қабілеті өте күшті болған. Саяхат жасауға шыққанда қай жерде, қай уақыт- та, қанша аң-құс аулағанын жазып жүретін дәптері бар екен. Соны бір күндері жоғалтып алады. Сосын жаңа дәптерге есінде бар әлгі деректерді қайта жазып шығады. Кейін жоғалған дәптері табылып, жаңа жазғандары- мен салыстырып қараса, барлық дерегі айна-қатесіз дәл келеді. Үлықбек өз жанына өнер адамдары мен ақындарды да жинаған. Өзі әде- биетпен де әуестен ген. Парсы ақындарын, ә с ір есе , Н изам идің өлең-жырларын сүйіп оқыған. Низами— XI ғасырда бүгінгі Әзірбайжан жерінде өмір сүрген ғажайып ақын. Қыпшақ қызына үйленген. Өзінің шық- қан тегі түрік-селжүктен болса да өлең-жырларын парсы тілінде жазған. Өйткені, ол кезде парсы тілі ел ішінде көрнекті орын алып, өркендеп тұрған. Бүгінгі әрі келеш ек ұрпақтарымыз парсы, түркі м әдениеті о бастан ғасырлар бойы бір-бірімен біте қайнасып, бір-бірін байытып келе жатқанын жақсы білуі абзал. Тұран мәдениеті де Орта Шығысқа өтіп, одан әрі Таяу Шығысқа таралып өркен жайған. Осы мекендерде жасалған бұл мұра адам- заттың игілігіне қосылған бай қазына болып табылады. Аса көрнекті әмірші әрі ірі ғалым Үлықбектің өмірінің соңы ауыр қайғы- мен аяқталды. Ол өмірімен өкінішті түрде қош айтысты. Тарихи мәліметгер мәлімдегендей, Ақсақ Темірдің де, Үлықбектің де өмір жолы оңай болған жоқ. Әкесі Шаһрух Герат тағында отырып, әскери ж әне саяси мәселелерді өзі дербес шешуге, өлкелерді өз күшімен билеуге Үлықбекке тізгін бермеді. Әйтсе де Үлықбек әкесінің айтқанына көніп, айдағанына жүрген жоқ. Ба- рынша атасына ұқсап бағуға тырысты. Самарканда Ақсақ Темір орнатқан қатал тәртіпті сақтап түрды. Тек өкініштісі сол, әкесінің көзі тірісінде импе- рияның келелі істеріне араласа алмады. Әкесінің орнына тақка кім отыруы