АҚША, несие, банктер


§3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ



бет15/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
§3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өңімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын үсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

296 Ақша, несие, банктер

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

"Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- ақылы негізде депозиттерді тарату;

- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын

жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;


  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе ием-

денушілердің тапсырмалары бойынша

капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын

шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді,

депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа

да қаржылық міндеттемелерді);



  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын

үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде

міндеттемелерді беру;


  • тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

Коммерциялық банктер 297

- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды

сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);


  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ

сату құқынсыз (форфейтинг);

  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік

операцияларды (қаражаттарды қарау және

орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);



  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін

көрсету;

- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:



  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

- экономиканы және халықты несиелендіру

(активтік операциялар);



  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және

жүргізу;

- инвестициялық қызметті;

- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

УАҚЫТША БОС АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫ

ЖИНАҚТАУ

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай

298 Ақша, несие, банктер

жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, баңктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық мін-деттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін кажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек-ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінін уақытша бос ақшалай қаражаттарын. жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу максатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері

Коммерциялық банктер 299

алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздык қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен қүрастырылған, қарыздык кор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойынша нееиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша белінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:'

- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу

үшін жағдай жасауға; ;

- депозиттік операциялар әрекет ету керек;



  • банк балансының оперативтік өтімділігін демеу

мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;

  • банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп

отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік

операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше

назар аударылуы кажет; депозиттік операциялармен

қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында

мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс

Ширинсская Е.Б. Операции коммерческих банков и -зарубежный опыт. - М.: Финансы и статистика, 1993. С. 41.

300 Ақша, несие, банктер

пен сабақтастылықты қамтамасыз ету кажет;

- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызмет-

терді дамытуға шаралар қолдану;

Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.



Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, комппьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақгы қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді.

Коммерциялык, банктер 301

Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе конто-корренттік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылыктар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.

Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға карағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот - наушот деп аталады. Ол тек жеке түлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап

302 Ақша, несие, банктер

заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.

Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері - 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.

Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинак кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ са-лымдарын кеңінен колданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.

Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.

Жинақ салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды.

Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімді депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан кем емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін - берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.

Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.

Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды эмиссиялау және т.б. жатады.

Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

304 Ақша, несие, банктер

Қайта сатып алумен бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісім банк пен карыз алушы арасындағы келісім болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, қарыз алушы банктен бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді несие алады. Операцияның міндетті шарты - қарыз алушының бағалы қағаздары қатаң белгіленген түрде және алдын ала анықталған баға бойынша қайта сатып алу міндеттемесі болып табылады. Бұл банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдырудың өте икемді және ыңғайлы тәсілі.

Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіс-пеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің республиканың банктік тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс. 1993-1994 жылдары коммерциялық банктер өздеріңің ресурстарының 60%-ын ¥лттық банкінің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көзіне айналды.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигацияларымен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Кепілхаттық қағаз парақтары мен операциялар жер учаскелерін сатып алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер қаражаттарды тарту үшін қамтамасыз етілуі жер, құрылыс, яғни ипотека болып табылатын кепілхаттық қағаз парақтарының элементі болады.

Сонымен бірге банктермен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын коммуналдық облигациялар әр түрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсімақылы және әдетте 10-нан 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.

Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі - жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып

Коммерциялық банктер 305

табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.



ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалык қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер - несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет - бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.

Банктердің активтік карыздық операцияларын қарастырайық. Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық , қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдык сатып алу үшін және т.б; ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар - өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін; үкімет - ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.

306 Акша. несие, банктер

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салым-шылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ррлін аткарады. Банктін бұл кызметі несиелік қатынстардың барлык қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі турі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансформацияла-натын жанама несиеледендіру,

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Ңесие беруші банк, ал қарыз алушы - шаруашылық субъектісі болып табыладыі. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір баңк басқа банкіге несие береді.

Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорынға басқа кәсідорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын кұжат -вексельді береді. Одан арі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер дел банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік несиеге тұрлендіріледі.

Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынща -қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген жәңе камтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты (несие беруші ңемесе қарыз алушы) - активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік - бұл клиентті жәңе басқа банктерді несиелеу; пассивтік - Орталық банктен және



Коммерциялық банктер 307

басқа коммерциялық банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру максатына байланысты - негізгі капиталды арт-тыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық максаттарға арналған қарыздар.

Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және т.б.

Несиенін пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма-қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Ңесиенін мұндай жіктелуінін негізінде формалды белгілер жатқанын атап керсету қажет. Шет еддердің экономикалық әдебиетінде несиенің және несиелік операциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.

Банктердің ңесиелік операциялары, банктердін және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелід келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік қелісім-шарттың шарттары коммерциялык, банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір накты сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің кайтарымдылығын жәңе несиелеудін басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер - несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың кұрамдас бөлігі болып пайыздық саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер ңегізінде іріленген объект құрамын және несиелердің жекелеген объектілерін, ңесиенің берілу жәңе өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге арекет ететін басқа шаралар және де несиелік қелісім-шартты сақтандыру жақтары бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісім-шарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы көбіне банктің клиентке әсеріне байланысты.

308 Ақша, несие, банктер

Несиелік келісім-шартта қарастырылған шарттармен ком-мерциялық банктер несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді жүргізуге, несиелік келісімшартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екені сөзсіз. Бұл принциптерсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады. Таяу уақытқа дейін банктердің қарыздары қорытындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға берілетін қайтарымсыз және тегін датациясына айналып келген болатын. Кейбір жағдайларда және күні бүгінде осы жайт қайталануда. Бірақ республикада жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. Қазір қарыздардың камтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда. Сондай-ақ әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады.

Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтімділігіне, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.

Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа қатынасын оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несиенің қағидаларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.

Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етудің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:



  • кепілге алу - тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім-шарт. Бұл жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытында өтеп беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі;

  • кепілдік - кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз

міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда,

анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік

міндеттемесі;

Коммерциялық банктер 309


  • бағалы қағаздар, тауарлар және басқада мүліктерді кепілдікке салу. Кепіл құқығы - қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқы;

  • жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиелерді қамтамасыз етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер учаскелері жылжымайтын мүліктерді

кепілдікке салу заңының негізі болып табылады.

Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие

алады.

Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б. жатады.



Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып, әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың дебетінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.

Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.

Арнайы қарыздық шоттардың жай щоттардан айырмашылығы - қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей-ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.

Қарыз, сонымен қатар, контокорренттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі.

310 Ақша, несие, банктер

Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.

Контокорренттік шоттардан берілетін несие контокренттік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік несиелерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім-шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдаланады.

Қысқа мерзімді несиелер - күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар - күрделі қүрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.

Несиелік желілер - анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім-шарт. Жақсы табыс тауьш, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын ала белгіленген қарызды банктен алуға келісім-шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.

Несиелік желінің мынадай түрлері болады:



Коммерциялық банктер 311

Маусымдық - өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.

Жаңармалы - айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.

Күтпеген оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.

Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар - айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.

Мерзімді қарыздар - ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.

Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар -

өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу немесе қаржыландыру үшін қолданылады. Олар 15 жылға немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бүл несиелер біздің елімізде толық дамымаған.



Құрылыстық қарыздар - ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады. Сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді,

Лизинг - қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б. Лизингтік келісімде көресетілгендей жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіңдігін алады. Елімізге бұл несие де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ.

312 Ақша, несие, банктер

Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол негізінен тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзак мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелер жатады.

Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған. Мысалы, АҚШ-та 50% үй несиеге сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы несиелердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялар мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі.

50%-дан жоғары несиелер сауда-өндірістік кәсіпорындардың айналымдағы капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал қалған бөлігін күрделі қаржы енгізу үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырады.

Жылжымайтын мүлікке берілеіін қарыздар -құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар - ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

Коммерциялық жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялык несиелер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараған. Қазіргі кездегі экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл несие еш қолдау тапқан жоқ.

Коммерциялық несиелер негізінен вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель - белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.

Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жаубдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада карыз алу

Коммерциялык банктер 313

уақытында тауарлы түрдегі вексель қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.

Коммерциялык несиенің банктік несиеге өтуі дисконттау, яғни вексельдерді, шот-фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен немесе вексельдерді кепілге алып қарыздар беру нәтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыздық міндеттемелерді сатып алуды сипаттайды. Вексельді есепке ала отырып, банк клиенті өтімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.

Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар - мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уакытта талап етуге құқы бар.

Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғары мөлшерін, кепіл мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз мөлшерін және банк комиссиясын анықтайды. Несиелік шартта банктің қарыз сомасын өтеу үшін вексель берушінің сол вексельді төлеуге арналған сомасын пайдалану құқы айтылған, ал егер ондайлар болмаса есеп айырысу шотына көр-сетілген қызметтер мен тауарлар сатудан түскен түсім сомасын пайдалана алады.

Коммерциялық банктердің несиелік қызметті атқаруы -несиелік механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін несиелеу әдістері мен формаларын енгізуді, несиелік операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.

Қазақстан Республикасында несиелеу: "Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" зандарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11 ақпанда бекітілген "Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу."

314 Ақша, несие, банктер

Ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түряеріне қатысты.

Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге асады, ол мәртебе Ұлттык банкінің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік операдияларды жүргізуге лицензияның бар болуымен анықталады.

Қарыз несиелік қабілеті бар қарыз алушыларға беріледі. Егер олардың мерзімі ұзақ болмаған болса, онда қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздары болған жағдайларда да беріледі.

Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зертгеп білуі қажет.

Қарыздарды беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі. Ол шоттар несиенің бағытталуы бойынша (несие шифр) ашылады. Мұндағы өнімді сатудан түскен түсім мен басқада түеімдер есеп айырысу шотына аударылады. Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезіңде тауар-материалдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер үшін ақшалай-есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолданылмаған қарыз қалдығы мөлешрінде чектік кітапшаны және аккредитивтер ашу үшін беріледі.

Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері төмендегілерге байланысты қойылады: несиені пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқада факторларға байланысты.

ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ

¥ÉЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Коммерциялық банктердің үшінші қызметі - қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердін клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.



Коммерциялык банктер 315

Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозитгік, контокорренттік және тағы басқалар.

Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айрысу "зат алмасуда" халық шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларынының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.

Қолма-қолсыз есеп айырыеу - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу прициптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың езгерістеріне бейімделініп отыру керек.

316 Ақша, несие, банктер

Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма-колсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар (шаруашылық органдармен халықтар) өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банкі арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық органдардың өзара бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады.

Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойыша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.

Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары (қатысушылары клиенттер мен банктер) және банкаралық есеп айырысулар (қатысушылары тек банктер). Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.

Есеп айрысу кезінде келесі төлем құралдары қолда-ылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).

Қазақстан Республикасында банкаралық және халық ша-руашылығындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдас-тырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай қызметтерді орындайды:



  • қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізу;

- барлық коммерциялық банктер үшін

(маманданғандарды қоса) біртұтас әдістемелік

негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айырысу

орталығы болу;



Коммерциялық банктер 317

  • есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және оларды унифиқациялау.

Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысудар). Чектер, (көбінесе) бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айрысу - тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады.

Банкаралық есеп айырсу жүйесің ұйымдастырудың негізгі приңциді - бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:



  • коммерциялық банктер арасында тікелей есеп

айырысуды;

- Ұлттық банктің ЕКО-да ашьілған корреспондеттік

шоттар жүйесі арқылы банкаралық есеп айырысуды,

Коммерциялық банк өздерінің ведомоствалық мекемелер арасындағы есеп айырысу формасын өздері аңықтауға құқылы, ал қолма-колсыз есеп айырысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге асыруды тандауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу

формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру

және жаңа формаларын енгізу;



  • банкаралық есеп айрысу жүйесін қайта ұйымдастыру.

Есеп айырысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда,

чекпен есеп айырысудың клирингтіқ формасының дамуына басты көңіл бөлінеді, себебі ол есеп айырысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру - бұл баңқтердің тіқелей корреспонденттік қатынастарының дамуы және корреспонденттік шоттар арқылы баңкаралық есеп айырысу жүйесіне толық көшуі.

Есеп айырысу операциялары - банк қызметінің өзгермейтін немесе баяу өзгеретін саласы жәңе бір немесе бірнеше коммерциялық банктердің белгілі бір реформалар жүргізуі

318 Ақша, несие, банктер

жеткіліксіз, себебі барлығы осы шаруашылық іс-әрекетінін маңызды элементін реттейтін заңды нұсқаулық материалдарға тіреледі. Жеке банктер тек бар есеп айырысу формаларын жаңарта алады, ол клиенттерге сапаның жаңа деңгейін ұсыну арқылы жүзеге асады.

Халықаралық тәжіриеде қолданылатын есеп айырысу формаларының (операцияларының) негізгі 3 тобын айтуға болады:

- чек және вексель арқылы инкассалық операциялар;

- аккредитивтер арқылы есеп айырысу;

- аударым операциялары.

Инкассалық операциялар. Оларды жүргізе отырып, банк клиенттің шотына онымен тапсырылған есеп айырысу құжаттары бойынша алынған қаражаттарды есепке алады (негізінен олар чектер мен вексельдер). Егер сатып алушы мен сатушыға бір банкте қызмет көрсетілетін болса, онда инкассалық операция тек бір шоттан ақшалай қаражаттарды шегеріп екінші шотқа кірістіру арқылы жүзеге асады. Егер оларға әр түрлі банктерде қызмет көрсететін болса, онда инкассалық операция алушының шотына ақшаны есепке алудан бұрын, төлеушінің банкісінен ақшаны алдын ала алу қажеттілігі қиындайды. Банкаралық есеп айрысудың бұл мәселесі есеп айырысу палаталарының және клиентгік палаталардың құрылуымен шешіледі.

Аккредитивтер арқылы есеп айырысу сатушы сатып алушыға күмәнді болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданылады. Аккредитивтер құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.

Аударым операциялары клиенттің тапсырмасы бойынша қаражаттарды банктің бір бөлімінен екінші бөліміне немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл операцияның мәні банкіге (қабылдаушы) телеграф немесе пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу туралы хабарлауды сипаттайды.

Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында әр түрлі төлем карточкалары кеңінен қолданылып келеді, яғни пластикалық карточкалар мен автоматтандырылған төлем сомалары. АҚШ-та автоматты төлемдердің 3 түрі дамыды:



Коммерциялық банктер 319

- электрондық есеп айрысудың бөлшек жүйелері;

- қаражаттарды аударудың банкаралық жүйесі;

- банк ішіндегі компьютерлік кешендер.



КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, кұрал-жабдыктарды сатып алу және әлеуметтік, өнідірістік сипатағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық зандармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.

Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқада пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары - жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.

Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай каражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен колданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде акша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде - несие

320 Ақша, несие, банктер

берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, несиелік мәміле ңақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.

Қоммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.



Бағалы қағаздар - бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылык құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) жэне коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

Қорлық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияңың массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).

Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу құқын беретін купондар - белгілі бір бағалы қағаздардың сатылу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді.

Олар өздерінін. айнылысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмипентке қайтарылуы мүмкін.

Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

Мәлімдеуші бағалы қағаздар - бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

Коммерциялық банктер 321

Ордерлік бағалы қағаздар - оларды ұстаушылардың құқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.

Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.

Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.



Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемле-кеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міңдеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынадай кұрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде - департамент немесе басқарма, орташалары мен кішілерінде - инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банқтің инвестициялық саясатын банқ есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынща жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомоствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

Бағалы қағаздар қозғалысы - акцияларды сату немесе қарыз беру - бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа - бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа - бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы кағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қо-сымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.

Бағалы қағаздар нарығы - бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және қапитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылықта

322 Ақша, несие, банктер

төмендеп тұр. Жалпы айтқанда Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.

Банктер бірден-бір акциялардың (үлесті бағалы қағаздың) эмитенттерінің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінеді.

Акцияларды орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған жоғары бағасы, алғашқы шығарылған акциялардың, номиналдық құнсызданумен байланысты иелерінің инфляциялық шығындарын өтей алмайды. Банк акцияларының қор биржасындағы бағамының динамикасы ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция қарқынын компенсациялауды жүзеге асырмайды. Ірі банктердің акцияларының бағамы тіпті екі номиналдан аспаған.

Акция ұстаушылардың мүдделерін қорғау банкі активтерін жыл сайын қайта бағалауға, сондай-ақ бұрынғы акционерлер арасында үлестірілетін жаңа акциялар шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған. Бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі облигацияларды шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен қатаңырақ бақыланады.

Ал депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ сертификаттардың екінші реттік айналысы іс жүзінде дамымасада, алғашқы орналастыру шегінде олар орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және сатып алушы үшін біршама қолайлы.

Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды



Коммерциялык банктер 323

жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы - алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.



КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ БАСҚА ДА

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Лизингтік операциялар. "Лизинг" ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.

Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы - мүлік иесі (лизинг беруші), екінші - мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші - мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің бар-

324 Ақша, несие, банктер

лық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне кайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.

Лизинг түрлері әр түрлі:

1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жөғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.

2. Қаржылық лизинг аңағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялык тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, кушін тоқтата алмайды. Онда мүліқті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіңдігі көрсетілген.

3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.

Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.

Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы - лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.



Факторингтік операциялар. Факторингтік операция -клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге) беру. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың девиторлық қырызын) пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-шартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

Банктер алғашқы факторинг қызметін клиенттерге 1990 жылдан бастап көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО - Промстройбанктің жүйесі айналысқан. Факторинг -



Коммерциялық банктер 325

жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет көрсету болып табылады. 1988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.



  1. қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында

несиелеудің болуында;

2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу есебін;

3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;


  1. несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.

Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие

беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.

Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу,

Регресстік кұкы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы - факторингтік компания жабдықтарушы көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.

Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі - агенттік келісім немесе көтерме факторинг туарлы келісім. Бұл жағдайда жабдықтаушы факторингтік компанияға тек

326 Ақша, несие, банктер

несиелік тәуекелдің қорғау функциясын береді, ая қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол факторингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассолаудың агенті болады.

Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол ашық немесе конференциялдық шот-фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін. Факторингтік компания үшін шот-фактурараларды дисконттау өте тәуекелді болып келеді.

Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. "Траст" - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі (жеке немесе заңды тұлға) өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді) оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп, банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты қызметтер көрсетуін және клиент атынан, оңың мүддесі үшін, сенімді тұлға ретінде басқада қызметтер көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір құқтарға ие болып мүліктің, капиталдың, бағалы қағаздардың иелік етушісі ретінде болады. Сенімді тұлға мүлікпен бенефициар мүддесін қорғай отырып, иелік етуге тиіс. Бенефициар болып мүліктің иесі, яғни сенім иесінің өзі немесе үшінші тұлға болуы мүмкін.

Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табые алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқада табысты активтерге орналастырады.

Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.



Коммерциялық банктер 327

Банктердің трасталық бөлімдерінің қызметтерін жеке және занды тұлғалар, жәрдем қорлары, басқада қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Банктер трасталық қызметтерді әр түрлі клиенттердің кеңірек тобына көрсетуге мүдделілік танытады.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сенімхаттары бойынша келесі операцияларды жасай алады:


  • жеке тұлғаларға сенімхат бойынша акциялар, басқада қорлық құндылықтар түріндегі мүлікті, қозғалмайтын

және басқада мүлікті (жауапты сақтауға берілген

немесе хат бойынша) басқару;



  • акционерлік қоғамдардың тапсырмасы бойынша сенімділік функцияларды орындау;

  • фирмалар мен жеке тұлғаларға агенттік қызметтерді

көрсету.

Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға.

Жеке тұлғалар үшін траеталық қызметтердің негізгі 3 ка-тегориясы бар:

1) йесі кайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;

2) мүлікті сенімді негізде басқару;


  1. агенттік қызметтер. Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып келеді: сеніп қалдыратын, бүкіл өмірлік, сақтандыру, корпоративтік институция-налдық, коммуналдық.

Банктер іскерлік фирмалар мен компанияларға мынадай агенттік қызметтер көрсетеді:

  • трансферт бойынша агент - облигацияларды, акцияларды, олар бойынша құқты бір иеден екінші иеге беру;

  • акцияларды тіркеуші - банк шығарылған бағалы қағаздардың есебін жүргізеді;

- депозитарий, ягни қаржылық қайта үйымдастыру

кезіндегі құндылықтарды сақтау ретінде;

- акциялар бойынша дивиденттерді және

облигацияларға пайыздарды төлейтін агент.

Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік

328 Ақша, несие, банктер

қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.

Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл кызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телеком-муникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.

Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды, клиенттер қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс.



ТҮЙІН

1. Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиардары мен бөлімдері жұмыс жасады.

2. 70 жыл бойы республикадағы несиелік-банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік, ұсақ регламеттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті.

3. Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып табылады. Өздерінің қызметтерінде жаңа талаптар мен мін-детгемелерді жасайды. Айталық клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ал қарыздар беру арқылы қарыз алушыларға деген жаңа талаптары қалыптасады.



Коммерциялық банктер 329

4. Нарық экономикасында банктер қоғамның

барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады.


  1. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі мемлекеттік

меншікті реформалаудағы, инфляцияны

төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы

басқару органы ретінде көрінеді


  1. Банктік реформаны жүргізудің қажеттігі мыналармен

түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс

бөлінбеуінен; банктерде мерзімі өткен қарыздардың

зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен

көбеюі; шаруашылық органдарының арасындағы

төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы

жүйенің қабілетсіздігі.



  1. Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде

екі деңгейлі банктік жүйе құрылды: Ұлттық банк

(жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі

деңгей).

8. Банктердің негізі типтеріне - мемлекеттік, жеке,

акционерлік, аралас, шетелдік, мемлекетаралық,

коммерциялық, бірлескен банктер жатады.



  1. Банктер заңға сәйкес бастапқыда мәлімдеуші акцияны

шығаруға құқысыз жабық акционерлік қоғам

(мемлекеттік банктерден басқалары) формасында

құрылады.

10.Банк өз қызметін - құрылтайшылардың шешімімен,

Ұлттық банкінің лициензияны қайтарып алуымен,

соттың шешімімен тоқтатады.

11.Банктің ұйымдастырылу құрылымы біртұтастығымен

анықталады. Банктер өздерінің филиалдарын және

бөлімдерін, еншілес банктерін, өкілеттіліктерін құра

алады.


12.Екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банк ара-

сындағы қарым-қатынас банктік заңдылықтар мен

нормативтік актілерге байланысты құрылады.

13.Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер

арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде

қалыптасады.

14.Банктерге жасалатын бақылау мен қадағалау: мем-

лекеттік, халықаралық, аудиторлық және

қүрылтайшылық болып келеді.

15.Тәуекел деп банктің ресурсынің бір бөлігін, та-

быстарын жоғалтуын немесе қосымша шығынды о

операцияларды жүргізуін айтады.

330 Ақша, несие, банктер

Банктік тәуекелдерге: несиелік, етімділік, пайыздық,

валюталық тәуекелдер жатады.

16. Банктік бәсеке деп ақша нарығындағы банктер ара-

сындағы қарсыластықты айтады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар


  1. Қазан революциясына дейін және одан кейін Қазақстан

аумағында қандай банктер болған? Қазақстанда өзінің

банк жүйесі болды ма?



  1. 1930-1932 жылдардағы несиелік реформадан кейін

Қазақстандағы банк жүйееі қалай болды?

3. КСРО-да 1987-1988 жылдардағы банктік реформа-

ның қандай кемшіліктері болды?

4. Қазақстанда банк реформасы қашан басталды және

оның мазмұны қаңдай?

5. Қазақстанда банктік реформа жүргізу қажеттігі

немен байланысты?

6. Банктердің қаржы делдалы болуы нені білдіреді?

7. Нарық жолына түсуде, экономикадағы банктердің

ролі қандай?

8. Банктің қандай типтерін білесіздер?

9. Банк қалай құрылады?

10.Қазақстандағы банктердің ұйымдастырылу құрылымы

қандай?


11.Екінші деңгейлі банктер мен Ұлтгық банк арасындағы

қарым-қатынас қалай құрылуда?

12.Банктердің қызметтері қалай реттелуде?

13.Банктер клиенттерімен өздерінің қатынасын қалай

жасауда?

14.Банктерді бақылаудың қандай түрлері болады?

15.Банктік тәуекел деген не? Қандай тәуекел түрлерін

білесіздер?

16. Банктер арасындағы бәсеке нені білдіреді?

Бағалы қағаздар ... 331

IX тарау

Бағалы кағаздар

Нарығы және қор биржасы


  1. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың

құрылуы.…………………..........................................333

  1. Бағалы ңағаздар жэне олардың

түрлері……………………...........................................341

3. Опциондар мен фьючерстер……………................350

4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу…………….......356

5. Қор биржалары…………………................................361

332 Ақша, несие, банктер

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ

ҚОР БИРЖАЛАРЫ

Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:

• Қазақстанда акционерлік қоғамдарды (АҚ) құру-

дың қажеттігі.

• Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу

кезеңдері.

• Басқа да меншік нысандарымен салыстырғандағы АҚ-

ның артықшылықтары.

• АҚ мүлкінің құнын бағалау.

• АҚ-ның жарғылық капитал шамасын анықтау.

• АҚ акциясы және оның сипаты.

• Акциялар бағамының қалыптасуына әсер етуші

факторлар.

• АҚ акцияларының түрлері.

• АҚ облигациясы және оның сипаты.

• АҚ облигацияларының жіктелуі.

• Опциондар мен фьючерстердің сипаты.

• Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптас-

тыру қажеттігі.

• Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру міндеттері

мен қағидалары (принциптері).

• Қор биржаларының қызметтері,

• Қор биржасындағы листинг процедурасы.

• Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нары-

ғының даму болашағы.

Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің журуімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.



Бағалы қағаздар 333

Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі -кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акцио-нерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдык иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет