Ашекеева Ќ



бет56/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

2-сұрақты қорыта айтқанда, партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халыктың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыцғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет