Бірлесе жүзеге асыратын творчестволық қабілеттілікті.
Көптеген зерттеушiлер арттерапияның эффекттивті әсеріне абайлап қарап, өте жоғары баға берудiң қажетi жоқ деп те санайды. Маджеска барлық творчество түрлерiмен емдеуге қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның пiкiрiнше ауру адам творчествомен айналысамын деп ол өз белсендiлiгiн жоғалтады. Куби да творчество арқылы ауруларға емдiк көмек беруге қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның айтуынша iрi танымал суретшiлердiң ең айтулы туындылары өте ауыр жолмен дүниеге келедi екен. Соның әсерiнен суретшiнiң жүйке жүйесiне ауыр әсер етiп, неврозға әкелуi мүмкiн. Сондықтан ол емдiк әсер бермейдi деп санайды. Федереннiң айтуы бойынша психоздарда арттерапия залал келтiредi.
Мұнда қарсы көрсетiлетiн жағдайлар клиенттердің белгiлi бiр уақыт бойы жұмыс столында отыра алмауы, клиенттердің өзгелерге кедергi көрсетуi. Психотерапевтке ең қиыны клиенттің әсер етушi объектiге өз зейiнiн аудара алмауы, яғни, клиентте психомоторлы және қозуында маникальдылығының көрiнуi. Қарсы көрсетiлетiн жағдайларға сананың бұзылысы мен клиенттің ұзақ уақыт бойына өз-өзiне кетiп қалуында көрiнетiн ауыр депрессиялық ренжулер де жатады.
Арттерапияның толық мәнiнде проективтi суреттер арттерапияға жатпайды, өйткенi мұнда эстетикалық нәтижеге қол жеткiзу мақсатталмаған.
Кратохвил проективтi арттерапияны клиенттердің хал-ахуалын толық көрсетуге жеңiлдiк көрсететiн қосымша әдіс деп түсiндiредi. Проективтi арттерапияның өтiлу барысында қарым-қатынас, сезiм демонстрациялары стимулдануы қажет және клиент сол сезiмдердi түсiнiп, оны өзінің басынан өткеруі қажет. Проективтi суретте психотерапевт клиентке проективтi характердегi сюжеттi ұсынады және содан кейiн суреттi талдап, интерпретация жүргiзедi. Арттерапия мен проективті суреттердің бір-бірімен байланысы мен өзгешеліктерінің салыстырмалы көрсетілімін 1-кестеден көре аласыздар. Арттерапияны жүргiзу кең көлемдi, яғни ол “Белгiлi бiр мөлшерде” қолданылады. Оны индивидтiң жеке жасырын уайымдарына байланысты анықтап алады. өнер мен шығармашылықтың көп жоспарлы әсерi , оны жасы әртүрлi диагностикалық өлшемдерi кең көлемдi клиенттерге қолдануға мүмкiндiк бередi. Арттерапияға дайындар алдында клиенттің клиникалық көрiнiсi, уайым-қайғысы мен эмоциональдық сферасына қоса, оның ауырып отырған кездегi өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығы және көзқарасына, дайындығына, ақыл-ойына, сонымен қатар т.б. факторларға көңiл бөлу қажет.
Арттерапияны психомоторлы қозу мен агрессивтi тенденцияларды басу жолында қолданады: ол адамды алдандыру функциясымен босболмаушылық; контактiге түсудi жеңiлдету мен жасырын уайымдарын шығару; босаңсуға көмектеседі. Босаңсу творчестволық белсендiлiк кезiнде әртүрлi қысымдарды төмендетуге жүмсалған энергияны шығарғаннан кейiн көрiнедi.