Жеке тұлғалардың депозиттері
Соңгы уақытта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анық шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретің, “гибридтік” шоттар пайда
124 Ақша, несие, банктер
болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).
Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. "Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында "дем беріп" және баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең коммерциялық банктін клирингтік орталығындағы коршотында тапшылык орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүгінде белгіленген ірі ақшалай түсімдердің өзі
Несиенің мәні... 125
және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып, мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде “соңғы инстанциялы кредитор” қызметін орындайды және коммерциялык банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының МО, М1, М2, МЗ -арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие институттарда бұл арақатынас 40-55%-ды құрайды. Банктердің меншікті қаражаттарының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты. Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады; екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді; үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау мүмкін-
126 Ақша, несие, банктер
дігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды калыптастыру коммерциялық банктер қызметінің басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл бәрінен бұрын қаржылык ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге (ғимараттар, құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында: резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін дамыту қоры есепке алдынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты: тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекетті несиелеуін білдіреді.
Үлестірілмеген пайда - бұл банктің қарамағында қалатын пайданың жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының сомалары пайдалар және зияндар шотына аударылады: бұл сомалардың бір бөлігі пайдалар және зияндар шотына; екінші - төленетін дивиденттер шотына; үшінші - салық төлеуге; келесі бөлігі - резервтік қорларға аударылады. Қалғаны - үлестірілмеген пайда - банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар қорын білдіреді.
Т Ү Й І Н
1. Кез келген нарықтық шаруашылықта мәміленің екі түрі ажыратылады: сатып алу-сату мәмілесі және қарыз мәмілесі. Айырбастың екі контрагентінің жекелеген мәмілесі ретінде алынған сатып алу - сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланыс жасайды.
Қарыз мәмілесі, немесе қарыз, тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарама-қарсы қойыла отырып, сипатталуы мүмкін. Қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің кайтарылуы кейінге қалдырылған.
2. Қарыз - мәміле формасы, ал несие экономикалық категория ретінде осы мәміле негізінде пайда болатын және
Несиенің мәні... 127
дамитын немесе онда көрініс табатын өндірістік байланыстарды өрнектейді. Несие тауар айырбасы сатысында пайда болады.
3. Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарымен негізделген несиелік қатынастар тауар айналысы сферасында пайда болады және тауар өндірісі шарттарынан туындайды.
4. Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.
5. Әр түрлі халық шаруашылығы жүйелерінде кездесетін қарыз мәмілелерінің типтерінің ресми ұқсастығы олардың бір атауына - “несие” (“сенім”) бекітіледі, бірақ әр түрлі қоғамдық - экономикалық формациялардағы несиелік қатынастар бір атауды сақтай отырып, әр түрлі мазмұнға ие.
6. Экономикалық категория ретінде несиені қарыз мәмілесі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік қатынас ретінде анықтау керек. Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі өз бетінше сипаттамайды, ал жүзеге асу формасы қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
7. Несиенің құрылымы оның субъектілері мен объектілері болады.
8. Несиенің объектісі қарызға берілген құн болып табылады.
9. Қарыз мәмілесінде қатынас субъектілері кредитор және қарыз алушы ретінде көрінеді. Банктердің құрылуымен кредиторлардың жинақталуы қатар жүреді. Банктер барлық басқа кредиторлардың өкілдеріне айналады. Қарыз алушылар ретінде барлық заңды және жеке тұлғалар бола алады.
10. Қарыз мәмілесінде несиелік қатынас субъектілері (кредиторлар мен қарыз алушылар) қалай өзгергенімен де несиенің формасы оның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын білдіреді.
11. Құнның тауарлай және ақшалай формасына сәйкес несиенің екі негізгі формаларын қарастыру керек: коммерциялық және банктік. Егер коммерциялық несие тауарлық формада берілетін болса, онда банктік несие ақшалай формада беріледі. Банктік несие әмбебап болып табылады, өйткені банк арқылы қайтарымдылық, төлемділік шарттарымен қайта бөлінетін ақшалай қаражаттар экономиканың барлық салаларында қолданылады. Несиелік катынастар субъектілеріне және несиенің қызмет ету сферасына байланысты: мемлекеттік, халықаралық және тұтыну несиелері болып ерекшелінеді.
128 Акша, несие, банктер
12. Несиені жіктеудің негіздері төмендегідей: несиелеу мерзімдері, несиелеу объектілері, несиені қамтамасыз ету формалары (кепіл, кепілдік хат, кепілдік ету), қарыз алушылардың типі (белгілі бір салаға жататын), несиелеу әдістері, несиелеу мақсаттары.
13. Несие келесідей қызметтерді орындайды: қайта бөлу және нақты ақшаларды несиелік операциялардың алмастыруы.
14. Қарыз пайызы несие бағасының иррационалды формасында болады (несие құнының ақшалай өрнегі). Ол қайта бөлу фазасында пайда болады.
15. Қарыз пайызы екі қызметті атқарады: бөлу және банктің несиелік потенциалын өсіру. Төлеуші және сатушы арасындағы арақатынаста ол пайыздық мөлшерлеме түрінде болады.
16. Қолдану сферасына және пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми мөлшерлемелер ажыратылады - банкаралық, базалық, нарықтық пайыздық мөлшерлемелер, ал пайыздық мөлшерлеме шамасына әсер етуші факторларға байланысты - нақтылы және номиналды пайыздық мөлшерлемелер.
17. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары мынандай көздер есебінен құралады: банктердің меншікті қаражаттары (нетто), мерзімді депозиттер, банкаралық займдар, клиенттердің есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар, банктің үлестірілмеген пайдасы, корреспонденттік шоттардағы қаражаттар, бағалы қағаздарды шығару және орналастыру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар
1. ¥äайы өндірісте несиеге қандай орын беріледі?
2. Нарықтық экономикада несиенің мәні.
3. Нарықтық экономикада несиенің қажетгілігі неде?
4. Несиенің құрылымдық элементтері.
5. Несиенің басқа экономикалық категориялардан
айырмашылығы.
6. Несиенің формалары.
7. Несие әр түрлі белгілері бойынша қалай бөлінеді?
Несиенің қызметтері қандай?
Қарыз пайызы деген не, оның экономикалық мәні?
Қарыз пайызының мөлшері неге байланысты?
Несие жүйесі 129
V тарау
Несие жүйесі
Несие жүйесінің үғымы және оның
құрылымы.……………..….......................................130
Несиелік мекемелердің түрлері…………..............135
Қазақстан Республикасындағы
банктік емес ңаржы институттары...........……......142
4. Несиелік жүйені құру принциптері…………….....151
5. Әлемдегі несие жүйесі дамуының
қазіргі тенденциясы………………...........................155
130 Ақша, несие, банктер
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:
• Несиелік қатынастар мазмұны.
• Несиелік жүйе ұғымы.
• Несиелік жүйе құрылымы.
• Банк қызметінің түсінігі.
• Банк, оның мәртебесі.
• Банктердің сегменттелген және әмбебап құрылымы.
• Эмиссиялық (орталық) және эмиссиялық емес
(коммерциялық) банктер.
• Инвестициялық, инновациялық, ипотекалық банктер.
• Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
• Несиелік жүйені құрудың негізгі қағидалары.
• Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |