Жедел қансырауда кан қысқа уақыт ішінде ағып кетеді (25 мл/мин жылдамдықпен). Созылмалы қансырауда қан ұзақ уақыт аралығында, аз мөлшермен ағады.
Ауырлық дәрежесі бойынша: I дәреже (жеңіл ) 15% -ға дейін II дәреже (орташа ) 15-30% (750-1500 мл) III дәреже (ауыр ) 30-40% (1500-2000 мл) IV дәреже(массивті ) 30-40% (1500-2000 мл) жоғары
Қазіргі уақытка дейін белгілі болып келген, ағып шықкан қанның көлемін тікелей анықтау әдістері (аққан қан мөлшерімен және таңғыш заттың салмағымен) мен анықтаған бірақ аз акпарат береді. ОВҚ көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты (калыпты жағдайда 5-10 см. су бағ.) ЦҚК -ң жеткілісіздігін анықтауға болады. ОВҚ -ң төмендеуі ЦҚК -ң 15-20% -дан жоғары қан жоғалтканда байқалады. Сонымен қатар, полиглюкиндік тест те қолданылады: көк тамырға 200 мл полиглюкинді сорғалатып кұяды, егер төмендеген ОВҚ жоғарылайтын болса, өте көп емес қан жоғалтты деген сөз; ал егер жоғарыламаса — массивті қан кетудің белгісі болып табылады.