Арттыру институты


«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА



Pdf көрінісі
бет16/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Байланысты:
ТРИЗ

 
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА 
ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
Шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында бейнелеу өнері
баланың ақыл-ой және дене белсенділігі жетіледі. Суретті құру үшін күш 
салып, нақты іскерлікті меңгеріп, еңбектену қажет. Ең алдымен балалардың 
қарындаш не қылқалам қимылына деген қызығушылығы оянады, соның 
ізінше, біртіндеп нәтижесін алу, суретін көру секілді шығармашылық 
түрткілері пайда болады.Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу 
мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуға 
үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны 
жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы 
бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке 
дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, 
ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден 
бастағанның маңызы зор. Олай болса, педагог тәрбиешінің алдындағы басты 
міндет – ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік 
мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман 
талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Өз тарапымыздан жүргізген 
тәжірибе жұмыстарымыздың барысында бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс 


15 
әдіс-тәсілдер, ӨТШТ ойындары мен тапсырмалар тілдік, танымдық, 
шығармашылық 
құзыреттілікті 
қалыптастыру 
мақсатында 
тиімді 
пайдалануға болатынын аңғардық.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы 
баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның 
бойында 
шығармашылық 
қажеттіліктерді 
дамыта 
отырып, 
оның 
қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа баулиды. 
ӨТШТ бағдарламасы бойынша келесі жұмыс кезеңі – ертегі 
тапсырмаларын шешу және арнайы әдістер арқылы жаңа тапсырмаларды 
ойлап табу. Барлық жұмысқа балалар қызметінің алуан түрі енеді – ойын 
қызметі, сөйлеу, бейнелеу, аппликация, құрылымдау т.б. Соңғы кезеңде
алынған білім, түйсікке сүйене отырып мәселелерді шешудің соңы әдістерін 
пайдалану арқылы бала кез келген күрделі жағдайдың шешу жолын табуды 
үйренеді. Мұнда тәрбиеші тек бақылайды, бала өз күшімен, ақылы мен 
шығармашылық әлеуетіне сенеді. Жағдайлар алуан түрлі, адам қызметінің 
кез-келген саласынан болуы мүмкін. Балалар тәжірибелік жағдайға 
қойылады, онда шешімді тез қабылдау керек. ӨТШТ технологиясы 
тәрбиешілер мен балаларға шығармашылық әдістері мен құралдарын береді. 
Ересектер мен балалар бір құралды меңгере отырып, ортақ тілді тез табады, 
бірін-бірі тез-тез түсінеді. ӨТШТ технологиясы баланы шығармашылық 
тапсырмаларды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті 
дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа 
жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. ӨТШТ технологиясы оның 
принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да 
шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы. Мектепке дейінгі жасқа 
дайындалған ӨТШТ технологиясы «Барлығына шығармашылық!» ұранымен 
баланы оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балалық зерде шексіз. Ол 
балаға тікелей және болжап болмайтын, зерттеп, үлкендер байқамағанды 
байқауға жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет