13
дамытудың «Тақырыптық тапсырмаларды шешу теориясы»
технологиясын
қолданудың маңыздылығы зор. ӨТШТ – ны ұзақ қолданса өнертапқыштық
қасиет баланың ойлау қабілетін барынша жетілдіреді. Кейбір психологтар
шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни, алғырлық, білімпаздық,
жүйелік, түп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының
мақсаты - ойлау стилін жетілдіру, ереже шығара білу. Яғни, адамның өмірге
деген көз - қарасынан шығармашылық туындайды, ол
өмірдегі өзгерістерді,
дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық
потенциялының тұлға ретінде даму мәселелері білім философиясындағы
негізгі ұғым. Біздің мақсатымыз балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге,
сөздік қорын молайтуды дамыту.
Балаларды ана тілінде еркін сөйлету.
Балалардың ізденіс белсенділігі мен жаңалыққа талпыну, сөйлеу және
шығармашылық түсінігін кенейту.
Әнгіме құрауды қалыптастыру.
Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану аса маңызды.
Аталмыш технологияны жүйелі пайдалана білген әр-бір педагог, тәрбиеші
баланың
санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтеді, сөздік қорын
молайтып, ұғымын байытады. Баланың ой жүйесі артып, тілдері ширап, өз
бетімен жұмыс түрі дамиды, өз ойын еркін жеткізеді.
Балалардың тілдік құзыреттіліктерін жетілдіруде, ойын, тапсырмалар,
жаттығулар арқасында ӨТШТ
технологиясының маңыздылығы: балалардың
тілін дамытудағы жаңа
технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған,
тәрбиелі, білімді заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Балада ойлау
қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде
суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып
таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне
тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ
шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі
тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін,
қызығушылығын
арттырады. Тілдің грамматикалық құрамын қолданалы. Педагогикалық
үдерісті қарама-қарсы, ойын, эксперимент, тәрбиеші мен құрдастары
арасындағы ынтымақтастықта өткізуге болады. Бала біткен бәрі де ес
білгеннен бастап «білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам» деп әрекет етуге
ұмтылады. Бұл – баланың өзін қоршаған өмірді терең де,
толық білуге
құштарлығы.
Бала
құмарпаз,
әуесқой,
тынымсыз
зерттеуші.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде ойын түрінде өткізуде сөздік қорын
дамытып ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таныс белсенділіктері калыптаса
түседі. Осыған орай, балабақшадағы тәрбиешілерде балаларға ақын-
жазушылардың тақпақ, өлең, жаңылтпаштарын үйретуде, олардың мәнерлеп
айтуда қиындықтар кездеседі.
14
Балаларды жаңа әдіспен ойын арқылы ӨТШТ технологиясын қолдану
барысында біз кері жол жүреміз, тақпақ, жаңылпаштарды біз суретке
айналдыру арқылы жаттаймыз. Бұл әдісті бес сала бойынша қамтуға болады:
шығарманы мәнерлеп оқу, автормен таныстыру,
әр сөзге, сөйлемге теңеп
сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау.
Сурет толық салынып болған соң «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз, сөйлем
жоқ?» ойындары ойналады. Тақпақтар тез, буындап, суретке қарап
жатталады. Сергіту сәті осы тақпаққа қимыл ойлап табу арқылы тағы
қайталанады.
Жеке топтасып қайталанады. Сызбамен
салынған сурет ең бірінші
тақпақ жаттап алған балаға сыйланады. Көркем салынған сурет-тақпақ топта
бір апта бойы ілініп, жаттап қойған балалардың көмегімен басқа балалар да
қайталау арқылы тез жаттап, алуға бейімделеді. Сызба, тақпақ, жаңылтпаш,
ертегілер балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан
шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген
ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді.
Күнделікті жаңа ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиелеу мен оқыту
ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Ал біз әр тақпақ пен
жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамыз.Ойын
түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп,
«Денсаулық»,«Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет»,
салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: