Ашық және жабық жарақаттар кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Қан кету түрлері: қан тоқтату әдістері. Артериалды және венозды қан кетулерде басып таңу техникасы мен ерекшеліктері


ЖІКТЕЛУІ: ӨНДІРІСТІК а/өнеркәсіптік



бет2/19
Дата14.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#129327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
zhara 1179 at travmatologia

ЖІКТЕЛУІ:

  • ӨНДІРІСТІК
  • а/өнеркәсіптік;

    б/ауылшаруашылық.

  • ӨНДІРІСТІК ЕМЕС
  • а/тұрмыстық;

    б/спорттық;

    в/транспорттық;

    г/көшелік.

  • БАЛАЛАР
  • ӘСКЕРИ
  • ӘДЕЙІ /өлтіру үшін, өзін өлтіру, мүше бұзу/

ЖАБЫҚ ЖАРАҚАТТАР:

1. СОҒЫЛУ /СОNTUSIO/

2. СОЗЫЛУ /DISTORSIO/

3. ҮЗІЛУ /RUPTURA/

4. ШАЙҚАЛУ /СOMMOTIO/

5. СЫҒЫЛУ /COMPRESSIO/

6. ЖАРАҚАТ ТОКСИКОЗЫ /CRASH SINDROM/


Cоғылу (contusio).

Механикалық әсерден пайда болатын, анатомиясы өзгермеген, тіндер мен ағзалардың жабық зақымын соғылу деп атайды. Ол соққының немесе құлаудың әсерінен болады. Соғылудың патоморфологиясы алуан түрлі: реактивті қабынуды, экссудация мен лейкоциттердің шоғырлануын тудыратын қан құйылу байқалады.

Соғылудың клиникалық белгілері: ауыру сезімі, домбығу, қан құйылу қызметінің бұзылуы.

Шайқалу (cоmmotio)

Морфологиялық өзгерістері айқын емес, қызметінің бұзылуымен сипатталатын тіндер мен ағзалардың жабық механикалық зақымын шайқалу деп атайды. Ол жыртылу толқынының әсерінен, биіктіктен құлағанда пайда болуы мүмкін. Патоморфологиясы: щайқалу кезінде ұсақ тамырлардың тарылуы, содан кейін салдануы байқалады; тамырларда қанның тоқырауы, ұсақ ошақты қан құйылулар және өліеттенген тіндердің ошақтары анықталады. Шайқалуда болатын бұзылыстар ұзаққа созылмайды және өзінен кейін айқын, тұрақты өзгерістер қалдырмайды.



Қысылу (compressio)

Егер зақымдаушы фактор ұзақ және баяу әсер етсе қысылуға алып келеді. Терінің сыртқы анатомиялық бүтіндігі көзге көрінерліктей бұзылмағанымен, жұмсақ тіндер, нервтер мен қан тамырлары, әсіресе бұлшықеттер қатты зақымдалады. Қысылған бұлшықеттер әртүрлі дистрофиялық үрдістерге, тіпті өліеттенуге ұшырайды. Тамырлар қысылып онда тромбтар түзілуі мүмкін. Қысылудың салдарынан терең ишемия, үдемелі интоксикация, тіндердің ісінуі дамиды.

Дененің үлкен аумақты қысулулары спецификалық белгілердің кешенімен ерекшеленеді «ұзақ қысылу синдромы».

Созылу (distorsio)

Созылу–тарту күшінің әсерінен болатын тіндердің анатомиялық бүтіндігінің бұзылыстарын шақыр-майтын механикалық зақымдалу. Созылулар сирақ-асық , тізе және иық буын байламдарында жиі кездеседі. Созылулар буындарда тез және бірден қозғалудың салдарынан дамиды. Зақымдалған жерде домбығу, қан құйылу, ісіну, ауыру сезімі пайда болады. Буынның қызметі онша бұзылмайды. Диагнозды клинико-рентгено-логиялық зерттеу кезінде буынның басқа патологиясы байқалмаған жағдайда қояды.

Жыртылу (ruptura)

Тері асты шелмайының жыртылуы қан құйылумен бірге жүреді. Шандырдың жыртылуын пальпация арқылы бұлшықеттер босаңсығанда анықтауға болады. Ол қиғаш немесе көлденең жарық болып бөлінеді. Бұлшықетті тырыстырса, ол шандыр жарығы арқылы домбығып шығып тұрады, жұмсақ және серпімді ісік ретінде анықталады, басқаша оны «бұлшықет жарығы» деп атайды. Бұлшықеттердің жыртылуы толық және толық емес болуы мүмкін. Көбінесе қатаю және күшті жиырылу жағдайындағы бұлшықеттер жыртылады. Бұлшықет жыртылғанда қатты локальді ауыру сезімі пайда болады. Пальпация кезінде жарықты анықтауға болады, өйткені ол бұлшықет жиырылғанда үлкейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет