Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс IV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев «... Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады», – деп ашық айтуы бекер емес.
Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту, азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін).
Партиялардан қоғамдық саяси қозғалыстарды айыра білу керек. Оларға белгілі бір мақсаттарға жету үшін үкіметке ықпал ету бағытында құрылатын
азаматтардың түрлі ерікті ұйымдар жатады.
Қоғамдық саяси ұйымдардың негізгі белгілері: партияларға қарағанда тұлғасыз болады және әлеуметтік базасы кең болады;
белгілі бір саяси мақсатқа жетуге бағдар ұстайды;
ұйымдық құрылымы жағынан әлсіз болады;
қоғамдық саяси қозғалыстар билікке жетуді емес,билікке ықпал етуді негізгі міндет деп санайды.
Қоғамдық саяси қозғалыстар бұқаралық партияны құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықаралық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Қозғалыстар көбінесе стихиялы түрде пайда болады. Алдына қойған мақсаттарына жету үшін қозғалыстардың пайдаланатын әдістері жанама ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында насихат науқанын жүргізу, өз талаптарына жазбаша түрде қол жинау, ереуілдер өткізу, үкімет жарлықтарына бағынбау, пикет, митингі, шеру өткізу) және тікелей ықпал ету (билік органдарының құрамына өз өкілдерін өткізу, саяси бюрократия өкілдерімен жеке байланыстар жасау т.б.) деп бөлінеді.
Қоғамдық –саяси қозғалыстардың пайда болуының себептері: белгілі бір адамдар тобының жағдайының ұқсастығы;
мемлекет тарапынан болатын жағымсыз әрекеттерге қарсы топ ретінде
адамдардың қарсы тұруға ұмтылысы. Әрбір қоғамдық-саяси қозғалыстың өз тарихы және пайда болу себептері бар.Олардың кейбіреулеріне толығырақ тоқталамыз.
Кәсіподақ қозғалысы бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында
еңбек ететін адамдарды біріктіреді және олардың мүддесін қорғауды мақсат етеді. Ең алғаш рет қозғалыс белгілері ортағасырлық қолөнершілердің цехтық ұйымдары ретінде көрінеді. ХIХ ғасырда қазіргі формасына ие болып, өнеркәсібі дамыған елдерде қалыптасты. Бүгін де кәсіподақтар мемлекет саясатын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Кейде оның жетекшілері мемлекеттік құрылымдарға енгізіледі, кейде кәсіподақтар мемлекеттік билік басына келуі мүмкін (1989 жылы поляктың «Ынтымақтастық» кәсіподағының жетекшілері үкіметті басқарды).
Кейбір кәсіподақтар (мысалы, Ұлыбританияда) саяси партиялардың негізі болып, олардың қызметтерін бақылайды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның ӛмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Конфессиялық қозғалыстар ежелгі заманнан белгілі. Қазіргі заманғы діни қозғалыстар ХIХ ғасыр ортасында пайда болды, олар саяси қатынастарды христиандық мораль негізінде қайта құру діндарлардың саяси өмірге қатысуына жағдайлар жасауды міндет етеді. Конфессиялық қозғалыстар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше танымал бола бастады. Олардың бір бөлігі партияларға айналды. Мысалы, Германиядан Христиан-демократиялық және Христиан-социалистік одақтары блогы бірнеше жылдар бойы билеуші күш ретінде болды.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар бар. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада-Семей»
қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті,
«Табиғат» комитеті және т.б.;
Ұлт мәселелерін шешуге бағытталған. Оларға: Қазақстанның «Азат»
азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад»
қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі,
республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, корей және т.б.
мәдениет орталықтары;
Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат» және т.б.;
Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік»,
«Жерұйық», «Шаңырақ» және т.б. Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындауына байланысты өмір сахнасынан кетті, біразы іс-әрекеттерін әлі дежалғастыруда.Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және
т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.