Сабақтың максаты: Білімділік: Әрбір сөздің мән-мағынасын ажырату, мазмұнын түсіндіру



Дата12.03.2018
өлшемі56,8 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «ДӘРІГЕРДЕ»

Сабақтың максаты:

1. Білімділік: Әрбір сөздің мән-мағынасын ажырату, мазмұнын түсіндіру.

2. Дамытушылық: қызметкерлердің сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Тәрбиелік: әдептілікке баулу, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекіліктер: үш тілде сөздік плакат, сөзжұмбақ, дәрілердің қораптары, ақ халат, мақал-мәтел жазылған плакаттар,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (сабақ бастауға мүмкіндік тудыру)

- Сәлеметсіңдер ме?

- Топта кім кезекші?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бүгін күннің нешесі?

- Ауа-райы қандай?

2. Үй жұмысын тексеру.

- Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

- Адамның дене мүшелері.



  • Адамның басты дене мүшелерін атандаршы? Марина, сен айта ғой.

  • Бас, көз, мұрын, ауыз.

  • Рая, сен толықтыра ғой.

  • Тіс, шаш, қол, аяқ.

  • Ал, Эльмира сен не айтасың?

  • Тіл, саусақ, бас бармақ, құлақ

  • Лаура, сен ше?

  • Бауыр, бүйрек, өкпе, жүрек.

3. Жаңа сабақ.

а) Оқытушы плакатта қазақша, орысша сөздерді сазына келтіре оқып шығады, тыңдаушыларды өзіне ілестіре отырып, қайталап оқиды.

Дәрігер - врач

Аурухана – больница

Медбике – медсестра

Дәрі – лекарство

Дәріхана - аптека

ә) Қане, енді жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырайық.

Бақыт: - Дәрігер дәрі берді.

Фарида: - Мен дәріханаға бардым.

Лена: - Дәрігер келді.

Саша: - Мен ауруханаға келдім.

б) - Қазір, "Дәрігерде" тақырыбына көрініс көреміз.

Эльмира - дәрігер.

Анна - науқас.

(Эльмира үстіне ақ халат киіп, үстел басында отырады. Науқас есік қағып кіреді.)

Науқас: - Кіруге бола ма?

Дәрігер: - Кіріңіз.

Н: - Сәлеметсіз бе, дәрігер?

Д: - Сәлеметсіз бе. Отырыңыз. Сіздің қай жеріңіз ауырады?

Н: - Менің тісім, көзім ауырады.

Д: - Қазір сіздің тісіңізді көрейік. Аузыңызды ашыңыз. (Науқас ауызын ашады.) Сіздің тісіңіздің ауырғанына көп болды ма?

Н: - Иә, менің тісімнің ауырғанына екі - үш ай болды.

Д: - Сіздің ауру тісіңізді жұлу керек.

Н: - Жарайды, мен қарсы емеспін.

Д: - Енді көзіңізді көрейік. Сіздің көзіңізді профессорға көрсету керек. Ертең күндізгі сағат үште келіңіз. Осында профессор болады, ол сіздің көзіңізді көреді. Мен әзірге көздің дәрісін жазып берейін, әр көзіңізге екі тамшыдан, күніне екі рет тамызыңыз. Міне, сізге рецепт.

Н: - Дәріхана қай жерде?

Д: - Дәріхана осында, емхананың ішінде.

Н: - Рақмет, қош болыңыз!

Д: - Сау болыңыз!

"Дәріхана" (Анна дәріханаға келді. Дәріханашы - Олег. Үстінде ақ халаты, үстелдің үстінде дәрі-дәрмек сауыттары).

Науқас: - Сәлеметсіз бе?

Дәріханашы: - Сәлеметсіз бе? Сізге не қажет?

Науқас: - Сіздерде мынадай дәрі бар ма? (Рецепт ұсынады.)

Дәріханашы: Бізде мұндай дәрі жоқ. Мен сізге басқасын берейін. Мінекей, алыңыз. (Дәрінің құтысын ұсынады).

Науқас: - Рақмет, сау болыңыз! Дәріханашы: - Сау болыңыз!

Оқытушы: - Енді біз мәтінмен жұмыс істейміз. Қазір ұнтаспадан мәтінді мұқият тыңдандар. Оқу техникасына мән беріңіздер. Ауызша орыс тіліне аударамыз.

(Магнитофон қосылады. Мәтіннің тақырыбы: "Тұмау").

Оқытушы:

- Енді "Мы изучаем казахский язык" (М.Е.Ержанов) оқулығын ашындар.

"Тұмау" тақырыбын оқулықтан оқимыз.

Мәтінді екі сөйлемнен оқытып, әріптердің дұрыс дыбыстап айтуына мән беру. Қателерін жөндеу. Мәтіндегі таныс сөздерді сұрау.

Лена: - микроб, дәрігер.

Саша: - спорт, вирус.

Марина: - бет, қол, сабын, мұрын.


  • Енді қиын сөз тіркестерін атаңдар.

Оля: - шұғылдану керек, шайқау керек. (Оқытушыларға сөз тіркестерінің баламасымен таныстырып, әрқашанда таза жүрсе, еш ауруға бой алдырмайтындарын айта кету. Сөздік дәптерлеріне жаңа сөздерді жаздыру). Үлестірмелі карточкамен жұмыс. Тақтаға Оля мен Эльмира шығады. Қалғандары орындарда жұмыс жасайды.

- Оля, сен 1-сұрақ бойынша шаш, өкпе сөздеріне фонетикалық талдау жаса (оқушының қазақ тіліне тән дыбыстарды қалай меңгергенін тексеру).

- Эльмира тіс сөзін жіктесін. (оқушының 1-ші, 2-ші, 3-ші жақты қалай меңгергенін тексеру, бұл дұрыс сөйлеуге қалыптастырады).

Оқытушы қателерін тексеріп, бағалайды.

Енді сендер денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.

Таня: - Бірінші байлық - денсаулық.

Марина: - Тазалық - денсаулық негізі.

- Енді плакаттағы мақал-мәтелдерді оқып, дәптерімізге жазамыз.

Ас - адамның арқауы.

Пища - здоровье человека.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Где есть пища, там нет болезней.

Тазалық - денсаулық негізі,

Денсаулық - байлық негізі.

Чистота - основа здоровья,

Здоровье - основа всего.



Қорытынды: Кластермен жұмыс (бір тақырыпқа сөздер жиынтықтау).

М
ысалы:
Үй жұмысы: Жаңа сөздерді жаттау. "Денсаулық", "Дәрігер" тақырыптарына 4-5 сөйлем құрау.

- Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



- Сау болыңыз!
Каталог: 8E6ADCCABCC4EDCD
8E6ADCCABCC4EDCD -> Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін
8E6ADCCABCC4EDCD -> Сабақтың мақсаттары
8E6ADCCABCC4EDCD -> Сабақ саны мерзімі сабақ тақырыбы с/с грамматика сабақ түрі бақылау
8E6ADCCABCC4EDCD -> Сабақ тақырыбы Дені саудың жаны сау Жыл бойы өткенді қайталау. Нәтиже сабақ
8E6ADCCABCC4EDCD -> Сабақтың атауы Менің отбасым Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері
8E6ADCCABCC4EDCD -> Сабақ Қазақ тілі 5-сынып Тақырыбы: "Жазғы демалыс" Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс
8E6ADCCABCC4EDCD -> Сабақтың тақырыбы: Киім атаулары Сабақтың мақсаты: І. Білімділік
8E6ADCCABCC4EDCD -> Мәншүк Маметова – Исатай мен Махамбеттей жаужүрек батыр тұлғаларды, Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек сынды өнер тарландарын дүниеге әкелген шежіреге толы киелі мекен Бөкей ордасының тумасы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу