§7. ИНФЛЯЦИЯ, ОНЬІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Инфляция - коғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болшақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
50 Ақша, несие, банктер
"Инфляция" термині АҚШ-та 1861-1865 жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 %-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында, жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты денгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен, ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шы-ғындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сакталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшак болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтык қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) жатады.
Ақша айналысы 51
Ол үй шаруашылығының "тұтыну қоржынына" жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда 1991 ж. бастап анықталды. "Тұтыну қоржыны" 275 тауарлар мен қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып, өзгеріп отырады. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджетін зертеу нәтижесінен келіп "тұтыну қоржынындағы" тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері -62,6% (бүрынғасы - 58,2% болған), азақ-түлік емес тауарлар - 23,2% (30%); ақылы қызмет - 14,2% (11,8%).
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады: глобалдығына қарай - локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзінде; даму қарқынына қарай - төмен, бәсең, гиперинфляция және супергиперинфляция, яғни бағаның өсуі 5%-дан аспайтын болса; циклдігіне қарай - жылжымалы ( бағаның біртіндеп өсуі), тұрақты, сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік экономис-монетаристердің назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс -инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.
Инфляция процесінің Қазақстандағы дамуы да осы көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляциянын өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы - 216% және 160% кұрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды-ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде
52 Ақша, несие, банктер
Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30—40%-дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар
1. Ақша айналысы деп нені түсінесіз?
Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналымы нені
білдіреді?
3. Монета деген не?
4. Монетаның жақтары қалай аталады?
5. Алғашқы қағаз ақшалар қашан пайда болған?
6. Металл ақшадан қағаз ақшаға өту себептері неде?
7. Толық бағалы емес ақшалар қалай аталады?
8. Ремедиум нені білдіреді?
9. Қағаз ақша деген не?
10. Несиелік ақшалар түрлерін ата?
11. Чек деген не?
Ақшаның айналыс және төлем құралын атқару үшін қанша ақша керектігін анақтайтын факторлар.
13. Ақша массасының құрамдас бөліктері.
Жиынтық ақша массасын басқару әдістері. Әкімшілік және экономикалық әдістер.
15. Ақша-несие саясатының типтері.
16. Ақша айналымын басқарудың нормативтік әдістері.
17. Ақша айналымын басқарудың түзеткіш әдістері.
18. ҚР ақша жүйесі қашан құрылған?
19. Ақша жүйесінің негізгі элементтерін ата.
20. Биметаллизм және монометаллизм ұғымдары
нені білдіреді?
Инфляция деген не? Қазақстандағы оның түрлері мен
ерекшеліктері.
Қазақстандағы ақша... 53
III тарау
Қазақстандағы ақша реформалары
1. 1922—1924 жж. Ақша реформалары…….………....54
2. 1947 жылғы ақша реформасы………………...........60
3. Рубль бағамының жоғарылауы және оны 1950
жылы алтын базасына өткізу…...........................62
4. 1961 жылғы деноминация…………………................64
5. Казақстан Республикасының,
1993 жылғы ақша реформасы……………….............65
54 Акша, несие, банктер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ
Тарауда келесідей сұрақтар карастырылады:
• 1922-1924 жж., ақша реформалары, оның
алғышарттары және мазмұны.
• 1947 ж. ақша реформасы және карточка жүйесінің
алынып тастылуы.
• 1950 ж. 1 наурызынан бастап рубльді алтын базаға
өткізу.
• 1961 ж. ақша деноминациясы.
• 1993 ж. Қазақстандағы акша реформасы.
§1. 1922 - 1924 ЖЖ. АҚША РЕФОРМАЛАРЫ
Ақша реформасын өткізудін, қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халык арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін акша айналасының жағдайы біршама нашарлай түсті.
Қазақстандағы ақша... 55
Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (казіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардын натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап "еңбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жүбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.
1921 ж. наурызда болған РКП(б)-ның X съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артык өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсак өнеркәсіпке араласуына жол берілді.
Біртіндеп енбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 ж. көктемінде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек
56 Ақша, несие, банктер
10% құраса, онда 1923 ж. бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 ж. қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылык жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшаның алтынмен камтамасыз етілуі. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж. сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына
1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.
1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін
1923 ж. 1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.
Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек қүнсыздануға ұшырады.
Қазақстандағы ақша 57
Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы кұқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Сауда-саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 ж. - 15%, 1.07.1923 ж. - 37%, және 1.10.1923 ж. -74% құрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінін бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.
58 Ақша, несие, банктер
Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына қатты есер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді.
1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақгы валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн рубльге дейін). Бірақ алтын қорының сомасы Ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына катынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.
5.02.24 ж. Орталық атқару комитеті (ОАК - ЦИК) және Халық Комиссарлар кеңесі (ХКК - СЖ) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халық Комиссариатының қорында болған қоры жойылды. 22.02.24 ж. бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар және 1, 2, 3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналық билеттердің шығарылу шамасы айналыстығы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды.
Қазақстандағы ақша... 59
1888ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі, болды. 1921 ж. қараша айынан бастап, ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Оның жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекетік бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестік ақша белгілерінің эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері, құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы -ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я. Сокольников, барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері атқара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, тұрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жүйесінің кұлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сырты сауданың дамуы ішкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.
Алтын қорының үш ролі болды:
халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор
ретінде;
ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);
көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру
резерві.
60 Ақша, несие, банктер
Червонец тарихқа "алтын" деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.
Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюта алу мүм-кіндігі, сондай-ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуі, оған деген "сенімді" арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте түсті. 1.07.1923 ж. червонецтер елдегі ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.
1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды катаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.
§2.1947 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ұлы Отан соғысы елге - 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде).
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұялыларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери
Қазақстандағы ақша... 61
техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түсті.
Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.
Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14 желтоқсанда "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000-нан 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық , монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.
62 Ақша, несие, банктер
Реформаның басты элементерінің бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ж. біртұтас 2%-дық займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.
Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.
Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 ж. бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.
1947 ж. ақша рефомасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құруылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұның сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
§3. РУБЛЬ БАҒАМЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ ЖӘНЕ ОНЫ 1950 ЖЫЛЫ АЛТЫН БАЗАСЫНА ӨТКІЗУ
1947 ж. ақша реформасынан кейін алғашқы жылдары эко-номиканың дамуындағы қол жеткізген жетістіктер және карточка жүйесінің алынып тасталуы өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, дүкендерде азық-түліктердің көбеюіне жол берді. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуі басталды. Әдетте ол, 1948 ж. көктемінен 1954 ж. дейін жүргізілді. Бұл уақыт ішінде азық-түлік тауарларының бағасы
Қазақстандағы ақша... 63
2,6 есе, өнеркәсіп тауарларының бағасы 1,9 есеге төмендеді1. Әйтсе де бағаның төмендеуі халықтың төлем қабілетінің сұранысы, өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісінің мүмкіндіктерінен асып түсуіне әкелді.
Айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу мақсатында халықтың жұмыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан "халық шаруашылығын қалпына келтіруге және дамытуға" арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.
Үкімет рубльдің бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және оны алтын базасына өткізу қажеттігін мойындады. Оған дейін рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бір алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгіленіп келді.
Бастапқы кездері рубльдің бағамын анықтау үшін база ретінде француз франкі қабылданған болатын, себебі Франция валютасының тұрақты алтындық құрамы болды, ал доллар және функт стерлинг болса, олар 1931-1933 жж. девальвацияланған болатын. Бірақ 1936ж. француз франкі де девальвацияланды, сөйтіп оның бағамы біршама түсіп кетті. 1937 ж. рубльдің бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгізіліп, 1 доллар = 5 рубль 30 тиын болды.
1950 ж. 1 наурыздан бастап үкімет рубльдің алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгіледі. Осы бекітілген алтындық құрамына байланысты рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиынның орнына - 1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшін 4 рубль болып жаңа бағам белгіленді. Ағылшын фунт стерлингіне катысты алғанда - бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекітілді. Соған сәйкес баска да шетел валюталарына қатысты бағам өзгерді. Шетел валюталарының алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейінгі өзгерістері болған жағдайларды КСРО Мембанкі өзінің түзетуін енгізуге тиіс болды. Шетел валютасына қатысты рубль бағамының жоғарлауының зор маңызы бар.
1 Гринберг И. Рубль, червонец, тенге. Алматы: "Каржы -
каражат",1997 г.
64 Ақша, несие, банктер
Рубльдің қатаң белгіленген алтындык құрамы оны халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейтті.
§4. 1961 ЖЫЛҒЫ ДЕНОМИНАЦИЯ
Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленді. Осындай үлкен сомалардағы шоттармең жұмыс жасау іс жүзінде қаржы-банктік және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілендіру, рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.
1961 ж. каңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 қазыналық билеттер мен 10, 25, 50 және 100 рубльдегі мемлекеттік банк (банкнот) билеттері, соңдай-ақ 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 50 тиындық монеталар. Ескі үлгідегі ақша билеттері және монеталар жаңа үлгіге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1, 2, 3, 5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан, айналыста номинал бойынша қала берді.
Айырбас 3 ай ішінде 1961ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында ешқаңдайда шектеусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961ж. I тоқсаныныда айналыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы мөлшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар және т.б. жүргізілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін және олардың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің пішіндері шағын болып келуі, оларды айналыста қолайлы етті.
Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтындық құрамын көтерді жәңе оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді.
Қазақстандағы ақша…… 65
Рубльдің жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалыпқа келтірді.
1964 ж. Экономикалық ынтымактастықтың халықаралық банкінін құрылумен байланысты, 1991 ж. дейін Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі - аудармалы рубль енгізілді.
§5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПҮБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рүқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-құжаттарына белгі қойылды.
"Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету зандылығы дәлел-
денбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т.1.
Гринберг И. Рубль, червонец, тенге. Алматы: "Каржы -каражат",
66 Ақша, несие, банктер
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы" Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші
кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты бір-
тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдырағын соң ақшаны дезинтеграциялау процесі
өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің
меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың
міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан "қорғау" мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және
Қазақстандағы ақша... 67
Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам - меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңала-рына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған "Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы", соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге "рубль аумағында" қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюрлары шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
68 Ақша, несие, банктер
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. • 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасына ¥лттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 карашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - теңге енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.
Қазақстандағы ақша... 69
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде - шексіз, 1961-1993жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.
Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер мен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шыгарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мысникельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында "Жібек жолы" жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.
Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.
Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
70 Акща, несие, банктер
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар
1922-1924 жылдардағы ақша реформаларының эконо-
микалық алғышарттары.
2. Ақша реформасын жүргізу кезеңдері.
3 1922-1923 жылдардағы деноминациялар, олардың
мақсаты.
4. 1947 жылғы ақша реформасы 1922-1924 жылдардағы
ақша реформасынан немен ажыратылады?
5. 1947 жылы қандай шаралар жүргізілді?
6. Баға масштабы қашан және неге өзгертілді?
Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша белгілерін жаңа ақшаларға айырбастау процедурасы.
8. 1993 жылы ақша айырбасы қандай
арақатынаста жасалды?
1993 жылы Қазақстанда акша реформасын жүргізудің
себептері.
Несиенің мәні... 71
IV тарау
Несиенің мәні және фүнкциялары
1. Несиенің мәні және қажеттілігі……………..72
2. Несиенің құрылымы….......................………..83
3. Несиенің формалары жэне түрлері..………..90
4. Несиенің функциялары…..................………104
5. Қарыз пайызының экономикалық мәні….108
6. Несиелік ресурстар және олардың
қалыптасу көздері.……….......................…......118
72 Ақша, несие, банктер
НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:
• Несиенің мәні.
• Несиенің құрылымы.
• Несиенің қажеттілігі.
• Нарықтық экономикада несиенің ролі.
• Несиенің формалары: тауарлық және ақшалай.
• Несиенің функциялары.
• Қарыздық пайыздың мәні.
§1. НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несиенің мәні... 73
Несие құннының белгіленіп үлгерген кызметіне баиланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жок, ал оның бөліктері ұдаиы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жок. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасынын айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек сонғысының мағынасын толык, бере алмаиды Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмаиды Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелеи бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғаиған кезде яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен байланысты, бірак ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдаи тән: 1 -үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 - ол коғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден,айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды кайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде аңыкталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы
74 Ақша, несие, банктер
көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде козғалысы токтаған уакытша босаған кұн меи баска субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасыңда қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде кұн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн козғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. "Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнынымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде акшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді.
Несиенің мәні... 75
Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі"1. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездей-соқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. "А" тауарды "В"-ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. "Біз жай тауар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшалай формада болады"2. Қарыз кезінде "ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қаңа құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді"3.
1 К. Маркс, Ф. Энгельс. Соч. Т.13. С. 121.
2 К. Маркс, Ф. Энгельс. Соч. Т.25 I ч., С. 387.
Сонда.
76 Ақша, несие, банктер
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: "А" тауарды "В"-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік "А"-дан "В"-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: "А" "В"-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн "А"-дан тауар "В"-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік "А"-да сақталады. Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдалануымен сәйкес келуін ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінін әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - карыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығьі олардың бір атауымен -“несие” - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды
Несиенің мәні... 77
сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн козғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс
78 Ақша, несие, банктер
тәсілдері емес, өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда - біз машина өндірісін техникалық-экономикалық категория, ал екінші жағдайда - экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несиеге катысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдык-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңцылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін эко-номикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес,сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Несиенің мәні... 79
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: "бірте-бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы - көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға карыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады"1.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және
1 Васильев А.А. Биржевая спекуляция. Теория и практика.- СПб,
1912, 7-і.
80 Ақша, несие, банктер
дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік катынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
"Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды"1 .
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.
Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түр-лі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тірізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: "тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өңдірісі жылдың әр түрлі
1 К. Маркс, Ф. Энгельс, Соч. Т. 6, С. 442.
Несиенің мәні... 81
мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатущы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәніңде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады"1.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті терендетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы эконономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (ңегізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді:ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өңдіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс кұралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және ақшаға айналады.
К. Маркс, Ф. Энгельс, Соч. Т. 23, С. 146.
82 Ақша, несие, банктер
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады. Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы - бұл капиталдардың айналымы. Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталдардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшеленеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.
Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар кұнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеліп соғады. Бұл кәсіпорын оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизмдерді алу үшін жеткілікті белгілі бір соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады.
Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, детальдарымен емес толығымен алынады. Амортизациялык қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінін ауыстырылуы,-
Несиенің мәні... 83
жинақталған амортизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе оларды алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойында ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді.
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының және олардың шеңбер айналымы сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай каражаттар пайда болса, басқаларында (ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпең байланысты) олардың жеткіліксіздігі пайда болады.
Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы тым әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар айналысының уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы-материалды құндылықтарды бір реттік әкелумен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін. Қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бүл көбінесе тауар өндірісі орнының оларды тұтыну орнынан көп жағдайда алыс орналасуынан, сонымен бірге? тауарды өткізу нарығынан бұл алшақтық едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Тауарлай және ақшалай формаларға ие өндірістік капиталдың шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдык негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы қүнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі
84 Ақша, несие, банктер
өндіріс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды.
Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі болады.
Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің - "С", "V" және "М" - өнімдері болуы мүмкін.
Мысалы, жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің обьективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын "V"-да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа, "М" түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек каражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
Несименің мәні... 85
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1-несиелік мәмілеге қатысушылар - кредитор және қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші занды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2-несие қажетгілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге, өзара мүдделілікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капи-талдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе объектіні терендей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |