Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер



бет170/197
Дата27.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#188883
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   197
Байланысты:
Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану Асхат Әлімов (1)

1.2 Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер


1. Тақырып
Пікірталаста қарастырылатын тақырып (мәселе) әлеуметтік маңызы бар өзекті проблема болуы тиіс. Бұл мәселе қатысушыларға белгілі бір дәрежеде таныс болып, олардың қызығушылығын тудырып, мүдделеріне сәйкес келуі керек. Бұдан басқа жағдайда студенттердің бұл мәселе бойынша қызу талқы мен талас жүргізуі екіталай.
Тақырып бинарлы сұрақ түрінде келтірілуі керек. «Бинарлы сұрақ» дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі жауап беруге болатындай сұрақ.
2. Сұрақтар
Пікірталаста талқылау үшін алдын-ала сұрақтарды дайындап алған дұрыс, өйткені пікірталастың қалайша өрбитіндігі көп жағдайда осыған байланысты болады. Сұрақтар пікірталасты дамытуға бағытталуы керек, сол себепті де оларда даулы тұжырымдар, кеңінен тараған түсініктерге сәйкес келмейтін ұйғарымдар болуы керек. Сол арқылы пікірталас жанданады, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлауды үдете түседі, пікірталасқа қатысушылар санын да осылайша өсіруге болады.
3. Пікірталастың жоспары
Пікірталас жоспары (сценарийі) алдын-ала дайындалады. Онда талқылауға ұсынылған сұрақтар келтіріліп, пікірталасқа қатысушылардың мақсаттары, қандай техникалық (слайдтар, диафильмдер) және көрнекі құралдар (плакаттар, диаграммалар) қолданатындығы көрсетіледі.
Сценарийде пікірталасты үш кезеңде жоспарлаған орынды:
1) Берілген сұрақты талқылау, өзіндік позицияны таңдап алу және айқындау.
Сценарий әдетте жүргізушінің (оқытушы немесе студент) алғы сөзімен басталады. Мұнда ол тақырыптың таңдалуын негіздеп, оның өзектілігіне, пікірталаста қатысушылардың мақсаттарына тоқталады, пікірталас ережелерін қатысушылардың есіне салады. Осыдан кейін пікірталастың сұрағы тақтаға жазылады да, қатысушылар алдымен жеке, содан кейін жұппен немесе шағын топ ішінде ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңде қатысушылар позиция таңдап, оны негіздеп алуы керек.
2) Пікір таластыру.
Қатысушылар көзқарастары бойынша екі немесе одан да көп топтарға бөлінеді. Топтар өз дәлелдерін айқындап, спикерлерді таңдап, қарсы жаққа қойылатын сұрақтарды қарастырады. Пікірталас келесідей тәртіппен жүргізіледі:
- Әр топтан спикер сөз сөйлейді.
- Оған басқа топтардан сұрақтар қойылады.
- Жауап берілгенде, пікірталасқа топтың басқа да мүшелері қатысады.
3) Ой-толғаныс.
Пікірталас аяқталғаннан кейін студенттер өз ойларын ортаға салып, талқылауы керек. Содан кейін оларды жазбаша келтіріп, оқытушыға өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет