Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


қарашада Үлықбек Самарқанға қайта оралды. Үлықбек өз ұлыстарын



Pdf көрінісі
бет100/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

10 қарашада Үлықбек Самарқанға қайта оралды. Үлықбек өз ұлыстарын
қаншама ұлғайтқысы келіп үйқы көрмей уайым ж есе, иелік ж ерлері
біріккен еншілері бар хандар әрқайсысы өз дербестігін аңсаумен болды.
Үлықбектің 1327 жылғы Сығанаққа жақын жердегі өзбектерге қарсы ж о-
рығы сәтсіз аяқталды. Бұл жорықты әкесі Шаһрух құп көрмесе де, біраз
жасақтарын жіберіп, көмектескен еді.
Жолы болмаған осы жорықтан соң Үлықбектің жауынгерлік даңқы да
төмендеп кетті. Керек десеңіз, 1326 жылғы жанқияр ерліктерін де ешкім
елеген жоқ.
Самарқандағылардың көңілі қалғаны сонша ол келгенде қақпаны сарт
жауып, тіпті өзін қалаға кіргізбей қойды. Әкесінен естіген қатал сөгісінен
соң біршама уақыт атқарған қызметінен де аласталды. Ташкенде топтасты-
рылған әскерлер де тарады. Тарихшылардың топшылауынша, 1327 жылғы
Үлы қбек әск ер ін ің ойсырап ж еңілуі — оның қалған жиырма жылдык
өмірінде сүйегіне түскен таңба болып қалды. Содан кейін ол ешқандай ж о-
рыққа қатысқан ж оқ. М оғолдар мен өзбектер оның мемлекетін аямай
тонап, талапайға салумен болды. Өзіне бағынышты болған дулат әмірі Ху-
дайдад Меккеге кетіп, сонда қаза тапты. Пір-Мұхаммед хан шамамен 1429
жылы науқастан өлді. Уайс хан болса, Ыстықкөлдегі ұрыста шейіт болды.
Худайдадтың немересі Қарақүл Ахмед мырза тұтқынға түсіп, Самарканда
дарға асылды.
Сөйтіп Үлықбектің Моғолстанды сол кездерде Дешті Қыпшақ аталатын
осы күнгі ғылым тілінде немесе көшпенді қазақтар, өзбектер мекендеген
аймақтарды қосуға тырысқан ниеті іс ж үзіне аспай қалды. Оған, әрине,
көптеген себептер болды. Менің ойымша, ең негізгі себептердің бірі әртүрлі
жекелеген хандар билігінде болған Сырдарияның жағасынан бастап, сонау
Батыс С ібірге дейін Ж етісу мен Шығыс Түркістанды орап алып жатқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет