Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


қабілеті өте күшті болған. Саяхат жасауға шыққанда қай жерде, қай уақыт-



Pdf көрінісі
бет105/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

қабілеті өте күшті болған. Саяхат жасауға шыққанда қай жерде, қай уақыт-
та, қанша аң-құс аулағанын жазып жүретін дәптері бар екен. Соны бір
күндері жоғалтып алады. Сосын жаңа дәптерге есінде бар әлгі деректерді
қайта жазып шығады. Кейін жоғалған дәптері табылып, жаңа жазғандары-
мен салыстырып қараса, барлық дерегі айна-қатесіз дәл келеді.
Үлықбек өз жанына өнер адамдары мен ақындарды да жинаған. Өзі әде-
биетпен де әуестен ген. 
Парсы ақындарын, ә с ір есе , 
Н изам идің
өлең-жырларын сүйіп оқыған. Низами— XI ғасырда бүгінгі Әзірбайжан
жерінде өмір сүрген ғажайып ақын. Қыпшақ қызына үйленген. Өзінің шық-
қан тегі түрік-селжүктен болса да өлең-жырларын парсы тілінде жазған.
Өйткені, ол кезде парсы тілі ел ішінде көрнекті орын алып, өркендеп тұрған.
Бүгінгі әрі келеш ек ұрпақтарымыз парсы, түркі м әдениеті о бастан
ғасырлар бойы бір-бірімен біте қайнасып, бір-бірін байытып келе жатқанын
жақсы білуі абзал. Тұран мәдениеті де Орта Шығысқа өтіп, одан әрі Таяу
Шығысқа таралып өркен жайған. Осы мекендерде жасалған бұл мұра адам-
заттың игілігіне қосылған бай қазына болып табылады.
Аса көрнекті әмірші әрі ірі ғалым Үлықбектің өмірінің соңы ауыр қайғы-
мен аяқталды. Ол өмірімен өкінішті түрде қош айтысты. Тарихи мәліметгер
мәлімдегендей, Ақсақ Темірдің де, Үлықбектің де өмір жолы оңай болған
жоқ. Әкесі Шаһрух Герат тағында отырып, әскери ж әне саяси мәселелерді
өзі дербес шешуге, өлкелерді өз күшімен билеуге Үлықбекке тізгін бермеді.
Әйтсе де Үлықбек әкесінің айтқанына көніп, айдағанына жүрген жоқ. Ба-
рынша атасына ұқсап бағуға тырысты. Самарканда Ақсақ Темір орнатқан
қатал тәртіпті сақтап түрды. Тек өкініштісі сол, әкесінің көзі тірісінде импе-
рияның келелі істеріне араласа алмады. Әкесінің орнына тақка кім отыруы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет