуанышың елдігің
ІІІ.Бөлім «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.
Бүгінгі бүлдіршіндердің өнерін тамашалайсыздар.
Сахнада өлең айтса талдырады,
Өлең оқыса жүректі жандырады.
Күзгі балдың жүлдегер атағы бар,
Бекжан біздің өз ізін қалдырады.-дей келе сахна төріне «Не деу керек?» әнімен Сайынбекұлы Бекжанды қарсы алайық.
Гүлназ адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бенен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Өнерлі бол әрқшан кішкентай - дей келе Айгөлек ән -би байқауының ІІ орын иегері Тәңірберген Гүлназды өзбек биімен ортаға шақырайық.
Ақмаржандай әншіміз бар мақтанамыз,
Әніне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындырыр
Ақмазжанды «қуыршағым» әнімен қарсы аламыз.
Енлігі кезекті 1 класс оқушыларының жас бишілеріне береміз.Жастар биі.
Азаматқа мінекей кезек келді,
Қызыл тілі жыр айтып безіктеді.
Жігіт боды айтсақта сенбейді ешкім
Қаншама бұзық, тентек десекте енді.
Айгөлек ән-би байқауының І орын иегері зарлық Азаматты «Қазақ жастары» әнімен ортаға шақырайық.
Орыс халқының биін тамашылаңыздар ағайын.
Келесі кезекті тағы да әнге береміз. «Қошақаным» әнімен Бегежанқызы Ақмаржанды ортаға шақырамыз.
Жастар биімен жас бишілер тобын ортаға шақырамыз.
Бүгінгі күн біздер үшін той басы,
Ырым етіп тойымыздың соңында.
Ақ тілектер мен айтар батасын
Біздер дайын ақ тілекті тыңдауға.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!- дей келе «Қош бол, әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келгендеріңізге көп-көп рахмет.!
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі
Класы:1
Өткізген: Жолмұратова.Ж.Қ
2013-2014 оқу жылы
?
.
.
.
.
.
2-жүргізуші
Армысыздар мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Армысыздар аталар мен апалар!
Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
Алғаш қолымызға гүл алып, мектеп табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті.Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып, жаза білеміз.
-Білім берген адамды кім деп атайды?
Бір жылда неше ай бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Бір аптада неше күн бар, ата?
Бір жылда 12 ай бар.1жылда төрт мезгіл бар.Қыс көктем жаз күз
Бір аптада жеті күн бар.Олар: Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Алфавитті біліңдер
Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
.
Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан
«Ата-ана» сөздерін
Қайсы әріптен бастаған?
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Баланың негізгі
Баланың негізгі құқықтары туралы заң
Мұғалімдер мен ата – аналарға арналған дарындылық диагностикасының әдістемелері.
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебіндегі
2013– 2014 оқу жылындағы 1 класс бойынша
« Дарынды » балалар туралы мәлімет.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Пәні
|
Класы
|
Жауапты
мұғалім
|
1
|
Жұмажан Жаңабек
|
Бастауыш класс
|
1
|
Жолмұратова.Ж
|
2
|
Айдосұлы Айбат
|
Бастауыш класс
|
1
|
Жолмұратова.Ж
|
Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Я я дыбысы мен әрпін, я дыбысының жасалу емлесімен таныстыру, я дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқуға, дұрыс жаза білуге үйрету. «Ұя» атты өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Дамытушылығы: Я я дыбысы бар жаңа сөздерді таныту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: Саяхат сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгеру.
Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау, ойын, топтық жұмыс, сөздік.
Көрнекілігі: Я дыбысының баспа, жазба түрі, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологииялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз.
Қайырлы күн! Амандасып аламыз.
Балалар біз бүгін 7 ата ауылына саяхат жасаймыз.7 атаны атайықшы.
-Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Ата ауылына саяхат жасауға дайынбыз ба?
Ата ауылының тапсырмасы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Бағандағы сөздерді оқу.
« Ақан сері» мәтінінің мазмұнын сұрау.
Г г қандай дыбыс?
Г дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Әке ауылының тапсырмасы.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар.
Жесең ащы?
Көзіңнен шығарар жасты.
(Пияз)
Қалқиып ұзын құлағы
Елездеп қорқып тұрады.
(қоян)
Мақсаты:Сөз ішінен таныс емес дыбысты табайық? Ол қандай дыбыс?
Я дыбысы.
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталады екен?
Я я дыбысы мен әрпі.
Бала ауылының тапсырмасы.
Жаңа мағынаны таныту.
Я дыбысының баспа және жазба түрімен таныстық. Я дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында да келе береді. Я дыбысы орыс тілінен енген әріп. Я дыбысын айтқанда и+а дыбыстары естіледі. Бірақ я дыбысы қосарланып айтылғанымен, бір ғана я әріпімен таңбаланатынын түсіндіремін.
Немере ауылының тапсырмасы.
Баған түрінде берілген сөздерді сурет арқылы таныстыру және оқыту.
Аяқ – дене мүшесі. Пияз – көкөніс.
Қияр – көкөніс. Шаян – жәндік.
Қоян – аң. Тақия – баскиім.
Сөздерді оқыту, әрі сөзге түсініктеме беру.
Шөбере ауылының тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс.
Жұмбақ шешу.
а) Тал басында,
Тамаша үй. (ұя)
ә) Қазір, енді «Ұя» атты өлеңмен танысамыз. Автор туралы түсінік беру.Қ.Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Талдықорған облысының Талдыбұлақ елдімекенінде дүниеге кеген ақын.
Сұрақ –жауап арқылы өлеңді талдау.
Бала тақтайдан не жасады?
Оны қайда байлады?
Ненің сайрағанын күтті?
Ұяда не мекендеді?
Қара торғай не деп сайрады?
6. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
7. Мазмұнын ашу, әңгімелеу.
8. Оқулықтағы сөздерді тізбектеп мәнерлеп оқыту.
Шөпшек ауылының тапсырмасы.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік диктанты
Ұя, қоян, пияз.
Немене ауылының тапсырмасы
«Кім жылдам?» ойыны арқылы өлең ұйқасын тапқызу. Осы ллойын арқылы жаңа сабақты бекіту.
Я – я – я
Жасайық не? (ұя)
Яқ – яқ -яқ
Қойымда не? (таяқ)
Ян – ян –ян
Жануардың аты не? (қоян)
Яз – яз –яз
Пайдалы екен не? (пияз).
Қорытынды:
Біз қандай дыбыспен таныстық?
Я қандай дыбыс?
Есек қалай дыбыстайды?
«Ұя» өлеңінен қандай ой түйдіңдер?
Адамдар құстарға, жануарларға қамқорлық жасау керек. Оларды қорғау қажет.
Бағалау.
Оқушыларды мақтау, мадақтау.
Үйге тапсырма:
Я я дыбысы мен әрпі, «Ұя» өлеңін жаттау.
Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Нұраманова
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі
А ш ы қ с а б а қ
Тақырыбы: Қайталау ± 9
Пәні: математика
Класы:2
Өткізген: Жолмұратова Жайдарман
2013-2014 оқу жылы
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі
Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Н.Жолдасбаев.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Адамгершілік –асыл қасиет
Класы: 2
Өткізген: Жолмұратова.Ж14-2015 оқу жы
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі
Күнделік
Жангелді Алтаи
2014-2015 оқу жылы
Немере Шөбере
.
і
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің
1-класс оқушыларының тізімі.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Туған күні,айы,
жылы
|
Ата-анасының аты-жөні
|
1
|
Аманбайқызы Ақсамал Аманбайқызы
|
09.01.2007ж
|
Зиядин Аманбай
Мықанова Нұрсұлу
|
2
|
Амангелдіұлы Жансерік Амангелдіұлы
|
6.02.2007ж
|
Ұябаев Амангелді
Көбенова Айнагүл
|
3
|
Айдосұлы Айбат Айдосұлы
|
27.03.2007ж
|
Молдашев Айдос
Маханбеталина Задагүл
|
4
|
Бегежанқызы Ақмаржан Бегежанқызы
|
02.06.2007ж
|
Пірманов Бегежан
Бейсенбаева Балжанай
|
5
|
Жанкелді Ерасыл Ерікұлы
|
14.10.2006ж
|
Тоқабаев Ерік
Қожабекова Нұрила
|
6
|
Жұмажан Жаңабек Айдарбекұлы
|
13.01.2007ж
|
Маханалин Айдарбек
Маханбеталина Айнагүл
|
7
|
Зарлық Диас Тұрарұлы
|
22.06.2007ж
|
Жарқынбаев Тұрар
Төлеуова Базаркүл
|
8
|
Зарлық Азамат Сәндібекұлы
|
02.03.2007ж
|
Қалиев Сәндібек
Қожабекова Зейнегүл
|
9
|
Кеңшілік Абай Қазымұлы
|
9.07.2007ж
|
Бижанов Қазым
Қаржауова Талжібек
|
10
|
Кеңшілік Сабина Еламанқызы
|
31.08.2006ж
|
Бижанов Еламан
Талмурзина Маржанкүл
|
11
|
Кеңшілік Ыбырай Аманжолұлы
|
17.07.2006ж
|
Бижанов Аманжол
Кенина Қаракөз
|
12
|
Қалабай Ахмади Ерланұлы
|
08.11.2007ж
|
Зиядин Ерлан
Омар Аманкүл
|
13
|
Мейрамбекқызы Гүлжан Мейрамбекқызы
|
09.06.2007ж
|
Ибжанов Мейрамбек
Сейтова Мағрипа
|
14
|
Тәңірберген Гүлназ Айдарбекқызы
|
26.11.2006ж
|
Бақшақбаев Айдарбек
Молдашева Гүлбағда
|
15
|
Үмбетбай Бекжан Сайынбекұлы
|
09.08.2007ж
|
Талмырзин Сайынбек
Байсауова Бағила
|
Класс жетекшісі: Ж.Жолмұратова
Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы -алтын діңгек.
Мақсаты:халқтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, жанұядағы тірбиенің орны жайлы, жас ұрпақты ұлттық болмыста тәрбиелеу.Отбасын ата-анасын , туыстарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
1.Оқушыны түгендеу.
2.Тазалығын, сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ.Кіріспе.
Ана деген - өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,
Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Тәрбиенің үш өрісі де біріншісі, баланың туғаннан қоршап тұрған орта –отбасы, көрші -қолаң, ауыл-аймақ; екіншісі, мектеп білім ордасы;үшінші, мектептің тәрбие жүйесі, оқушыларды нақты мақсатқа сәйкес тәрбиелеуді көздеген.
Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөздер бар.Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын тілейді.
Сонымен қатар әкенің рөлі ерекше.Әке-отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. «Әке - асқар тау» «Әке - бәйтерек»ер бала әкесімен жолдас және сырлас. Бір бала әкесіне жете туады, бір бала әкесінен өте туар, бір бала бар әкесінен кері кете туар.Сондықтан да ата*-анамызды құрметтейік.
Әке деген- биік адамның
Әке деген - тірегі ғой адамның.
Әке деген - бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол - негізгі жаның да.
Ән: « Ана туралы жыр»
Қазақта «Ұлың қымбат, немерең -ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін мейірімді жан -әже.Әженің аялы алақаны, жылы жүрегі немереге ауадай қажет.
Әжемнің саясында ер жетіп мен.
Аялы ақ бесікте тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды.
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Туыстық мақал-мәтелдер:
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
Інісі бардың тыныс бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Балалар отбасы біз үшін үлкен мектеп екенін ұмытпаңдар,
Достарыңызбен бөлісу: |