Мұғалім тақырыпты атайды. Фишкалардың (қызыл, сары, көк жасыл, қара, ақ) көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа бөледі. Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сай бірлесе отырып сурет салу ұсынылады.
Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтарды тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады.
Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |