Асанканова шолпан агытаевна


Кесте 4 - Профессор С.Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбегінің құрылымы



бет5/6
Дата09.11.2016
өлшемі1,34 Mb.
#1392
1   2   3   4   5   6

Кесте 4 - Профессор С.Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбегінің құрылымы

VІ-ХІІ ғасырлардағы ежелгі түркі жазбаларындағы тағылымдар

Шетел зиялялары қазақтар туралы

Жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелерінен зерттеуден жалықпайтын Қазақстанның белгілі ғалым-педагогтары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Б.Бөлеев еңбектеріндегі имандылық қасиеттер туралы студенттер, жас оқытушылар шығып сөйлеп, ойларын ортаға салды. Мысалы: Бауырмалдық халқымыздан ең асыл қасиеті болып есептеледі. Сондықтан ғалымдар бұл қасиеттерді ұлттық қазақ психологиясына тән адамгершілік қасиетін айрықша бір көрінісі деп атайды. Шынында да халқымыз «Бала бауыр еттен жаралған» дейді. Ол баланы әлпештеуден, баланың ата-ананы құрметтеуінен байқалып тұрады. Иманды адам ата текті ажырата білуді - «Денсаулық емес, қайта бауырмалдық» деп есептейді. Бірақ өз руын ғана қастерлеу, қызмет бабында руласына ғана қамқорлық жасау - білімді, инабатты, зиялы, адамға жараспайды. Сондықтан ғалымдар кең пейілді, адам ниетті, ақ жүректі, пәк көңілді қазақ халқының тұрмысындағы мінез-құлқына

қарама-қайшы келетін «бөліну», «бөлшектену» тұжырымдарын уағыздайтын адамдарда имандылық пен адамгершілік жағы жетіспей жатады. Осы ойлар жиналған студенттер қауымына үлкен ой тастады. Бұдан кейін С.Қалиевтың имандылық туралы ой-түйіндерін келтіріп, оларға қысқаша түсініктер берілді:


  • Байлықты өзің үшін жисан Қарабай боласың, халыққа қайырымды болсақ Құдайдың сүйген құлы боласын;

  • Қайырымды адам айналасына нұр шашатын күн нұры сияқты;

  • Кесапатты құдай атады;

  • Тәкаппар Тәңірін де менсінбейді;

  • Дастарханыма ырыс келсін десең жоқ-жетімге қарайлас;

  • Бай болсаңда құдайыңды ұмытпа;

  • Алланың бергенін қанағат тұтудың өзі байлық;

  • Таққа отырғанның бәрі Тәңірі емес;

  • Ұят-ардың сақтаушысы;

  • Ұяты бар азамат, халыққа қадірлі - қазанат;

  • Ар, ұят, адалдық, ағайындас;

  • Ар, ұят жүрген жерде жауыздыққа орын жоқ;

  • Туған жер – күн, нұр өзінен шашыраған,

Ұрпағын сәулесімен асыраған.

Онсыз саған тіршілік - Қараңғы түн,

Ендеше құрметті де, бас ұр, адам!

Бұл кездесуде студенттер Серғазы Қалиевтың «Екі ойшылдық тәлімдік үндестігі» атты мақаласындағы имандылыққа байланысты ой-пікірлерін келтіріп, зерттеулер жүргізіп жүргенін айтты. Білімгерлердің ой-пікірлерінен үзінді берейік: «Абай Әл-Фараби шығармаларын оқып, үйренді деген дерек жоқ. Дегенмен, осы екі ғалымның еңбектерін оқып, дүниетанымдық көзқарасын салыстыра қарасақ, идеялық ұқсастығын бірден байқауға болады. Өзін ерте грек философы Аристотельдің шәкіртімін деп санаған, әмбебап ғалым атамыз Әл-Фараби оның ілімін сынап, талдап, толықтырып дамытқан. Әл-Фараби: «Әлемді жаратқан құдай. Бәле-жаладан аман сақтаушы, жарылқаушыға шүкірлік» - дей отырып, жанның адам мен жануарларда ғана болатынын ескертеді. Ал, адамның жануардан айырмашылығы қоршаған ортаның сырын тани білетіндігінде. Табиғат сырын білу - ол ғалымдар үлесіне тиісті» [41. 27].

Абай да өзінің «Отыз жетінші» қара сөзінде Фарабидің осы ойын одан әрі жалғастырып «Дүниені жаратушы бір құдіретті күш бар... Алла тағала жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуанды жаратты, ал жанды хайуандардан ақыл иесі адам баласын жаратыпты. Дүниенің тылсым тынысын, ішкі құпия сырын оқып-білу үшін ғылым керек. Абайдың ойынша, ғылымның сегіз сипаты бар Ол: Рахмет (арабша жарылқаушы), Рахим (мейірімді), Ғафур (кешіруші), Уадил (сүюші), Ғафуз (қорғаушы), Сәттар (айыпты жабушы), Разақ (қызын беруші), Нафиг (пайда беруші) деп қарайды. Ғылымның осы қасиеттерін бойға жинау арқылы адам баласы өсімдік, мал өсіріп, жер бетін жәннат етіп, өзен-көлдерді бөгеп дария жасайды. Бу машинелерін шығарып, дүниені рахатқа бөлейді. Ғылым арқылы адамның жаны рахат табумен бірге адамгершілік, ізгілік рухын да бойына сіңіріп, мейірімділік, ізгілік рухына бөлейді» - дейді.

Әл-Фарабидің түсінігі бойынша «Жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан - тәннің тірлік қасиеті. Адамның тәні мен өмірі өткінші уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып жетуіне үнемі әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы қажет. Шыққан жан адамға еш уақытта қайтып келмейді, адамның көңілі мен рухы-жаны мәңгі өмір сүреді де, надан, залым, зымиян адамның жаны өшіп отырады» - десе, Абай өзінің Жетінші қара сөзінде: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмарлығы, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Ал, екіншісі білсем екен демекпін. Не керек соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тура жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмарлығы деп жан мен тәннің байланысы,бірінсіз бірінің күні жоқ екенін атып, Әл-Фарабише түсіндіреді. С.Қалиев өзінің Ы.Алтыпсарин - Қазақстандағы оқу ағарту ісінің негізін салушы» атты мақаласында ұлы педагогтің «Мұсылмандықтың тұтқасы» деген оқу құралына талдау жасаған: «Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу қажет» деп қарады. Бұл еңбекті жазудағы мақсат жөнінде кітаптың кіріспесінде «Қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін осы оқу құралын қарастыруға кірісті» - деп жазыпты.

Аталған еңбекте С.Қалиев ұлы педагогтің шариғат заңдарын өмір тіршілігімен, адам тәрбеисімен тығыз байланыстыра талдауын келтірген және діннің өзін тәрбиенің құралы ретінде қарастырғаны бүгінгі күнде жоғалғанымызға қайта қауышқан кезде үлкен маңызы бар деп есептейміз.

Ыбырай оқулықтарына енгізілген «Ұят кімде болса,иман сонда болады», «Алтын алма, ақыл ал», «Ісің ақ болса, тәңірің жақ болар» [42. 46] сияқты асыл сөздерінен бүгінгі жастардың да өнеге алары сөзсіз. «Бүгінгі нарықтық кезеңде жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеудің аса қажеттігі туып отырған кезде Ыбырайдың ізгілік жөніндегі осы ойдарын шәкірттердің жүрегіне ұялатудың, ал ұлт мектептерін Ыбырай дәстүрі негізінде қайта құрудың қажеті туып отыр».

Баланы имандылыққа тәрбиелеудегі мұсылманның қасиетті кітабы «Құран» туралы, оның аяттарының адамды адалдыққа, шыншылдыққа, ізгілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеудегі ролі туралы жас ұрпаққа үнемі әңгімелер айтып, ұғындырып отыру қажет деп есептейміз.

Қайырымдылық халқымыздың ең негізгі қасиеттерінің бірі екені белгілі. Сондықтан халық даналығы «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп бекер айтпаса керек. Халқымыз өз ұрпағына қайырымдылықты ес білгеннен үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы оны тұрмыстық салтқа, адамгершілік дәстүрге енгізеді. Қайырымдылықты кей жағдайларда кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көмектесу, қайыр-садақа берумен де ұштастырады. Бұл қасиет жөнінде ғалым-педагогтар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев нақты мысалдар келтіру арқылы халық даналығына жүгінеді: Үй ішінде үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала-шағасына мейірім-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі – қайырымдылықтың қайнар көзі мен түрлі көріністері. Халық «Бір отбасында нешеу болсаң, бір-біріңе қонақсың», «Бір-біріңді сыйласаң жан семіреді»,- деп қайырымдылық қасиетті ұрпақтарына өнеге етіп, қадір тұтып, қастерлеп келгенін еш уақытта естен шығармауымыз керек. Авторлардың бұл ойы бүгінгі жастардың бойында игі қасиеттердің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні хақ. Өкінішке орай, бұл сияқты еңбектер кітап дүкендерінде, кітапханаларда жоқтың қасы - деп айтсақ артық айтқандық болмас.

Әрі қарай студенттердің халық педагогикасындағы адамгершілік қасиеттер, ар-ұжданды қастерлеу туралы профессор С.Қалиевтің «Ұлттық педагогиканың негізгі қағидалары» атты еңбегіне сүйене отырып, адамгершілік, ар-ұжданды қастерлеу - тәрбиенің басты принципі болып саналғанын сөз етті.

Ата-бабамыз «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Адам деген ардақты ат», «Әдептілік, ар, ұят - адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі», «Жігіттің жүз жылқы, ары мың жылқы», «Жаным арымның садағасы» деп арды жоғары бағалаған. Арлы адам адал, әділ болады. Ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әділ болуға баулиды. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілділік, мейірімділік, иманжүзділік т.б қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Бұл кездесуді мешіт қызметкері былай қорытындылады: Имансыз болу, ата-ананы, үлкенді, ұстазды сыйламауды халқымыз кешірілмес үш күнә деп санаған. Қазіргі мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік сияқты келеңсіз жағдайлардың кейбір көріністері, елімізде жастарды ар-ождан тазалығын сақтауға, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет болып отыр. Педагогтарда да өз түйіндемесін айтты: халық педагогикасының тағылымдарын үнемі басшылыққа алып отырсақ өмірде болып жатқан жастар арасындағы, қатыгездік, басқа діндерге еліктеу сияқты келеңсіз жағдайлардың болуына тосқауыл болар еді деп ойлаймыз.

«Ұлттық табиғатымызға сай келе бермейтін сірепелі педагогикадан халық педагогикасына ауысқан осы дәуірде оны бүгінгі күн қажетіне сай пайдаланудың практикалық маңызы зор ол үшін халқымыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін жанұяда, балабақшада, әртүрлі сатылы мектептерде және қоғамдық ортада қолдануымыз керек» [42. 301].

Қорыта келгенде халық педагогикасындағы үздіксіз тәрбие мәселесінде адамгершілік, бауырмалдық, туыстық, қайырымдылық қағидаларын бастылыққа ала отырып, үлкен мен кіші, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық педагогикасын дәріптегендіктен, қазіргі ғылыми педагогика қағидалары да халықтық тәлім-тәрбиедеден нәр алғаны белгілі.

Халық педагогикасы басшылыққа алған осы қағидалар үнемі өмірде жүзеге асып отырғандықтан, бұларды халықтың тәлім-тәрбиелік, тәжірибелік маңызы, өміршеңдігі деп қорғауға болады.

Профессор Серғазы Қалиевтың ұлттық тәрбиеге байланысты ой-пікірлерін сөз еткенде ғалымның халқымыздың би-шешендері туралы, олардың әділ билігі, тапқыр шешендігіне тоқтамасқа болмайды, себебі: «Билердің шешендігі - сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетіне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмір сүру тәсілімен діни наным-сеніміне, күнделікті тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсім-салтына сүйенеді. Осы әртүрді деңгей мен көріністегі факторлар ой-сананы өзінше ұйытқы етіп келеді. Қазақ билері дүниемен әлемді ұйытқы етіп келді. Олар үшін: дүние мен адам, ғұмыр мен дүние, табиғат-ана біртұтас мән, адамсыз заман болмайтындығы ақиқат, адамның өмірдегі орны мен қызметін жандандыру, әрлендіру қажеттілік».

Ал, ғалым С.Қалиевтің ойынша, билер дәстүрінің мақсаты - адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелі азаматты қалыптастыру, адамға қажетті ізгі қасиеттерді үлкен құндылық дәрежесіне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдіктің тұтқасы, би-шешендер сол тұтқаның ұстанымымен айқындады және соған сүйенеді:

Кісілікке қайшы іске қарап тұрмау,

Кісілікке қайшы сөзге бас шұлғымау.

Кісілікке қайшы былыққа батпау,

Кісілік қасиетті ақтау, құдіретті баптау.

«Әр заман адамдардың сапалы жақтарын саралай білді, адам болмысының төрт түйіндерін - ақылды, рухты, нәпсіні, көңілді зерделеді. Даулы мәселелерді ушықтырмай, қауым мен ұрпақтың ниет, пиғылын күзеп түзеді, дүмшілікке ұйықпады, рухани сырқаттан емдеді, рухани азғындаудан сақтады. Тірліктің де, шындықтың да көзін тапты, істің қанағаттанарлық шешімін табатындардың кезегін бақты, рухани үстемдікке тартты».

Билер біреудің талабымен емес, жүрегінің қалауымен халқын бірлікке, ерлікке, еңбекке, оқуға, өнер білімге шақырды, барлық мәселерді кеңесіп шешіп отырған. Мүмкін «Келісіп пішкен тон қысқа болмас» деген халықтың даналық сөзі билеріміздің әділдігінен шыққан болар.

Енді аудиториядан тыс студенттермен өткізілген қазақтың көрнекті үш биі туралы өткізілген куратор сағатының сценариін береміз.

Тарихи тақырыпқа арналған тәрбие сағатының жоспары.

Тақырыбы: Үш кемеңгер дүлділім,

Сақтаған ел бірлігін!

Мақсаты:

Білімділік: Білімгерлерге қазақ халқының басын біріктіріп, ауызбірлілік сақтаған, тарихта аты әйгілі, әрі шешен, әрі батыр Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Болашақ мамандарды елін, жерін сүюге, елінің қорғаны болуға, сөз қадірін ұғынуға тәрбиелеу, халқын, салтын қастерлеуге, ұлтжандылыққа баулу.

Дамытушылық: Ұлттық тәрбиені білдіріп, таным белсенділігін арттыру, оқушылардың дүние танымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Көрнекілігі: «Төле би ауылы», «Қазыбек би ауылы», «Әйтеке би ауылы», газеттері, нақыл сөздері, кітап бұрышы, «Аталар сөзі - ақындық көзі» атты буклет, домбыра макеттері.

Өтілу барысы:

1. Кіріспе.

Тақырыптың аты айтып тұрғандай-ақ, бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ халқында үш жүздің басын біріктірген, ауыз бірлігін сақтап, әділдігімен, шешендігімен, батылдығымен тарихта аты әйгілі үш биіміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би аталарымызға арналады.

Тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру.

Қазақ халқының басынан кешкен жағдайларын айта келіп, Қазыбек бидің даналық сөзін жатқа айту.

Қазақ халқы ежелден тарихта аты әйгілі құдіретті халық. Басынан небір қиындықтар өтсе де, іргетасы сөгілмей, оған бой бермей келегн. Халқымыз басынан бірнеше қақтығыстарды, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі жойқын соғыстарды, ұлт азаттық жолындағы көтерілістерді «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» зобалаңын, одан кейін де қаншама қиындықтарды басынан кешірген. Дегенмен өзінің бірлігін, елін, жерін қорғап қалған, ешкімге басындырмаған өжет ел болғандығы белгілі.

Қазақ халқының қандай ел болғандығын біз Қазыбек бидің мына сөздерінен аңғарамыз: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау шаппасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз, дәм-тұзды сақтай білген елміз. Асқақтаған жан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз».

Мәне, осы сөз жолдарынан халқымыздың достыққа адал, дұшпанға айбарлы ер болғанын аңғару қиын емес.

«Жүз», «би» ұғымдарын түсіндіру.

Кең байтақ қазақ елін бір орталықтан бағындыру мүмкін болмады. Сондықтан да Тәуке хан халқымызды үш жүзге бөліп, үш би тағайындаған. Ол үш би үнемі қандай іс болмасын ақылдасып, ойласып шешетін болды. «Жүз» деген сөз «жақ», «бағыт», «билік» деген ұғымдарды білдірсе, осы жүздердің басшысы болған адамдарды «би» деп атаған.

Бүкіл Қазақстанды басқаратын мемлекет бүкіл ел қабылдаған Заң болмаған уақытта барлық даулы мәселелерді, түрлі талаптарды шешуді жөн-жоба білетін, қазылық жасай алатын, тәжірибесі бар адамдар шешетін болған. Билер бірте-бірте сот (қазылық) қызметін атқарған. Сонымен қатар жеке ауылды, руды, тайпаны да басқарды. Олар қол астындағы қауымның көшіп-қонуын реттеген, жасақтарға қолбасшылық етті, халықтан түрлі алым-салықтар жинады. Олар туған халқы үшін, оның келешегі үшін аянбай қызмет еткен.

Қай жүздің биі кім екенін айту мақсатында жұмбақ айтыс айтқызу және би аталарымыз ауылдарына саяхатқа бару. Айтыс айтылады.

Саяхат барысы:

Төле би ауылына саяхат.

Қазақ халқы үлкенді «аға» деп сыйлап, құрмет тұтқан. Қазақта аға туралы «Ағасы бардың жағасы бар» деген мақал бар. Сондықтан біз осы билеріміздің үлкені Төле би ауылына алдымен барамыз. Төле би ауылына бара жолда оның өмірбаянымен таныстырамыз.

Міне, Төле би ауылына келіп те жеттік. Бізге бұл ауылдың ұландары бидің айтқан толғауларын айтып береді.

Бірнеше білімгерлер сөз алады:

1. Жаманға да бақ қонатын күн болады. Біреудің өтірігі шын болады. Батырдан бақ қайтатын күн болса, қанша тауып айтса да мін болады.

2. Жаңбыр жаумаса – жер жетім, басшысы болмаса – ел жетім, ұқпасқа айтқан – сөз жетім.

3. Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса – ырысыңның тұрағы.

4. Тамыры терең қара емен, қасқал күтер дауылды. Ақылды шешен сөйлесе, таратар түгел қауымды.

Қазақ халқында келген қонақ «қонақ кәде» жасап, өнер көрсетер болар. Қонақ кәдеге «Туған жер» әні орындалады.

Оқушылар: Ендеше, ауылдың алты ауызын тыңдайық.

Отаным әні орындалады.

Біз енді Орта жүздің биі Қазыбек би атамыздың ауылына жол тартамыз. Барар жолда Қазыбек бидің өмірімен, шешендігімен таныстыру. Бұл ауылдың жастары өз билерін қалай таныстырар екен?

1. Қаз дауысты Қазыбек би де өз әділдігімен ел билеп, тапқырлығымен шешен болған және де көсем болған. Артына өшпес із қалдырған, аталы сөздер айтқан.

2. Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбам.

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

3. Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

4. Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шапқыншылаған сөз қиын, дәл осындай жағдайда пана болмас өз үйің.

Енді кіші жүздің Әйтеке би атамыздың ауылына барайық. Барар жолда Әйтеке бидің өмірімен таныстырамыз. Кәне, Әйтеке би ауылының жастарын тыңдап көрелік:

1. Кіші жүз Әйтеке би ұрпағымыз «татулық», «бірлік», «достық» - ұранымыз. Елімнің мәртебесін асқақтатар халқымыз үміт күткен ұланымыз.

2. Биіміз Әйтекені таныс етсек,

Үш бидің кішісі ол, аты әйгілі.

Ел басшысы және де батыр екен,

Нақыл сөзі сақталады есте мәңгі.

3. Ашу деген ағын су, алдын ашсақ ақырар. Ақын деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

4. Су алмайтын суат жоқ, тамыры суда тұрса да,

Уақыты жеткенде, құралмайтын құрсақ жоқ.

Бұл ауылда қойылым көрсетіледі. Үш биіміз үнемі халық арасында бірге болып, оларға ақылшы, көмекші бола білген. Халықпен үнемі кездесіп, өз ойларын, білгендерін ортаға салып отырған.

Үш ауылдың биін ортаға шақырамыз.

Қойылым: Үш бидің халықпен кездесуі.

Қатысушылар, білімгерлер: Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және қатысушылар.

Қорытынды.

Біз міне, билер ауылын аралап, олардың өмірімен, қызметімен танысып қайттық.

Міне, бүгін біз қазақ халқының ешқандай қиындыққа мойымай, өзінің ұлттық дәрежесін сақтап келген ғажап халық. Оның осындай дәрежеге жетуіне, ауызбіршілігі, татулығы мол болуына осы үш биіміздің де үлесі мол болған.

Біз олардың есімін еске сақтаймыз. Қазақ халқы әлі де өркендеп, келешектен зор үміт күтеміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030-шы жылға жасаған стратагиялық бағдарламасы соның айқын айғағы.

Кездесу соңында Қазақстанның ән ұраны орындалады.

С.Қалиевтың жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі ой-пікірлеріне, еңбектеріне талдау жасауға «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика», «Жалпы педагогика» курстарында арнаулы сағат бөлінбегені өкінішті. Ал, профессор С.Қалиевты өз әріптестері, қаламдас ғалымдар «Ұлттық педагогика тарихының білгірі, әрі қолбасшысы» (проф. Н.Н.Нұрахметов), «Тәрбиелік ойлар тағылымының шынайы жанашыры» (проф. Ә.К.Құсайынов), «Ағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы» (проф. Т.Балынбаев), «Ізденуден жалықпаған феномен ғалым» (проф. М.Құдайқұлов), «Қазақ этнопедагогикасының абызы», («Этнопедагогика» журналының редакциясы) деп көрсетеді.



Біз зерттеуде эксперимент әдісін қолданған жоқпыз. Себебі, көрнекті ғалымның қазақ этнопедагогикасына қосқан үлесі жөнінде арнаулы зерттеулер, бағдарламалар да өте жеткіліксіз. Сондықтан С.Қалиев сияқты қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие тарихын толықтай зерттеп, жас ұрпақтың ұлттық қадір-қасиеттерін қалыптастыруда жалықпай сан қилы еңбектер жазып жүрген тұлғалардың тағлымын тану, тереңіне үңілу аздаған жылдарда тез бітіре салатын оңай іс емес, ол үшін әлі талай жылдар бойы жасалатын ізденістер мен қажырлы еңбектер қажет деп санаймыз. Сауалнама сұрақтары:

  1. Серғазы Қалиевтің өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өздеріңіздерге алар едіңіздер?

  2. Ғалымның еңбектерін атаңыздар?

  3. Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыздар.

  4. Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер.

  5. С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?

  6. Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.

  7. Ғалымның халықтар арасындағы татулық жөніндегі пікірлері.

  8. Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.

  9. Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері.

  10. Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?

Осы сұрақтар арқылы сауалнама жүргіздік (Кесте – 5).
Кесте 5 – С.Қалиев жайында студенттердің білім деңгейін анықтау кезеңі




Сұрақтар

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің жауаптары


Студ.

саны

Жоғары %


Орташа %


Төмен %

Студ.

саны


Жоғары %


Орташа %


Төмен %

1.

С.Қалиевтың өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өзіңізге алар едіңіз?

19

2

5

12

18

3

5

10

2.

Ғалымның еңбектерін атаңыз.




2

6

11




2

4

12

3.

Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыз.




3

5

11




3

5

10

4.

Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер қандай?




3

4

12




4

4

10

5.

С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?




2

5

12




1

3

14

6.

Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.




1

5

13




2

4

12

7.

Ғалымның халықтар арасында татулық жөніндегі пікірлері.




3

6

10




3

5

10

8.

Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.





2

6

11




3

6

10

9.

Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері




3

5

11




2

4

12

10.

Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?





2

4

13




1

5

12

Жиыны:




2,3

5,1

11,6




2,4

4,5

11,2

Жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарап отырып, білімгерлердің тақырып аясында білімдік деңгейінің төмендігі анықталды. Сондықтан «Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты арнаулы курс ұйымдастырғанды жөн деп санадық (Кесте 6).


Кесте 6 – «Серғазы Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Пайдалану жолдары

лекция

семинар

1

Арнаулы курс бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

1




«Профессордың өмір жолдарымен таныстыру»,

«Арнаулы курс мазмұны мен міндеттеріне талдау жасау»



2

С.Қалиевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық білім беру жүйесі

1

1

«Қазақ этнопедагогикасының тарихынан» студенттердің оқу-ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын жасау.

3

Қазақ этнопедагогикасының ұғымдарына С.Қалиевтың анықтамалары

1

1

«Этнопедагогика», «Халық педагогикасы», «Халықтың салт-дәстүрлері», «С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік көздері» атты семинар өткізу.

4

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерінің С.Қалиев еңбектерінде зерттелеуі.

1

1

Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы туралы дөңгелек стол ұйымдастыру.

6

Халық педагогикасының «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Толық адам» тәриелеу қағидалары С.Қалиев зерттеулерінде

2

1

Халық педагогикасындағы «Сегіз қырлы, бір сырлы » адам тәрбиелеу туралы пікірталас ұйымдастыру.

5


С.Қалиев Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің жандануы туралы.

2


2

Тақырып бойынша Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың, С.Ұзақбаеваның, Ә.Табілдиевтің, Қ.Бөлеевтің, К.Қожахметованың, Ж.Асановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбиенің тәрбие ой-пікірлеріне семинар өткізу.




Барлығы

8

6



Арнаулы курс ұйымдастырылып, ғалым-педагог С.Қалиев туралы лекция, семинар сабақтарын жүргізгеннен кейін білімгерлердің білім деңгейін тексеру мақсатында сауалнаманы қайта жүргізіп нәтижесін шығардық (Кесте – 7)


Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет