Ашекеева Ќ


Қазақстанда азаматтық қоғам мен қ



бет45/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.

Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.
Құқықтық мемлекет идеясының ұзақ тарихы бар және саяси ойлардың даму тарихында маңызды орын алады. Халықтың, қоғамның, мемлекеттің өміріндегі заңның үстемдігі туралы ой билеушінің жеке билігіне, бассыздық әрекеттеріне қарсылық түрінде пайда болған. Адамзат ежелгі заманнан бері жеке адам, мемлекеттің ара қатынасы, олардың мүдделерінің үйлесуінің тиімді формаларын іздеген. Мемлекеттің идеалды (мінсіз) нұсқасы бойынша жеке адам мүддесі бірінші орында болуы тиіс, ал халық мүддесін мемлекеттің жоғары заңы білдіруі тиіс. Алайда іс жүзінде бұл жоғары идеалдарға жету барлық уақытта мүмкін болмады, көбінесе мемлекетте белгілі бір топ, жария билік басындағылар мүддесі көзделіп кетеді. Аристотель биліктің екі түрін көрсеткен, біреуі билеушінің мүддесін көздейтін, екіншісі бағынушылар, қоғам мүддесін көздейтін. Мемлекетті кез келген әлеуметтік институт сияқты түрлі мақсатта пайдалануға болады. Ол кейбір саяси топ, элита, партия, тапқа қызмет етуі мүмкін, сонымен бірге ол қоғам мүддесіне қызмет етуі мүмкін. Бірінші жағдайда ол «қожайын» ретінде, ал екіншісінде «қызметші» ретінде көрінеді. Бұл институт өзі үшін (мемлекет мемлекет үшін) емес қоғам үшін, жеке адамның дамуына жағдай
жасау үшін қызмет етуі тиіс. Қоғам (яғни салық төлеушілер) оның саяси бөлігі болып, оны ұйымдастыруға міндетті болып табылатын мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Кез келген құбылыс сияқты мемлекеттің қызметі де жағымды нәтижелер (тәртіп, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі, қауіпсіздігі) және жағымсыз нәтижелер (бюрократизм, бассыздық, билікті шексіз пайдалану, ұйымдасқан қылмыс, террор т.б.) беруге қабілетті.
Құқықтық мемлекет концепциясының пайда болуы XVIII ғасырдың аяғы –ХІХ ғасырдың басына, буржуазиялық қоғамның қалыптасу кезеңіне жатады.
Құқықтық мемлекет идеясының алғашқы элементтері – Г.Гроций, Б.Спиноза еңбектерінде, кейін Дж.Локк, Ш.Монтескье. Т.Джефферсон, И.Кант т.б. еңбектерінде дамытылды. Термин алғаш рет ХІХ ғасырдың бірінші жартысында неміс ғалымдары Р.Моль, В.Велькер, Р.Гнейст өз еңбектерінде қолданылып, кеңінен тарала бастады.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқығы мен бостандықтары қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Жалпы алғанда құқықтық мемлекет деп құқық, заң үстемдік ететін мемлекетті айтуға болады. Құқықтық мемлекеттің мәні мен негізгі принциптері туралы мәселе маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет