§1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар заемдық қаражаттарды пайдаланудағы дү-ниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономика-лық мазмұнына, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, инвестициялық объектілерінің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызмеггерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер - бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен займдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралык несие түрінде қарастырылған.
Енді осы екі несие формаларын жеке қарастырамыз. Халықаралык сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі -оның кредитор елінен экспорттық жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиеиерді халықаралық несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады. Бұл жерде импортер мем экспортерлер де өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие алады, Несиенің бері-луі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі, оның мерзімі паиызды төлеу және қаитару
Халықаралық .. 403
шарты экспортер мен импортер еліндегі экономикалық жә-не саяси жағдайларға, тауардың түріне, екі жақтың өзара қарым-қатынасына тәуелді.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операцияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін не-сиелері, сондай-ақ импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей алуы (коммерциялық не-сиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын құбы-лыс. Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде кысқа мерзімді есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
Экспортты қысқа мерзімді қаржыландырудың (6 айға дейін) басты құралы сауда векселі болды. Бұл мәмілелер экспортер мен импортер арасындағы несиелік қатынастар-дың болуын қаламады және олар сыртқы сауда контракті-лерінде көрсетілмеді. Несие беру негізінен ірі банктер арқылы жүзеге асты, олар экспортерлердің тауарды жөнел-ту туралы күжаттарына қарсы алған тратталарын есепке алып, тауарды сатушыларға тратталарды ақша нарығында сатуға келісім береді. Несиелік операциялар импортер банкі мен вексель бойынша кепіл ролівдегі келісім беруші банк арасында корреспонденттік қатынасқа негізделіп, экспортер үшін жабдықталуына мүмкіндік береді. Сол уақыттарда экспортерлердің банктері ұзақ уақыт бойы өздерінің қаражаттарының қозғалыссыз қалуынан қашып, сыртқы сауда мәмілелерінде жанама қатысушы ретінде ғана қалып отырды.
Экспортты несиелеу 50-жылдардан басталды. Оған сату нарығындағы күрестің шиеленісуі ықпал етті. Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға арналған жеке капиталдардың ұлтгық нарығында шетелдік ұзақ мерзімді займдарды орналастыру несие беру құралының көзі регінде соғысқа дейінгі ролін қалпына келтіре алды. Бұл негізінен, соғыс жылдарындағы инвесторлардың мұндай
404 Ақша, несие, банктер
операцияларға деген сенімсіздігінің өсуіне себеп болды. Дамушы елдердің экономикалық және саяси тұрақсыздығы инвесторларды ондай бағалы қағаздарды сатып алудан бас тартуға итермеледі. Мұндай займдарға кредитор-елдердің үкіметінен және сауда-өнеркәсіп тарапынан қолдау болмады, сондықтан да оларды алушыларға сол елдің тауарларын сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудағы қажет-тілік халықаралық коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылды:
- шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығара-
тын өндірушіге тікелей берілетін фирмалық несиелер;
- экспортталатын бұйымдар мен көрсетілетін
қызметтерді жабдықтаушылары мен сатып
алушыларына берілетін банктік несиелер;
әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін
несиелер.
Экспортты фирмалық несиелеу 60-жылдардан бастап тез қарқынмен дами бастады. Осы кезде фирмалық несиелер машиналар мен құрал-жабдықтар экспортын қаржыланды-рудың негізгі әдісі болды. Коммерциялық несиені фирма-лық және банктік деп бөлу, импортердің несиені кімнен алатынына қарай: жабдықтаушы-фирмадан немесе банктен алады. Егер сыртқы сауда контрактісінде жабдықталатын тауар уақыты кешіктіріліп төленетін болса, онда несие фирмалық болып саналады.
Экспортер мен импортердің арасындағы несие шартында тауарды жабдықтау туралы жасалатын келісім бойынша мі-ндеттеме формасы несие беру мерзіміне, мәміленің көлемі мен сипатына, екі жақтың өзара қарым-қатынас ерекшелі-гіне байланысты. Тұрақты сауда қатынасы мен тауарды үнемі жабдықтау барысында несие ашық шот шартыменен беріледі де, соған сәйкес экспотер импортерге сатқан және жөнелткен тауарының құнын жазады, ал импортер көздел-ген мерзімде қарызды қайтаруға міндетті. Бұл жерде банк-тер сауда контрагенттерінен есеп айырысуда таза техника-лық делдал қызметін атқарады.
Халыкаралық ... 405
Фирмалық несие берудің ең көп пайдаланылатын қаржылық құралы борышқормен акцептелінген вексель болып табылады. Экспортер сатып алушыға контрактіде қанша төлем көрсетілсе, сонша тратталарын береді. Борышқордың немесе банктің акцептелген талабының болуы, экспортерге өзіне қызмет көрсететін банкте осы талапты кепілге беріп немесе оны есепке алу жолымен қарыз алуға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде аккредитивтік есеп айрысу формасы көмегімен фирмалық несиелерді қаржыландыру жиі қолданылады. Бүл жерде коммерциялық несиені беруге байланысты операцияға импортер мен экспортер банкі қатысады, себебі олардың арасындағы жасалынатын келісім негізінде экспортерге тауарды жөнелткендігі туралы құжатты беруіне қарсы аккредитив ашылады.
Фирмалық несиені беру туралы контрактіде сатып алу-шының қаншама мөлшерде қолма-қол ақшамен қатынасу үлесі айтылады, сөйтіп ол, өзінің алдағы мәмілеге катына-сына кепілдеме береді. Бұл сома әдетте контракт құнының 15-25%-ын құрайды. Несиені өтеуге борышқордың міндеті жай ғана вексель формасына ауысады. Банктер вексельді есепке алғаны үшін базалық есеп мөлшерлемесін және қызметі үшін бір мәрте алым алады. Егер вексельдерді есепке алу банк жағынан экспортердің алдын ала міндет-темесі негізінде жүргізілсе, онда банк несие сомасының 0,1-0,25% мөлшерінде бір мәрте алым алады. Мұндай шығыс-тарды, сондай-ақ сақтандыру құнын экспортер тауар баға-сына қосу арқылы сатып алушы есебінен оларды компен-сациялайды. Фирмалық несие беру көбіне 2 жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде оның мерзімі 5, кейде 7-8 жылды құрайды.
Фирмалық несиелеу жүйесінің дамуы тұсында айрықша қиындықтар болған емес. Ірі экспортер-фирмалар өздерінің резервтік қаражаттарын пайдаланса, ұзақ және біршама қар-жылық қатынасына тұрақты фирмалар банкіндегі овер-драфт бойынша (ағымдық шоттағы сомадан асатын мелшерде алатын қарыз) қаражатты қаржыға алуы немесе ақша нарығында қысқа мерзімді талаптарды сатып алушыға сату арқылы қаржыландырылды. Фирмалық несиелер тауарды сатуды қаржыландырумен тікелей байланысты
406 Ақша, несие, банктер
қамтамасыз ете отырып, экспортерлерге сатып алушының міндеттемесін қайта каржыландыруы бойынша шығындар-дың орнын жабуға мүмкіндік жасады.
Шетелдік сатып алушылардың несие көлемі мен шартына қойлатын талаптардың артуына, сыртқы сауда нарығын-дағы бәсекенің күшеюіне байланысты фирмалық несие берудің шектеулі мүмкіндігі көбірек айқындалады. Кейбір фирмалар меншікті қаражаттары есебінен сатып алушыны ірі сомада және ұзақ мерзімге несиелеуге қабілетті болды. Банктерден импортер векселін кепілге бере отырып немесе оларды есепке алу жолымен ұзақ мерзімді несие алу белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтырды. Банктер өз несиелерін 3 жылдан жоғары мерзімге бергісі келмеді, оның себебін қарыз алушылардың несиелік қабілеті туралы ақпарат-тардың жеткіліксіздігі, олардың міндеттемелерінің өтімділік дәрежесінің төмендететіндігімен түсіндірді. Сонымен бірге, банктік қарыздар тауарды жөнелткеннен кейін бірден беріл-мей, оларды сатып алушыны акцептегеннен кейін берілді.
Фирмалық несие берудің даму ауқымына оны ұйымдас-тырумен байланысты техникалық қиындықтар кедергі бол-ды. Ең қиыны бұл несие бойынша жауапкершілікті бөлу еді.
Экспорттық қаржыландыру тәжірибесінің дамуымен экс-порттық несиелерді мемлекеттік сақтаундыру жүйесі жеті-ліп, жабдықтаушының несиесі бойынша сақтандыру мөлше-рі өсе түсті (қазіргі уақытта еліне және мәміле шартына байланысты несие сомасы 80-нен 90%-ға дейін сақтанды-рылады). Мұндай жағдайда экспортерге қайта несиелеу және несиенің қалған бөлігі бойынша тәуекелден сақтану үшін қосымша қаражаттар іздестіруге тура келеді. Мемлекет тек қана саяси тәуекелдерге кепіл беруі жөнінде өзіне міндеттеме алғандықтан да экспортер немесе оны қаржыландырушы банк коммерциялық тәуекелдер бойынша жауапкершілікті өздеріне алуға мәжбүр болды.
Осы міндеттемелердің барлығы 50-60-жылдардағы экс-портты қаржыландырудың жаңа әдістерін дамытуға жол берді, оның ішінде алдыңғы орын шетелдік сатып алушыларды тікелей банктік несиелеуге тиді. Осыдан банктер мен фирмалық несиелер арасында қызметтер бөліне бастады. Банктік несие ең бастысы кредитор-елдің
Халықаралық 407
өнімдерін сатып алушыларға орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді берумен аз сомада қысқа мерзімді несиелік мәмілелер қалады. Англия және Франция сияқты елдерде орта және ұзақ мерзімді несиелеудің жалпы көлеміндегі фирмалық және банктік несиелердің өзара қатынасы 2:1 теңеседі, соңғы жылдары тікелей банктік несиелердің (сатып алушыға берілетін несиелер) үлесіне сондай мерзімді экспорттық несиелерді 3-тен астамы келеді.
Импортерлерді тікелей банктік несиелеудің кеңеюі осы шеңберде мемлекеттік қызметтің белсенділігімен байланысты жеделдетілді. Экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдемелер беретін несиелер көлемін қысқа мерзімде ұлғайтып, қарыз алушылар үшін олардың әлсіз құнын қамтамасыз етті.
Экспорттық несиелеудегі банктердің маңызының артуы халықаралық сауда нарығындағы банктік институттар мен өнеркәсіптік фирмалар арасындағы өзара қатынасқа ықпал етті. Мысалы, соғысқа дейін және соғыстан кейін де банктер халықаралық коммерциялық мәмілелерді несиелеуде екінші реттегі буында болатын, себебі ондай жағдайды толығымен экспортерлер мен импортерлер анықтады. Кейіннен банктер шетелдік сатып алушыларға өздері шығып, олармен жасалатын мәміленің сипатын, ерекшеліктерін айтып түсіндіреді. Сөйтіп, егерде импортерді банк несиелендірсе, ол экспортер үшін біршама тиімді болады. Бұл жерде жөнелтілген тауарды банк оның қолма-қол ақшасымен төлейді де, өз кезегінде экспортерді қаржыландырады, сонымен қатар, банк оны артық шығындардан арылтып, несие бойынша барлық тәуекелден босатады және оның айналым қаражаттарының қозғалысын жеделдетеді. Экспортер операциясын қаржыландыру оның банктен несие алу қабілетімен емес, яғни бірінші кезекте өндірістік мүмкіндіктермен шектеледі.
Сатып алушыға берілетін несиені кейде экспортер-елінің банкі, кейде импортер-елінің банкі бере алады. Несие жай ғана банкаралық келісім-шарт негізінде рәсімделеді және борышты векселін кепілге алу арқылы беріледі. Банктердің импортерге несие беруінің ерекшелігі кредитор-банк елінен тауар сатып алуымен, негізінен инвестициялық маңызы бар
408 Ақша, несие, банктер
тауарларды: машина, құрал-жабдық технологиялық желі-лерді сатып алуымен тығыз байланыстылығымен сипатталады.
Осындай түрдегі несиелер банктерден ұзақ мерзімге 5-тен 15 жылға дейін және маңызды сомада беріледі. Соңғы жыл-дары несиелердің мерзімдері ұзарып және олардың сома-лары іріленуде. Мысалы, Батыстың өнеркәсібі дамыған елдері дамушы елдерге беретін экспорттық несиелердің үш-тен екі бөлігі 5 жылдық мерзімге берілсе, барлық несиелер-дің бестен бір бөлігі 10 жыл мерзімге берілгендер. Осы жер-ден ұзақ мерзімді банктік несиелердің коммерциялық емес, инвестициялық сипатқа ие болатындығын айтуға болады. Бұл туралы олардың шетелде ірі объектілер құрылысын қаржыландыру үшін тағайындалатындығы, яғни қаражат-тардың тек қана кредитор-елінің құрал-жабдықтарын сатып алуға ғана беріліп қоймай, сол сияқты оның қарыз алушы-елінде де құрылыс жұмыстарын атқарумен байланысты жергілікті шығыстарды қаржыландыру үшін берілетіндігіне көз жеткіземіз. Ондай несиелер де сондай шартпенен мемлекеттік институттар кепілдемесімен қамтамасыз етіледі.
Келісім-шартқа қатысушы жақтардың арасындағы қаты-нас бірнеше кезеңге бөлінеді. Бастапқыда импортер мен экспортер арасында, сол сияқты кредитор-банк пен сатып алушы-банкі өкілдері арасында алдын ала келісім жасалады. Банкаралық келісімге қол қоймастан бұрын мәмілені несие-лендіруші банктер мен несиені кепілдендіретін ұлттық сақ-тандыру ұйымдары арасындағы келісімге қол жеткізілуі тиіс. Содан кейін барып түпкілікті үш келісімге қол қойылады: экспортер мен импортер арасындағы контракті, кредитор-банк пен импортер-банк арасындағы қаржылық келісім және несиені сақтандыру келісімі.
Ертеректе импортерлерді жекелей несиелеу несиені бір мәрте сыртқы сауда мәмілесімен байланыстыру жолымен жүзеге асырылған, кейіннен банктерде өздерінің шетелдік қарыз алушыларына сыртқы сауда мәмілелерін төлеу үшін несиелік желі шегінде таралды. Бұл жерде несиелік желі шегінде алынған займның мерзімі мең шарты жасалған сыртқы сауда контрактісінде айтылады. Сөйтіп, сол несиелік желі шотына сатып алушы контрактіде келісілген тауарларды сатып ала алады. Несие есебінен қарыз алушы бір жыл ішінде белгілі бір фирмалармен өнімді
Халықаралық ... 409
жабдықтауға контаркт жасауға құқылы.
Экспорттық несиелеуде еуровалюта нарығының несиелік операцияларында қолданылатын алтын несиелік желінің бір түрі дамыды.
Тікелей банктік несиелеудің әрі қарай жетілдірілуі нәти-жесінде сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудың мынадай формалары: факторинг, форфейтинг, экспортты ынталандыруда жиі пайдаланылатын лизинг сомалары пайда болды.
Фаткоринг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сату-шыға несие шартымен бірқатар қызметтер көрсететін, оның ішінде қарызды іздестіру экспорттық операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б. өзіне экспортер алдында өз міндеттемесіне алатын мамандандырылған және көпқырлы қаржы мекемесі болып табылады. Өз клиентінің берешек-терге деген талабын қанағаттандыру мақсатында, фирма клиентке берешектерден алған сайын ақша беруге немесе оған мәмілені жасасу барысында қолма-қол ақшамен тез арада төлеуге міндеттеме алады.
Сатып алушының қарызды қайтаруына қол жеткізуі және несие бойынша тәуекелді өзіне қабылдай отырып факторинг-компания өнеркәсіптік фирманың, коммерция-лық банктің және сақтандыру компаниясының экспорттық бөлімінің қызметін атқарады. Өзінің көрсететін қызметтері-нің факторинг құны банктік қарызға қарағанда қымбат болып келеді. Факторинг-компанияның беретін қаражатта-рының үлес салмағы 20%-ға жетеді. Оған алынған несие ақысымен қатар басқа да қызметтер бағасы қосылады.
Факторинг жүйесі экспортерлардың қысқа мерзімді несие берудегі мүмкіндігін ұлғайтады, ал форфейтинг нарығын-дағы мәмілелер орта мерзімді коммерциялық несиелеуге арналған қаражаттар көзі болып табылады. Форфейтингке байланысты операциялар айналымсыз қаржыландыру деген атпен дамыды, оның мәніне келсек, ол экспортердің импортерге қоятын талаптары бойынша қүқығын форфейтер-банкіге беруін, яғни соңғысының құқықты өзіне ұстап немесе халықаралық нарықта сата алуымен сипатталады.
Сатып алынған бағалы қағаздардың орнына экспортерге оның құнын қолма-қол ақшамен есеп мөлшерілемесін шегере отырып, сондай-ақ міндеттемені төлемеу
410 Ақша, несие, банктер
тәуекелін өзіне алғаны үшін сыйақыны және экспортердің векселін сатып алуға міндеттемесі үшін бір мәрте алымды ұстай отырып төлейді.
Факторинг бойынша пайдаланылатын құралдар сауда векселін банктердің, есепке алу барысында қолданылады. Мүндағы айырмашылық мынада, вексель беруші, яғни экс-портер форфейтингтен ешқандай тәуекелді басынан кешпесе, ал жай ғана есепке алу несиесінде борышқор векселін төлемегені үшін жауапкершілік көптеген елдердің вексель зандылығына сәйкес, қай жағдайда болмасын оның мойнында болады.
Форфейтинг бойынша операциялар экспортердің сатып алушыға вексельдік несие шартындағы несиелеу мерзімін созуына, оларды 5 жылға дейін, кейде 8, одан да көп жыл-дарға дейін созуға мүмкіндік береді, себебі ірі форфейтер-банктің өзіне тәуекелді алуы, инвесторлардың өз қаражат-тарын ұзақ уақытқа орналастыруға ынтасын арттырады.
Форфейтингтік операцияларға қатысушы банктерге ре-сурс ретінде еуровалюталар нарығы қызмет етеді. Сондық-тан да форфейтинг бойынша есеп мөлшерлемесі сол нарықтағы орта мерзімді несие бойынша пайыз деңгейімен тығыз бай-ланысты. Негізгі мәміле валютасына неміс маркасы, американ доллары және швейцария франкі жатады.
Экспортты ынталандырудың маңызды көзіне, сондай-ақ машиналар мен құрал-жабдықтардың халықаралық саудасының біршама маңызды формасына - лизинг операциялары жатады. Лизинг тауарды тұтынушыға меншіктің заңдық құқығы берілмейтін арендалық (жал) қатынастарының бір түрі. Арендаға берушіге аударылатын қаражаттар есебінен, ол тауарды уақытша пайдалану кұқығын төлейді.
Стандартты лизинг тауарды жалға беру барысындағы оны тұтынушысы мен тікелей қатынасқа түсетін арнайы несие-қаржы институтгардың және лизингтік компаниялардың құрал-жабдықты сатып алуын білдіреді. Бұл операциялар объектісіне әр алуан жабдықтар, көлік құралдары, ЭЕМ және т.б. жатады. Лизингтік операцияларды сақгандыруға байланысты барлық шығысты жалға алушы көтереді.
Лизинг өзінше бір несие алу формасы ретінде бола оты-рып, көптеген жағдайда сыртқы нарықта экспортердің өнім-
Халықаралық ... 411
дерінің қозғалысын жеңілдетеді. Тауарлай несие мен лизинг жалгерлік операцияларды жүргізу шарты жағынан ұқсас. Лизинг беруші ақшалай қаражаттар тарту қажеттігінен босайды. Лизинг төлемі бөлек жабдықты пайдаланудың барлық кезеңі ішінде бөлек-бөлек төленеді. Бірак лизингтің мақсаты тауарға деген меншік құқығын алу емес, сондай-ақ оның тұтыну сапасын пайдалану құқығын сатып алу болып табылады. Халықаралық қатынастардағы лизинг операция-ларының көлемінің өсуі көп мөлшерде қаржы қаражаттарын тартуды талап етеді. Сондықтан да көптеген елдердің ірі банктерінің лизингтік компанияларды қаржыландыруға қатысуы да кездейсоктық емес.
Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаржы-ландырудың ұлттық жүйесінің интернационалдануын жаңа нәрсе деп санауға тұрады, себебі ол форфейтингтік нары-ғындағы фирмалық несиелеу сферасында және банктік несиелеу шеңберінде байқалады.
Әр түрлі елдің фирмаларының дербес мердігерлер ретін-де қатысуымен жүзеге асырлатын үлкен салаға жасалатын мультинационалдық контарктілер де маңызды дами бастады. Бұл контрактілер оған қатысушы елдердегі банктер мен экспортты несиелеумен айналысатын ұлттық сақтандыру институттарымен сақтандырылады әрі қаржыландырылады. Бұл жерде бірнеше елдің фирмалары атқаратын белгілі бір контрактілерді қаржыландыруға арналған уақытша халықаралық банктік консорциумдарды бөліп айтуға болады.
Қаржыландыруға байланысты барлық сұрақтар сол кон-сорциум ішінде шешіледі. Бұл қаржыландыру формасының экспорттық несиелеулер жақындығын, оның тек қана мақсаттылығынан және бұл операцияларға кепілдеме беруде оған мүдделі елдердің үкіметінің институттарының қатынасуынан көруге болады. Экспортты қаржыландыру жүйесінің кейіннен интернационалдануы әр түрлі кредитор-елдердегі экспортгы қаржыландыру әдістерінің ұлттық валютада емес, сондай-ақ басқа елдер валютасы мен шетелдік көздерден жүзеге асырылатындығынан байқа-лады. Мұвдай интернационалданудың дамуында евровалюта нарығының ролі жоғары.
Экспорттық несиелерді сақтандыру және каржыландыру жүйелерінің интернационалдануына сол сияқгы банктік
412 Ақша, несие, банктер
сфераның интернационалдануы да ықпал етеді. Экспортер-елдердің ұлттық нарығындағы шетел банктерінің ролінің өсуін, несиелік және депозиттік операциялардағы банк-тердің үлесінің жоғарлауынан көруге болады.
Экспортер-елдердің жарғылары есебінен экспортқа кете-тін шығындарды өтей отырып, олар ұлттық банктерге күшті бәсеке тудырады. Мұндай тәжірибе өз уақытында Ұлыбри-танияда байқалған болатын, себебі онда ағылшын үкіметі өз елінде тіркелген шетел банктеріне ғана емес, сондай-ақ фунт стерлингке де қатынасуына рұқсат берген болатын.
Сонымен экспорттық несиелеу әдістеріне жасалған тал-дау, соңғы уақыттары оның икемділігін және диферсифика-циялығын, қолдану ауқымының кеңейе түскендігін көрсе-теді. Экспорттык несиелеу халықаралық сауда мәмілелерін қаржыландыру жүйесінде жетекші орынды алады.
Халықаралық несиенің келесі бір формасына халықара-лық жеке меншік қаржылық несие жатады және ол халық-аралық несиелік қатынастардың бірден-бір ажырамас ин-ститутционалдық негізі болып табылуда. Халықаралық жеке меншік қаржылық несиені қаржыландыруға өндірістің интернационалдануы мен интеграциялануына Трансұлттық корпорацияның қызметінің дамуы себеп болды. Халықара-лық жеке меншік қаржылық несиелер мен займдардың не-гізгі көздеріне банкаралық депозиттер, салымдар, еуродол-ларлық депозиттік сертификаттар жатады, өйткені бұл депозиттер мен салымдардың көпшілігі қысқа мерзімдік сипатқа ие. Банктер үшін маңызды міндет олардың уақытын ұзарту. Қысқа мерзімді депозиттер (1,2,3 айлық) біртіндеп біршама үзақ мерзімді депозиттердің орнын ауыстырды. Осыған байланысты қаржылық несиелердің де мерзімдерін ұзарту шарты жасалып, оларды берудің жаңа ұйымдастыру формалары қалыптасты. Оларға жеке және консорциалдық, ролловерлік несиелер жатады. Жеке несие беруде банк өз атынан ролловерлік несие беретін болса, ал консорциалдық ролловерлік несиеде консорциум басшысы оның қатысу-шылары атынан береді.
Ролловерлік несиенің пайда болуы - бұл қысқа мерзімді қарыздарды орта мерзімге және ұзақ мерзімге трансфор-мациялаудағы халықаралық банктік монополиялардың
Халыкаралық ... 413
ұмтылысы. Мұнда өтімділік мәселесі орын алады. Ролловер - келіскен мерзім ішінде қарыздық пайыз деңгейін қайта қарау міндеттемесі бар еуронесие нарығында ролловерлік еуроқарыздар, жаңартылатын ролловерлік несиелер және ролловерстенд-бай еуронесиелері (ролловерлік еуронесие-лік қолдау) жатады.
Ролловерлік еуроқарыздар деп 5 жылға дейінгі мерзімге берілетін еуронесиелерді атайды. Ағылшын және американ банктері мұндай қарыздарды 60-жылдардан бастап пай-далануда. Бастапқыда карыздар тұрақты пайыз мөлшерле-месіне байланысты ерекшеленген болатын. Кейіннен олар "өзгермелі" пайыз мөлшерлемесі қолданылып, беріле бастады.
Жаңартылатын роллеверлік еуронесиелерде несиенің жал-пы сомасы басында көрсетілмейді, ал оны алу барысында тек қана берілетін мерзім ішінде несиенің "бағасы" мен көлемі айтылады. Олардың пайда болуына ұлттық револь-верлік немесе контокорренттік несиелер овердрафтың қолданылу тәжірибелері негіз болды.
Ролловер-стенд-бай еуронесиесі немесе қолдау көрсету ролловерлік еуронесиесі сақтандыру сипатына ие. Қарыз алуына байланысты жасалған келісім-шартпенен, іс жүзінде қарыз жасалған келісім-шарттың қызмет ету мерзімінде қа-рыз алушының алғашқы талабы бойынша міндеттеме қа-былдайды. Жоғарыда айтылған несиелерге қарағанда мұнда ауытқып тұрады. Егерде дебитор қарыз алғысы келген болса, онда бұл несие ролловерлік еуроқарыз деген сипатқа ие болады.
Банктер жоғарыда аталған несие түрлерін араластырып пайдалануға жиі барады. Мысал ретінде; жаңартылатын ролловерлік еуроқарызды немесе ролловерлік еуроқарызды қолдану арқылы ролловер-стенд-бай несиесін беруі мүмкін, сондай-ақ қарызға айналатын жаңартылатын ролловерлік еуронесиелері де беріледі.
Ролловерлік еуронесие кез келген валютамен, бірақ көбі-не АҚШ долларында беріледі. Валюталар бағамының өзгеріп отыруы несиелерде мультивалюталық келісімдер-дің қолданылуын талап етеді, ол келісімдердің опцион құқығына ие бола отырып "баға" валютасын өзі таңдап алады. "Пайыз мерзімінің" өтуіне байланысты қарыз алушы несиені бастапқы валютада қайтара алады.
414 Ақша, несие, банктер
Аталған еуронесие негізінен орта мерзімдік сипатқа ие, бірақ кей жағдайларда ұзақ мерзімге берілуі мүмкін.
Ролловерлік еуронесиесі бойынша пайыз лондондық банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлеме "либор", маржа және шартты банктік көрсетілген қызметке қосылатын баға, займға берген кепілдеме үшін комиссия және сауда комиссиясы негізінде қалыптасады. Маржа мөлшері әдетте 1-2% аралығында ауытқып отырады және қарыз алушының жағдайына, оның төлем қабілеттілігіне, тәуекел дәрежесіне байланысты анықталады. Бірінші калстық қарыз алушы үшін маржа мөлшері өте төмен. Несиелік келісім жасалғаннан кейін бірден төленетін мезгілдік коммисия, несиеге деген сұранысқа және ұсынысқа, мерзімі мен мөлшеріне байланысты өзгереді. Комиссиондығы үлкен болған сайын берілетін займның мерзімі мен сомасы да үлкен болады. Кей жағдайларда қысқа мерзімді қарыздарға деген сұраныс жоғарылап кетеуі мүмкін және бұл жағдай оған есептелетін баға мөлшерінің орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарға байланысты артуына жол береді.
Ролловерлік еуронесиені беруге келісім-шарт жасасудан бұрын, банк қаржыландырылатын жобаның тұрақтылығын, басқа банктердің осы жобаны несиелеуге қатысуына келісім алу мүмкіндігін, қарыздың мерзімін және кайтару тәртібін, "баға" валютасымен "төлем" валютасын, несиені сақтанды-ру тәртібін, алушының қаржылық және инвестициялық қызметін қарыздың тиімді формасын ұсынады. Егер консор-циум несиелендіретін болса, онда менеджер-банкке мандат берумен байланысты міндеттер шешімін, яғни консорциум-ға жетекшілік қызметін өзіне алған банктің, оның басқа да банктерді шақыруымен және олардың несиелік қабілетін тексерумен байланысты сұрақтарды қарастырады. Несиелік институттың менеджер мандатын алуының негізгі шарты бұл оның істі жүргізудегі тәжірибелігі болып табылады.
Менеджер-банктің ірі ресурстарының болуы міндетті емес. Дегенмен консорциумға деген сенім өте жоғары бо-луы мүмкін, егер оның жетекшісі несиенің басым бөлігін беретін болса (ереже бойынша қарыздың 10-нан 20%-на дейін). Консорциумды бірнеше банктер басқарады, бірак мүндай жағдайда менеджерге оның мүшелері алдында
Халықаралық… 415
толық жауапкершілік жүктеледі. Консорциумға қабылдау шарты ретінде қатысудың ең төменгі мөлшері келісім беру болып табылады, оның мөлшері 1-2 млн. долларды құрай-ды. Бұл мөлшер несиені беру көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Қатысушылар саны несие шамасына және тәуекел дәре-жесіне карай анықталады. Қаншалықты қаржыландыры-латын жобаға байланысты тәуекелге баратын елде саяси жағдай біршама тұрақсыз болса, солғұрлым консорциумға банктер көбірек шақырылуы мүмкін. Соның негізінде әрбір банк үшін тәуекел азаяды. Ірі сомада несие берген жағдайда төлемсіздік қабілет тәуекелін шектеу мақсатында дебитор-дан өкілеттік меморандум (өтініш) алады. Өкілеттік мемо-рандум қарыз алушы туралы толық ақпараттардан, несиенің мақсаты мен кепілдемеден тұрады. Жеке тұлғаға қарыз беру барысында дебитор туралы мәліметтерді толық талап етеді. Консорциум жұмыскерлері қарыз алушының соңғы 5 жыл-дағы шаруашылық қызметін талдайды және несиеленетін объектінің даму болашағын қарастырады. Егерде бұл мемлекеттік кәсіпорын немесе мәміле болса, онда осы елдің экономикалық жағдайы туралы мәліметтер жинақталады. Мұндай ақпарат орталық банктер, қаржы және экономика министрлігінен сұралады. Мемлекеттік саяси жағдайдың тұрақсыздығы жайында саяси сипаттағы мәліметтер жинақталады.
Ролловерлік еуронесиедегі тәуекелдер - коммерциялық тәуекел және елдік тәуекел болып бөлінеді. Коммерциялық тәуекел бұл қарыз алушының несиені қайтаруға байланыс-ты міндеттемесін орындай алмауын және пайыз төлеуге мүмкінсіздігін білдіреді. Бұл тәуекелді бағалау мақсатында дебитордың қайтаруының әр түрлі жолдары ескерілді: меншіктік немесе заемдық қаражаттардан, меншіктік негізі және айналым капиталының есебінен төлеуі. Егер қарыз алушы тұрақсыз болса, онда консорциум автоматты түрде қарыз мөлшерін қысқартады. Елдік тәуекелді анықтауда төлем қабілетінің дәрежесіне қарай елдерді жіктеу әдісі пайдаланылады.
Ролловерлік еуронесие туралы контракт жасауда карыз алушы несие берушіге қарызды, пайыздар мен комиссиясы уақытында қайтаруы жайлы міндеттеме береді, онын бір данасы менеджер-банкте сақталады. Басқалары сондай несиені беруге катысуға ықылас білдірген несиелік
416 Ақша, несие, банктер
институттар арасында таратылады. Міндеттеменің қызмет етуі бұрындары болған емес: қатысушы-банктер несиелік келісімнің негізгі шарттарына және қатысу мөлшеріне ырза болып отырады. Кепілдемелік қызметінен басқа бұл міндет-темелер, қайта есепке алуға болатын өтімді бағалы қағазға жатады. Олар 1000, 10000, 100000, 500000 доллар купюра-мен шығарылып, консорциумға ролловерлік еуронесиені беруге қатыспайтын ұсақ банктер арасында сатылады.
Бұл міндеттеме бойынша облигация сияқты инвестор пайыз алады. Міндеттеме "өзгермелі" пайыз мөлшерлеме-сінде берілді. Мысалға, люксембург биржасында ондай мін-деттемелер жай еурооблигациялар сияқты бағаланады. Бірақ биржа олармен сауда-саттық жүргізбейді, себебі олар-ды сатып алу-сату көбіне одан тысқары жерлерде жасалады. Осыған байланысты өзгермелі пайыз мөлшерлемесі бар міндеттемелердің қайталама нарығы еурооблигациялар нарығына қарағанда лондондық доллар депозиттік сертификаттар нарығына көбірек сәйкес келеді. Мұндай міндеттемелер бойынша пайызды 4-6 референт банктер ролловерлік еуронесиелер сияқты белгілейді.
"Өзгермелі" пайыз мөлшерлемесі бар міндеттемелердің өзіндік ерекшелігіне, оның төменгі мөлшерде пайыз белгі-ленуін, яғни базистік мөлшерлеме қосылған маржаның шамасында төмен болмайтынын айтуға болады. Өте жоғары пайыз деңгейін белгілеуге рұқсат етілмейді. Дебитор үшін пайыз мөлшерлемесінің өекені тиімді. Банктер де мүмкін-дігінше оны жоғарлатуға тырысады. Өзгермелі пайыз мөл-шерлемесі бар міндеттемелерге берілетін несиелер мерзімі ролловерлік еуро-несие мерзімінен жоғары болады. Сонымен бірге, міндеттемесі бар несие бойынша бір мезет-тегі шығыстар (жетеюшілік еткені үшін берілетін қаламақы, кепілдемеге қол қойғаны үшін, сауда комиссиясы) ролловерлік еуронесиеге қарағанда көбірек болып келеді.
Тәуекелді төмендетудің одан басқа да әдістері пайданы-лады. Американдық банктер ескертпелі шектеу келісім әдісін қолданады, ол әдіс бойынша төлем қабілетінсіздік тәуекелі үшінші тұлғаға ауысады, яғни оларға үкімет, мемлекеттік институттар, бас компаниялар, банктер жата-ды. Үкімет қарыз алушының төлем қабілеттілігіне
Халықаралық ... 417
жартылай немесе толық кепілдеме береді. Сондай-ақ тәуекелді белгілі бір уақыт кезеңінен кейін несиені үлесті түрде өтеу барысында да төмендетеді.
Еуронесиелерді берудегі ең қиын мәселе бұл берілетін қарыздарды кайта қаржыландыру сұрағын шешу болып табылады. Банктер үшін ең бастысы несиеге беруді пайда-ланатын мерзімі мен несиенің мерзімінің сәйкес келуі маңызды, бірақ іс жүзінде ондай болмайды. Пайыз мөлшер-лемесінің қозғалысына байланысты банк өзінің саясатын өзгертіп отырады.
Мөлшерлеме өскен уақытта, банк несиенің берілу ұзақ-тығымен салыстыра отырып, қайта қаржыландыру мерзімін ұзартуға ұмтылады. Мұндай жағдайда ол үлкен пайда ала-ды, себебі несие үшін төленетін пайыз жоғарлайды, ал қай-та қаржыландыру кезеңінің аяғына дейінгі жұмылдырылған ресурстар бойынша банктің шығысы өзгеріссіз қалады. Егер пайыз мөлшерлемесі төмендесе, қаржыландыру мерзімі қысқарады. Сонымен қатар, банк несиенің мерзімін өзгерте алмайды, сондықтан ол кайта қаржыландыру мерзімін ұзартады немесе қысқартады. Нәтижесінде банк пайыз мөлшерлемесіндегі айырмадан белгілі бір тиімділікке қол жеткізеді. Мұнда пайыз деңгейін болжаудың ролі өте маңызды.
Несиені беру, еуронесиеге қатысуын куәландандыратын сертификаттарды орналастырумен сәйкес келеді, оларды менеджер-банктер шығарады. Сертификаттар несиелеуге тікелей қатынасуын растайтын жоғары өтімді кұжат болып табылады. Депозиттік сертификаттардың "өзгермелі" пайыз мөлшерлемесі болады.
Еуронесиелердің келесі бір түріне банкаралық депозиттер жатады, ондағы мәміле телефон, телефакс арқылы жасала-ды. Өзіне алған міндеттемелер, мәміле жасалған күннің ертеңіне орындалады. Сатып алу сомасы 1-2 млн. доллардан аспайды. Осы сомадан төменгі сомада мәміле жасау бары-сында банктер олар бойынша пайыздағы айырманы (1,8%-ға жуық) алады, ал мұндағы брокер комиссиясы 1,32%-ын құрайды.
Сонымен, халықаралық несиенің пайда болуы мен кейінгі дамуы негізіне қысқа мерзімді капиталдар жатады. Осыған негізделетін ролловерлік еуронесиесі де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдар арасындағы өтпелі саты
418 Ақша, несие, банктер
болып табылады. ¥зақ мерзімді сипатгағы қарыздар, ереже бойынша, облигация формасында беріледі және олар ше-телдік, халықаралық облигациялық займдарға бөлінеді.
Шетелдік облигациялық займдардың мөлшері 60-жыл-дарға дейін шектеліп келген. Кейіннен капиталға ұзақ мер-зімді инвестициялау шеңберінде негізгі орынға ие болған халықаралық облигациялық займдар дами түсті. Бұл облигациялар еуровалюталық нарықта сатылғандықтан, оларды еурооблигациялық займдар деп жиі атайды.
Еурооблигацияға инвестициялауға қол жеткізу маңызды. Көптеген батыс елдерінде халықаралық инвесторлар үшін бостандықтың болуына қарамастан олармен операциялар жасауда белгілі бір дәрежеде шектеулілік болды. Мысалға, Швейцария, Бельгия, Франция және Голландия банктері еурооблигацияларды шығару туралы хабарлау құқығынан айырылды, сол сияқты оларды орналастырумен айналыса алмады және сатып алушыға кеңес бере алмады. Ағылшын инвесторлары осы уақытқа дейін еурооблигацияларды сатып алуға рұқсат қағазын алуға міндетті болған. Тек қана еуродолларлық облигациялармен жасалатын операцияларға толық шек қойылмады. Дегенмен де оларды АҚШ-та сату және сатып алуда белгілі бір қиындықтар болды.
Еурооблигациялық займға кемінде үш мүдделі жак қаты-сады, оларға қарыз алушылар, делдалдар (ондай операция-ларды жүргізуге маманданған банктер) және инвесторлар жатады. Эмитенттер сиякгы еурооблигацияларға мемле-кеттік мекемелер, жеке компаниялар мен халықаралық ұйымдар қатысады.
Мұндай операцияларда делдал ретінде ұлттық несиелік институттар, халықаралық банктер және банктік топтар, сондай-ақ ұсақ банктер де бола алады. “Дойче банк”, “Дрез-днер банк” сиякгы және т.б еуропалық банкгермен қатар, американдық банктердің де еуропа континентіндегі амери-кандық монополиялық сапалық экспансиясының арқасында маңызы арта түсті. Соңғы уақыттары еурооблигациялар нарығындағы жағдай өзгеріп, швейцариялық несиелік меке-мелер еурооблигациялар операцияларын жасауға жетекші-лік танытуда. Франция, ФРГ және Дания банктері еуро-марка, еурофранк және еурогульдендегі кағаздарын
Халықаралық ... 419
эмиссиялауға мамандана бастады.
Халықаралық ұзақ мерзімді капиталдың басты көздерінің бірі ретіндегі еурооблигацияның займдарға деген сұраны-сының өсуі, орташа займ мөлшерінің 50 млн. долларға дейін өсуіне әкелді.
Еурооблигациялық займды орналастыру және қарыз үшін сыйақы алу техникасы өзгерді. Мәміле субьектісіне қарыз алушының атынан келісім-шарт жасайтын консорциум жа-тады. Мәміле жасау тәртібі консорциальдық несие беру ту-ралы келісім-шартпен байланысты. Менеджер-банктің келісімімен заем орналастырылып, еурооблигациялардың эмиссиясын жасайды және оларға жазылу жүргізіледі. Операцияны жеңілдету мақсатында консорциум банктер тобымен келісім жасасып, олар инвестор және қосымша гарант ретінде болады. Ондай топтар синдикат құрады, оған 200-ге дейін және одан жоғары қатысушылар кіреді. Гарант синдикаттың мүшелері заемға жазылу құқығын алады.
Облигациялық заем “бағасы” “либор” мөлшерлемесінен, маржадан және көрсетілген қызметтерге қосылған үстеме ақыдан құралады. Әдетте маржаның шамасы 1-2,5% мөлше-рінде ауытқып отырады. Оның деңгейін анықтау критерийіне несиенің мерзімі, қарыз алушының мәртебесі, сондай-ақ капиталдар нарығының жағдайы жатады.
Менеджер-банктер үшін қиыны инвестициялық сұраныс-тың ең жоғары нүктесін анықтау. Инвестициялық сұраныс жоғары болса, менеджер қарыз алушыға эмиссиялау мөлше-рін ұлғайтуды, облигациялық купон немесе жазылу “баға-сын” арттыруды ұсынады.
Егер сұраныс мәнді болмаса, онда банктік консорциум-ның өзі облигациялық купон мөлшерін қысқарту жағдай-ында займның басты бөлігін сатыл алады. Сұраныс өекен жағдайда менеджер-банк бұл облигацияларды жоғары купонменен орналастырады, қарыз алушы сенімсіз болса және облигацияларға дегең сұраңыс өте жоғары болмаса, онда облигациялык займды орналастыру кейінге қалдыры-лады.
Көрсетілгеи қызмет үшін төлем немеее мерзімді қомис-сия үш компоненттен тұрады: жетекшілік еткені үшін комиссия, жазуға кепілдеме бергені үшін сыйакы және сауда комиссиясынан тұрады.
420 Ақша, несие, банктер
Мұндағы кепілдеме беру комиссиясы мен жетекшілік ету комиссиясының пайыздық қатынасы 3-8% мөлшерін құрайды. Егер де жетекшелік ету мен кепілдеме беретін комиссия тұрақты болатын болса, ал сауда комиссиясы үнемі өзгеріп отырады. Оның өзгерісінің өлшеміне: несие мерзімі, қарыз алушының сапасы және займ мөлшері жатады. Әдетте, займның мерзімі мен мөлшері қаншалық-ты үлкен болса, солғұрлым сауда комиссиясы жоғары болып келеді.
Еурооблигациялық займдардың орташа мөлшерінің өсуіне байланысты, ондай займдарды беру мүмкіндігі бар банктер-де алдыңғы қатарға ие болады. Ондай қатарға шығуға, мы-сал ретінде, швецария банктерінің еурооблигация нарығын-дағы жаңа эмиссияларды орналастыру мен байланысты мүмкіндігін айтуға болады.
Сонымен қатар, бұл жерде үй және кеңес беру қорлары-ның қаражаттарын пайдаланудың ролі жоғары. Үй қорлары деп инвесторлар үшін пайдалануға тиімді несиелік мекеме-лердің иелігінде болатын, клиенттердің ақшалай қаражат-тарын атайды. Кеңес беру қорлары - бұл олардың иесімен алдын ала кеңесінің болуы барысында пайдалануға бола-тын салымшылар ресурстары. Бұл банктердің трасталык операцияларын жүргізуге ұқсас келеді. Ондай типтегі шара-ларға елдің ұлттық заңдылықтары теріс немесе ынталан-дырушылық ықпалын тигізеді.
Трасталық операцияларға салық салынбайтын елдің банк-тік мекемелерінде бұл біршама тиімді. Мысал, Бельгияның заңды және жеке тұлғалары ондай қызметтеріне 20% салық ұсталатындықтан да оны Дания және Люксембургте жүзеге асыруға тырысады.
Облигациялық займды орналастыру және беруге байла-нысты мәмілелерде займ валютасының маңызы зор, себебі облигацияға деген сұраныс пен ұсыныс жағдайы соған тәуелді. Қарыз алушылар облигацияны әлсіз валютада шығаруды дұрыс санаса, ал инвесторлар керісінше. Мұндай факторларға мемлекеттік реттеу органдарының көзқарасы әр түрлі. Еврооблигацияның қызмет етуі шығару валютасына байланысты азайып қалуы да немесе кеңейтілуі мүмкін.
Халықаралық 421
Еурооблигациялық несиелер - ұзақ мерзімді несие алу-дың бірден-бір болашақтағы көзі болып табылады. Бүл не-сиелердің ерекшелігі тек қана жоғары пайдалылық емес, сондай-ақ ірі қарыз алу мүмкіндігінде. Тек еурооблигация-лық несиелер ғана халықаралық қарыздық капиталдар нарығының әрі қарай дамуына жағдай жасады.
Халықаралық қатынастарды төлем балансын мемлекет-аралық реттеумен байланысты болып келетін халықаралық клирингтер мен “своп” несиелерінің орны ерекше. Олар бір-бірінен тек қана формасы бойынша емес, сол сияқты экономикалық мазмұнына қарай да ажыратылады, сонымен бірге, көп ортақ нәрселер де бар: олар төлем балансын реттеуде пайдаланылады; мемлекетаралық және банкара-лық негізде келісім жасау нәтижесі болып табылады, үшін-ші бір елдің валютасын, әсіресе әмбебап халықаралық ақшалай есеп айырысу және төлем құралы АҚШ доллары-ның пайдалану мақсатын қысқартады.
Аталған несие формалары арасындағы ерекшелік сыртқы жағынан да байқалады. Мысалы, “своп” операциясының ай-қын бейнеленген несиелік сипаты бар. Сонымен бірге кли-рингтің несиелік жағы мүлде түсініксіз. Сырт қарағанда клирингті несиеге жатқызуға болады, егер “свинге” туралы келісім жасалып немесе активтік сальдо мәнісінде екі жақты негізде клиринг шотын ашудың өзі, екі жақты актіні және пайызсыз несиелеуді білдіреді. Сонымен бірге, клиринг бойынша тауарларды жабдықталудың орындалуы барысында үнемі балансталмаған есеп айырысудың орны ерекше, өйткені ол екі жақтың да бір-біріне өзара несие беруін куәландырады.
Халықаралық клирингтер - бұл халықаралық валюта қар-жы жүйесінің дамуындағы толық кезенді сипаттайды. Кли-рингтік операциялардың мәні мемлекетаралық сауда және төлем келісімдері шегінде қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асырудан тұрады. Өкілетті банктер клиринг жүргізу үшін бір-бірінде шот ашады, онда өзара сауда және эконо-микалық қатынастардың басқа да формалары бойынша түсімдер мен төлемдер есептеледі. Несиелік институттар өзара талаптардың есебін жиі жүргізіп отырады, ал активтік сальдо тауармен немесе валютамен жабдықтауға клирингтік келісім жасау шартына байланысты өтеледі.
422 Ақша, несие, банктер
Халықаралық клирингтер 1929-1933 жылдардағы дағда-рыс кезінде пайда бола бастады, ол уақытта дүниежүзілік шаруашылықтың валюта-қаржы жүйесі қалыптасып, қарыз-дық капиталдар нарығында күшті бәсекелік күрес орын алды. Мұндай жағдайда мемлекеттік валюталық бақылау және валюталық шектеу кеңінен етек жайып, олар клиринг-ті енгізуге себеп болды. Үкімет мекемелерінде шоғырлан-ған жеке контрагенттердің есеп айырысуын жүзеге асыра-тын екі жақты клирингтер дами бастады. Алғашқы екі жақты клирингке 1931 жылы 14 қарашада Венгрия мен Швейцария арасында қол қойылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында батыс еуропа елдері 141 екі жақты кли-рингтік келісім жасады, ал оның әлемдегі жалпы саны 173-ке жетті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң орталық банктер кли-ринг келісімін жасау барысында шоттар ашпады және кон-трагенттер өздерінің жасаған операциялары бойынша тікелей есеп айырысты. Орталық банктердің операциялары контрагенттердің валюталарын беру және қабылдаумен ғана, сондай-ақ барлық клирингтік есеп айырысуларға бақылауды жүзеге асырумен шектелді. Соғыстан кейінгі екі жақты төлем келісімдері басқа бір елдің валютасында емес, қатысушы екі елдің ақша бірлігінде жүргізілді.
Соғыстан кейінгі клирингтер және оған катысушылардың өзара несие беруін, бір-біріне валюта сату жолымен немесе басқа бір елдің акша бірлігіне айырбас жолымен жүзеге асырды. Мұндай несиелеу белгілі бір орталық банк белгіле-ген лимит шегінде қалыптасты, егер лимиті асып кетсе, онда қарыз алушы ел дебиторлық сальдосын алтын немесе еркін алмастырылатын шетел валютасын (әдетте АҚШ долларын) тартумен тенестіріп отырды.
Екі жақты есеп айырысудың белгілеген тәртібі тауар ай-налысының ұлғаюы үшін шектеулік жасады, сондықтан да қатысушы елдер, әсіресе мемлекет, барлық валюталық аймакқа клирингтік келісімнің қызмет етуін таратты. Осы-ның негізінде көп жақты есеп айырысу жүйесіне өтуге қадам жасалып кейбір елдер көп жақты валюталық клиринг құруға тікелей бетбұрыс жасады. Мысал, Ұлыбританияда аудармалы шоттар деп аталатын, бұрындары батыс еуропа елдерінің мемлекеттерімен пайдаланылған жүйені ұйымдастыру. Бұл шоттардың қаражаттары онын
Халықаралық ... 423
Иелерінің арасында кез келген ағымдық операцияларды төлеуге, сондай-ақ үкімет органдарының шешімімен үшінші бір елмен есеп айырысу үшін пайдаланылады.
Аудармалы шоттармен толықтырылған екі жақты клирингтердің дамуы, Батыс Еуропа елдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал етуімен қатар, “долларлық аштық” кезеңінде сыртқы тауар айналымы мен төлемдерді қалпына келтіруге жағдай туғызды.
Сөйтіп уақыт өте келе екі жақты клирингтер сыртқы экономикалық байланыстардың кеңею жолына кедергі бола бастады. Батыс Еуропа елдерін Тұрақты несие беруші және алушыға бөлу барысы халықаралық есеп айырысуларды біршама қиындатты. Осыдан кейін бұл елдер оларды көп жақты негізде үйымдастыруға ұмтылыс жасады.
Көп жақты есепке алудың жүзеге асырылуы батыс еуропа валюталарының қайтарымдылығын қалыпқа келтіруді білдіреді. Екінші жағынан, ақырғы сальдоны доллармен және алтынмен жабу батыс еуропа ақша бірліктерінің АҚШ долларындағы жарым-жартылай қайтарымдылығын белгілейді.
Сонымен бірге, қатысушы елдерде екі жақты есеп айы-рысу жүйесі сақталып, соған сәйкес олар өздерінің арақаты-настарын көрсетілген келісімге байланыссыз реттей алды. Екі жақтың да талабы мен міндеттемелері орталық банктерде шоғырланды. Көп жақты клиринг ай сайын жүргізіліп, нәтижесінде реттелуге тиісті таза сальдо пайда болды, бұл бір жағынан сальдоның иелері арасында, екінші жағынан ЕТЖ (Еуропалық төлем жүйесі) арасында жүзеге асырылады.
Есепке алынатын ақырғы сальдо кумулятивтік қағидаға сәйкес есептеледі және ол өзара талаптар мен міндеттеме-лер сомасын қысқартуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Есепке алуға қатысушы ерекше лимит және квота белгі-лейді, оның мөлшері ЕТЖ-ге қатысушы елдердің сыртқы саудаларының белгілі бір үлесін (мысалы 15%) құрайды. Лимиттер американ долларына теңестірілген, ЕТЖ есептесу бірлігінде бекітіледі. Ұлттық ақша бірліктерін есептесу бірлігіне өткізу қатаң белгіленген бағам аркылы жүргізіліп, таза оң және теріс қалдықты жабу тәртібі жасалды. Оң калдықтардың бір бөлігі квотаның 20%-на теңестіріліп, несие арқылы реттеліп отырды.
424 Ақша, несие, банктер
Квотаны толық пайдалану, есепке алу қалдығының 40%-ын алтынмен және 60%-ын несиемен жабуға мүмкіндік берді. Тұрақты несие берушілердің (әсіресе ГФР) талабына байланысты алтын және АҚІП долларындағы төлемдер бір-шама ұлғайды. Теріс қалдық квота мөлшерінен асқан жағ-дайда барлық дебиторлық қарыз алтынмен қайтарылды.
Еуропалық төлем жүйесі сыртқы экономикалық айна-лымның өсуі жағдайында қатысушы елдердің алтын валюта резервін үнемдеуге мүмкіндік жасады. Кейіннен ЕТЖ-ге мүше елдердің ұлттық экономикасы қалыпқа келіп, дами бастағанда, валюталық қатынастарды қатаң түрде мемлекеттік реттеуден біртіндеп бас тартты. ЕТЖ өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алуды орталықтанды-рылған тәртіппен қамтамасыз ете отырып, қатысушы
елдердің валюталар конверсияларын шектеді, сөйтіп алдағы уақытта жалпыға бірдей ақша бірліктерінің қайтарымдылығын енгізуге тырысты.
Жалпы ЕТЖ тәжірибесі көрсеткендей көп жақты клиринг-тің өте икемділігіне қарамастан, оның механизмі қатысушы елдердің сыртқы есеп айырысуларының әркелкі жүруін қал-пына келтіру үшін жеткіліксіз болып қалды, ол не бары 8 жыл ғана қызмет етті де, 1958 жылы өз қызметін тоқтатты. Елдерді тұрақты қарыз алушы және қарыз берушілер деп бөлу ЕТЖ-нің қызмет етуіне кері әсерін тигізді, ол шын мә-нінде, бір елден екінші бір елге қаражат аударушы органға ғана айналды.
Батыс елдерінің валюталарының қайтарымдылығын енгіз-геннен бастап, халықаралық клирингтер өзінің маңызын жоғалтты, бірақ көп жақты есепке алуды ұйымдастыру мәселелері қала берді. Бүл өз кезегінде Еуропалық төлем жүйесінің орнына Еуропалық валюталық одақтың келуіне себеп болды.
Еуропалық валюталық келісім механизміне де ЕТЖ-ге жүктелген қызметтер, есеп айырысу мен несиелік қызмет-тер жүктелді, бірақ мұнда несиелік қызмет бірінші орынға көтерілді, ол ескі жүйе кезінде соңғы рольде болатын. Бұл келісім бойынша екі дербес механизм - Еуропалық қор және көп жақты есеп айырысу жүйесі құрылды, соңғысы өзара қысқа мерзімді несие беру және көп жақты талаптар мен міндеттемелерді мерзімді түрде өзара есепке алу
Халықаралық ... 425
көмегімен жүзеге асырылды.
Шындығында келісімдегі барлық айтылғандар көп жақты клирингті жоюға және валюталардың толық өзара қайтарымдылығына өтуге бағытталды. Бұл қолайсыз валюталық бағамдар қатынастарын есепке алу барысында пайдалану жолымен қамтамасыз етілді. Несие беруші, сальдоны өтей отырып сатып алушының валюталық бағамын қолданса, ал дебитор -сатушының валюталық бағамын қолданады. Мұндай жағдай, Еуропалық валюталық одақтың қатысушыларын клирингтік есепке алудан қашу-ына мәжбүр етті. Осыдан келіп батыс еуропалық елдердің барлық есеп айырысулары орталықтандырылмаған түрде, яғни валюта нарықтарының делдалдары көмегімен жүзеге асырылды. Орталықтандырылған клиринг төменгі деңгейге дейін жеткізілді.
Алайда өзара есеп айырысуды теңестіру мәселелері қала берді. Оны шешуде макро және микродеңгейдегі пайдала-нылатын қысқа мерзімді банкаралық несиелеу тәжірибесін жаңарту шараларын қолданды. Мұндай қарыздарға “своп” не-сиелері жатты, оларды жеке және мемлекетаралық қарыз операцияларында қолдану көрініс тапты.
“Своп” операциясы өзара валюталық несие беру туралы шарт жасасу негізінде жүзеге асты. Мұндай түрдегі несие-нің пайда болуы ХВҚ-ға төлем балансын реттеуге байла-нысты мәселелерді, оның ішінде өтімді ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
“Своп” несиелік операциялары өтімді ресурстардың бір-ден-бір қосымша көзі болып табылатындықтан, олар жеке несиелік мекемелер арасында және қатысушы елдердің орталық эмиссиялық банктері деңгейіңде жүргізіледі. Несиелік операцияларды жүргізу барысында әр түрлі мақсат қойылады, оған төлем балансын реттеу, валюталық бағамды реттеу мақсатында интервенциялық операциялар жүргізу, ұлттық несиелік жүйені қолдау жатады.
“Своп” келісімінде өзара қолдау болатын қысқа мерзімді несие мөлшері айтылады. “Своп” қарыздарының ерекше-лігі, оларды несиелік клиенттер шегінде автоматты түрде жаңартуға болады. “Своп” несиелерінің мерзімі 90 күнге жетеді, қажет жағдайда банктер олардың мерзімін
426 Ақша, несие, банктер
6 айға дейін ұзарта алады.
Банктік тәжірибе көзқарасымен қарағанда “своп” несие-лері белгіленген мерзімнең кейін кері мәміле жасау міндет-темесімен бір валютаны басқа біріне айырбастауды білдіреді. “Своп” операцияларын жүргізуге байланысты шығындар операцияға қатысушы жақтардың ақша бірлік-терінің валюталық бағамдарының өзгерісімен және олар-дың пайыз мөлшерлемелерінің деңгейіндегі айырмамен анықталады.
Валюталық бағамдар өзгерісімен байланысты шығындар-ды болдырмау үшін “своп” операцияларының бірнеше тү-рін пайдаланады. “Форвардқа” қарсы “спот” жағдайындағы “своп” мәмілелері кеңінен таралған. Бүл жағдайда бір мезгілде екі контракт жасалады: біріншісі - “спот” бағамы бойынша нақты валютаны сатып алу; екіншісі - “форвард” бағамы бойынша осы валютаны мерзімінде сату.
“Форвардқа қарсы форвард” жағдайында жүзеге асыры-латын “своп” несиенің түрі бар. Мұнда да екі контракт жас-алады. Біріншісінің мерзімі, мысалы, бір айдан соң бітсе, екіншісінікі - екі айдан кейін бітеді. Бірінші ай өткеннен соң операция "форвардқа қарсы спот" жағдайында өтеді.
“Своп” мәмілелері “свопқа қарсы своп” жағдайында да жүргізілуі мүмкін. Әдетте оларды “қысқа своп” немесе “күнбе күндік своп” деп атайды. Мұндай жағдайда екі контрактіде 7 күн ішінде әрекет етеді, екіншісі бір күнге немесе бірнеше күнге кеш аяқталуы да мүмкін.
“Своп” несиелері батыс елдерінің валюта-қаржы қаты-настарында кеңінен қолданылады. “Своп” операциялары-ның таралуында ондағы қатысушы елдердің валюталары-ның ауытқуының белгіленген шегін қолдау ғана қажет емес, сол сияқты оларды алудың кепілдендірілуі де белгілі бір роль ойнайды.
“Своп” операциясы, кемшіліксіз емес, оның да қарама-қайшылық элементтері көп, әсіресе өзара қолдауға беріле-тін қарыздар қысқа мерзімдік сипатқа ие. Сондықтан олар-ды жиі пайдалану “ыстық ақшалардың” жинақталуына жол беріп, олардың бақылаусыз қозғалысы ұлттық экономикаға және халықаралық несиелік қатынастар тұрақтылығына үлкен зиян әкеледі. Дағдарыс жағдайында, тәжірибе көрсеткендей бұл құрал нарықтық экономиканың
Халықаралық ... 427
қиындылыктарын жоюда жеткіліксіз. Жалпы халықаралык несиелердің жіктелуі төмендегідей сызбамен берілген.
428 Ақша, несие, банктер
Достарыңызбен бөлісу: |