6
дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Сабақта жаңа технологияларды
тиімді пайдалану балалардың пәнге
деген қызығушылығын арттырады,
шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу
барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Қазіргі заманда
алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған
өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз
қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі
отбасымен балабақша тығыз
байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ
тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да
жұмыстандырып, бірге бағыттауымыз қажет. Біздің алдымызға жаңа
міндеттер жүктеп отыр. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты
мақсаты–ұлттық білім моделін жасау.Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты—
адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны
мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру,
сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің байуына,
саяси көзқарасының,
шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің
қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Тәуелсіз еліміздің келешек
ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің
шешімін табуға үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта
қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде.
Айтылған талаптардың
жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын
арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден
бастағанның маңызы зор. Олай болса, педагог тәрбиешінің алдындағы басты
міндет– ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік
мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі дамыған,
тәрбиелі, білімді, заман
талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Осы міндеттердің бірі - білім берудің
әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім
технологиясын меңгеру.
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры–ұстаздың қолында» – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,
мектепке дейінгі білім беру стандарты
мектепке дейінгі тәрбие мен
мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда
жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: