Ашекеева Ќ


Сонымен, 1- сұрақты қорыта айтқанда



бет55/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Сонымен, 1- сұрақты қорыта айтқанда, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.

  1. Партиялар генезисі және партиялық жүйелер.

Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдарға, соның ішінде саяси ұйымдарға мүшелердің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.
Көп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Дегенмен, егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.
Саяси партияның генезисі ежелгі замандардан басталады. Тарихқа белгілі
алғашқы партиялық құрылымдар ежелгі Грецияда пайда болған. Олар туралы
Аристотель Афины мемлекеті азаматтарының арасында таулы жер, жазық және
теңіз жағалауы тұрғындарының партиялары арасындағы күрес туралы жазды.
Мұндай топтар ежелгі Римде де болған. Мұнда алғаш рет «партия» («partis»)
термині пайда болып, ол латын тілінен алғанда «үлкен қоғамдастықтың бӛлігі,
бӛлшегі» деген мағынаны береді. Бұл кезеңнің партиялары сословиелік сипатта
болып, мүшелерінің саны аз, тұрақсыз, жөнді ұйымдаспаған, бұқарамен
байланысы нашар шағын топтар еді (топтар элитарлық сипатта болды). Мұндай
топтар европалық ортағасыр дәуірінде де болған. Мысалы, ХІ ғасырда Флоренцияда «қаралар» партиясы (феодалдар-нобилдер) мен «ақтар» партиясының (бай қала тұрғындарының) арасында күрес жүріп отырған, Англиядағы Алқызыл және Ақ Раушангүлдер «партиялары» арасындағы соғыс
белгілі. Буржуазиялық революциялар саяси клуб түріндегі көптеген партиялардың пайда болуына әсер етті. Олар аристократиялық топтардан ұйымдық құрылуымен және идеологиялық бағытталуымен ерекшеленді. 1789 жылы Француз революциясы кезінде фельяндар, жирондистер, якобиншілдердің саяси клубтары құрылды.
Партиялардың саясатқа ықпал етуі ХІХ ғасырдың ортасына қарай сезіле
бастады. Бұл кезде алғаш бұқаралық партиялар пайда болды (1828 жылы АҚШ-та – Демократиялық партия және 1854 жылы – Республикалық партия, Ұлыбританияда 1861 жылы – Либералдық партия, 1867 жылы – Консервативтік
партия). ХІХ ғасырдың екінші жартысында жұмысшы партиялары құрыла
бастады. Осы айтылғандарға сәйкес, М.Вебер саяси партиялардың дамуында
мынандай кезеңдерді атап көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер;
2. Саяси клубтар;
3. Бұқаралық партиялар.
ХІХ-ХХ ғасырлар межесінде партиялардың саяси процестегі ролінің күшеюіне бірнеше себептер әсер етті:
 қоғамдық басқару саласындағы демократизм элементерінің қалыптасуы.
Идеологиялық плюрализмге (түрлі көзқарастарға) мүмкіндік берген жүйе саяси
партиялардың негізі болды;
 үлкен әлеуметтік топтардың (буржуазия, пролетариат, шарулар, зиялылар, отар тұрғындары, ұлттар т.б.) өз мүдделерін сезініп, оны жүзеге асыруға ұмтылды;
 азаматтардың сайлау құқықтарының кеңейтілуі, саяси плюрализмнің
қалыптасуы, сайлау науқанын және нақты үміткер үшін үгіт жұмыстарын
жүргізудің қажеттілігі. Бұл факторлар партиялардың жаңа белгілерге ие болып (басқару аппаратының, жергілікті ұйымдарының, мүшелерінің, жарғысының,
бағдарламасының болуына) жанама көмекші ұйымнан саяси қатынастардың
маңызды элементіне айналуына әкеледі. Партиялар сайлау науқанын ұйымдастыруда, нақты жетекшілер мен бағдарламаларды қолдауда электоратты
жұмылдыруда негізгі орын алады.
Азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара байланысты жүзеге асыра отырып, партиялар билік органдарымен ғана емес, сонымен бірге өзара қатынастар жасайды. Партиялар арасындағы осы өзара байланыстар әдісін анықтау үшін «партия жүйесі» деген термин қолданылады. Жалпы алғанда партия жүйесі деп – елдегі билік үшін тең бәсеке немесе біріккен күресі арқылы көрініп отыратын партиялардың, олардың өзара байланыстарының,
қатынастарының жиынтығын айтады. Партия жүйесінің типін анықтауда сандық өлшем (бір, екі, екі жарым және көппартиялық жүйелер) қолданылады.
Саяси процестерге қатысуға және мемлекетік органдарды қалыптастыруға нақтылы мүмкіндіктері бар партиялардың санына қарай партия жүйелерінің
мынандай типтерін анықтайды:
Бір партиялық жүйе өзінен басқа билік үшін күресетін бәсекелес
партияларды болдырмайды, мұндай жүйеде партиялық және мемлекеттік
басшылықтың ұласуы жүзеге асады. Бір партиялық жүйе тоталитарлық, кейде
авторитарлық режимдерге тән.
«Жалған» көппартиялық (квазинаппартиялық) жүйе, мұнда нақты
билік бір партияда болады сонымен бірге басқа партиялардың қызметіне
формальды түрде болса да рұқсат етіледі. Мысалы, Қытайда коммунистік
партиядан басқа сегіз партия бар, алайда олардың барлығы ҚКП-ның басшы ролін мойындайды. Бұл жүйені басқаша «гегемон – партия жүйесі» деп те атайды.
Бипартизм немесе екіпартиялық жүйе (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл
жүйеде кішігірім партиялар болады, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді. Сайлауда (АҚШ-та президенттік сайлауда,
Ұлыбританияда парламенттік сайлауда) жеңген партия министрлер кабинетін
құруға құқық алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет