Қарау: эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикасы көрінеді.
Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну.
Асқазан қозғалысының төмендеуі Астениялық конституциялы адамдарда, асқазан төмен түскенде, іш қуысы ағзаларына операциялардан кейін, асқазанның көптеген органикалық аурулары. Соңғылары (асқазанның көптеген органикалық аурулары) асқазан қозғалысының төмендеуі түрінде де, жоғарылауы түрінде де болуы мүмкін. Шағымдары:
а) эпигастрийде тамақтан кейін кернеу сезімі; б) лоқсу. Пальпация:эпигастрий аймағында ауырсыну, шалпыл шуы.
Ескерту: пилоростенозда (асқазанның пилорикалық бөлігінің тарылуынан ісік салдарынан немесе тыртықтанған жарадан) бұл жағдайда дискинезияның екі түрі алмасып отырады) Шағымдары: асқазан дискинезиясының екі түрінде болатын шағымдар, екеуі кезектесіп отырады. Құсу өте сипатты: құсық көлемі көп, «шіріген жұмыртқа» иісі, ас қалдықтары, құрамында бірнеше күн бұрын жеген тамағы болады.
Қарау: тері асты шел май қабатының нашар дамуы (көп құсудан жүдеу), асқазан перистальтикасы көзге көрініп тұрады.
Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну, шалпыл шуы.