Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Студенттің пікірталасқа қатысуын бақылау парағы



бет12/21
Дата13.11.2019
өлшемі1,85 Mb.
#51724
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
АСХАТ ӘЛІМОВ

Студенттің пікірталасқа қатысуын бақылау парағы




Студенттің аты-жөні _________________________________________________  




Қандай жиілікте

Әрекеттері




Әрқашан


Әдетте


Кейде


Ешқашан

Берілген тапсырма мен сұрақтарды түсініп алуға тырысып, басқалармен бөліседі.



 

 

 

 

Оқулыққа сүйенбей, идеялар мен ойлар келтіреді.



 

 

 

 

Тыңдай біліп, сөйлеушіні қуаттап отырады.



 

 

 

 

Өз пікірлерін дерек көздерімен немесе практикамен дәлелдейді.



 

 

 

 

Пән ауқымында қалмай, пікірлерін кең тұрғыдан қалыптастырады.



 

 

 

 

Пікірлерді қорытындалау мен жалпыламалауға ұмтылады.



 

 

 

 

Басқаларды тыңдайды, бөтен пікірмен санасады.



 

 

 

 

Өз ойларын басқа пікірлермен салыстырып, қорытынды шығарады.














Жаңа түсініктердің пайда болуына мүдделі.














Бұл парақта студенттің жұмысын «+» немесе «-» белгілерін қойып бағалауға болады.

Төменде келтірілген кестеде жеке студенттің жұмысы бағаланбай, сабақтың барысы бақыланады. Бақылаушы парақтың оң жағындағы бағанға өз пікірлерін келтіреді.
Кесте №24

Сабақты бағалау парағы

Пән _________________________________________________

Оқытушы _________________________________________________

Уақыты _________________________________________________






Талаптар



Комментарий

Аудиториядағы психологиялық климат





Студенттердің қызығушылығы (мотивациясы)





Студенттердің белсенділігі





Студенттердің бірлесе жұмыс жасауы





Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану





Сабақ құрылымының жүйелігі





Оқытушы және студенттер қолданған әдіс-тәсілдер





Бағалау тәсілдерін қолдану





Сабақтың нәтижелігі туралы жалпылама пікір







2.3 Есеп беру

Есеп беру – оқу процесінің динамикасын көрсету үшін оның әр кезеңінде студенттер мен оқытушының өзінің жұмысы, бақылауы мен бағалауын жазбаша түрде келтіруі.

Есеп беру үйренушілер мен оқытушылардың талаптарды қандай деңгейде орындағандығын көрсетіп, оқу процесін жоспарлауға өзгертулер енгізу мүмкіншілігін береді.


2.4 Сауалнама

Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау.

Сауалнаманы алдын-ала құрастырып, респонденттерге таратып берген орынды. Мәселен, семестр басында студенттің мұқтаждары мен қызығушылығын анықтау үшін кіріспе сауалнамасын жүргізген орынды. Студенттердің жауаптары пән мазмұнында қажетті өзгертулерді жасап, үйренушілердің танымдық деңгейін анықтауға септігін тигізеді.

Семестр аяғында студенттерге кіріспе сауалнамасын қайтарып, оларға өздерінің мұқтаждары қаншалықты ескеріліп, өз білімдерінің қандай дәрежеде өскендігі туралы ой-толғаныс жұмысын жазуды тапсыруға болады.
Студенттерге арналған кіріспе сауалнамасының сұрақтары

1. Семестрде пән бойынша алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз? Келтірілген тізім ішінен 3-5 мақсатты таңдаңыз:



а) емтиханда жақсы баға алу

ә) емтиханға жақсылап дайындалу

б) өзіндік тұрғыдан оқып/үйрену дағдыларын дамыту

в) үйренудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруді жалғастыру

г) пән бойынша негізгі ұғымдар, түсініктер мен заңдылықтарды білу

ғ) оқулықта берілген мәліметтерді игеру

д) мұқият тыңдай біліп, жүйелі түрде сөйлей білу

е) өмірде қажетті білім алу

ж) өз қабілеттерімді дамыту

з) өмірде туындаған проблемаларды шеше білу

и) ешнәрсе білгім келмейді.

2. Пән игеруде әрекеттердің қандай түрлерін таңдап алар едіңіз? Келтірілген тізім ішінен 3-5 әрекетті таңдаңыз:



а) әр сабақта топ ішінде бірлесе жұмыс жасау

ә) өзім құрастырған жоспар бойынша оқу

б) өзіндік тұрғыдан оқып/үйрену

в) ақпарат көздерінен тапқан мәліметтерді басқалармен талқылау, бөлісу

г) білгенімді анықтап, оны әрі қарай қалайша дамытудың жолдарын қарастыру

ғ) өз білімдерімді қолдану

д) семестр бойы қорытынды жоба бойынша жұмыс жасау

е) студенттердің сабақта да, сабақтан тыс уақытта да бірін-бірі оқытуы

ж) оқытушыны тыңдау және оның сұрақтарына жауап беріп, берген тапсырмаларын орындау

з) оқулықты оқып, игеру

и) әрекеттенгім келмейді.

3. Оқытушының сабақтарда қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын қалар едіңіз? Келтірілген тізім ішінен 3-5 тәсілдерді таңдаңыз:



а) дайын жауап бермей, жауап ізденуді ұйымдастыру

ә) студенттермен диалог (әңгіме, сұхбаттасу) құру, олардың пікірін сұрап, қандай да болмасын мәселені талқылау

б) оқулықтағы мәліметті өз сөзімен түсінікті етіп жеткізу

в) студенттердің бірін-бірі оқыту тәсілдерін қолдану

г) лекция түрінде: білгенін келтіріп, студенттердің конспект жүргізуін талап ету

ғ) оқытудың техникалық құралдарын қолдану (компьютер, интербелсенді тақта, проекторлар)

д) белсенді үлестірмелі материалдарды тарату

е) тақта мен борды қолданып, мәліметтердің бір бөлігін келтіру

ж) ақпараттың басқа да формаларын қолдану: кесте, схема, диаграмма, график

з) студенттерге әдіс-тәсілдерді таңдауда ерік беру

и) оқытушының өзі біледі.
2.5 Интервью

Интервью – сұрақ-жауаптар арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру.

Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы немесе оқу/оқыту процесі жайлы пікірлерін білуге болады. Мұнда интервью сұрақтары алдын-ала дайындалып, сұхбаттасушыларға (интервьюерлерге) таратылады. Олардың жауаптары оқу/оқыту процесінің деңгейін анықтап, оған өзгерістер енгізу мүмкіншілігін береді.


Кесте №25

Студенттен интервью алу парағы

Студенттің аты-жөні ______________________________________________

Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе проблема ___________________

________________________________________________________________





Сұрақтар


Студенттің жауаптары

- Сабақ Сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

- Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?

- Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

- Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?

- Осы тақырып (мәселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

- Осы тақырып (мәселе) бойынша қандай ақпарат көздерін қарастырасыз?

- Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз?

- Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?

- Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен?

- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?







Кесте №26

Оқытушыдан интервью алу парағы

Оқытушының аты-жөні ______________________________________________

Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе проблема ___________________

________________________________________________________________





Сұрақтар


Оқытушының жауаптары

- Сабақ қалайша өтті деп ойлайсыз?

- Жоспарлаған мақсаттарыңызға жеттіңіз бе? Оған қандай дәлелдер келтіресіз?

- Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды деп ойлайсыз? Неліктен?

- Бұл сабаққа қандай өзгертулер енгізер едіңіз? Неліктен?

- Сабақ тақырыбының (проблемасының) студенттер үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

- Студенттердің бүгінгі үйренгені болашақта қалайша қажет болады деп ойлайсыз?

- Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қандай әрекеттерді қолдандыңыз?

- Студенттердің белсенділігі қандай дәрежеде болды деп ойлайсыз? Неліктен?

- Бүгінгі сабақтан түйген ең маңызды ойыңыз қандай болды?








2.6 Рубрика
Рубрика - студенттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлер белгілеу арқылы) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.

Студенттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу студенттердің өз жұмысында озық үлгілерге (идеал) сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде студент жұмыстарының сапасын арттырады.



Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  • Критерийлер студенттерге алдын-ала белгілі болуы керек.

  • Критерийлер студенттермен бірге құрастырылуы керек.

  • Оқытушы ұсынған критерийлер студенттер тарапынан толық қабылдануы керек.

  • Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.

- Критерийлер жария түрде келтірілуі керек: силллабустардан орын алып және аудитория қабырғасына іліп қойған орынды.

Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.
Эссені бағалауға арналған әмбебап рубрика

Мазмұны мен ұстанған көзқарасы


  • Көлемі бекітілген мөлшерден кем емес;

  • Берілген тақырып ауқымында жазылған, одан алшақтаулар жоқ.

  • Нақты проблема айқындалып, эссе соны шешуге бағытталған.

  • Таңдап алынған позиция немесе көзқарас нақты айқындалған және кең контексте қарастырылады (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б.);

  • Нақты айқындалған дербес көзқарас ұстанылады: оқулықты немесе лекцияны қайталамайтын, өзіндік «Мені» анық көрінетін идеялар (пікірлер, ойлар) келтіріледі.

Құрылымы

  • Үш бөлімді құрылым нақты айқындалған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

  • Бір бөлімде келтірілген идеялар екінші бөлімде тура сол қалпында қайталанбайды: өзгертілген, түрлендірілген қалыпта беріледі, дамытылады;

  • Бөлімдер арасында логикалық байланыс байқалады, «сонымен бірге», «сөйтіп», «сонымен», «алайда», т.б. сияқты байланыстырғыш сөздер қолданылады.

Стиль

  • Жай сөйлемдерге қарағанда құрмалас сөйлемдер көптеп қолданылған;

  • Оқығанда қиындық туғызбайды, түсінікті, стилистикалық қателер кездеспейді;

  • Атаулар мен терминдер өз мағынасында қолданылған;

  • Сөздер өз мағыналары тұрғысынан дұрыс қолданылған;

  • Біркелкі немесе ұқсас ұғымдар мен түсініктер синонимдер арқылы беріледі;

  • Таза және ұқыпты жазылған, орфографиялық және пунктуациялық қателер жіберілмеген.

Ұстанған позиция

- Өзіндік, соны пікір келтірілген, лекция немесе оқулықты қайталамаған;

- «МЕН» ұғымы тұрғысынан жазылған;

- Біреудің пікірін қайталамайды;

- Нақты айқындалған;

- Жалпы адами немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан келтірілген;

- Түсінікті.



Дәлелдемелік негіз

  • өз көзқарасын жақтайтын бірнеше дәлелдер келтірілген;

  • өз пікіріне қарсы дәлел келтіріліп, ол өз позициясының артықшылықтарын келтірумен жоққа шығарылған;

  • қоғамда жаппай қабылданған құндылықтарға, кең тараған пікірлерге және беделді адамдардың көзқарастарына сілтеме жасалады;

- дәлелдер эмоционалды және субъективті материалдарға сүйенбей, фактілерге негізделеді, олар өздерінің өміршеңділігі мен шынайылығымен оқырманның сенімін тудырады;

  • өз көзқарасының дәлелдері ретінде нақты мысалдар келтіріледі;

- нақты және айқын түрде ұстанған көзқарасының қоғам өмірі үшін келтірілетін салдары, артықшылықтары немесе зардаптарын көрсетеді;

- ақпарат көздерінің нақты көздеріне сілтеме жасалады (БАҚ, Интернет, арнайы әдебиет).



Қорытынды

- нақты және айқын тезистер келтіріледі;

- проблеманы шешуде қолдануға тұрарлық нақты ұсыныстар келтіріледі;

- ұсыныстар өмірде кездесетін ситуациялар тұрғысынан келтірілген, нақты өмірмен тығыз байланысты.

Бұл рубрика үлгілі жұмыстың («өте жақсы» бағасына тұрарлық) параметрлерін сипаттайды. Ал басқа жұмыстардың критерийлері одан төмендеу болады.

Әрбір жұмысқа талаптарды (критерийлерді) өзгешелеп қою керек. Талаптарды белгілеу сонымен бірге жұмыстарды орындау реті, алгоритмі болады, өйткені мұнда жұмыстың қалай орындалатындығы да келтіріледі.

Жазу жұмыстарының критерийлерін белгілейтін басқа да рубрикалардың мысалдарын келтірейік.
«Өзіндік көзқарас пен ұсыныстар» эссесі

(экономикалық мамандықтардың студенттері үшін)

Тақырып. Өкімет тарапынан студенттерге берілетін несие мәселесі.

Ситуация. Жуырда парламентте өкімет тарапынан студенттерге берілетін несие мәселесі талқыланды. Бұл отырысқа студент қауымының өкілдері де шақырылды. Сіз де өз оқу орныңыздан осы талқылауға қатыстыңыз.

Тапсырма. Парламент отырысының қалай өткендігі жайлы есеп беріп, проблеманы шешудің тиімді жолдарын ұсыныңыз. Өз ұстанымдарыңызды дәлелдеу үшін қажетті заңнамалық және экономикалық құжаттарды қолданып, оларға сілтеме жасаңыз. Жұмыстарыңызды келесі сабаққа алып келіңіздер. Жұмыстарыңыздың жинақ ретінде басылып, басқа мамандықтардың студенттеріне таратылатындығын ескертемін.

Жұмыс көлемі. Жұмыс үш парақтан кем болмауы керек. Жазу параметрлері: Тimes New Roman шрифті, 14 кегль, 1,0 интервал, кернез ауқымы – 3×2×2×1,5.

«Өзіндік көзқарас пен ұсыныстар» эссесін бағалауға арналған

Рубрика

«Өте жақсыға» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:

Мазмұны және ұстанған позициясы:

- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) айқын беріліп, жан-жақты тұжырымдалған;



- қажетті ақпаратпен негізделген салмақты дәлелдер келтірілген;

- барлық маңызды мәселелер қарастырылған;

- жан-жақты, терең талдау жасалынып, нанымды қорытынды жасалған;

- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.



Жан-жақтылығы:

- тақырыптың барлық бөлімдеріне біркелкі назар аударылады;



- қажеттілігі бар болғанда әртүрлі көзқарастар талданып, қорытындыланады.

Дәлелдемелік негізі:

- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);

- проблема терең қарастырылады;



- бұқаралық пікір мен беделді адамдардың пікірлеріне, ғылыми көзқарастарға сілтеме жасалады;

- қосымша ақпарат қолданылады.

Баяндау:

- құрылымы логикалық тұрғыдан мінсіз, бөлімдер арасында байланыс анық көрінеді;

- жазу стилі ерекше: бірден көзге түседі, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді;

- сөз қолдануы түсінікті, айқын және нақты, баяндау бір стильдің аумағында (эссеистік, публицистикалық, ғылыми, т.б.).



«Жақсыға» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:

Мазмұны және ұстанған позициясы:

- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) тұжырымдалған;



- қажетті ақпаратпен негізделген дәлелдер келтірілген;

- барлық дерлік маңызды мәселелер қарастырылған;

- талдау және қорытындылау жасалған;

- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.



Жан-жақтылығы:

- тақырыптың барлық дерлік бөлімдері қамтылған;



- әртүрлі көзқарастар талданып, қорытындыланады.

Дәлелдемелік негізі:

- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);

- проблема терең қарастырылады;

- қосымша ақпарат қолданылады.

Баяндау:

- жақсы құрастырылған эссе;

- жазу стилі бірден көзге басылып, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді;

- сөз қолдануы айқын және нақты.



«Қанағаттанарлыққа» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:

Мазмұны және ұстанған позициясы:

- кең контекст берілмеген және де нақты позиция айқындалмаған;

- келтірілген дәлелдер нақты сілтемелермен қамтамасыздандырылмаған.

Жан-жақтылығы:

- барлық мәселелер қарастырылмаған:

- құжаттар тек аталады немесе құжаттарға жасалған сілтемелер өзіндік көзқарас тұрғысынан бағаланбайды.



Дәлелдемелік негізі:

- қолданылған ақпарат (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, заңнамалық) дәл келтірілмеген, оларда қателер жіберілген;

- зерттелініп жатқан проблема терең қарастырылмаған.



Баяндау:

- баяндалған материалдың ішкі құрылымы (позиция, көзқарас, пікірлер және идеялардың өзара байланысы) байқалмайды;

- орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателер түсінуді қиындатады.

«Дербес пікір» жазу тәсілі

Студенттерге сабақ соңында 7-8 минут ішінде қарастырылған мәселе бойынша келесідей құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:

1. Өзіндік пікір (ой, идея).

2. Дәлел.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал

4. Өз пікіріне қарсы дәлел

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.

6. Қорытынды.

Мұндай жұмысты орындауда әрбір жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігін де көрсетуге болады:

1. Өзіндік пікір (ой, идея) – бір сөйлем.

2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.

4. Өз пікіріне қарсы дәлел – бір сөйлем.

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – бір сөйлем.

6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.

Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады. «Дербес пікір» жазуын бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады (бұл талаптар студенттерге алдын-ала таратылып беріледі). Бағалауды студенттердің өздері де жүргізсе болады.


Кесте №27

«Дербес пікір» тәсілін бағалаудың критерийлері



Тапсырмалар

Критерийлер





Көрсеткіштер

+

-


Пікір/

көзқарас

1. Нақты айқындалған.

2. Басқалардың түсінуі үшін қиындық туғызбайды.


 

 


Дәлел/

Аргумент

1. Қоғамда кең қолданыстағы құндылықтарға, құжаттарға, кең тараған пікірлер мен жеке беделдердің көзқарасына сілтемелер жасалады.

2. Нанымды және сенуге тұрарлық.


 

 


Мысал

1. Нақты, нанымды.

2. Қоғам өмірі үшін салдарын, артықшылықтары мен зардабын анық көрсетеді.

3. Нақты көздерге сілтеме жасалады.



 

 


Қарсы дәлел

1. Қандай да бір бедел немесе қоғамның бір бөлігі ұстанатын пікірге сілтеме.










Мысал

1. Нақты көздерге сілтеме жасалады.

2. Практикалық тұрғыдан пайдасы келтіріледі.









Қорытын-дылау

1. Көзқарас пен пікірдің мәні нақты, қысқа әрі нұсқа түрінде келтірілген.

2. Проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар келтірілген.


 

 




 

Барлығы:


 

 

Егерде бұл жұмысты орындау нәтижесінде студенттерге баға қою қажет болатын жағдайда бағаларды келесідей бөлуге болады (мұнда көрсетілген әрбір талапты қадағалағандығы үшін бір балл беріледі, яғни студент 12 балға дейін жинай алады):

- «өте жақсы» - 11-12 балл,

- «жақсы» - 9-10 балл,

- «қанағаттанарлық» - 6-8 балл.
2.7 Портфолио
Портфолио - студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио студенттің даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: студенттер өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода студент өзінің семестр бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.

Портфолио - студенттің оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, студенттермен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді.

Портфолио студенттердің оқуын қорытынды әрекет (емтихан) бойынша бағаламай, процесс бойынша бағалау мүмкіншілігін береді. Портфолиоларды электрондық түрде де келтіруге болады (Қараңыз: М.Лебедева, О.Шилова, 21-25).

Портфолио бірнеше қызмет атқарады:



  • жинақтаушы – студенттердің жұмыстарының жиынтығы;

  • үлгі (модель) – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы, өйткені ол әр студентке оқудың өзіндік стратегиясын айқындап, қажетті материалдар мен жұмыс түрлерін таңдау мүмкіншіліктерін береді;

  • ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынып, оларды қолдану мен өзгерту мүмкіншіліктерін береді.

Мұнымен қатар Сузанна Саффкова портфолионың келесідей мүмкіндіктерін нұсқайды:

- оқытушы үшін – студенттің жетістіктерімен танысып, олардың маңыздылығын айқындау мен бағалау;

- студент үшін – тұлғалық тұрғыдан дамып, мотивация мен өзіндік жетістіктер, кемшіліктер мен мүмкіндіктер туралы түсініктерінің өзгеруіне байланысты әрі қарай жетістіктерге жету;

- оқу орны үшін – студенттердің мүмкіншіліктерін (әлеуетін) айқындап, соған байланысты оқу бағдарламалары, сабақ беру әдістемесі мен оқу процесін ұйымдастыруды студенттердің мүмкіншіліктеріне байланысты өзгерту;

- жоғарыда көрсетілген барлығы үшін – қажет болған жағдайда жасаған жұмыстары туралы құжаттармен дәлелденген есеп беру (С.Саффкова, 11-15).

Портфолио – материалдардың қарапайым жинағы ғана емес. Бағалауда портфолионың нақты мазмұнымен бірге материалдардың қалайша таңдалып алынғандығы және оларды дәлелдеу базасы да бағаланады. Студенттер портфолиоға өздерінің түсініктері, ой-толғаныстары мен дәлелдеулерін көрсететін келесідей материалдарды жинақтайды:

- өткізілген пікірталастардың қорытындылары,

- оқыған материалдарының (кітап, лекция, зерттеулер) конспектілері,

- проблема шешудің өзіндік ұсыныстары,

- эссе мен басқа да жазу үлгілері.

Басқаша сөзбен айтқанда, портфолио үшін ең басты мәселелер – есеп беру (дәлелдер келтіру) және ой-толғаныс (рефлексия).

Портфолионы оқу процесіне қалайша енгізуге болады? Бұл үшін келесідей әрекеттерді атқарған орынды.

1. Студенттердің түсінігі мен мотивациясын тудыру.

Әрбір студентке портфолионың не үшін құрастырылатындығы түсінікті болуы керек. Студенттер портфолионың қызықты әрі қомақты нәтижелерге қол жеткізетіндігіне көз жеткізіп, оны өзін-өзі бағалау мүмкіншілігі деп қабылдағаны дұрыс.

2. Портфолионың түрін айқындау.

Портфолионың түрін оқытушы көмегімен студенттің өзі таңдауы керек. Мұнда мәселе мақсатқа байланысты: егер студент есеп беруді жоспарласа, онда портфолио оның жұмыстарының толық жинағы (немесе таңдамалы жұмыстар жинағы) болады; ал егерде ол өзінің тұлғалық әрі кәсіби дамуын мақсат тұтса, онда портфолионы ой-толғанысқа негізделген жұмыстар құрайды.

3. Тапсыру мерзімін айқындау.

Мұнда портфолионың дайын түрде тексеруге өткізілетін мерзімі белгіленеді, әдетте ол семестр аяғында межелік бақылауда оқытушы тарапынан тексеріледі.

4. Портфолио бөлімдері мен рубрикаларын айқындау.

Портфолио құрылымы студенттермен бірлесе анықталады. Өз портфолиосының құрылымын белгілеуде студентке ерік беру қажет, бұл жерде тек «Өзім туралы», «Менің таңдаулы жұмыстарым», «Менің жетістіктерім», «Менің ой-толғанысым» сияқты міндетті бөлімдердің болуын талап ету керек.

5. Бағалау критерийлерін айқындау.

Критерийлер студенттермен бірлесіп құрастырылады. Мұнда назарды жұмыстардың жинақталуына ғана емес, сонымен бірге олардың жүйеленуі мен өзінділігіне, студенттің ой-толғанысына аудару керек.

6. Бағалау әдістері.

Студенттермен бірлесе айқындалады: презентация, қорғау, т.б.
Портфолионы құрастыру үшін студенттерге оның формасына (құжаттар мен тапсырмалардың тізімі және реттілігі) және әр құжаттың мазмұнына қойылатын талаптарды келтірген жөн. Мысалы, Лоне Йоренсен мен Сэлли Хансен (Л.Йоренсен, С.Хансен, 2004) педагогикалық практика бойынша есеп беруде студенттердің келесідей тапсырмаларды орындауын ұсынады:

1. Оқу/оқытуға деген өзіндік көзқарастарын келтіру.

2. Кәсіби дағдыларды әрекеттер арқылы көрсету.

3. Сабақ жоспарларын құрастыру.

4. Мектептің оқушылары және педагогикалық ұжымымен кәсіби қарым-қатынас құрудың айғақтарын келтіру.

5. Сабақтарда тәртіпті қалайша қадағалайтындығын көрсету.

6. Оқытып жатқан пәннің мазмұнын білетіндігін көрсету.

7. Оқу бағдарламасын білетіндігін көрсету.

8. Оқушылардың жұмысын әртүрлі критерийлер бойынша бағалай білу.

9. Әртүрлі оқу құралдары мен ресурстарын таңдау, құрастыру және қолдану.

10. Өзінің кәсіби деңгейін бағалау.

Әдетте портфолионың екі түрін ажыратады: өсу портфолиосы (мұнда студенттің жеке тұлғалық және кәсіби дамуы көрсетіледі) және нәтижелер портфолиосы (жыл бойы қол жеткізген ең елеулі нәтижелер). Алайда портфолионың түрі студент пен оқытушының мақсаттарына орай таңдалатындықтан, оны әртүрлі тұрғыдан құрастыруға болады. Мәселен, М.Лебедева мен О.Шилова (М.Лебедева, О.Шилова, 21-25) портфолионың келесідей түрлерін келтіреді.


Кесте №28

Портфолионың түрлері



Мақсаты

бойынша




Меншікті портфолио

Студенттер өздері үшін құрастырады





Есеп беру портфолиосы

Студенттер оқытушы үшін құрастырады





Портфолио-жоба

Студенттер өз әрекеттерін ұйымдастыру үшін құрастырады






Мазмұны бойынша


Жетістіктер портфолиосы

Студентердің белгілі бір уақыт аралығындағы (немесе материалдың қомақты бөлігі бойынша) жұмыстары





Ой-толғаныс портфолиосы

Студенттердің мақсаттарға жетуін бағалау (студенттердің өзін-өзі бағалауы)





Проблема шешуге бағытталған портфолио

Нақты проблеманы шешудің мақсаттарын, шешу процесі мен нәтижелерін көрсететін барлық материалдар





Тақырыптық портфолио

Белгілі бір тақырып (немесе модуль) аумағында студенттердің жұмысын көрсететін материалдар




Портфолионың құрылымы алдын-ала анықталып, оның қандай жұмыстар мен құжаттардан тұратындығы белгілеп алған орынды. Портфолионың қандай бөлімдер мен рубрикалардан (тақырыптар, бөлімшелер) тұратындығын студенттің өзі таңдауы керек, бұл жерде оқытушы оған бөлімдер мен рубрикалардың тізімдерін ұсынып, олардың ішінде қандайларының міндетті екендігін ғана атайды. Өз қалауы мен пікірі ескерілген жағдайда ғана студент портфолионың өзінің меншікті жұмыс екендігін түсініп, оны құрастыруға белсене кіріседі.

Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келесідей болуы мүмкін:

1. Студент өзі туралы.

- өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),

- пән бойынша алдына қойған мақсаттары,

- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,

- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.

2. Пәннің теориялық мазмұны.

- терминологиялық сөздік (глоссарий),

- оқу материалдары (тірек лекциялары, конспектілер, Интернет материалдары, т.б.),

- нормативтік құжаттар (заңдар, үкімдер, нұсқаулықтар, ережелер),

- студенттің өзі тапқан қосымша материалдар.

3. Студенттің жұмыс үлгілері.

- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),

- шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған есептер, сөзжұмбақтар, т.б.),

- келесі үлгі бойынша семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келтіру: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,

- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.

4. Студенттің жетістіктері.

- жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараты, өздігімен анықтаған заңдылықтар),

- ең ұтымды шыққан жұмыстары,

- марапаттаулар.



5. Студенттің ой-толғанысы.

- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғаныс,

- өзінің ой-толғанысын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),

- өзін-өзі бағалау,

- өз жұмысы туралы есептері,

- оқу процесі туралы ой-толғанысы (эсселер, хаттар, пікірлер).



Портфолионың жанрлық мазмұны

Портфолионың бөлімдері мен рубрикалары айқындалғаннан кейін, жинақталатын жұмыстар мен құжаттардың жанрлық сипатын нақтылап анықтау керек. Мұнда бірінші кезекте студенттің дербестігін, шығармашылығын, рефлексиясын көрсететін жұмыс түрлері келтірілуі керек. Алайда бұл жұмыста да студенттің қалауы мен мүдделері ескерілуі тиіс: портфолиоға жинақталатын жұмыстарды студенттің өзі таңдағаны дұрыс.

Портфолиоға келесідей жұмыстарды жинақтауға болады:

- тексеру және бақылау жұмыстарының, тестердің сұрақтары мен нәтижелері,

- топтық жұмыс нәтижелері (оқу тапсырмаларын орындау реті, алгоритмі),

- жобалар,

- шығармашылық жазу жұмыстары,

- фотолар,

- графикалық ұйымдастырушылар: кестелер, схемалар, диаграммалар, гистограммалар, графиктер,

- сауалнамалар мен оларды талдау нәтижелері,

- интервьюдің сұрақтары мен жауаптары,

- үй тапсырмалары (өздік жұмыс нәтижелері),

- бақылау күнделіктері,

- оқу процесі туралы ой-толғаныстар,

- өзін-өзі бағалау жұмыстары,

- портфолионы құрастыру жұмысы туралы жазылған хаттар (оқытушыға, туыстарына, жолдастарына),

- оқу/үйрену немесе зерттеудің мақсаттарын тұжырымдау,

- портфолио тақырыбы бойынша жасаған баяндамалары,

- оқылған материалдардың (кітап, лекция, зерттеулер, т.б.) конспектілері,

- зертханалық жұмыстарды сипаттау,

- салынған суреттер,

- студенттің жетістіктерін көрсететін мақтау қағаздары, сертификаттары, өзінің жұмыстары жайлы пікірлер, мінездемелер.



Портфолионы бағалауда келесідей параметрлер қарастыруға болады:

- құрылымы мен құрастырылуы (келтірілген материалдардың реттілігі мен қандай тәртіппен құрылғаны, жүйелілігі: үйрену барысында қалыптасқан нақты дағдыларға сәйкес бөлінгендігі),

- комментарий (келтірілген материалдарға түсіндірме беру),

- мазмұны (материалдардың сапасы мен кең ауқымдылығы),

- өзін-өзі бағалау (өз әрекеттері мен дамуына баға беру, оларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілеті, өз тәжірибесін кәсіби қызметпен байланыстыру әрекеттері студентте рефлексия дағдысы қалыптасқандығын көрсетеді).

Ендігі мәселе портфолионы қалайша, қандай талаптар деңгейі тұрғысынан бағалау керектігі туралы болмақ, өйткені жұмыстар мен құжаттардың толық жинақталуы студенттің дамуын жан-жақты түрде айғақтамайды. Сол себепті де портфолионы бағалауда оның құрылымына, студенттің ойлау дербестігіне, шығармашылық деңгейіне, өзін-өзі бағалауына назар аудару керек. Мысалы, портфолионы бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады:



Кесте №29

Портфолионы бағалау критерийлері


Критерийлер

Жоғарғы балл

Студенттің жинаған балы

Оқытушының комментарийі

Барлық бөлімдер келтірілген


2







Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу


5







Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану


10







Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік


10







Материалдарды безендіру


8







Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау


10







Бірге оқитын жолдастарының пікірлері


5







Ой-толғанысқа негізделген материалдар


10







Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)


10









Барлығы

70









2.8 Өзін-өзі бағалау
Әрбір үйренушінің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын анықтау - оқытушы үшін өте күрделі мәселе. Мұнда басты сұрақ студенттің оқу процесінде қалайша жұмыс жасап, оқу мазмұнын қандай дәрежеде игергендігімен байланысты болады. Сол себепті де студенттер өздерінің қалайша дамығандарын білуі үшін оларға өзін-өзі бағалау жұмысын тапсырған орынды. Мұндай үлгілерде студенттер өз жұмысын атқарған әрекеттері арқылы бағалайды.

Өзін-өзі бағалауды келесідей ұйымдастыруға болады:

1. Оқытушы студенттермен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін айқындап (критерийлер студенттердің іс-әрекеттерінен тұруы керек), бағалау кестесін құрастырады.

2. Студент сабақ барысында немесе басқа да іс-әрекет қорытындысы бойынша өз жұмысын бағалайды. Бағалауда «плюс» және «минус» белгілерін немесе дәстүрлі бес балдық жүйені қолдануға болады.

3. Нәтижелерді талқылау.

Оқытушы студенттерге келесідей мәселелерді талқылауды ұсынады:

- Жұмыс орындау барысында студенттер өздерінің қандай әрекеттерін сәтті болды деп есептейді?

- Жұмыс орындау барысында студенттерде қандай қиыншылықтар пайда болды? Бұл қиыншылықтарды қалайша жеңуге болады?

- Студенттердің бұл әрекеттері бұрынғы жұмыстармен салыстырғанда қандай деңгейде болды?

- Жұмыс орындау барысында студенттер жетістіктерге қол жеткізді ме?

4. Жазбаша есеп беру.

Студенттер өз жұмысы жайлы жазбаша есеп беріп, оның тиімділігі жайлы ой толғайды.



Өзін-өзі бағалау жұмысын да кестелер арқылы жүзеге асыру тиімді. Төменде студенттердің өзін-өзі бағалау кестелерінің бірнеше мысалы келтіріледі.
Кесте №30

Студенттің өзін-өзі бағалау кестесі

(Топ ішінде талқылау жұмысы)



Критерийлер

(студенттің іс-әрекеттері)


Әрқашан


Әдетте


Кейде


Ешқашан



Мен талқыланып жатқан мәселені басқа проблемалармен салыстырып (аналогия келтіріп), олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаймын












Мен мәселені жан-жақты қарастырып, жалпыламалап, қорытынды жасаймын, барлық ойлар мен болжамдарымды ортаға саламын












Мен нақты дерек көздеріне сілтеме жасап, барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дәлелдеймін














Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдаймын, олардың сөздерін бөлмеймін, олармен санасамын












Проблема шешуде ортақ мәмілеге келу үшін мен өз пікірлеріме өзгерту енгіземін















Кесте №31

Жазба жұмысын орындауда студенттің өз әрекеттерін бағалау



Критерийлер

(студенттің іс-әрекеттері)



Әрқашан


Әдетте



Кейде


Ешқашан



Мен жоба тақырыбы бойынша қажетті ақпарат көздерімен танысып, оларды жан-жақты қарастырып қолданамын














Мен оқулықты қайталамайтын, өзіндік түсінігімнен туындаған жаңа көзқарас пен пікірлерді келтіремін














Мен өз пікірлерім мен ұстанымдарды нақты дәлелдерге сілтеме жасау арқылы келтіремін














Мен өз пікірлерім мен ұстанымдарды анық және айқын түрде келтіремін














Мен баяндау стилін мұқият қадағалап, соған сәйкес сөздер мен тіркестерді таңдаймын














Мен проблеманы шешуді практикалық тұрғыдан қарастырамын














Мен ой қорытуда проблеманы философиялық (жалпыламала) тұрғыдан қарастырамын















Кесте №32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет