Қашықтықтан оқыту әдістемесі


Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі?



бет4/6
Дата01.12.2023
өлшемі426,14 Kb.
#194480
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семинар №4

Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі?
- Үдерісті басқару;
- Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді және кемшіліктерді жою;
- Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету;
- Үдеріс субъектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау;
- Білім алушылардың өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
- Білім алушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
- Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу;
- Білім алушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.

Кері байланыстың үш негізгі қызметі:


Back
Next
1) Әрекеттерді түзету мен реттеу
2) Тұлғааралық қатынастарды реттеу
3) Өзін – өзі тану құралы
Қашықтықтан оқыту барысындағы тиімді кері байланыс жүргізу мына үш сұраққа жауап береді:
1) Менің оқуым қандай сатыда?
2) Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін?
3) Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?

Кері байланысты тиімді жүргізу үшін, қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:

  • Оқу бағарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құру;
  • Тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциалау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
  • Бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
  • Әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілгендерді жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті онлайн-құралдарға мысал келтірейік:

1. google jamboard

Сыныпта интерактивті тақтада орындалған жұмысты әр жерден әр компьютерлік құрал немесе смартфонмен біруақытта түзеп отыру арқылы кері байланыс беруге болады.

2. edpuzzle

Әркім өз аккаунтымен кіріп, мұғалім немесе оқушы мәртебесін ала алады. Мұғалім оқушыларға видео немесе ресурсты таратып, тақырыпқа сай тесттер құрастырып, оқушылардың видеоның әр бөлімін қанша рет көргенін, қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін бақылап отыра алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет