АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ САТЫДА АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛҒАН КЕЗДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ІС-ШАРА
Обаға қарсы киім медицина қызметкерлерін аса қауіпті инфекция қоздырғыштары жұғудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Бұл костюм жедел медициналық көмек көрсету, амбулаторлық-емхана және аурухана жағдайында, науқастарды медициналық мекемелерге тасымалдау (эвакуация жағдайы), күнделікті және қорытынды дезинфекция ( дезинсекция және дератизация) жүргізу, зертханалық зерттеу үшін науқастан материал алу кезінде, өлікті ашу немесе көму кезінде, ауланы тексеру кезінде қолданады.
ҚОРҒАНЫС КИІМІН КИЮДІҢ ТӘРТӘБІ Обаға қарсы киімнің құрамы
Қорғаныс киімін арнайы жұмысты өткізгеннен кейін, сол бөлмеде немесе сол кеңістікте, және толық залалсыздандырудан кейін шешеді.
Дезинфекциялық ерітінділермен киімді зарарсыздандыру кезінде оның барлық бөліктерін ерітіндіге салады.
Залалсыздандыруды автоклавта қайнатқанда және дезинфекциялық камерада жүргізгенде костюмді бакқа, бикстерге немесе камералы қапшықтарға салып, сыртын дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді. Қорғаныс киімін шешкеннен кейін қолын сабынмен жылы суда жуады.
Қорғаныс киімі бір рет қолдағаннан кейін 2 % сода ерітіндісінде (30 минут) қайнату, автоклавтау (30 минут бойында 1 атм.), дезинфекциялық ерітіндіге (2 сағат бойында 3% хлорамин ерітіндісі) салу арқылы зарарсыздандырылады.