§2. Валюталық нарықтар
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жү-зеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валю-талық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі бар-лық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құра-лының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операция-ларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұысыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
384 Ақша, несие, банктер
шарушылық байланыстардың интернационалдануы не-
гізінде валюталық нарықтардың интернационалдануы-
ның күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз
операцияларды жасау;
банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жаз-
баша түрде негізделетін валюталық операцияларды
жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстыр-
ғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық
мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және
пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қар-жы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарьқтарда белгілі бір кон-вертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Онын қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлға-лар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Халықаралық валюталық қатынастар 385
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD - 1124735 мың, DЕМ - 11165 мыңды құрайды.
Валюталық операциялар айналымы
(күніне US $ млрд.)
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтары-ның ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық на-рық "кара нарықпен" толықтырылуы мүмкін. "Қара нарық-тың" болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, "көше" нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде "қара нарықтың" әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валю-талық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы
386 Ақша, несие, банктер
валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетгі немесе девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тіке-лей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілде-рінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кез-дерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы - 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық де-партаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк
Халықаралық валюталық қатынастар 387
арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлім-шелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықа-ралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүр-гізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі - Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің "Сименс" каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ дивер-сификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық опера-цияларға қызмет етеді және сол банкпен жүмыс жасайтын накты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында - валюта-ларды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибеде-гідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
388 Ақша, несие, банктер
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиент-тердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдет-те ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында - шетел валюта-сына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.
Аударым - бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграф-тық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлт-тық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валюта-сын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.
Банктік чек - шетелдік банк-корреспондентке чекті ұс-таушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель - осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Им-портерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналы-мынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибеле-рінің таралуына қатты ықпал етті.
Халыкаралық валюталық қатынастар 389
Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық ва-лютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем қүжаттарды жібереді де төлеу-шілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
§3. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ "ҚОРЖЫН"
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.
390 Ақша, несие, банктер
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын беліп қарауға болады:
саяси - саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңцік;
психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәу-екелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Монометаллизм тұсында - алтын немесе күміс - валю-талық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтъш паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
1930-1933 жж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚЩ долларыныкі - 15 г. Бір фунт стерлингтің монегалық паригеті былай анықгалды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 долдар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық паритеттен оның аударым
Халықаралық валюталық қатынастар 391
құны - 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1ф.ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамнын осы нуктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст.=4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.
1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы аусытыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардын алтындық құ рамы және алтын паритеттері сандық тусінікке аиналды ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.
Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауыт- қиды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық " қоржын" базасында бекітілді.
Валюта бағамдарының динамикасы ақша сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансынын жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежузілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.
Жалпы алғанда валюталық бағамның козғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.
392 Ақша, несие, банктер
Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономи-калық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконо-микалык статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.
Техникалық талдау - бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының "крестиктер-ноликтер" графигі. Валю-талық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.
Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валю-талық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 USD =76,212 КzТ). Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1 GВР=1,5860 USD).
Халықаралық валюталық қатынастар 393
АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.
Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайы-на, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта-лық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.
Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаны сатып алса, сатып алу-шының бағамы бекітіледі.
Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары үшін баға белгіленімі - банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.
Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компа-нияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.
Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар ха-лықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.
Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котиров-касы банкімен кросс-курс негізівде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).
Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау кажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл.=1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала француз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынша 1 долл.=5,6110 француз франкі. Осылайша, 1 неміс маркасы =3,380 француз франкі - сатушы бағамы (Қазақстан Республикасының Ұлттық
394 Ақша, несие, банктер
банкісінің валюталық бағамы 5,6110/1,66 = 3,380).
Сатушылар және сатып алушылар бағамдары ресми бюллетеньдерде жарияланады. Көбінесе баға белгілеу кестелерінде соңғы бағамдар жарияланады (соңғы валюталық мәмілелер бойынша).
3-кесте
1997 жылдағы Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің теңгесіне шетел валюталарының бағамдары
Баға белгілеу кестесінде көрсетілген бағамдар - бұл телеграф аударымдарының бағамдары. Басқа төлем құрал-дарының бағамдары пошта аударымының, мерзімді тратта-ның және банкнотаның бағамынан арқашан жоғары болатын телеграф аударымының бағамы негізінде анықталынады.
Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өз-
Халықаралық валюталық қатынастар 395
герісіне байланысты пайда болатын валюталық шығындар-ды болдырмауға көмек береді. Банк-корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жасағанда валюталық қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем құжатын бір елден екінші елге әуепош-тасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шегері-леді. Бүнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассоға алғанда жасайды. Чектін бағамы тратта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.
Мерзімді траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейінгі күндер үшін пайызды шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы чекте жазылған валютада сол елдің мөлшерлемесі бойынша анық-талады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша анықталады; егер тратта банктік акцепт болса, ресми мөлшерлемеден төмен болатын нарықгық мөлшерлеме бойынша анықталады.
Шетел валюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталардың бағамы чектен төмен бағаммен, ал сату кезінде жоғары бағаммен бекітіледі. Банкнота бағамының мөлшеріне банкноталарды жолда сақтандырумен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамдары келесідей түрде құрылады: телеграфтық аударылым - 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталық аударым - 4,861, чек - 4,861, ұсынылған кезде өтелінетін вексель - 4,861 және векеель (3 ай) -4,825 АҚШ доллары - 1 ф.ст. үшін,
Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты ағымдағы және мерзімді (спот және форвард) бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады.
396 Ақша, несие, банктер
Мерзімді валюталық мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіленген мерзімде бекітілген фор-вард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сыйақыны косқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз. Валюталық нарықта валюта сыйақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динамикасына, сол немесе басқа валюталардың халықаралық пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға белгіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керсінше болады.
Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар. 1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбас-таудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын “құбылмалы” бағамдарына ауысты. Валюталық на-рықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін. Мұндай “құбылмалы” ва-люталық бағамдардың өзгерістері халықаралық есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады (ЕВЖ), ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Нидерландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Люксембург, Испания). Осы елдердің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25%-дан артық ауытқымайды. Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі ауытқуы шектеріне жетқен жағдайда ЕВЖ-ге мүше мемлекеттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және тағы басқа шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревалвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлттық валюталарын дамыған батыс валютала-рына немесе халықаралық валюталық бірліктерге
Халықаралық валюталық қатынастар 397
“байлауға” тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге “байлайды”.
Валюталық бағамдардың көптігі. Кейбір мемлекеттер-де операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: біреуі - коммерциялық, екіншісі - қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағам-дардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам - сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағамдардың индекстері тараған. Көптеген валюталық бағамы бірдей өзгеруі мүмкін болғандықтан, жеке ақша бірліктерінің басқалармен салыс-тырғанда арзандау (қымбаттау) дәрежесін анықтау мәселесі бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін арнайы индекстер есептелінеді, олардың негізінде валюталық “қоржындар” болады.
Валюталық “қоржындарды” қолданудың бірден-бір сфе-расы осы елдің сыртқы экономикалық қатынастарында үлкен орын алатын, мемлекеттердің валюталары жатқызылатын, сәйкес қоржынға қатысты бағамның динамикасын көрсететін тиімді валюталық бағамдардың индекстері болып табылады. Оған кіретін валюталар құрамына байланысты бұл индекстердің динамикасы халықаралық валюталық нарықтардағы валюта бағамдары-ның бірдей емес мөлшерде өзгеруіне байланысты әр түрлі болады.
Көбінесе валюталық бағамдардың индекстері тауарлар-дың бәсекелестік қабілеттіліктеріне әсер ету, ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер еху, сондай-ақ елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Сондықтан осы индекстердің валюталық
398 Ақша, несие, банктер
“қоржындарының” құрылымы осы елдің импорты мен экспортын бөлуді сақтандыру және осы елмен саудада негізгі сауда әріптестерінің үлес салмағын көрсетеді.
АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама белгілі болып табылатын-дарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, “Морган гэранти траст” және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Халықаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта “қоржыны” индексі төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған.
Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номи-налдық және нақты валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылған. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәскелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыз-дануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.
Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне қатысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін төлеуге кететін үлесті шығындардың индексін пай-даланады.
Соған сәйкес, нақты тиімді валюта бағамының индексі аталған топқа жататын елдердігі олардың өзгерістері бойынша сол елдің ішкі бағаларының (шығындар) өзгеруіне қатысты түзетілген тиімді валюта индексін білдіреді.
Қазіргі кездегі АҚШ долларының тиімді бағамының индексі номиналды және нақты түрде есептеледі.
Халықаралық валюталық қатынастар 399
ТҮЙ ІН
1. Валюталық жүйенің басты элементі - валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валютала-рының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.
2. Валюталық нарықтарды валюталық операциялар-ды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байла-нысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді. Валюталық операцяилардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.
3. Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.
4. Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктік және несиелік айналыс құралдары - телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын оъективті құндық қатынастарына негізделеді.
5. Валюталық бағам - басқа елдің ақша бірлігіне қатыс-ты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол занды түрде бекі-тілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.
6. Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсы-нылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүм-кіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.
7. Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.
400 Ақша, несие, банктер
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Валюталық жүйенің типтерін атаңдар.
2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтерін
айтыңыз.
3. Резервтік валюта деп нені түсінесіз?
4. Валюта “қоржыны” не үшін қажет?
5. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе қашан және
қайда бекітілді?
6. Маастрихт келісімінің негізгі шартын ата.
7. Ұлттық валюталық нарық деп нені түсінесіз?
8. Валюталық нарықка қатысушыларды ата
9. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал етуші
факторларды ата.
10. Кросс-бағам есебін жаса.
11. Мерзімді тратта бағамы нені білдіреді?
12. Валюталық бағамның қандай индексін білесіз?
Халықаралық ... 401
XІ тарау
Халықаралық несиелік есеп
айырысу қатынастары
1. Халыңаралык, несиенің формалары………….....402
2. Халықаралык, несиенің шарттары……………...428
3. Төлем жэне есеп айырысу әдістері……………......433
402 Ақша, несие, банктер
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕЛІК ЕСЕП
АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ
Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:
• Халықаралық несиенің түрлері мен формалары.
• Халықаралық несие шарты.
• Төлемдер мен есеп айырысу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |