АҚША, несие, банктер


§1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ



бет9/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
§1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ

ҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін колдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және



Несие жүйесі 131

айналым капиталын қалылтастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар1 сомасында бағаланған.

Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен 3/4 бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды2 құраған.

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке түлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы



1 Рид Э., Коттер Р. и др. Коммерческие банки.-М.: Прогресс, 1983 г. с 6.

2 Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. - М.: Все для вас, 1993 г. с.1З.

132 Ақша, несие, банктер

қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.

Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру -несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.

Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне -шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.



Несие жүйесі 133

Ал несие жүйесі тар мағанасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтык формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажетгіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасыңда Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

• Орталық (эмиссиялық) банк;

• коммерциялық банктер;

• мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру,

жи нақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және

т.б.).


Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган - Орталық банк болып табылады.

Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк - бұл "банктердің банкі".

134 Ақша, несие, банктер

Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.

Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр турлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.



Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.

Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Несие жүйесі 135

§2. НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Несие ісі - ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік опе-рацияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.

Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге "банк" және "банктік қызмет" ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және баскд елдердің банктер туралы зандарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым са-

лынады.

Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады.



Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Рес-публикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.

Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми

мәртебесі болмаса "банк" деп аталуға тиіс емес.

Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше.

136 Ақша, несие, банктер

Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 ж. жүзеге асырылған1.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.

"Банк" ұғымы Италияның "Ьапсо" ("айырбас орын", "ақша үстелі") деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.

XV ғ. ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.

Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.) ажыратылған.

Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар

1 Роде Э. Банки, биржи, валюты современного капитализма. - М.: Финансы и статистика, 1986. с 11.

Несие жүйесі 137

мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап “қаржылық универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, кептеген банктік операциялармен айналысады.

АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозитгік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.

Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге - сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.

Банктер - атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық дегеніміз - айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлтгық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті - айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғары буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлтгық банк болып табылады, ал қалған

138 Ақша, несие, банктер

банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер, - эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиентерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маныздысы: уақытша бос ақшалай каражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. және т.б.

Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Соңдай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған манданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандаңуы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б, жатады.



Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге мамандаңады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.

Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады, Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі

Несие жүйесі 139

ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.

Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері бедгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.

"Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" 1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді альш тастады.



Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесіңің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалары, ломбардтар және т.б, Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орыңдаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға жәңе компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасыңдағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.

Мамандандырылғаң несие-қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну, сол сияқты ауыл шаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

Кейбір арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейін Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС - НЭП) жылдарында және ауыл шаруашылығын ұйымдастару тұсыңда несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы несиелік одақтар және т.б. түрінде болған. Қазір банктік емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бірлестіктерін ірі агроөнеркәсіп бірлестіктерін, қаржы-есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.

140 Ақша, несие, банктер

Жинақ кассалары туралы да ерекше айта кету орынды. Бұрынғы КСРО несие жүйесінің құрамына мемлекеттік еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік займдарға және ақшалай-заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа, бюджеттік, қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты, сондай-ақ тұрғын ұй-құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) пайлық жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда, ұжымдар мен кеншарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мынға жуық болды.

1988 ж. несиелік реформадан кейін жинақ-кассаларына құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік-коммерциялық банк - Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.

Банктер арасындағы бәсекенің дами түсуі халық қаражатын тартудағы жинақ банк ролін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке халық салымдарының 40%-ға жуығы (бұрын 100%) және жалпы салым көлемінің 10%-ға жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ банктерін ірілендіру жүрді. Жеке коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер жоғары қарқында көбеюіне байланысты, банк қызметінің ауқымы қысқара бастады. Осыған байланысты кей жерлерде Жинақ банкінің кей бір бөлімдерін несиелік кооперативтерге қайта түрлендіру орын алды.

Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Осыған байланысты шеттегі, соның ішіндегі АҚШ-та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделендіре түседі.

АҚШ-та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну несиелеріне пайдалануға маманданған.

Өзара жинақ банктері "өзара біріккен" кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра

Несие жүйесі 141

отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.



Қарыз-жинақ бірлестіктері - халықтың қаражатына қаттысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға (активітің 2/3-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.

Несиелік одақтар - кәсіподақтардың, ірі кәсіпорын-дардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебінен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады.

Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғалданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан кұралып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады.

Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары - халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.

Ақша нарығының өзара біріккен қорлары пайлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды. Бағалы қағаздардан түсетін табыстарды акционерлерге төлеп отырады.

Ұлыбританияның несие жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім-қорларын жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және коммерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын кеңейтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын дел-далдық операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады.

142 Ақша, несие, банктер

Ұлыбританияда арнайы қаржы-несие институттарының американдықтарға қарағанда айырмашылығы - олар депозит қабылдап несие бергенімен олардың қызметі белгілі бір сферада шектеледі (мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі). Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған салалық бағыты болады.

Германияда мамандандырылған банктік мекемелерге ипотекалық мекемелер, тұрғын үй бірлестіктері, несиелік серіктестіктер, инвестициялық компаниялар жатады.

Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттің несие жүйесінің қажетгі құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік емес мекемелерге тән сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын тарту жолымен жинақтайды. Олар осындай белгілері арқылы пассивтері негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарынан құралатын коммерциялық банктерден ажыратылады. Қазақстан Республикасындағы қызмет ететін банктік заңдар банктерден басқа мекемелердің депозиттер қабылдауына үзілді-кесілді тыйым салады. Бұл дегеніміз біздің республикамыздағы халық салымдарын тарту негізінде қызмет ететін банктік емес институттардың дамуын тежеуі сөзсіз.

§3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЕМЕС ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫ

Нарықтар ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы нарықтары мен жақсы жолға койылған мекемелер жүйесі қаражаттарды бұл процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе керсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлык елдер үшін каржы жүйесінің ажырамас бөлігі - банктік емес қаржы институттарын жедел түрде дамыту маңызды.



Несие жүйесі 143

Бюджеттен тыс корлар - мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажетгіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:

Зейнетақы қоры;

Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры.

Әлеуметтік сақтандыру қоры.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

Зейнетакы коры. Оның басты міндеттері:


  • Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін

мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды

қаржыландыруды ұйымдастыру;



  • халықты әлеуметтік қолдауға байланысты

республикалық және аймақтық бағдарламаларды

қаржыландыруға келісім-шарт негізінде катысуы;

- өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде

қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994ж. Зейнетақы қоры бюджеттің қүрамына біріктіріліп, төрт айдан соң қайтадан бөлінген. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.

Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне байланыссыз жүмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын қүрайды. Жинақталатын жарналардың 85% каражаты - Зейнетақы қорына, ал 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті -

144 Ақша, несие, банктер

медициналық сақтандыру қорына тиесілі.

Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік қорғау министрлігі жасайды және оны қордың басшыларына береді, оның құрамына: Қаржы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және Президент әкімшілігінен өкілдер кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры - аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебінен қалыптасады. 1993-1995 жж. бұл қорға барлық аударымдардың 15%-зы түскен. 1996 ж. 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5%-ға азайған. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлі жәрдемақылар төлеуге (уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және бала туған кезде бір мезеттік жәрдемақы түрінде және т.б.), емдеу-демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

Еңбекпен қамту мемлекеттік коры 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықталғандай, оның қаражаты мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қор болып табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 ж. мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

Оның қаражат көздеріне:



  • меншік және шаруашылық жүргізу түріне байланыссыз

кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және

 

Несие жүйесі 145

басқа да жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу қорынан белгілі мөлшерде міндетті аударымдар жасау (2%);

- мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация; ,

- отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық

ұйымдардың және азаматтардың ерікті жарналарынан,

коммерциялық қызметтен түсетін табыстардаң және

басқа да түсімдерден.



Міндетті медициналық сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1295 қаулысымен Қазақстаң Республикасы үкіметі қарамағында Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл Қор Қазақстан Республиқасы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай-ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.

Қазақстан Республикасында бюджеттен тыс қорға

аударымдар пайызы

ҚР үкіметі қарамағындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржылай қаражаттары мемлекеттік медициналық сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджетгік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

Олар келесі көздердің есебінен құралады:

146 Ақша, несие, банктер



  • ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төленген сақтандыру өлемдерінің бір бөлігінен;

  • қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;

  • қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;

- заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна

қосуы және сый тартуынан;



  • ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да

түсімдерден.

Мемлекеттік емес зейнет ақы коры (МЕЗҚ) - бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған "арзан ақшаларды" тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық институт болып табылады. МЕЗҚ - келісім-шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылды. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорының активтерін басқаруға байланысты арнайы компанияға (ЗАБК) береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алған кастодиан банкте ғана ашады.

Кастодиан - бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын занды тұлға.

Қор қызмет ететін кастодиан банк пен зейнетақы активтерін басқаратын компаниямен бірге ақпараттарды үнемі салыстырып отыруы тиіс. Кастодиан - банк: зейнетакы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер сомасын, комиссиондык сыйақы сомасын тексереді.

Зейнетақы активтерін басқару компаниясымен: зейнетақы жарналарының түскен сомасы, зейнетақылық жиналымдарға төленген төлемдер сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаражаттар сомасы, алынған инвестициялық та-

Несие жүйесі 147

быс сомасы, басқа қорларға ауысқан салым иелерінің саны және олардың сомалары салыстырылады.



Инвестициялық кор (инвестициялық компания) - тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тұлға. Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрге бөлінеді: өзара біріккен қорлар - ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания - жабық инвестициялық қор.

Инвестициялық қордың келесідей құқықтары болады:

- сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар

портфеліне тиісті акциялары бойынша акционерлік

қоғамның басқаруына қатысуға;


  • басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелін басқару

туралы келісім-шарт жасауға;

- басқа тұлғалардың барлығымен, соның ішінде

тіркеуші және кастодиандық келісім-шарт жасауға,

өзгертуге және қарым-қатынасты тоқтатуға;

- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін

басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыруға кез

келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан

талап етуге және алуға;

Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады:

- акциядан басқа бағалы қағаз түрлерін шығаруға;



  • банктерден инвестициялық қордың таза активтерінің құнынан он пайыздан астам мөлшерде, алты айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;

  • акцияның бақылау пакетін сатып алуға күшті шектеу

қоюға;

- кез келген тәсілде заемдар беруге;



  • қайта сатып алу шартымен өзіне тиісті бағалы

қағаздарды сатуға (РЕПО операциясы).

Инвестициялық қорға қойылатын ең маңызды шектеу -бұл оны өзінің бағалы қағаздар портфелінен басқарудағы қызметін тәжірибе жүзінде айыруды сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелін басқаруға қатысты барлық қызмет инвестициялық қорды басқарушыға жүктеледі.

148 Ақша, несие, банктер

Инвестициялық қорды басқарушы - инвестициялық қормен оны басқару туралы келісім-шарт негізінде әрекет етуші және бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға.

Инвестициялық банктерден басқаларының басқарушы қызметін атқаруға құқығы жоқ.

Несиелік серіктестік дегеніміз - банк болып табылмайтын, өзіңің қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырушы заңды тұлға. Несиелік серіктестіқ жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкілетті атқарушы және сот билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорыңдар мен үйымдардан, сондай-ақ, оны тіркеген мемлекеттің заңымен сәйкес келетін оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкін.

Несиелік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиал-дарын, өкілеттіліктерін және еншілес серіктестіктерін ашуға құқығы болмайды.

Несиеліқ серіктестік келесі операцияларды жүзеге асырады:


  • кассалық операциялар - банкноттар мен монеталарды

қабылдау, санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, қаптау

және сақтау.



  • қарыздық операциялар - несиелік серіктестік

қатысушыларына ақшалай формада несиелер беру;

  • аударымдық операциялар - ақша аудару бойынша несиелік серіктестік қатысушыларынын тапсырмаларын орындау;

  • сенім (трастылық) операциялар - сеңім білдірушінің (несиелік серіктестік қатысушыларыңың) мүддесіне сай және тапсырмасы бойынша ақшаны басқару;

  • несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар -

төлемдерді жинақтау, салыстыру, сұрыптау және рас-

Несие жүйесі 149

тау, сонымен бірге олардың өзара есепке алу мен

клирингке (несиелік серіктестік) катысушылардың таза

позицияларын анықтау;

- сейфтік операциялар - сейфтік жәшіктерді,

шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса

есептегендегі клиенттердің бағалы қағаздары,

құжаттары мен құндылықтарын сақтау

бойынша қызметтер;

- несиелік серіктестікке қатысушы заңды және

жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау;



  • несиелік серіктестікке қатысушыларының банктік шоттары олардың тапсырмасы бойынша есеп айырысу.

Аталған операциялардан басқа, несиелік серіктестіктер Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда төменде көрсетілгендей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

  • факторингтік операциялар - төлемін төлемеу тәуекелі

қабылдануымен бірге тауарларды (жұмыстарды,

қызметтерді) сатып алушыларды төлемді талап ету

құқығына ие болуы;

- форфейтингтік операциялар (форфейтирлеу) -

сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып

алушының қарыздық міндеттемесін төлеу;

- келісім-шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде

жалға берілетін мүлікке жалға берушінің меншік

құқығының сақталуымен мүлікті жалға беру (лизинг).

Қолданыстағы банктік заңдармен қарастырылған банктік және басқа операциялар несиелік серіктестік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен жүргізіледі. Несиелік серіктестік Ұлттық банктің оның рұқсатымен немесе екінші деңгейлі банктерде корреспонденттік шот аша алады.

Сақтандыру компаниялары. Сақтандыру дегеніміз -белгілі бір сақтандыру жағдайлары кезінде сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдері ақшалай қорлардың есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндеті қарым-қатынас болып табылады.

Сактандыру түрлері. Сақтандыру төменде берілгендей бөлінеді:


  • міндеттілік дәрежесі бойынша: а) ерікті; ә)міндетті;

150 Ақша, несие, банктер

- сақтандыру объектісі бойынша: а)жеке; ә) мүліктік.



Міндетті сақтандыру - заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелуі мүмкін емес).

Ерікті сақтаңдыру - тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.

Жеке сақтандыруға: өмірді, денсаулыкты, еңбек қабілеттілігін және азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделерді сақтандыру жатады.

Мүліктік сақтандыруға: кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық-кұқықтық жауапкершілікті сақтандыруды қоса алғанда мүлік пен онымен байланысты мүдделерді сақтандыру жатады.

Өз қызметін Қазақстан Республикасы аймағында жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар сақтандырушылық қорғау құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен және занды тұлғалармен бірдей пайдаланады.

Шетелдік инвесторлардың Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы тиіс.

Сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған, сақтандырудың тиісті түрін жүргізу құқына лицензия алған коммерциялық ұйым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары олардың құрыл-тайшыларының таңдауы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғам формасында құрылады.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымы шаруашылық жүргізу құқына негізделген кәсіпорын формасында құрылды.

Сақтандыру ұйымының жарғылық қоры меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына байланысты 40 мың минималды айлық жалақыдан кем болмауы керек. Сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы ақша қаражатының үлесі 75%-дан кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру ұйымын мемлекеттік тіркеу мезетіне жарғылық қор минималды мөлшердің 50%-дан кем емес сомада қалыптастырылуы керек, бұл тиісті банк берген құжаттармен расталуы қажет. Қордың қалған бөлігі құрылтайшылық құжаттармен қарастырылған мөлшерге дейінгі яғни сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу мезетінде қалыптастырылуы тиіс.

Несие жүйесі 151



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет