Ашекеева Ќ


Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері



бет46/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері:
 заңның жоғарлылығы, қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемдігі;
 заңдардың құқықтық сипаты, яғни олардың халықаралық құқықтық стандартқа (нормаларға) сәйкес келуі;
 азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шын мәнінде жүзеге асырылуы және адамның еркін дамуы;
 мемлекет және жеке адамның өзара жауаптылығы;
 биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі, бұл қайсы бір органның билікке монополиясына жол бермейді;
 заңның орындалуын қадағалайтын бақылау мен қадағалаудың нәтиежелі
формаларының болуы.
Азаматтық қоғам. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы дамыған азаматтыққоғам негізінде ғана мүмкін болады. «Азаматтық қоғам» деген түсінікте мемлекетке қарағанда әлеуметтік өмірдің бір саласы – азаматардың жеке өмір саласы бейнеленеді. Азаматтық қоғам – бұл, адамдардың бір-бірімен дербес әрекет жасайтын, адамдардың мемлекетпен қатынасы автономиялы болатын әлеуметтік өмірдің бір саласы. Мемлекетте вертикаль қатынастар мен сатылы байланыстар үстем болса, ал азаматтық қоғамда горизанталь байланыстар – заңдық жағынан еркін, тең әріптестердің бәсекелік және ынтымақтастық қатынастары үстем болады. Кез келген қоғам азаматтардан тұрады. Алайда мемлекетке дейінгі, өркениетті емес (рулық) қоғамды азаматтық деуге болмайды, себебі ол қоғам тұрпайы, дамымаған еді және онда «азамат», «азаматтық» деген ұғымдар болмады. Құлиеленушілік және феодалдық қоғамдар да азаматтық қоғам емес еді, ол қоғамдарда барлық азаматтар еркін және тең құқықты болған жоқ. Азаматтық институты буржуазиялық дәуірде пайда болып, саяси-құқықтық жағынан мойындалды. Алайда бұл мәселенің сыртқы, формальды жағы ғана. Сонымен 3-сұрақты қорыта айтқанда, Азаматтық қоғам деп ресми билікпен теңестірілмеген рыноктық қатынастар, іс-әрекеттердің басқа да формалары түсініледі.
Қорытынды. «Азаматтық қоғам» әдебиеттерде ерекше мазмұнға ие болды, қазіргі заманғы түсінік бойынша, бұл – қоғамның белгілі бір типі, жағдайы, сонымен бірге оның әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық табиғатын, даму дәрежесін, жетілгендігін білдіреді. Бұл – әлеуметтік қоғамдастықтың жоғарғы сатысы, оның жетілуінің, ақыл-ойға сүйенетіндігінің, әділеттілігінің өлшемі. Азаматтары бар барлық қоғам, азаматтық қоғам емес. Құқығы бар кез келген мемлекет – құқықтық мемлекет емес. Мысалы, кеңес қоғамы ешқашан да құқықтық немесе азаматтық болған емес. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бір-бірін логикалық жағынан толықтырып отырады, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Азаматтық қоғам идеясының генезисі ұзақ даму жолынан өтті. Бұл идея Аристотельдің «Саясат», Платонның «Мемлекет» т.б. грек ойшылдарының еңбектерінен бастау алады. Ол Қайта ӛрлеу дәуірінде Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо еңбектерінде дамытылып, «азаматтық қоғам» термині XVIII ғасырдан бастап тұрақты қолданыла бастады. Бұған дейін ғылыми ойда мемлекет пен қоғам бірыңғай тұтас нәрсе ретінде бірге қарастырылды. Азаматтық қоғам деп қатынастардың ерекше саласын ең алдымен, мүліктік, рыноктық, семьялық, ӛнегелілік қатынастар саласы түсініле бастады, олар мемлекетке тәуелсіз болуы тиіс. Азаматтық қоғамға ресми, мемлекеттік институттардан басқа олардың бақылауына ұшырамайтын азаматардың өмір сүруі әдісі жатқызылады. Мәселе мемлекеттік биліктің «азаматтық істерге», адамдардың жеке өміріне араласпауы туралы болып отыр. Мемлекет «түнгі сақшы» қызметін ғана атқаруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет