Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар



бет9/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#4644
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тегісі бар деген немене?

  • Кәдуілгі дем алатын ше! Оны жұрттың бәрі біледі.

  • Енді қайттық.

    Тірі адамның жүзінде де екі-үш түрлі сезімнің белгілері бола береді екен-ай! Байғұс бала неден қорқып, неден қуанды екен? Аз күлімсіреген көзіндегі мұн елесі неден түсті екен? Өзімшіл көңіл «сен үшін қорықты, сен үшін қуанды» дегісі келеді. Ақын ойын аяқтатпай, Қайсар бөліп кетті.

    • Аға, жырық қараны бауыздап жібердіңіз бе? – деді.

    • Ә?..

    Бала жігіттің батыл сұрағына Еркебұлан таңдатып қалды.

    • Жырық қараны деймін, бауыздап жібердіңіз ғой?

    • Жоқ, алақанның қырымен ұрдым.

    • Содан өліп кетті ме?

    • Өлген жоқ, талып кеті.... Бір минутқа жетпей есін жияды.

    • Қап!..

    • Неге, қап?

    • Өліп кеткені жақсы болатын еді. Ол – талайды өлтірген жол тонаушы. Найзамен бір-ақ түйрейді екен. Бірақ, енді ол ақсақ болып қалатын шығар...

    Тақымына от жабысқанын сезген жоқ. Сіңірі күйсе болды ғой!..

    1. Кейіпкерлер атының жүрісін, түр-түсін, мінезін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін табыңдар.

    2. Алдыда болар қауып-қатер, қиындықты жан-жануар, хайуанаттардың сезуі, белгі беруі жөнінде не білесіндер?

    3. «Сол жағына ығыса береді» теркесіне мағыналас сөздер мен сөз тіркестері қатарын толықтырыңдар (мысалы: ауыздағымен алысу, құлағын жымырайту, т.б.).

    4. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.


    6-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді тауып жазыңдар:

    Сабырлы сақтанып, сабырсыз мақтанып, сапырыстырып ақтарып ... .

    Жол жайын жүргеннен ..., сөз жайын ... білгеннен ...

    Қолың ұста ...., сөзің қысқа ....

    Орақты ора..., қолыңды кесерсің. Сөзіңді сөйлей ..., жолыңды кесерсің.

    Тамақты асығып ішпе ..., сөзді асығып сөйлеме ...

    Аз сөз ..., көп сөз ....

    Аңғал сөйлеп ..., ойланып ал ...



    7 жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
    Қазақ тілі

    Күш кеміді, айбынды ту құлады,

    Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады.

    Ерікке ұмтылған ұшқар жаны кісенде

    Қан суынған, жүрек солғын соғады.
    Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

    Күндей күшті күркіреген ел тынды.

    Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

    Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды.


    Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

    Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

    Атын күннен бағасыз бір белгі боп,

    Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың?


    Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

    Таза, терең, өткір, күшті кең тілім,

    Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

    Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

    М.Жұмабаев


    1. Өлең қай жылдары жазылған? Осы кездегі халық тарихы жайында не білесіңдер?

    2. «Күш кеміді, айбынды ту құлады» осындағы символдық кейіпкерді кімге ұқсатасыңдар?

    3. Өленде тілдің қандай белгі, қасиеттері көрсетілген?

    4. Өленді жаттап алыңдар, мәнерлеп оқыңдар.


    8– жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар.
    Адам екі түрлі

    Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,

    Жемісінен дүние жүзі баһбара алады.

    Бір адам бар терек ағашы сықылды,

    Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
    Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты,

    Молланың ақ қағазға қалар хаты.

    Нақылият, қара сөзден өлең қылып,

    Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты.


    Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,

    Адамның қымбат баһа сол жұмысы.

    Табылмас көзге тотия, ем дәрідей,

    Қолынан әр жақсылық келген кісі.


    Қайырсыз болсаң бәхил, болдың терек,

    Басқаға бір отыннан қылмас керек.

    Жақсыдан жақсының да парқы бөлек,

    Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.


    Құдайым пендесіне берген малды,

    Жаратқан әр түрлі қып жүрген жанды.

    Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,

    Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды.

    (М.Ж.Көпеев)


          1. Өлең не туралы:

          2. Ақын адам мінезін қандай жеміс ағаштарына теңейді:

          3. Баһра, хақ, нақылият, хиқаят, ихсан, баһа, тотия, бәһил қазіргі қазақ тілінде сирек кездесетін, басқа тілден енген сөздер екенін есте сақтаңдар.

          4. Осы сөздердің мағынасы сөздіктен қарап анықтаңдар.


    9– жаттығу. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, тапсырмаларды орындаңдар.
    Өскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар.

    Алтай, Күршім – не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы – қыспақ, жазы – самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірігін аймаласып, тыраңдасып, майек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы – Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған ақ аулды – Алтай елі. Алтай елі – Алтай жары – тау еркесі киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.

    Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлықтай айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңыдай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, сұңқыл қақса – шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.

    Ж.Аймауытов




    1. Табиғатты суреттеуде қолданылған сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына, құрылысына, естілу, айтылу сазына назар аударыңдар.

    2. Жазушының Марқакөлдің сипатын, орналасқан жерін суреттеуінде қандай ерекшелітер бар:

      • Өскемен, Бұқтарма, Алтай, Күршім жерлерін не үшін пайдаланған?

      • Жоғардағы ел, жер, өзен, көл, таудың суретін, табиғатын бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестерінің қызметін анықтаңдар.

    3. «Ар жағында», «оң жағында», «қақ басында», «алақанның аясында» тіркстерінің синонимдерін жазыңдар.

    4. «Күз күзеткен», «түрі де аспан, сыры да аспан», «қысы – қыспақ», «жазы – самал» тіркстерінің мағынасын ашып айтыңдар.

    5. Бір сөзді екі рет қайталанып берулуінің мағыналық, эмоциялық әсері қандай?

    Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, еле арасында даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген себепті желеу етіп ел жинап, мәслихат өткізбек болады. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас-аяғы түгел жиналып болғанымен, дуанбасылар келе қоймайды. Шілденің аптап ыстығында Жанқұтты шешен дуанбасыларды күтеді. Осы уақытты Жанқұтты дуанбасылар келмейтін болды деп халықты таратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады.

    Алшынбай тұрып:


    • Е, Жанқұтты, халық жиналды ма? – депті.

    • Халық жиналмақ түгілі, жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешіккеннен кейін сырқаттанып қалды ма деп, жиылыста қаралатын төрт мәселенің біреуін өзім шешіп, үшеуін үшеуіңізге қалдырып, кейін бір кезі келгенде айтар деп, халықты таратып жібердім, - деп Жанқұтты жауап береді.

    • Оның да дұрыс болған екен, бізге қайсысын қалдырдың, - депті Алшынбай. Сонда Жанқұтты тұрып:

    • Мұсажан, асықтың қаржысының билігін саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай, ақ тобық аттың шабысының билігін саған қалдырдым, - деген екен.




    1. Мәтінде аты аталған Мұса, Алшынбай, Құнанбай, Жанқұтты туралы не білесіңдер?

    2. Барымта, желеу етіп, дуанбасы, аптап сөздерінің мағынасын анықтаңдар.

    3. Жанқұтты шешеннің дуанбасыларға қалдырған билігін таратып айтып беріңдер.


    10-жаттығу.

    - инттеллектуалды сайста бірінші орын алған студенттеріне көніл көтеру лебізін айтыңдар, жазыңдар

    - конференцияда жақсы баяндама жасаған қатысушыларға өз пікірлеріңді, бағаларыңды жеткізіңдер

    - дәмді тамақ пісірген әже, ана, әпкелеріңе ризашылықты білдіріңдер

    - көптен көрмеген немесе күтпеген жерде кездескен достарыңа қуанышыңызды қөрсетіңдер

    - беделді, құрметті ұстазыңызға алғысыңызды жазыңыз.
    11- жаттығу. Төмендегі жағдайлардың әрқайсысына бірнеше сөйлем құраңдар:

    Туған күн

    Баласы - әкесіне, шешесіне

    Ағасы – інісіне

    Ата-аналары - балаларына

    Ұстаз – шәкіртіне



    Көңіл көтеру лебізі

    Спортшы – жаттықтырушыға

    Ғылыми жетекші - шәкіртіне

    Студент - оқытушысына


    Мерейтой

    Қонақтар – той иесіне

    Той иесі - қонақтарына



    Мекеменің ашылуы

    Ректор – қызметкерлеріне, әріптестеріне

    Басқа мекеме өкілі – басшыға, директорға




    11 жаттығу: жаңылтпаштарды жаттап, оқып айтыңдар.


    Абысындар адыраңдасысып айғайласқанша, ағайындыларды араздастыртқанша, асқа шақырыспас па, сыйласып араласпас па, абысындаспас па.


    Ақ таяғым ақ па?
    Қара таяғым ақ па?

    Ақ шар бар,

    Көк шар бар.

    Көп шар бар,

    Төрт шар бар.



    Ала бүйрек ақ бөқсе баспақ.

    Бар, май шайқа,

    Байқа, жай шайқа.



    Бос сөзден без, бос сөз-өнбес еш сөз.

    Бұл, бұл - піл,

    Бұл бір ірі піл.



    Бұл  бір жылтыр  шылбыр екен,

    Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.



    Бірқатар қада қада,

    Қадаларды қатар-қатар қада.



    Бір қыз кесте тікті,

    Кестесін түсте тікті,



    Кеште тікті.

    Даланы қар жабар,

    Қарға балалар аққала қалар.


    Дөң жатыр,

    Дөнде тон-тоң көн, жатыр




    Доп теп,     

    Тек,


    Дөптен кеп теп.

    Екеуінін жасы шамалас,

    Бірінің шашы - қарашаш, 

    Бірінің  шашы - ақ шаш аралас.


    Елеусіздік елеуіші елегіш емес,

    Елеместің елеуіші елегіш.



    Ерді ел елер,                 

    Ер елге еркелер.



    Есет атам ет асатар,
    Ет асатса бес асатар.

    Ескермес те,

    Естемес те,

    Есіл сөздерді ескермес пе?


    Есім есі кетіп есінеп отыр екен.

    Ол несіне есі кетіп отыр екен.



    Етігімнің басы қайқаяр, қайқаймас.

    Жағажай,

    Жағажайда - Қамажай.

    Жағажайда жағалай,

    Жүгіреді Қамажай.



    Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,

    Алқапты аппақ ақ қар жапты.



    Жат жұрт жалт-жұлт еткен

    жақсыларын жарнамаламайды,

    жасығын жарнамалайды.


    Жесен же, жемесен жеме


    Жоғалды бес шыбыш,

    Жоқ әлі еш сыбыс,

    Жоқ әлі еш сыбыс

    Жоғалды бес шыбыш.



    Кекілік-ау, кекілік,

    Кетіп қалма секіріп.

    Көк көйлек, көк көйлек,

    Тек өзіме дөп көйлек.



    Киген тоны -

    Онды тон,

    Өнді тон.


    Класта ақ бор бар,

    Көк бор бар,

    Көп бор бар.


    Көктемде шөп өнер жер

    Мал келер, мал ерер жер.



    Көпке бекер өкпелеме,

    Өкпе етпе,

    Тектен - текке өкпелетпе.


    Күз, Кез, Күз, Күш,

    Кеш, Көш, Кір, Кер,

    Көр, Күл, Кел, Көл,

    Кілең қысқа сөз,

    Кім оқиды тез?


    Кеткен көк,

    Көптен көп,

    Қайтқан тек кек жоқ.


    Қайрат қайрақ қайрап отыр,

    Дайрақпен балта қайрап отыр.



    Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан


    Қанар қаптарды қаптап артар,

    Шанақ арбаны аттар тартар.



    Қанат қанағаттанарлық баға алды,

    Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.



    Қапыда ит қапты,

    Қатты қапты,

    Қапты қатты.


    Кок чайнекте ак калпак,
    Ак чайнекте кок калпак.

    Құнан қайды мал қайтарар болар ма?

    Құрақ құрап көрпе көктеді,

    Қырық құрақ көрпе көктеді.

    Қызым жүзім же,

    Жүзім үзіп же.



    Қызыл ара бұрау, қырда қарау.

    Қырық құлып,

    Қырық құрық.

    Құлып та қырық,

    Құрық та қырық.



    Қырсық қисық-ты,

    Қисық қырсықты.

    Қырсық құр қырсықты.

    Кекілік ау кекілік


    Кетіп қалма секіріп.

    Қыста құлағым үсіп кетті,

    Үсіп, ісіп кетті.

    Омартаға балалар барар,

    Балаларды аралар талар.



    Немеремен емен егем
    немеремен неге егем мен.

    Оқуда Ораз өзар ма екен,
    Ажар өзар ма екен.

    Ол аралда да марал,
    Бұл аралда да марал.
    От екен маралға арал,
    Отбасын аралда марал.

    Ошақта от жоқ,

    Шоқ тап, от жақ.



    Пышағы кесті, жайышты,

    Шанышқысы шанышты.



    Саттар сотқар соттар соттағандықтан

    сорлаңқырамады, сотта

    Саттар сотқар сотқа

    соқтығыңқырағандықтан сорлаңқырады.



    Тайғанақта қай тай тайды,

    Тағалатпаған тай тайды.



    Судан Сүкеңе сүлік ілікті,

    іліккен сүлікті Сүкең сілікті.



    Тақпақ жатта,
    Жатқа жатта,
    Жаттамай жатта.

    Талғат балға тап,

    Оншақты жаңғақ шақ,

    Шақсаң, сақ шақ.


    Тары ақта,

    Тары ақтап,

    Қапқа қапта.


    Таяқ жон,

    Жонсаң жөн жон.



    Тері шалбар бар,

    Тері шалбар киетін шалдар бар



    Тоқаң Қоқаңа қоқаңдаңқырады
    Боқаң Тоқаңды қолдаңқырады.
    Қоқаң, Тоқаң мен Боқаңды боқтаңқырады,
    Боқтаңқырағандықтан ба,

    Боқаң мен Тоқаң тоқтаңқырады.



    Торта қойдым,
    Орта қойдым,
    Орта қойдым,
    Жорта қойдым.

    Түрің түрленіп, кідірмей оқы,

    Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.



    Тұз - мұздай,

    Мұз - тұздай.



    Тұрыс бұрышқа тұр,

    Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр



    Үйген жүгерілері,

    Түгел ірі жүгері.



    Үйде неше шал отыр?

    Көсе шал отыр.

    Тақиясы шошайып


    Үш кіші ішік піштім,
    Бес кіші ішік піштім,
    Неше кіші ішік піштім?

    Шалабай шыли Шалағай,
    Шақша басы шарадай
    Шаладай шала Шалабай.

    Шаншар шаршап жатыр,

    Қайсар жайша жатыр.



    Шауғымдегі
    Шай қайнады ма?
    Шай қайнады деп
    Шешем айқалады ма?

    Шеше, шеше,
    Неше кесе сынды кеше?

    Шешей отты көсеумен көседі

    Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.



    Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.

    Шын еңбекшіл - өрмекші,

    Өрмекші - шын өрнекші.



    Ізшілер іздесті,

    Түз кезді, із кесті.







    12-жаттығу: 1. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.

    2. Мақал-мәтелдерге тән отрақты табыңдар.

    3. Жинақтап негізгі ойды айтыңдар.
    Адам көңілінен азады, тілінен жазады.

    Аз сөйлеп, көп тыңда.

    Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сінлі өсер.

    Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

    Ата байтерек, бала жапырак.
    Ата-ананнын акылы саркылмайтын колмен тен.
    Ана жақсылығын ауырсаң білесін.
    Ашуың келсе – қолың тарт, айтпас жерде – тілің тарт.

    Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

    Баска пәле тілден.

    Басыңа ис түссе жақсы көмек етеді, жаман күліп өтеді.

    Білмесең – үндеме, білгенді күндеме.
    Ең тәтті де – тіл,
    Ең ашты да – тіл,
    Ең жұмсак та – тіл,
    Ең катты да – тіл.

    Кесірлі ауыздан, кесапатты сөз шығар.

    Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

    Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды.

    Көп сөйлеген – көптен айырылар

    Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.

    Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

    Мақал – сөздің атасы, уәде – ердің опасы.

    Ми ойлағанды тіл тындырады.

    Оқу алды - қызыл тіл,


    бірден соңғы мергеншіл.

    Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.

    Қылышынан қан тамған батырды,
    Тілінен бал тамған акын алады.

    Өнер алды - кызыл тіл.

    Су сағасы – бұлақ. Сөз сағасы – құлақ.

    Сөз атасы – құлақ, жол атасы – тұяқ, су атасы – бұлақ.

    Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

    Сөз тапқанға қолқа жоқ.

    Тіл тас жарады,
    Тас жармаса,
    Бас жарады.

    Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар.

    Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

    Шебердің золы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

    Шешннің сөзі – мерген, шебердің көзі – мерген.
    Тұрақты сөз тіркестері

    1. Үріп ауызға салғандай, жүзіктің көзінен өткендей, хор қызындай - әдемі, сұлу

    2. Тіліңді жұтарсың, аузынан дәмі кетпейді, саусағыңды жалайсың – дәмді, тәтті.

    3. Елең-алаңнан, таң сәріден, ала көлеңкеде – ерте.

    4. Ит арқасы қиянда, ит өлген жерде – алыс.

    5. Жыланның аяғын санаған – қу, тақыс.

    6. Қой аузынан шөп алмас – момын.

    7. Оқтау жұтқан, түйе үстінен сирақ ұйыту.

    8. Өкпесін қолға алып жүгіру, аяқ-қолы жерге тимеу, жан ұшыру – қатты, тез жүгіру.

    9. Жерден алып жерге салу – қатты ұрысу.

    10. Жерге кіріп кете жаздау, бетінен оты шығу – қатты ұялу.

    11. Кеңірдегі жыртылғанша, даусы қарлыққанша, бар даусымен – қатты айқайлау.

    12. Көзге түртсе көргісіз – қараңғы.

    13. Төбесі көкке жеткендей, жоғалғаны табылғандай, өлгені тірілгендей - қатты қуану.

    14. Өлген адамды күлдіреді – қу тіл, күлдіргі.

    15. Зәресі зәр түбіне кету, көзі шарасынан шығу, зәре-құты қалмау – қатты қорқу.

    16. Жаны мұрнының ұшына келу, жай таппау – қатты сасу.

    17. Екі аяғын бір етікке тығу – асығу.

    18. Терісіне сыймау, жын қаққандай аласұру – қатты ашулану.

    19. Аузы-аузына жұқпау – тез сөйлеу.

    20. Қолы-қолына жұқпау – тез істеу.

    21. Өгіз аяңмен – жай, ақырын.

    22. Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу – қатты шаршау.

    23. Өрт жалағандай – тақыр.

    24. Ит байласа тұрғысыз – көңілсіз.

    25. Ұшарға қанаты жоқ – тез жетуге асығу.

    26.Түйенің құйрығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жеткенде – ешқашан орындалмайтын іс, ой.

    27.Опық жеу, бармағын тістеу – қатты өкіну.

    28. Салт атты, сабау қамшылы – отбасынсыз, жалғыз басты адам.

    29.Сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ – қауіп-қатерден ойлап сақтандыру.



    30. Шаш етектен бату – молшылыққа кездесіп, мол олжаға ие болу.
    Пайдаланғат әдебиеттер тізімі:


    1. М. Балақаев. «Тіл мәдениет және қазақ тілін оқыту». - А., 1989.

    2. М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. - А., 1971.

    3. Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - А., 1991.

    4. С.Құрманғалиева. Қазақ тілінің мәселелері. - А., 1965.

    5. Р.Сыздықова. Сөз құдіреті. - А., 1997.

    6. Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. - А., 1980.

    7. С.Жендырбаева. Мәнерлеп оку. - А., 1992.

    8. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан. М. 1991ж.







    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет