М ұсылман әлем інде таққа отырған ғалым болған ем ес. Сондықтан Үлықбекті ешкіммен теңестіруге де, салыстыруға да болмайды. Оны оқу- білімге баулыған әжесі Сарай-Мүлік пе, әлде тәрбиешісі Ш ах-Мәлік пе, ол жағы бізге беймәлім жәйт. Былай ойлап қарасаң, екеуінің де өнер-білімнен хабары жоқ. Тіпті, оны атасы оқытып, тоқытты деп айтудың өзі қиын. Үлы қбектің балалық шағы басқа да ханзада бауырлары сияқты өтті. Т ем ірдің барлық немерелері мейлі ұл, мейлі қыз болсы н, бәр і бірдей тәрбиеленді. Оларды бір-бірінен артық не кем көрген жоқ. Темірдің өз немерелерін жолымды қусын деп темірдей қатал тәртіппен ұстап өсіргені мәлім. Ақсақ Темірдің дәуірінде Самарқан мен Бұқарада ғылыми ойлар жаңа- дан өріс ала бастаған еді. Тарихшылардың тұжырымдауынша, осы ой-өріс бала Үлықбектің зерделі көңіліне ұяласа керек. Ол кезде Орта Азиядағы білім мен ғылымды дамытуға араб пен парсы ғалымдары игі әсерін тигізді. Осындай мәдениеті өркендеген дәуірде өмір сүрген Үлықбек ғылым- білімге зор ден қойды. Оның алғашқы ұстаздары: Сагах ад-дин Мұса ибн Махмұд Қази-заде Руми, Ғияс ад-дин Жәмші ибн Масуд еді. Үлықбек әмірші болып тұрған кезде Ғияс ад-дин оның сарайында тұрды. 1427 жылы олар Үлықбек кітапханасы үшін математикалық туындылар жа- зып бітірді. Өкінішке орай Ғияс ад-диннің астрономиялық тізбе кестесі бізге жеткен жоқ. Сондықтан оны Үлықбектің таблицасымен салыстырып қарау мүмкін емес. Бір анығы — Үлықбек астрономиялық білімді Fияс ад- диннен үйренген. Обсерваториясы түгелдей салынып біткенше оның екі бірдей ісін жалғастырушы өз заманының “Птоломейі” атанған Әл ад-дин Әлі Мүхамед Қүсшы болды. Ол Үлықбектің сарай адамдарының біріне ай- налды. Қүсшы тек оның ғылыми жұмыстарының жәрдемшісі ғана емес-тін.