АҚША, несие, банктер



бет22/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

452 Ақша, несие, банктер

 

Халықаралық валюта-несие... 453

Осыған қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ при-циптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Дуние-жүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт болып табылады, ал ХВҚ - бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.

Бреттон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық өзінің ресми атуы - Халықаралық қайта құру және даму банкісінде (ХВКДБ) қарастырылған дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті - экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.

Дүниежүзілік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бас-тады. Алғашқы несиелері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы ел-дерге өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалык және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.

Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарап-ынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта халықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.

Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйымнан тұрады - Халық-аралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Халық-аралық даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағаттылған -Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.

454 Ақша, несие, банктер

Дүниежүзілік банкте 6000-нан астам арнайы адам кызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар, оньщ қызмет-керлерінің 95%-ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгер-лер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйе-сінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.

Дүниежүзілік банк - инвестиялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардьщ акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген несие беруге жұмсайды. Несие 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген несиелері донор-елдердің қаржысы арқылы шешіледі.

Дүниежүзілік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі несие алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қо-лайлы пайыз нормасымен беріледі.

Дүниежүзілік банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд. доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. - 27 млрд. доллар, 1980 ж. - 34 млрд. СДР-ға дейін (ол кезде СДР=1.317 долларға теңескен), ал 1994 ж. - 140 млрд. СДР-дан астам болды.

Дүниежүзілік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген қаржының бірінші бөлігін банк өз еркімен пайда-лана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден теленбейді, бірақ банкке өзінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.

Дүниежүзілік банк несиелік қабілеті бар дамушы елдер-дің үкіметтеріне өз несиесін береді.

Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл ел Халықаралық қайта құру және даму банкісінен несие алуына

Халықаралық валюта-несие... 455

мүмкіндігі бар. Бірақ несиенің пайызы банктің нарықтық пайызынан шамалы артығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.

Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдер-дің үкіметтеріне несие бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА-ның жұмсайтын барлық несиелерінің 80% жұмсалады. ХДА несиесіне пайыз төленбейді, оның кайтару мерзімі 35-40 жылды құрайды.

■ ХКДБ қарыздарын (ссуда) беру шарттары:



  1. несие тек қана үкіметтерге, олардың орталық банк-

тері экономикалық даму үшін жасаған жобаларды

қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға

кепілдік берген жағдайда;

2) несие алушы өзіне қолайлы шарттармен басқа

жерден несие алуға мүмкіндігі болмаса;

3) ХҚДБ-нің сарапшы комиссиясы ұсынған жобаға

баға беріп оны қолдауға рұқсат берген жағдайда;

4) қаражатты пайдалану қатаң мақсатты көздейді

және қаржы тек қана жобаны іске асыруына қарай,

кезен-кезеңімен беріледі.

Бұл ережелер ХКДБ-нің де және оның несие берушілері-нің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейде несие беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.

Дүниежүзілік банк несие берген кезде көбірек көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы өте нашар дамушы елдер жатады. Бірінші кезекте ауылдық жердегі егіншілік-пен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға несие береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жүйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй құрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.

Қазақстан Дүниежүзілік банкінің мүшесі ретінде оның несиесін пайдаланушы болып табылады. Оның несиесімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржылан-дырылуда.

456 Ақша, несие, банктер

§З.ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІСІ

Европа қайта құру және даму банкісі (ЕҚДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық| инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.

Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.

ЕҚДБ-нің басты міндеті - бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдық қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т.б. салаларды қолдау болып табылады.

ЕҚДБ-нің негізгі несие беретін объектілеріне - жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.

ЕҚДБ несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды пайдаланады, экономиканың нақты салала- рына, инфрақұрылымға және экология саласының дамуын-дағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды.

ЕҚДБ-нің жұмысындағы маңызды аспекті - басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚЦБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдердің нарықтық экономика үшін банктік

Халықаралық валюта-несие.. 457

және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуге көмек беретін Біріккен Венск институ-ты кұрылды. ЕҚЦБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері - 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі - 24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы - 8,5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕҚДБ-ның жарғылық капиталының 8,5% үлесін иемденеді.

ЕКДБ жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген. Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген.

ЕҚЦБ-нің несие қоры жай ресурстар мен арнайы қор-лардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамы-на: а) шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал; ә) әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат; б) заемдарды қайтарудан түскен каражат пен кепілдіктен түс-кен қаражат, сондай-ақ акционерлік капиталға инвестиция-лаудан түскен түсім; в) арнайы қорға жатпайтын ЕҚДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары.

Арнайы қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвести-циялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардың қара-жаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, несие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады.

Өз қызметінде ЕКДБ операцияның әр түрлі формаларын қолданады: жекешелендірілген сектордың кәсіпорындарына несие беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру.

ЕКДБ экспорттық несиеге кепілдеме бермейді және сақтандыру жұмысымен айналыспайды.

Жоғарыдағы операцияларды орындау үшін ЕҚДБ мына бағыттарға қаражат жұмсайды, олар: энергетика, инфрақұ-рылым, көлік, телекоммуникация, экология, агробизенс, қаржы секторы мен жекешелендіру.

ЕҚДБ ұйымдық құрылымы бойынша өзге халықаралық қаржы институттарынан айырмашылығы жоқ. ЕКДБ-нің

458 Ақша, несие, банктер

басқару жұмысын басқару кеңесі, директорлар кеңесі және президент атқарады. Басқару кеңесіне - әр қатысушы банк-тен 2 өкіл кіреді. Әр жыл сайын болатын жиналыста кеңес өз басшысын төраға ретінде сайлайды.

Басқару кеңесі өкілетілігінің бір бөлігін директорлар кеңесіне жіктеуі мүмкін. Директорлар кеңесі - басты атқа-рушы орган болып табылады. Ол 23 мүшеден құралады: директордың 11-і ЕО және ЕИБ-ге мүше болған елдерден сайланады, 4-і Орталық және Шығыс елдерінен; 4-і қалған Еуропа елдерінен; 4-і Еуропалық емес елдерден сайланады. Мүше болған директорлар 3 жылға сайланады.

Басқару кеңесі 4 жылға ЕҚДБ Президентін сайлайды. Ол директорлар кеңесінің басқаруымен ЕКДБ ағымдағы қыз-метін басқарады.

§4. АЗИЯ ДАМУ БАНКІ

Азия даму банкісі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Жапо-ния, Австралия елдері де кіреді.

1980 ж. азияның 29 елі банктің аймақтық мүшелері ретін-де банк мүшелерінің жиналысында 66,6 % дауыс алса, оның ішіңде Жапония үлесі - 26,2% дауыс, Австралия -11,1% дауысқа ие болды. Кешірек АзДБ мүшесі болып, тағы 14 тәуелсіз дамыған ел қосылды. Олардың дауыс үлесі 33,4% құрайды. Бұған Жапония мен Австралияны қосқанда басқарушылар кеңесінің жиналысында алған үлесі 70%-дан астамын құрады. АзДБ-нің жарғысы бойынша банк, тек мүше болған елдерге қаржы бөледі. Штаб-пәтері Филип-пиннің астанасы - Манила қаласында.

АзДБ өз операцияларын ЕКДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9,5 млрд. доллар бол-ды, оның 8,9 млрд. долларына қол қойылды. Банктің ереже-сі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіле алады. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады. Оның 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады.

Халықаралық валюта-несие... 459

АзДБ-нің мүше болған елдердің банктерінің капитал жүмсалымдар бойынша түсімдерден аударған және өз еркі-мен қосқан жарналардан арнайы қоры бар. Осы қор қара-жаты нашар дамыған елдердің экономикасын және әлеуметтік инфрақұрылымдарын жаксартуға жеңілдікпен несие беру үшін пайдаланылады.

АзДБ облигация шығару арқылы өзінің қаражаттарын әлемдік-қаржы нарығанан тартады.

АзДБ несиенің көп бөлігін мынадай 5 елге берді -Индо-незия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд. 1980 жылдың басында 8,7%-ға 5 млрд. доллар несие берді. Оның қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым - 2-7 жылдан кейін. Берілген несиенің 1/3-і жеңілдетілген несие, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі..

Несиені беретін негізгі бағыттары - экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп объектілері, ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өңдейтін өнер-кәсіп. Банкінің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне - сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.

§5. ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ

Ислам даму банкісі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясыңдағьі Джидде қала-сында орналасқан. Аймақгық кеңселері үшеу, олар - Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Баңктің құрылтайшы-лары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы -16,6%, Ливия - 6,7%, Кувейт - 8,3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан,

460 Ақша, несие, банктер

Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.

Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар Дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу.

1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржылан-дырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке бай-ланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтық қаржы мекемелерімен бірле-сіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ дол-ларына жетті.

Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашы-лыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сақгау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.

Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игеру-дегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.

Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұ-мыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұ-мыстарын жүргізеді.

Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарма-ның Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылға керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкіні ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған 6-ы сайланады.



Халықаралық валюта-несие… 461

Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару ди-ректорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сай-лайды.

Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент - атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жаңадан сайлауға түседі.

Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсьшман елі, атқарушы директорлардың Басқар-масының шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.

Ресми банк тілі - араб тілі, ал қарым-қатынас үшін -ағылшын және француз тілдері болып табылады.

Т Ү Й І Н

1. Халықаралық валюта қоры, мүше болған елдердің төлем балансының жағдайын қадағалайды, қысқа мерзімді несие береді.

2. Еуропалық қайта құру және даму банкісінің негізгі мақсаты - бұрынғы социалистік жүйедегі елдерге жаңа-дан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға, инвес-тиция, жекешелендіру, қайта құру, инфрқұрылымды кеңей-туге, табиғатты қорғауға көмек береді.

3. Азияның даму банкісіне мүше болып: Азия-ның дамушы елдері, Жапония және Австралия елдері кіреді. Бұл банкінің қаржысы тек қана мүше болған елдердің экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жасаған жобаларға жұмсалады.

4. Дүниежүзілік банктің негізгі міндеті - экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіру, халықаралық сауда жасау үшін ықпал ету. Бұл банкі инвестициялық банкі боп есептеледі. Инвестиция

462 Ақша, несие, банктер

алушылар арасында делдалдық жұмыс атқарады, біреуінен алып, екіншісіне несие береді. Банктің иесі мүше болған елдердің үкіметтері болып саналады. Олардың акционерлік капиталының құны мөлшермен АҚШ-тың 185 млрд. дол-ларына бағаланады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. ХВҚ-ның пайда болуының алғышарттары, оның қыз-

меттерінің негізі қандай?

2. ХВҚ-нын басқару құрылымы қандай?

3. ХВҚ қандай қызмет атқарады?

4. ЕҚДБ-нің міндеттері.

5. ЕКДБ-нің несиелік бағамы және несиелеу объектілері.

6. АзДБ-нің мүшесі кімдер?

7. АзДБ-нің міндеттері.

8. ХВҚ-дан Дүниежүзілік банкінің айырмашылығы.

9. Дүниежүзілік банкінің міндеттері қандай?


  1. Дүниежүзілік банк өзіне қандай ұйымдарды қамтиды,

олардың міндеттері қандай?

463


 ДЕНЬГИ, КРЕДИТ, БАНКИ

Учебник

(на казахском языке)

Редакторлары: А. Ж. Сарсенбаева



Н. Р. Жексенбаева

Теруші: С.С. Жүнісова, К. С. Досмагаибетова.

Компьютерлік кескіндемеші: С.С. Жүнісова,

К. С. Досмаганбетова.

Мұқаба суретшісі: Н.А. Мауль.

Теруге 18.01.2001 жіберілді. Басуға 19.04.2001 қол қойылды. Пішімі 60x84'/,6. Баспа табағы 29,1. Есептік баспа табағы 25,44. Шартты баспа табағы 26,97. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №3/85.

Тұрар Рыскұлов атындағы Қазақ мемлекетгік басқару

академиясынын “Экономика” баспасы.

480063, Алматы қаласы, Сайын көшесі, 81-үй.



“Экономика” баспасынын компьютерлік орталығында

теріліп, беттелген және көркемделінген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет