§1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚАРЖЫ
ДЕЛДАЛДАРЫ РЕТІНДЕ
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріңе қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына
Коммерциялык банктер 277
байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып,. кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің укімі бойынша) беріліп, кейіннен
278 Ақша, несие, банктер
олар банктерге және олардың акционерлеріңе пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр.түрлі депозиттерді ұсыңады, бұл, бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін канағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозитгік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және
Коммерциялық банктер 279
несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығың жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бүл ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі -филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.
280 Ақша, несие, банктер
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктік хопдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын кездейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).
§2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
БАНКТІҢ БАСҚАРУ Қ¥РЫЛЫМЫ
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлтгық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы занды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Коммерциялық банктер 281
Еншілес банк - жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келді.
Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б. маманданды.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық ком-мерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттардың (жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді қосқанда) филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаггар қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар
282 Ақша, несие, банктер
ашуға рұқсат береді, өзгелері - штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.
Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды. Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығыңың ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс аударуы және т.б.) банк филиалдарының торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін1.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын тандау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетгі, өйткені шешім қабылдау барысында
' Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. -М.: Все для вас. 1993, с.86.
Коммерциялық банктер 283
кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіе.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағы-ныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Баністі басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік зандар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқыгы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т.б., яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың. жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
284 Ақша, несие, банктер
Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың (банк кеңесінің) ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес кяиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың (банк кеңесінің) негізгі қызметтері:
Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, басқарма (кеңес) мен басқару жетекшілері бірлескен түрде дайындалған
арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай
жағдайларды қамтиды:
- банк ресурстары бірінші кезекте қызмет
көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін
операцияларды;
- банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы
сұрақтар;
- маркетинг әдістері және жаңа банктік несие
мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
- өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
- нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын
нығайту шаралары.
пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне
қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы,
олардың біліктілігін және т.б. арттыру
бағдарламалары.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк - күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір,
Коммерциялық банктер 285
білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар
басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау
үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік
(ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық (несие беру
инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын
тексеруге).
Қарыздық және инвестициялық операциаларға
бақылау жасау. Басқарма (кеңес) заңды түрде несие мен
бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк
саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау
жасайды.
Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма (кеңес)
мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды
жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім
жетекшілерінің есептерін тындайды және банк ісін
талқылайды. Басқарма (кеңес) мүшелері өздерінің
шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға
бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен, кеңес (басқарма) коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.
Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
Бұл басқарылу құрылымы келесідей болып келеді: президент - қарыздық операциялар бойынша аға вице-президент немесе депозиттік операциялар бойынша аға вице-президент -бөлімдер бойынша вице-президент. Көрсетілгеннен басқада банкті құрудың варианттары болуы мүмкін.
Аймақтың және жалпы ұлттық нарықтардағы банк қызметінің кеңею шамасына қарай күрделене түседі және оның оперативті буындарының мамандандырылуы мамандардың, сарапшылардың сырттан келуін, жаңа технологияларды пайдалануды және т.б. талап етеді. Мұндай жағдайларда банктің ішінде клиенттерге белгілі бір қызмет түрлерін және қаржылық операцияларды көрсететін арнайы кәсіби орталықтар жүйесін құру пайдалы. Олардың өзінің қызметтері, басқару аппараттары, өзінің сметасы мен алыңған
286 Ақша, несие, банктер
пайдасы болады. Мысалы, бұл траст бөлімі өзінің қызметіне байланысты ерекшеленеді. Оның жұмысының шығындары мен нәтижелерін нақты бағалауға болады. Бұл құрылым мынадай болып келеді: президент - операциялар түрі бойынша вице-президент - кәсіби орталықтар - аймақтар (Техас).
Сондай-ақ маманданудың көптеген дәрежесі банктік холдинг-компаниясына дейін жетеді. Мұндай сызбада оған қаржы, ипотекалық, лизингтік компаниялар, трасталық және инвестициялық фирмалар, жол чектері мен несиелік карто-чектерді шығарушы компаниялар, аудиторлық фирмалар және басқалары кіреді. Банктік холдинг олардың қызметін бақылайды.
Мұндағы еншілес бөлімшелер мен филиалдардың заңды дербестігі болады. Ортасында - холдинг-компаниясы, жанжағында - банктер, қаржы, траста, лизинг және ипотекалық компаниялары болады.
Сонымен, холдинг сызбасы еншілес компаниялар мен филиалдардың жоғары дәрежеде дербес болуын қалайды.
Акционерлер жиналысы кеңес (басқарма) құрамынан банктің қызметіне шұғыл жетекшілік ету үшін банк басқармасының (кеңесінің) төрағасын сайлайды. Ол акционерлердің жиналысының шешімін орындайды, банктің еңбек ұжымын ұйымдастырады және оларға жетекшілік етеді, банктің іскер иелерімен және басқа да ұйымдармен байланыс орнатады.
Банкке жетекшілікті алдынғы қатардағы басқармалар мен бөлімшелердің жұмысын жүргізетін, өзінің орынбасарларының көмегімен банк председателі атқарады
Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша кұрылатын бөлімше мен басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарың координациялады, олардың бағдарламалары мен нақты мақсаттарын айқындайды. Сонымен қатар, жұмыстарын бағалайды және кеңес береді. Олар басты назарын негізінен соңғы нәтижелеріне аударады.
Коммерциялық банктер 287
Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының қандай да бір бөлігіне шағын ғана маман- данған жұмыспен айналысатын кәсіби мамандардан тұрады
7-сызбада Акционерлік-коммерциялық банкті басқаруды ұйымдастырушылық құрылымы келтірілген (Тұранбанктің).
АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғары қызығушылық туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиңалысы болып табылады. Ол стратегиялық шещімдерді қабылдайды. Акционерлер жиналысында диреқторлар кеңесі сайланады (ірі банктерде президент), ол банктің қызметіңің барлық негізгі сұрақтарын шешеді. Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай: банктің стратегиялық мақсатын анықтау жәңе банк саясатын құру, жетекшілік
288 Ақша, несие, банктер
органдарға адамдар іріктеу, комитеттерді құру; қарыздық және инвестициялық операцияларды бақылау, кеңес беру; банк қызметтерін кезеңдік тексеру және т.б. қызметгер.
Директорлар кеңесі іс-тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дарежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады
1) жоғары менеджерлер;
2) администраторлар;
3) қадағалау және ревизиялық функциялар
берілген тұлғалар.
Жоғары менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударады.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге - қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған, неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғары лауазымды тұлғасының қатарына: директор кеңесінің төрағасы, президент, қазынашы, бақылаушы, ревизор жатады.
Директорлар кеңесінің төрағасы - жедел іспен айналыспайды, бірақ директорлар кеңесін шақырады және жүргізеді, әр түрлі форумдарға банк атынан қатысады. Кейбір банктерде бұл орынды президент орнымен бірлестіреді.
Президент - бұл банктің барлық іскерлік өмірінің басқарушысы. Ол жедел шешімдер қабылдайды, барлық бөлімдердің қызметтерін басқарады, билік және басқада ұйымдармен байланысын реттейді. Ірі банктерге президент вице- президентттер арқылы банк
Коммерциялық банктер 289
қызметінің күнделікті жұмысына басшылық етеді.
Американ банктерінде казынашы қызметі өте маңызды болып табылады. Ол банкінің басты бөлімдерінің арасын жалғаушы буын бола отырып, барлық қызметтердің жедел жүзеге асырылуына тікелей жауап береді. Ол вексельдерді есепке алуға, траттаны акцептеуге, қарыз беруге, депозит қабылдауға, бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат береді. Кассалық операцияларды бақылайды, банктің берген есебінің және құжаттарының дұрыстығына байланысты жауапкершілікті мойнына алады. Директорлар кеңесінің міндетті мүшесі және оның тұрақты секторы болып табылады. Президент пен қазынашы қызметінің басты айырмашылығы мынада: президент жалпы басшылықты, бақылауды және қадағалауды жүргізеді, ал қазынашы іс жүзінде операциялардың орындалуын басқарады. Қазынашының өкілеттілігі банк жарғысында қатаң бекітілген.
Бақылаушы - бухгалтерлік және статистикалық бөлімнің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
Ревизор банктің жұмысын, оның кейбір бөлімшелерінің қызметтерін тексереді.
БАНКТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылық ауданындағы банк - өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау -жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгіпері - банктің орындайтың
290 Ақша, несие, банктер
операциясының көлемі мең экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет турін көрсетуге маманданады, алдына әр турлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық құрылымның барлық түрінің өзіндік артықшылыктары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің фунқционалдық құрылымына, банктің алдына қойган міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік іс-тәжірибеде банктің ұйымдастырушылық құры-лымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көр-сетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты қосымша шағын бөлімшелер құрылуы мүмкін.
Функционалдық құрылым негізіңде қандай да бір қызмет түрін көрсетуге мамандандырылған және шаруашылықты басқаруға, тағы басқа нарық жағдайына тәуелсіз әрекет етуге қабілетті шағын банктерде қолданылады, басқаша айтқаңда тұрақтылық жағдайында. Бірақ мұндай идеалды шарттар іс жүзінде өте сирек кездеседі, сондықтан банктер ұйымдастырушылық құрылымының басқа типтерің қолданады.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық кұрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда баңк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдеріңің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құрылымдық бірліктер
Коммерциялық банктер 291
- басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
Банкі өңімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.
Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасын әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылыктарға ие.
Бұндай банктердің құрылымында келесідей басқармалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелендіру, ұзақ мерзімді несиелендіру, бағалы қағаздар, трасталық, қаржылық қызметтер және басқалары. Әрбір басқарманың тізімінде біраз маманданған бөлімдер болуы мүмкін. (Мысалы, қысқа мерзімді несиелендіру басқармасында - кәсіпорындарды, тұрғындарды, шағын кәсіпорындарды несиелендіру бөлімдері; ал қаржылық қызмет көрсету басқармасында - лизинг, факторинг және т.б. бөлімдер болады).
Шағын банктерде басқарманың орнына тек маманданған бөлімдер құрылады.
Тұтынушылардын, әр түрлі топтарына бейімделген құрылымы. Мұндай принциптер бойынша құрылған банктер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпорацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық кұрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде оның ұйымдастырылу негізінде іс-әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы принципі жатуы мүмкін. Мұндай облыс, аудан шегінде клиенттерге кызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларды дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
292 Ақша, несие, банктер
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әр түрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақгың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің ұйымдастырушылық құрылымының кез келген сызбасында банк операцияларын орындайтын негізгі бөлімшелерге, жоғары кәсіби маманданған банктің мамавдары жұмыс істейтін бөлімдер жатады.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штабтық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату-сатып алу және т.б.
Штабтық бөлімдер - желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни инфрақұрылым оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық және т.б. бөлімдері. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері (орта және шағын банктердегі) құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Несиелік ресурстарды шоғырландыру және жұмылдыру бойынша банк операцияларын, яғни пассивтік операцияларды депозиттік операция басқармасы орындайды да, осы есеп-қарыздық операцияларды, яғни активті операцияларды - несиелік басқарма орындайды. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына (факторингтік, лизингтік, кеңес берушілік, ақпараттық және т.б.) үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Банктің қызметін болжау басқармасы банктің қызметінің негізгі қағидаларын: өтімділік, пайдалылық және сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктің басқарушылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылған. Сәйкесінше, оның құрылымы 3 бөлімнен тұрады.
Коммерциялық банктер 293
Өтімділік бөлімі банктің өтімділігін анықгау бойынша сұрақтар кешенімен айналысады. Шаруашылық есеп бөлімі банктің кіріс және шығысын болжау, нақты кірістер мен шығыстарды талдау және пайдалылықты анықтаумен айналысады. Коммерциялык қызметтің негізін жасайтын бөлім несиелік потенциалды анықтаумен, банк іскерлік саясатының актісін жасаумен айналысады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі - банктің меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен айналысады.
Есеп-кассалық операциялар басқармасы - клиенттерге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады.
Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған.
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпа-раттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
Коммерциялық банктер көлеміне байланысты басқада қызмет түрлері болуы мүмкін: кадрлар бөлімі, заң бөлімі, шаруашылық, ревизиялық, ЭЕМ пайдалану және енгізу, т.б. бөлімдер.
Банк құрылымының бірнеше сызбасы бар екендігі белгілі, олардың әрқайсысы несиелік нарықтың анықтайтын түріне бейімделген. Банктің құрылымының неғұрлым қарапайым түрі - пирамида тәрізді. Бұл клиенттермен шектелген, басқа несиелік мекемелердің болмауы және банк негізінен ауылдық жерде орналасқан жағдайлардағы несиелік нарыққа лайықты.
294 Ақша, ңесие, банктер
Мұндай сызбаға тігінен шекті қарапайым байланыстар, банк жетекшілігіне бөлімдердің тікелей және бағыныштылығы тән келеді.
Банктерде бұл типтес 6-8 бөлім бар: несиелік, инвестициялық, кассалық және депозиттік операциялар, трасталық, ревизиялық және әкімшілік бөлімдері.
Ірі әмбебап банктер бөлімшелерімен (ТұранӘлемБанк, Қазкоммерцбанк, Халық банкі) аймақтық құрылымға ие. Бұл құрылымның өкілеттілігінің көп бөлігі басқарудың орталық органымен төменгі деңгейге өтеді - бөлімдер мен филиалдарға осыған байланысты олардың арасында аралық буындар пайда болады - ТұранӘлемБанк, Халық банкі, Қазкоммерц-банк - филиалдар мен бөлімдердің басқармасы.
АҚШ-тың коммерциялық банкінің функционалдық бөлім-шелерінің ұйымдастырушылық құрылымы оперативті және штабтық қызметтер жүргізеді. Біріншісі, банкінің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты функциялар - бұл қызметтердің келесі түрлерін: несиелендіру, инвестициялау, сенімділік операциялар, халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру, депозиттік қабылдауды қамтиды. Штабтық бөлімінің қызметі орындаушыларға маркетинг, бухгалтерлік есеп және талдау, әдістемелік жұмыс сол сияқтылар бойынша кеңес беруден көрінеді.
Несиелеу, есеп-қарыздық операциялар, халықаралық опе-рациялар, инвестициялар мен бағалы қағаздар бөлімдері және т.б. бөлімдер банкті басқарудың негізгі функционалдық құрылымдары болып табылады. Штабтық бөлімдер, бұл -олардың инфрақұрылымы болып табылады. Сонымен қатар, штабтық бөлімдер негізгі бөлімшелердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайларды туғызып отырады.
Бөлімдер желісі бар банктердің ұйымдастырушылық құрылымы филиалсыз банктерге қарағанда өзгеше, бірақ олармен атқарылатын функциялар жалпы бірдей болады. Негізгі айырмашылық бас кеңседегі жоғары басқарушы тұлғаларға берілген функциялар мен бөлімдерді басқаруға қатысты. Бөлімдер торабы бар банктердің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар, өз құрамына оперативті кызмет желілері мен функционалдық бөлімшелерді қосады, бірақ функциоңалдық бөлімшелердің салмағы жоғарылау болады.
Коммерциялық банктер 295 АҚШ коммерциялық банктерінің, сондай-ақ шектелген клиент пен локальды нарық жағдайындағы филиалсыз орташа ұсақтандыру банктердің ұйымдастырушылық құрылымдарында банкті құрудың пирамидалық сызбасы орын алады. Барлық бөлімшелер президентке тек вице-президент арқылы бағынады.
Клиенттердің көп бөлігіне қызмет көрсететін бөлімшелері мен филиалдары бар ірі әмбебап коммерциялық банқтер әр аймақта банкті құрудың географиялық сызбасына ие болуы мүмкін. Мұндай сызбада бүкіл өкіметтік орталық басқару органдарынан төменгі ранг басшыларына ауысады, жоғары басшылар мен төменгі құрылымдар арасында аралық буындар пайда болады (мысалы, президент - батыс аудан мен оңтүстік ауданның атқарушы вице-президенті - бөлімше -бөлімдер.
Мұндай ірі аумақтық банктерде банкті құрудың функционалдық сызбасы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |