Ашу және жазуға үйретудің



бет13/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жазылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуын өткенде пайдалы. Әдетте, жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мына әдіс-тәсілдер қолданылады: 1) зейін қойып, іштеріңнен және дауыстап оқып шығыңдар; 2) мағынасына көңіл бөліңдер (үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер т.с.с.); 3) буындап оқыңдар және жазыңдар; 4) әсіресе, сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар; 5) жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер; 6) сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар; 7) «я» әрпі бар сөздерді топтаңдар т.б.

Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе, сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3,...). Мысалы, оқушылардың дәптерлерінің 5 бетінде «в» әрпі кездесетін сөздер түзіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет