«Жақсыға» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:
Мазмұны және ұстанған позициясы:
- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) тұжырымдалған;
- қажетті ақпаратпен негізделген дәлелдер келтірілген;
- барлық дерлік маңызды мәселелер қарастырылған;
- талдау және қорытындылау жасалған;
- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.
Жан-жақтылығы:
- тақырыптың барлық дерлік бөлімдері қамтылған;
- әртүрлі көзқарастар талданып, қорытындыланады.
Дәлелдемелік негізі:
- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);
- проблема терең қарастырылады;
- қосымша ақпарат қолданылады.
Баяндау:
- жақсы құрастырылған эссе;
- жазу стилі бірден көзге басылып, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді;
- сөз қолдануы айқын және нақты.
«Қанағаттанарлыққа» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:
Мазмұны және ұстанған позициясы:
- кең контекст берілмеген және де нақты позиция айқындалмаған;
- келтірілген дәлелдер нақты сілтемелермен қамтамасыздандырылмаған.
Жан-жақтылығы:
- барлық мәселелер қарастырылмаған:
- құжаттар тек аталады немесе құжаттарға жасалған сілтемелер өзіндік көзқарас тұрғысынан бағаланбайды.
Дәлелдемелік негізі:
- қолданылған ақпарат (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, заңнамалық) дәл келтірілмеген, оларда қателер жіберілген;
- зерттелініп жатқан проблема терең қарастырылмаған.
Баяндау:
- баяндалған материалдың ішкі құрылымы (позиция, көзқарас, пікірлер және идеялардың өзара байланысы) байқалмайды;
- орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателер түсінуді қиындатады.
«Дербес пікір» жазу тәсілі
Студенттерге сабақ соңында 7-8 минут ішінде қарастырылған мәселе бойынша келесідей құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:
1. Өзіндік пікір (ой, идея).
2. Дәлел.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал
4. Өз пікіріне қарсы дәлел
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.
6. Қорытынды.
Мұндай жұмысты орындауда әрбір жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігін де көрсетуге болады:
1. Өзіндік пікір (ой, идея) – бір сөйлем.
2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
4. Өз пікіріне қарсы дәлел – бір сөйлем.
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – бір сөйлем.
6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.
Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады. «Дербес пікір» жазуын бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады (бұл талаптар студенттерге алдын-ала таратылып беріледі). Бағалауды студенттердің өздері де жүргізсе болады.
Достарыңызбен бөлісу: |