КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ: көпшілікке арналған ақпараттың жеке тұлғаға, қоғамға, мәдениеттің қалыптасуына ықпалын түсінеді;
БАҚ таратқан ақпараттың мазмұнын, оқиға мен құбылыстардың берілуін сыни тұрғыда қабылдай алады;
виртуалды ортада байланыс орнатқанда зиянды немесе біреуді қорлайтын, кемсітетін сөздерді пайдаланбайды;
көпшілікке арналған тиянақты дайындалған сапалы ақпаратты тапсырыспен жазылған, жалған, асығыс дайындалған, сапасыз ақпараттан ажырата біледі;
медиа жүйесінде қаржылық сауаттары қалыптасады
МАҚСАТЫ: оқушылардың бойында коммуникация құралдарын қауіпсіз пайдалануға қажетті құзіреттерді қалыптастыру; өз көзқарасын білдіруге, жеке танымын қалыптастыруға, өмір бойы ізденуге, оқуға, жаңа білім алуға машықтануға көмектесу
МІНДЕТТЕРІ: оқушылар баспасөзде жазылған, теле және радиобағдарламаларда, кинофильмдерде айтылған, интернетте және басқа да ақпарат көздерінде жарияланған ақпаратты зерделеп, талдап-сараптап, сыни бағалап және іріктей алатын болуы керек;
Әртүрлі коммуникация құралдарындағы хабарламалардың шығу мақсаты мен себептерін түсініп, осыған байланысты сенімді ақпаратты таңдай алулары керек;
Көпшілікке арналған ақпаратты, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін саналы түрде әрі тиімді пайдалана білулері керек;
Бұқаралық ақпарат құралдары мен медианың рөлін бағалап, олар бетпе-бет келетін қатерлерді түсіне білулері керек.
1. Суреттерде не көріп отырсыздар? 2. Не ерекше болды? 3. Тақырыпты болжап көріңіз....
қызығушылықтары бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін. Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады. Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі — Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.
Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік медиа
Әрбір адамға қол жетімді қарапайым негіздері келесідей: отбасылық бюджетті бақылау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтары. Оған банктік карточкаларды пайдалану, салымдар бойынша табысты есептеу, кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлік жүктелімді есептеу, ақшалай аударымдарды жіберу, коммуналдық қызметтерді төлеу кіреді. Біз осындай әрекеттерге күн сайын жолығамыз. Көптеген адамдар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы өзекті болмауы ықтимал, ал кейбір адамдар бұл тақырыппен тіпті айналысуды қаламайды. Өзіне және жақындарына өмірдің жоғары деңгейін қалыптастыруды, ақшаны қалай жаратуды, қосымша табыс табудың көздерін табуды, оны көбейтуді қалаған адам өзінің қаржылық білімін дамытуға тырысады.
Әлеуметтік желіде «отыру» ережелері: - өзің туралы жеке ақпаратты шектеңіз; - қиын құпия сөз орнатыңыз; - таныс емес адамдарды «Достарға» қоспаңыз; - басқа адамдарға дөрекі және намысына тиетін сөздер жабаңыз; - өзіңді басқа адам ретінде таныстырмаңыз; - жазылатын постта өз ойыңызды нақты айтыңыз; - өзге адамдардың фотосын, оның рұқсатынсыз салмаңыз
Негізгі ой Көмекші сөздер Түйін
2 тапсырма
Әлеуметтік желіні не үшін пайдаланасыз? Болжамды жауаптар
Музыка тыңдауға
Сурет жіберуге
Видео коруге
Достармен сөйлесуге
Видео конференция
өткізуге және т.б.
3 тапсырма. Бейнежазбаны көріңіз және төмендегі формула бойынша өз ойыңызды білдіріңіз «Әлеуметтік желі: пайдасы мен зияны.» Деректі фильм https://www.youtube.com/watch?v=sYn7hV3M8uk «Попс формуласы»: 1-қадам: «Менің ойымша...» 2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...» 3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...» 4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»
Сабақ сізге ұнады ма?
Ақпараттық сауаттылық – адамның ақпаратты іріктеу, таңдау, түсіну, бағалау, сақтау, жазу, қолдану және ұсыну қабілеті. Ақпараттықсауаттылықты меңгерген, сыни ойлай алуға қабілетті, ақпаратты сараптай алатын әрі қорыта алатын адамды ақпаратты сауатты деп айтуға болады.
Бұл оқушыларға жеке мұраттарына, әлеуметтік және білім саласындағы мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық сауаттылық ұғымы түрлі қабілет, дағды жиналған жиналған білім спектрін қамтиды.
Ақпараттық сауаттылыққа мынандай қабілеттер жатады: