Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Х дыбысы мен әрпін таниды, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып жазуға үйренеді
2. Ой – өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілет терін дамытады.
3. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: х дыбысы мен әрпінін плакаты, үлестірме қағаздар,
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
- Шаттық шеңберін жасау арқылы бір - біріне тілек жазылған хат береді
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
- Я, Ю дыбыстары туралы не білеміз?
Қосарлы дауысты дыбыстар
Я дыбысы
Ю дыбысы
Жеке тұрғанда буын құрайды
- « Жарыс» мәтінін оқыту, сұрақтар қою.
- Аю, тақия, ою, пияз, қиярдың суреттерін қарап естерінде сақтап жазады.
ІІІ Жаңа сабақ.
- Ой қозғау.
Тақтадағы хат, шахмат, халат, хоккей, дәріхана, мейрамхана, емхана суреттерін қарап, аттарын атау.
Х дыбысы
↓
- Таныс емес әріпті атау
- Х дыбысын дауыстап бірнеше рет айту.
- Дауыссыз
- Араб, парсы тілінен енген
- Бағандағы сөздерді оқу, мағынасын түсіну.
- Хат, ха - бар, дә - рі - ха – на, шах - мат
хор, ха - лат, ас - ха – на, сая - хат
ІҮ. Дәптермен жұмыс
- Х әрпін ауада жазып үйрену.
- Дәптерге жазу
- Хат, хат тасушы туралы айту.
Қаламмен жазады, компьютермен жазады, поштаға келеді.
Ү Сергіту жаттығу
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Біп - биік боп өседі.
- Оқулықпен жұмыс.
«Кітапхана» мәтінін оқыту,
- Кітапхана, кітапханашы туралы ойларын сұрау.
ҮІ Қорыту.
- Сөз құрастыру.
Ем хана
Ас...
Дәрі...
Кітап...
Шебер...
Ұста
- Хамит, Хадиша, Нұрхат сөздерін оқу.
ҮІІ Үйге тапсырма
- Х дыбысы мен әрпі.
- Бағандағы сөздерді оқу.
- «Кітапхана» мәтінін оқу, мазмұнын ұғыну.
ҮІІІ Бағалау
Кері қайту
Ілмек сөздер: Х дыбысы мен әрпі, ашық сабақ бастауыш, хат тасушы, хат жазу
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің 2 класс оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінен І жарты жылдық бойынша оқу нормасы.
2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
мәтінді саналы оқуды;шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;
көлемі 150 – 200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді;
мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауы қоюды;мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;
халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;
өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);
өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;
оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.
36. 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
сурет бойынша диалог құруды;
тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
2 сынып І жарты жылдықта минутына 40-45 сөз оқуы қажет.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Норма
|
Нормадан жоғары
|
Нормадан төмен
|
1
|
Аманбайқызы Ақсамал Аманбайқызы
|
|
|
32
|
2
|
Амангелдіұлы Жансерік Амангелдіұлы
|
|
80
|
|
3
|
Айдосұлы Айбат Айдосұлы
|
|
70
|
|
4
|
Бегежанқызы Ақмаржан Бегежанқызы
|
|
62
|
|
5
|
Жұмажан Жаңабек Айдарбекұлы
|
|
82
|
|
6
|
Жанкелді Ерасыл Ерікұлы
|
|
|
|
7
|
Зарлық Диас Тұрарұлы
|
|
58
|
|
8
|
Зарлық Азамат Сәндібекұлы
|
|
|
32
|
9
|
Кеңшілік Сабина Еламанқызы
|
40
|
|
|
10
|
Кеңшілік Ыбырай Аманжолұлы
|
|
|
15
|
11
|
Қалабай Ахмади Ерланұлы
|
|
60
|
|
12
|
Мейрамбекқызы Гүлжан Мейрамбекқызы
|
|
|
38
|
13
|
Үмбетбай Бекжан Сайынбекұлы
|
|
|
25
|
Деңгейі
|
Оқушы саны
|
Барлығы
|
13
|
Сапасы
|
Норма
|
1
|
7 %
|
61,5%
|
Нормадан жоғары
|
7
|
53,8%
|
Нормадан төмен
|
5
|
38,4%
|
Сыныпқа сараптама:
2 сыныптан оқу нормасы алынды.13 оқушының ішінде 7 оқушы нормадан жоғары, 1 оқушы нормаға сай.
Нормадан төмен 5 оқушымен мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында оқушымен жұмыстар жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуде жұмыс жасаймын.
Пән мұғалімі: Жолмұратова.Ж
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің «2» сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінен ІҮ тоқсан бойынша оқу шапшаңдығы (50-55 сөз)
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Норма
|
Нормадан жоғары
|
Нормадан төмен
|
1
|
Аманбайқызы Ақсамал Аманбайқызы
|
|
|
34
|
2
|
Амангелдіұлы Жансерік Амангелдіұлы
|
|
72
|
|
3
|
Айдосұлы Айбат Айдосұлы
|
|
76
|
|
4
|
Бегежанқызы Ақмаржан Бегежанқызы
|
|
70
|
|
5
|
Жұмажан Жаңабек Айдарбекұлы
|
|
85
|
|
6
|
Жанкелді Ерасыл Ерікұлы
|
|
94
|
|
7
|
Зарлық Диас Тұрарұлы
|
53
|
|
|
8
|
Зарлық Азамат Сәндібекұлы
|
|
|
30
|
9
|
Кеңшілік Сабина Еламанқызы
|
55
|
|
|
10
|
Кеңшілік Ыбырай Аманжолұлы
|
|
|
13
|
11
|
Қалабай Ахмади Ерланұлы
|
|
82
|
|
12
|
Мейрамбекқызы Гүлжан Мейрамбекқызы
|
|
|
48
|
13
|
Үмбетбай Бекжан Сайынбекұлы
|
|
|
28
|
Норма-2-15 ,3%
Нормадан жоғары-6-46,1%
Нормадан төмен-5-30,7%
Барлығы:- 61,5%
Сыныпқа сараптама:
2 сыныптан оқу нормасы алынды.13 оқушының ішінде 6 оқушы нормадан жоғары, 2 оқушы нормаға сай.
Нормадан төмен 5оқушымен мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында оқушымен жұмыстар жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуде жұмыс жасалуда,.
Пән мұғалімі: Жолмұратова.Ж
Сынып жетекшісі: Жолмұратова.Ж
Тақырыбы: Жол тәртібі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру, көшеде жүру ережелерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың қабылдау процесін арттыру, зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жол ережелерін бұлжытпай орындауға, оған немқұрайлы салғырт қарамауға, жол апатынан сақтануға тәрбиелеу.
Түзетушілік: Сөзді анық айтуға, түстерді ажырата білуге, байқағыштық қабілеттерін арттыру, ойын жаттығулары арқылы балалардың дене қимыл қозғалысын, ұсақ қол маторикасын дамыту. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жол макеттері, жолда жүру ережесіне байланысты суреттер.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сахналық көрініс, жұмбақ шешу, сұрақ жауап, ойын ойнату.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер болып тұрады.
- Қане балалар, қолымыздан ұстасып, үлкен шар үрлейікші. Міне, бізде
үлкен шеңбер пайда болды.Енді бір-бірімізге жылы сөз айтып тілек білдірейік.
- Қайырлы күн! Бақытты баламыз.
- Барлығымыз доспыз, бәріміз татумыз.
- Әр қашан күн сөнбесін, деніміз сау болсын!
Балалар мен сендерге тілерім:
- Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар!
- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын!
Бүгін, біздер көше тәртібі туралы айтамыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
Сахналық көрініс:
Ортаға басы танылған, бас көзі көкпеңбек аю келеді.
- Аю саған не болған?
Аю: Бал таситын көлікке жармасып келе жатқанда жерге домалап құладым.
- Аю, сен дұрыс қылық жасамапсың, жол тәртібін білмейді екенсің.
Сахнаға қоян құлғын ұстап, түлкі ақсаңдап келеді.
- Сендерге не болған?
Түлкі: Қоян екеуіміз жүгіріп қуаласпақ ойнадық.
Қоян: Түлкі мені ұстап алмақшы болды.
Түлкі: Ал, қоян көшеге зып беріп жөнелді.
Қоян: Аула тар болды.
Түлкі: Қоянды қуам деп көлікке тап болдым.
Қоян: Көлік астынан жүгіріп өткенде көлікке ұрындым.
- Балалар жол тәртібін білмеген, жол ережесін сақтамаған әрбір адам,
осындай жағдайларға душар болады.
- Ал, қанекей балалар жолда жүру ережесін үйренейік. Аю, Қоян, Түлкі
сендер де бізбен бірге үйреніңдер.
- Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Сендер оның шешуін
табыңдар.
Жұмбақ:
Көгі «жүр» - дейді,
Қызылы «тұр» - дейді.
(бағдаршам)
- Дұрыс айтасыңдар. Ең алдымен бағдаршам құралын жақсылап біліп
алайық. Бағдаршам дегеніміз – жол қозғалысын реттейтін үш көзді аспап. Көздерінің түстері: қызыл, сары, жасыл. Бағдаршамның жасыл көзі жанатын болса, жолдан өтуге болады; сары көзі жанса, жүруге дайындаламыз; қызыл көзі жанса тоқтап күтеміз.
Ойын ойнату:
Бағдаршамның қызыл түсін көрсеткенде, оқушылар тұра қалады, сары көзін көрсеткенде, оң аяқтарын көтереді, ал жасылда аяқтарын тап-тап басады.
Дидактикалық ойын:
«Бағдаршам» құрастыру.
Қимылды суреттерден бағдаршамды құрастыру. Қандай көзі жанып тұрғанын, оның не білдіретінін түсіндіру.
- Сонымен балалар көшеде жүру тәртібін не басқарады?
- Оның неше көзі бар?
- Қызыл жанса не істеу керек?
- Сары жанса не істеу керек?
- Жасыл жанғанда не істейміз?
- Дұрыс айтасыңдар. Жасыл көзі жанса сол жақ, оң жағымызға қарап
жолдан өтеміз.
- Егер бәріміз жаяу жүретін болсақ, көлікке мінбей, онда біздер жаяу
жүргінші боламыз. Ал, жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар.
- Қозғалысы реттелетін жерлерде жаяу жүргінші бағдаршам арқылы
жолдан өте алады.
- Жаяу жүргінші жолдан, жол таңбалары салынған «жаяу жүргінші
өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы қиып өте алады.
Суреттер мен жұмыс:
Жолда жүру ережесіне байланысты.
- Балалар, «ойынның да орны бар» демекші сендер ойын қызығына
берілген кезде әр түрлі көліктер жүретін үлкен жолға қалай шығып кеткендеріңді өздерің де байқамай қалатын кездерің болады. Мұның соңы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Сондықтан жол жиегінде ойнауға болмайды.
«Болады – болмайды» ойынын ойнату:
Суреттерде бейнеленген балалардың дұрыс, бұрыс жасаған қылықтарына қарай болады, болмайды деген жауаптар алу.
- Ал, енді балалар бағдаршаммен жолда жүру ережесін жақсы түсініп
білгендеріңді «Жолдан өте біл!» ойынымен жалғастырамыз.
- Мынау төселіп жатқан не?
- Ол жолдар, олар қиылысып жатыр.
- Ол жол қиылысы.
- Мынау жаяу жүргінші өтетін жол.
- Ал мынау ше?
- Ол бағдаршам.
Балаларға жолда жүру ережесі туралы рөлдер бөлініп беріледі. Балалардың бірнешеуі көлік жүргізуші, ал біреуі жол тәртібін реттеуші бағдаршам рөлінде ойнайды. Ал, қалғандары жаяу жүргіншілер.
Қорытынды:
Балалар өз өмірлеріңді сақтай білу үшін, жол ережесін, жол тәртібін, жолда жүру тәртібін орындап, әдепті балалар болуларың керек екен.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «бақытым да, байлығым да-денсаулығым»
Мақсаты: білімділік-оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық- оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалағын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік- оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа , ұқыптылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.
Көрнекілігі: денсаулық бұрышы, тазалық, денсаулық туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер, діәрумендер, бүктемелер, дәрілер,
Д- Дұрыс дем алу
Е-ерінбеу керек
Н-ниеттену
С-спортпен шұғылдану
А-ағзаны шынықтыру
У-уақытты дұрыс ұйымдастыру
Л-лайықты өмір сүру
Ы-ынта-ықылас алға жетелейді
Қ-қозғалыс ағзаны шынықтырады.
Барысы:
М: Құрметті ұстаздар.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдасытырылып отырған «Бақытым да, байлығым да-денсаулығым» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
Музыка ойналады.Тренинг жасалады.
1-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең байлық» деген сөзді
Құр айтпаған кешегі бабамыз да.
2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын біздер қолдаймыз.
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне.
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.
1-жүргізуші
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал ахуалы жақсы болуы тиіс деп атап көрсеткен.
2-жүргізуші
Сол бағдарламаға сай «бақатым да, байлығым да-денсаулығым» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.Мен сөзімді Сара Назарбаеваның сәби-әрбір отбасының қуанышы, бақыты.Ал денсаулығы мықты сәби-халықтың болашағы, Отанның сенімді тірегі деген екен.
М.Иә, балалар денсаулық ең қасиетті де, құнды жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына.Сол қазынамызды
Бүгінгі тәрбие сағатымыз 6 бөлімнен тұрады.
І –бөлім «Тазалық -денсаулық кепілі» (Оқушылардың тазалық туралы өлеңдері)
1-оқушы
Жақсы бала құлақ сап
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап
Таза ауаға шығады.
2-оқушы
Жақсы бала ол анық
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3-оқушы
Жаман бала құрысып,
Өз-өзімен ұрысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
4-оқушы
Аяқ қолың болмай кір,
Тырнағыңды алып жүр.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Салдыр салақ болмағын
Саусағыңды сормағын.
5-оқушы Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бала болсаң төзімді
Тап-таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы
Сабын деген осы.
6-оқушы
Үстін көрсең кірлеген
Айғыз-айғыз түр деген
Таралмаған шашы да
Барғың келмес қасына
Бара қалсам кетуге
Жиналамын асыға.
7-оқушы Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты бала бұл қандай.
Жақсы көрер бар дама.
8-оқушы Сылдырайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Тазалықтың досы,
Су деген осы.
Міне балалар деніміз сау болу үшін таза жүруіміз керек.
Хор: Бұл не?
ІІ-бөлім «Денсаулық-зор байлық»
Жаңабек бірінші байлық сен үшін не?
Мен үшін бірінші байлық-денсаулық.Денсаулық-зор байлық.Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
Келесі кезекті оқушыларға берейік
Ахмади: Тіс болмаса асты қалай шайнарсың
Тісті күнде екі рет тазартуды ойларсың
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Кішкене де ыңғайлы
Тіс щеткасын пайдалан.
Тазалауға болмайды
Щеткасымен басқа адам.
1-оқушы: Есірткі жойылсын
Ішімдік құрысын
Дені сау қазақтың
Ұрпағы көбейсін.
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейсін
Қазақтың сымбатты.
Ұл қызы көбейсін.
2-оқушы: Денсаулық -ол күлуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық -ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы Өмір тәтті бал екен
Ұрпағы балғын тал екен
Денсаулық бұл пни де,
Алтыннан да қымбат-ақ екен.
Біз өмірді таңдаймыз
Біз өмір қалаймыз.
Әрқашан бар ынтамен
Салауатты қолдаймыз.
4-оқушы Жас жеткіншек
Өздеріңе айтып кету борышым
Ауырсаң ауыр кеселмен
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
ІІІ бөлім
«Менің байлығым» Денсаулық туралы көрініс
Ән: .«Мен қазақ ұлдарына қайран қалам»
Көрініс1. «Байлық пен ақыл»
2.Тіс ауруы
3. «Атасы мен баласы»
Міне балалар денсаулық адамның басты байлығы.Дені сау адам бақытты.
ІҮ-бөлім. «Тәні саудың, жаны сау» Денсаулық, тазалық туралы мақал-мәтелдер.
1-жүргізуші
Салаутты өмір салтын қолдаймыз,
Әдеттен жаман-әманда аулақ болайық.
2-жүргізуші
Өз өмірің өз қолыңда ей жастар
Су ішпеген гүлдей боып солмайық.
1-оқушы 1.Сақ жүрсең, ау жүресің
2.Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3.Денің сау болса жарлымын деме,
Жолдасың көп болса жалғызбын деме.
2-оқушы Тыста ұзақ жүргенің
Ұзақ өмір сүргенің.
2.Тазалық саулық негізі.
Саулық байлық негізі.
3.Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.
3-оқушы 1.Жалқаулық жаман ауру.
2.Жан ауырса тән азады.
Қайғы басса жан азады.
3.Ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде.
4-оқушы 1.Темекі тартып ерікпе,
Өкпеңді алар демікпе.
2.Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3.Шылымды жерге тастама
Айналаңды ластама.
Ү-бөлім
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Пайдалы жарнамалар
Лимон: Лимон қосылған суды «Денсаулық « суы деп атайды.Лимон склероз, анемия, жүрек және жүйке жүйесін жақсартады.Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.Пртық салмақтан арылуға жол береді.Ол үшін 1стақан лимон қосылған суды 3 мәрте қабылдау керек.
Қарақұмық-қарақұмық ботқасы.Оны көпшілігіміз ұната бермейміз.Дегенмен қарақұмық беттегі әжімді кетіреді және терінің жасаңдығын сақтайды.
Қырыққабат- оны адамдар ас ретінде де, ем ретінде де пайдаланады.Қырыққабат қант диабетімен ауыратын адамдарға ұсынады.Шырынымен ангина, жөтел, кезінде, баланың тілі уылғанда шырынымен шайыңыз.
Тіс күтімі-тіс күтімін адамдар 2-3 жастан бастаған жөн.Әр адамның жеке тіс щеткасы болуы қажет.Оны 3-4 ай сайын ауыстырып отыру қажет.Тісіті астан кейін, ертеңгісігн тазалау керек.Ерте заманда адамдар ас тұзымен шайған.
Шаш күтімі-Аттың көркі жалы, қыздың көркі шашы деп шашқа көп көңіл бөлген.Егер шаш майлы болса онда оны 5-6 күнде, ол құрғақ болса 7-10күнде бір рет жуады.басты ыстық сумен жууға болмайды.Бұрын шашты айранмен, қымызбен жуған.Себебі ащы сүт шаштың кірін кетірсе, сүт қышқылы қан айналамын жақсартады.
Шаш қалың және ұзын болып өседі.
1-оқушы Айран сүттен жасалады.Оның денсаулыққа пайдасы зор.Себебі, оның құрамындағы сүт табиғи өнім.»Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып іш.Өзі арзан, өзі дәмді.
Құрт- сиырдың сүтінен жасалады.Оның тіске көп пайдасы бар.Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
Мынау Денсаулық сабыны.Семей қаласында шығарылады.Бұл сабына денедегі микробтарды жояды.Бетті шаңнан тазартады.
ҮІ-бөлім «Білгенге маржан» Дәрумендер сөйлейді.
1-жүргізуші: Айбат витамин дегеніміз не білесің бе?
2-жүргізуші: Витамин адам ағзасына қажетті зат.Егер адамға витамин жетіспесе ауырып қалады.
1-оқушы- Балалар, дұрыс өсіп, жақсы кқру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек.Ол сәбізде, балық етінде, қызанақта кездеседі.
2-оқушы: Сендер мықты болу үшін, болмашы нәрсеге көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет.Оны күріштен, бұршақтан, сыр мен наннан алуға болады.
3-оқушы Егер суық тимесін десеңдер үнемі сергек жүру үшін С витамині қажет.С витамині қарақатта, итмұрында, шиеде, капустада болады.
4-оқушы дәрумендер тірегің
А,В,С,Д,Е -деп аласың
Жетіспесе бірі оның
Ауырып сен қаласың
А қажет көзіңе,
В-жүйкені тоғайтар
С- дан микроб безінер,
Д-сүйекті нығайтар.
М.Міне балалар дәрумендер жетіспесе адам түрлі ауруларға шалдығады.Сондықтан дәрумені мол тағамдар жеу қажет.
5-оқушы
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадаай сұрақ қойылыпты. «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?».Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та» адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ.Адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек.Ал денсаулықтың кепілі-салауаттылық.
Көрініс: «Дәрілер айтысы»
1-жүргізуші Ата-анамыз, ұстазымыз.
Бір тілек айтарымыз.
Берекелі заман болсын,
Балаларымыз аман болсын.
2-жүргізуші : Жиырма бірінші ғасырда
Ашық аспан астында.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.
Бата: Көп ішетін қазақтан сақта,
Ішкіш деген мазақтан сақта!
Ішуден болатын апаттан сақта!
Ішкіштің үйіндегі тозақтан сақта!
Арақтан азбайық!
Темекіден тозбайық!
Осы бір сұмдықты,
Баланың баласына
Құя жүр санасына.
Әумин.
Міне балалар біз денсаулықтың қандай қымбат екенін білдік Денсаулықтың достарымен және қастарымен таныстық.Денсаулықтың қадірін білейік.Деніміз сау болсын.
Тәрбие сағытының соңында денсаулық бұрышымен танстыру.Көрнекіліктермен таныстыру.Тәрбие сағатын аяқтау.
Сабақтың тақырыбы : «Аққу-киелі құс»
Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс-аққу, оның түрлері,көбеюі, тыныс-тіршілігі тура лы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу.Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік , шығармашылық қабілетін дамыту,қоршаған ортаны қорғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық,Аққудың түрлері салынған суреттер үлгілері. Слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын аққулар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)
Барысы:
( Сахна ашылғанда күмбірлеген күй әуенінде «Аққу» биі орындалады. )
(Сәкен Тұрсыбековтың күйі «Көңіл толқыны» әуені ойнап тұрады.) Күй әуенінде :
Бастаушы
Ақ, қара, қызыл түстер... Сырттай қарасаңыз,үйлеспейтін үш бояуды бір бойына жинап ,айтса тіл жетпейтін ,көрсе көз тоймайтын жауһардың жауһары,асылдың асылына айналған құдіретті сұлулық бұл!
1-оқушы
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су
Таранып қаранады жан-жағына
Сұлуды тасалама көк торғын бу !
2- оқушы
Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы – аққу кіршіксіз тазалықтың ,қылаусыз да кінаратсыз пәктіктің символы.
3- оқушы
Күн сәулесі күлімдейді. Баяу желмен тербелген
толқын үстінде кішкене мөлдір көзі жаудырай, ұзын мойнын алға созып
а йналаға кербез қарап жүзіп бара жатқан осы бір құстың адамның жан дүниесіне тартқан сыйына тіл безеп жеткізу мүмкін емес!
4- оқушы
Абзал аққу-сағынышы дархан байтақ жерімнің
Ару аққу- ажарысың көк айдынды көлімнің
Сұлу мүсін теңдесі жоқ құс біткенің төресі
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің
5- оқушы(слайд арқылы, фотосурет арқылы жеткізеді)
Сұңқылдақ аққу Қазақстан жерінде ұялайды. Салмағы-7-13 кг, қанатының құлашы 1,5метр. Ерекше ұзын да әсем мойынын тік ұстайды. Сары тұмсығының ұшы қара түсті. Ол Қазақстанда ақпан- наурыздан қазан айының аяғына дейін болады.
6- оқушы(слайд арқылы, фотосурет арқылы түсіндіреді)
Сыбырлақ аққу да Қазақстанда соның ішінде БҚО ның су қоймалары мен өзен көлдерінен көруге болады. Олар қалың қамыс арасына ұя салып, балапандарын өргізеді. Сыбырлақ аққудың сарғыш- қызыл тұмсығының түбінде қара буылтығы болады. Мойынын иіп тұмсығын суға бағыттап ұстайды.
7- оқушы(слайд арқылы , фотосурет арқылы түсіндіреді)
Қара қудың отаны- Австралия. Ауада қалықтап бара жатқан қудың аппақ ашық түсті қауырсындары басқа қап қара дене аумағында айрықша көрінеді. Кезінде түрік сұлтандары қара қуларды сарай хауыздарында сәндікке бәсекеге ұстаған.
8- оқушы
Аққу- қаздар -ежелгі түріктер мен қазақтардың төтемі болған. Аққуды- олар “қу” деп атайды. Алтай түріктері қумандардың атамекені қумания деп атаған. Өзінің этникалық атау сақтаған алтайлықтар қу өзені бойында әліде өмір сүреді.
10- оқушы
Аққулар 3-9жұмыртқа табады. 38-45күнде балапан өргізеді. Ұясының ені 2метрге жетеді. Жұмыртқа шайқайтын -аналығы. Бұл кезде аталығының жарғақ құлағы жастыққа тимей жұбайына жем тасумен болады. Аққудың дене қызуы -41-42 0 градус, ал жүрек соғысы 260-300 болады
11- оқушы
Құс жұмыртқасының жауы- жылан. Ол жұмыртқаны көрсе бітеу жұтады, таңдамайды, талғамайды, халық арасында “жылан екеш жыланға дейін аққудың жұмыртқасына тимейді екен” дейді. Бірақ шындығына келсек аққу жұмыртқасы өте үлкен болғандықтан, жылан оны жұта алмайды.
12- оқушыАққудың балапанын- көгілдір деп атайды. Анасындай аппақ болмасада көгілдірдің көркемдігі көз тоярдай ерекше. Тіпті өспей ақ осы қалпында тұра берсе деген ой еріксіз есіңе түседі. «Бесік баласы бес түлейді» деген мақалға сай, олда 3-4 түлеп барып, шын аққуға айналады.Көгілдір 4-жасқа дейін ата анасының жанында жүреді.
Халық өлеңдері:
Айналайын, қарағым кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай,
деген өлең жолдары аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
«Жалғыз аққу» әні тыңдалынады (оқушы орындауында)
13- оқушы
Төрт жасында аққу толысып ,иір мойын ,қызыл аяқ,пісте мұрын,сүмбіл қанатты нағыз құс төресіне айналғанда аталық аналық болып жұп құрады.Аталық аққуды - «саһар» деп аталады.
14- оқушы
Аққулар жұп құрғанда өзге құстардай «бірде барсың, бірде жоқ жүрген емессің» ұстанымен емес, өле-өлгенше бір-біріне серік болуға уағда беретін көрінеді.
15- оқушы
Аналық аққуды атасы ұзатады екен де, аталық аққуды анасы әкеліп қосады екен.Кәдімгі құда түсіп, қыз ұзатқандай салтанат- мереке .Сол күннен бастап ,олардың жұптары жазылмайды.
16- оқушы
Аққулар күндіз бірге жайылады, бірге серуендейді, түнде біріне бірі сүйеніп ұйықтайды.Бұл кезде салмақтары 15-20 кг-ға дейін ,қанат қарымы 2метрге жетеді.
17- оқушы
Аққу -жыл құсы. Жылы жаққа қайтқанда олар өздеріне сайлап алған топ бастаушысы- көсемге еріп 8,500-9000 метр биіктікке дейін көтеріліп,сағатына 90-100 км жылдамдықпен ұшады. Аққулар 30-40жыл өмір сүреді.
18- оқушы
Аталығы мен аналығын ажырату қиын. Жалғыз айырмашылығы-көктемде аталығының тұмсық үстіндегі қара дағы ұлғайып алыстан айбат шеккендей анық көрінеді.
«Табиғатым»әні тыңдалынады(оқушы орындауында)
Бастаушы:
Аққулар өте тату құс. Басқа құстардай бажылдасып, шақ-шақ етіп ұрсысып,шоқысып ,төбелесіп, сабаласып қалу бұларға жат. Үндемейді, үнсіз түсініседі. Сұлулығы адамдарды ғана емес, өзге қанаттыларды да таңқалдыратын секілді.
19- оқушыЖанынан қос аққу өтіп бара жатқанда үйрек қаздар шетке ысырылып жол береді. Мұны әдемілікке табыну дейсіз бе , жоқ, әлде, алып құстан қаймығу дейсіз бе патша көңіліңіз білсін!
20- оқушы
Мойнын судан көтеріп, қанатын сәл ғана көтеріп қомдай бастаған тұсы -аққу біткеннің ең әсем кезі!. Мұны көруге көз керек. Екі аққу бірін-бірі үнсіз түсініп, қатар жүзіп келе жатқанда құс атаулының арасында да көп некелілері болатынын ойлаудың өзі обал сияқты.
21- оқушы
Аққулар туралы ән де, жыр да, күй де жеткілікті.Чайковскийдің «Аққу көлі», М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»,
Н .Тілендиевтің « Аққу» атты күйі аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
(Сахнада М.Мақатаевтың«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық үзінді көрініс )
Бастаушы
Неткен құдірет! Ғажайып жыр! Ақынның арманы орындалды! Өзі өлгенімен поэзия көгінде , жыр дариясында аяулы ақынның аппақ аққу , ақ қанат құстары қалықтай самғап жүр!
22- оқушы
Мұқағали ағамыздың талантына бас иген ұлы адамдардың бірі – Нұрғиса Тілендиев.
Деп қояды Нұрекең ноталатып,
Жағаламақ жайлауын жоталатып.
Мұқағали сөзіне бір ән жаздым,
Оны дағы орындау бізге бақыт.
( Оқушы орындауында Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі тыңдалынады.)
23- оқушы
О,құдірет, неткен шалқар күй ең сен
Бүгін менің әулием сен , ием сен !
Алпыс екі тамырда қан орнына
Тұрған сынды , киелі күй күмбірлеп! .
24- оқушы
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап ,асыр салып .
Ойнасыншы ,ойнасын ерке құстар ,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
25- оқушы
Жүзе берсін ару құстар табиғаттан сыр ұғып ,
Келбетімен тартып жүр жанға жайлы жылылық.
Туған өлке табиғаты аң-құсымен ажарлы
аққуларды аялау ,адам үшін аса заңғар ұлылық!
Сынып жетекшісі:
Қазақ халқы обал- сауап ,адал-арам ұғымдарын ұрпақтар бойына сіңіріп келген .Құрандағы 6666 аяттың 140-тан астамы қоршаған дүниені таза сақтауға арналған.
(Сынып жетекші мәнерлеп оқиды)
Татулықты паш етіп жүр аққу құсым-аруым,
Халқым оған оқ атпаған ,кеземеген қаруын.
Аққу келсе сағынып туған жеріне,
Жас балаша қуанған күллі аймақ, ауылым.
Аққу атқан қатыгезді халқым мүлде сүймеген
Аққу ойлап, мұңлы-зарлы күйге енем.
Тыныштығы бұзылмасын ,жазылмасын жұптары
Тазалықты , сыйластықты аққулардан үйренем,”- деп ақын жырлағандай ,аққулардай сыйластық ,достастықтарың кіршіксіз таза болсын дегім келеді!
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі
А ш ы қ с а б а қ
Тақырыбы: « Қайталау ± 9»
Класы: 2
Пән мұғалімі: Ж.Жолмұратова
2014-2015 оқу жылы
Тақрыбы: Мақтанышым-Астанам
Мақсаты: а) Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру;
б) Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту;
в) Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу;
Түрі: слайд шоу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Астана қаласының суреттері, Қазақстан картасы, т. б.
Жүрісі
І. Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі болып отырған «Алтын төрім – Астанам» атты слайд шоуға қош келдіңіздер!
Ән: Әнұран (хор)
Жоспары:
1. Кіріспе - мұғалім сөзі
2. Сиқырлы сандар не дер екен?- оқушы шығармашылықтары
3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
4. Жаса, жайна ару қалам - Астана!
ІІ. Негізгі бөлім:
Тәуелсіздік - біздің басты бақытымыз. Сондықтан да, оның 23жылдық мерейлі тойын мазмұнды да мәнді етіп өткізу бүгінгі үлкен - кішінің басты мұраттарының бірі. Бұл мәселеге Елбасымыз бен Үкіметіміз де үлкен мән беріп отыр.
Балалар, Қазақстан – біздің сүйікті ата мекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан - оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.
Қазақстан: Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Жаңабек. Дәуірлердің көшінде,
Ел басы - деп шешімге.
Отау тіккен Астана,
Сарыарқаның төсінде.
Мұғаілім: Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін - 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы болып жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
2. Сиқырлы сандар не дер екен?
Гүлжан:
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астана
Әсем қала бас қалам.
Заман жаңа ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз - Астанам өз ордам
Сүйсінерім сен ғана.
Ақмаржан:
Бой көтерді бір қала,
Ол біздің сұлу - Астана.
Астанада бәрі бар,
Қараймыз соған шаттана.
Мынау менің мекенім,
Астанада көсемің,
Әнұран - ақ көрсетер,
Қазақтың кім екенін.
Айбат:
Астана жас қалам,
Жайнай бер жас қалам!
Өркендеп өренің,
Гүлдей бер Астанам!
Жүрегім лүпілдеп,
Баруға асығам.
Бітіріп мектепті,
Барармын мен саған.
Ахмади: Сұлу қалам - жас қалам,
Нұр төгілген бас қалам.
Шуақ шашып бәріне,
Өсе берші, Астанам!
Камшат:
Астанам мақтанышым,
Күн сайын күнге ұмтылған.
Халқыңа бар данасың,
Өмірге шын құлшынған.
Астанам арқадай кең,
Даналық мінез сақта.
Елбасы Нұрсұлтандай,
Жете бер жақсы атқа.
Ән:«Астана»
Азамат: Астанам сұлу қалам,
Төкті нұрын оған, Алла.
Сүйікті қалам - Астанам,
Жарқырай бер жас қалам.
3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
4. Жаса, жайна ару қалам - Астана!
Оқушылардың салған суреттерін тамашалау.
ІІІ. Қорытынды:
Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау ± 9
Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сандарды қосып, азайту тәсілдерін қалыптастыру.Есептеу қабілеттерін шыңдау.
Дамытушылығы: Ауызша жазбаша жылдам есептеу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: алғырлыққа, шапшаңдылыққа, дербестілікке, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Түрі: ойын
Типі: пысықтау
Әдісі:түсіндіру, өз бетімен жұмыс, ойын арқылы есептер шығару, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, балықтар, сызба «Болашақ баспалдағы» есептер, диктафон, аю, құлпынай, аққала, мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Оқушыны түгендеу, даярлығын тексеру.
ІІ.Қызығушылығын ояту.
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны арқылы бекітіледі.
1.5пен 3-тің айырмасы 2
2.40 пен 50 –дің қосындысы 100
3.4 пен 5-тің қосындысы 9-ға тең
4.18 бен 9-дың айырмасы 9-ға тең.
5.70 пен 50-дің айырмасы 20-ға тең.
ІІІ.М: - Балалар еліміз мықты болуы үшін біз қандай болуымыз керек?
О: Білімді, сауатты болуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |