§3. АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАЛАР, ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналамының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың
32 Ақша, несие, банктер
металдық құрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:
- ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және
олардың көмегімен тауарлардың айырбас
құны анықталады;
бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын
толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. Адам Смиттің (1723-1790) айтуынша, ақша - бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда кұралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
- қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
- басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектісіне қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың ("Госу-дарственная теория денег", 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:
ақша - құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің
туындысы;
ақша - мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол
мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері
болып табылады;
- ақшаның негізгі кызметі - төлем құралы.
Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж.М. Кейнс (1930 ж. "Трактат о деньгах") алтын ақшаларды "жабайылық сарқыншағы", "арбаның бесінші дөңгелегі" деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының женісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениетті ақшалар қарапайым түрінде қалып,
Ақша айналысы... 33
кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.
Ақшаның номиналдық теориясы жағында белгісіз американ экономисі П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналауда деп сендіреді. "Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Акша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық" (Самуэльсон П. Экономика: "Прогресс", 1964, 68-69 б.).
С.М. Борисовтың "Золото в экономике современного ка-питализма" (М., 1968, 64 б.) атты монографиясында кызықты пікірлер беріледі. Автор барлык тауарларға қарсы тұратын жалпыға бірдей эквивалент ретінде, алтын туралы ережені қайта карау керектігін айтады. Сондай-ақ мұнда алтынның кағаз ақшалар ықпалымен мүлде ішкі айналыстан шығып қалғандығына сілтеме жасалады. С.М. Борисовтың айтуынша "ұлттық ақша жүйелерінде қағаз ақшалардың мәні артып отыр, себебі олар барлық тауарлар қозғалысына қызмет етуде, осы ақшалар ғана тауар әлеміне қарсы тұра алады және тауарлар бағаларын меншікті қағаз масштабында бейнелей алады" делінеді.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажетгіліктерімен байланысты.
Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегі теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.
XIII ғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі болды.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.
34 Ақша, несие, банктер
XVII ғ. алдындағы капиталистік тауарлы өндірістің дамуымен қағаз ақшаның колданылуы өріс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстік Американың Британиялык отар елдерінде,1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 жылы II Екатерина тұсында пайда болды. Халық арасында оларды "катенька" деп атады, себебі оның бетінде императордың суреті болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде болды.
Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған - толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есесінен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және
капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі
қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына
деген шаруашылықтың қажеттілігенен әлдеқайда
төмен.
2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған
монеталарды жасаушылардың монеталарды бүзуы.
Ресей патшасы Алексей Михайловичтың тұсында (Петр І-дің әкесі), яғни 1654-1662 жж. құны толық емес мыс тиындар соғылды, Бағасы 12 тиын мыстың фунтынан - 10 сомдық монеталар соғылды. Олардың нақты құрамы номиналдың 1-2%-ын құрады. Бұл айырбас процесінің бұзылуына, халықты қатты толқуға, шаруалар, кәсіпқойлар, саудагерлер ақшаның құнсыздануынан көп зардап шекті. Осыған байланысты 1862 ж. Ресейде "мыс көтерілісі" деп аталған көтеріліс болды. Мыс монеталарын жасау тоқтатылды, 100 мыс тиынның орнына 1 күміс тиын айырбасталды.
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін соғысты каржыландыруға көптеген мөлшерде "континентальдық акшалар" шығарды.
Осыған байлаңысты, К. Маркс атап көрсеткендей: "өзінің айналыстағы делдалы ретінде алтын әр түрлі өзгерістерге
Акша айналысы... 35
ұшырады, тіпті жай ғана бір жапырақ қағазға дейін жұқарды"1.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты кұрамынан біртіндеп белінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
Қағаз ақша - мемлекеттің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі (құнның белгілері, алтынның өкілдері). Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны - бір жапырақ жай қағаздарға айналады.
Егер "нағыз" акшалар (алтын) айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс про-цесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақставда 1993 жылы ең ірі купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар шығарылған болтын.
Алтынның белгілері ретінде қағаз ақшалар пайда болды. Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы (баға масштабы) мемлекетпен ерікті түрде белгіленіп, бірак оның құны көрсетілмеді.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған. Мысалға, 1922 жылы шығарылған "алтын червонец" алтынға және шетел валютасына сатылып - сатьш алынған (яғни валюталық интервенция жүргізілген).
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық қүнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
К.Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. Т.13, 107-108 б.
36 Ақша, несие, банктер
Алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар қорлану қызметін де атқара бастады.
Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес шығыстарды жабуға артық ақшалардын шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежүзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның барлығы бағанын өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны көтеріп отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе береді. Баға - жалақы - баға... деген тізбек айнала береді.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
§4. НЕСИЕ АҚШАЛАР
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар - бұл несие негізінде алтының орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және "төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады".
Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
Вексель - бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) телеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі карыз міндеттемесі.
Вексель айналымдың қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-кол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандыктан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленді.
Ақша айналысы…..37
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз - кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өтуі арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады.
Сатып алушы-кәсіпорын, тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін, оның қойған қолы түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (вексельдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (қосымша бетте) "аваль ретінде саналсын" деген жазу болады.
Сонымен, вексель - несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бірнеше түлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.
Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:
векселдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана қамтиды;
вексельдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу
бойынша сальдо қолма-қол ақшамен төленеді;
Ақша, несие, банктер
борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеті бар субъектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады;
- вексельдер айналымы олардың белгіленген
мерзімі арқылы шектеулі болады.
Қолма-қол ақшаларда мұндай шектеулер жоқ.
Дамыған елдерде вексель айналысы кеңірек дамыған. Ресейде революцияға дейін және революциядан кейін, яғни 1930 жылға дейін вексель пайдаланылып келген болатын, сөйтіп 1930-1932 жж. несиелік реформалау нәтижесінде коммерциялық несиелеу тоқтатылды, сонымен бірге вексель де жоғалды.
1.01.1991 ж. бастап КСРО-ның кәсіпорындар туралы Заңға сәйкес 27-бапта, кәсіпорындарға вексельді пайдалану арқылы несиелеуге рұқсат берілді. Бірақ инфляция жағдайында тауарларды қарызға, вексельді кепілге алып беру барысы енгізілмеді.
Қазақстанда несиелік вексель республика ішіндегі шаруа-шылықаралық есепке алу нәтижесінде пайда болды, яғни қалыптасқан несиелік қалдық есебінен кәсіпорындарға салык, жалақы, мерзімді және төлеу мерзімі өтіп кеткең банктік қарыздар бойынша есептеуге рұқсат берілді, ал қалған сома жеке шотта сақталады. Осы сомаға қағазсыз вексель рәсімделді.
Үкіметтің 3 ай мерзімге арнап шығарған қазыналық векселі. Ол номинал бағасы бойынша банкке сатылып, уақыты жеткенде номиналдық құны бойынша қайта сатып алынады.
Бірақ не несиелік, не қазыналық вексель несиелік ақшаларға жатпайды.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғ. соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат берді. Бұл "банктік хат" банкнота (банкирге арналған нота) деп атады және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып келді. Ол алтынмен папа-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жаткан металға айырбасталды.
Ақша айналысы 39
Банкнота өзінің мәні жағынан - бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жакты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын коры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялары тәртібінде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкноталардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана заңды төлем құралы болып табылады.
1993 ж. біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша - банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті ақшалар айналысы чекпен байланысты.
Чек - бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу жэне аудару туралы банкке берген жазбаша бұйырығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу бодып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.
Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотга сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқьшы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне үсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу
40 Ақша, несие, банктер
шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекте көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек - несие ақша ретінде қолданады.
Батыс елдерінде кәсіпорындар арасында ғана емес, жеке тұлғалар арасында да чекпен есеп айырысу кеңінен дамыған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 ж. тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы; коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және т.б.
Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.
Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.
Қолма-қол қағаз ақшалар орнына несие карточкаларын және электронды ақшаларды қолдану - бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.
Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің алғашқы қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің "Виза" несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса ТұранБанк қызметкерлерінің несие карточкалары бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау
Ақша айналысы... 41
жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйенің жұмысының тиімділігін арттырып, содай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.
Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналамының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін
білдірмейді.
§5. АҚШАНЫҢ САНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫСТАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:
РҮ =ТV + DV1
мұндағы: Р - бағаның жалпы деңгейі;
Ү - өндіріс көлемі;
Т - ақша белгілерінің саны;
D - депозиттер
V және V-ақшаның және депозиттің айналыс
жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді.
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерінің (мысалы, Милтон Фридмэн) монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі қазіргі кездегі монетаризм ақша массасы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтілген өзгерістерді анықтау үшін қажетті мерзімдер арасында пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақша массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынының "алтын" ережесін ұсына бастады.
42 Ақша, несие, банктер
70-жылдардың басында көптеген елдерде жарияланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағынына әкелді және бұл өте қатаң ақша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны токтатуға әсерін тигізді, бірақ бұл процесс жұмыссыздыктың қарқынды өсуімен қатар жүргізілді.
Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті акшаның жалпы көлемін қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу аркылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп; несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді: неғүрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн; айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың колындағы түрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі:
АР - ақша резервтері;
А - ақшаның төлем және айналыс құралдары
ретіндегі айналымның орташа саны.
Ақша айналысы 43
Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы акша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымнын ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі -банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.
Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісініше болуы акша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.
Теориямен катар бұл мәселенің тәжірибелік те манызы бар. Оны дұрыс шешу акша айналысының екі облысы үшін
Ақша айналысы... 45
қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды.
Ақша массасының құрамы сол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады.
М, ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есептелемейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ-та сондай-ақ М,-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.
М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге Мг-мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; ¥лыбританияда -чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.
М3 агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда - жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.
Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:
Мо - айналыстағы қолма-қол ақшалар;
М, өзіне - М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы каражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша занды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредитивтік шоттардағы .қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;
Ақша айналысы... 45
М2 - өзіне М,-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды;
М3 - М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу.
Ақша агрегаттарының кұрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен өзгереді.
Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:
- Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердің несие
алуы жолымен;
- Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік
бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;
Орталық банктің бағалы металдарды, шетел
валюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды
сатып алу жолымен;
- коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру
негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар
беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік
ақшаларды шығару);
Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.
Осыдан ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша-несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:
- нақты бейнелеудегі ЖҮӨ-нің болжанатын өсімі;
- жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының
есептелетін (жылдық ЖҮӨ номиналдық шамасының
орташа жыл-
46 Ақша, несие, банктер
дық ақша массасына қатынасы, біздің жағдайымызда Д2-
ге) жылдамдығы;
жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұксат етілген деңгейі;
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.
Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мүндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердін жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.
Сондықтан да барлық ақшалардың (ақша массасы) айналыс жылдамдығы мен төлемдердің өту жылдамдығын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз.
§6. АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ НЕПЗП ТИПТЕРІ
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен катар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері камтылады.
Ақша айналысы.. 47
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің тұрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша тұрлері. Заңды төлем кұралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз акша айналысы, мұнда алтын айыр-бастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндык эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
48 Ақша, несие, банктер
қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анық-
тады;
"ақсак" валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына карама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралык реттеу нәтижесіз болды. Күмістің қүнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда - 1871-1873 жж., Франңияда - 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 - 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 - 1875 жж. қолданылды.'
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінін еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты - ¥ëыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда - 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт қүймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1 Красавина Л.Н. Денежное обращение и кредит при капитализме. М.: Финаисы и статистика, 1989. 131.
Ақша айналысы 49
1929 -1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
Достарыңызбен бөлісу: |