Сабақ кезеңдерінің мазмұны:
Оқушының сабаққа назарын аударуды ұйымдастыру.
Оқу материалындағы негізгі ойды хабарлау (заң, қағида, ереже және т.б.).
Оқу ісіндегі мазмұнды нәтижелерге жеткізген әдіс- тәсілдерді, құралдарды, зерттеу әдістерін, оқушылардың ойлауын қамтамасыз ету.
Оқылатын материалды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз ету (неден, қалай бастау керек, неден шықты, неге ауысады және қорытындыны қалай дәлелдейді).
Оқылатын оқу материалдарын оқушылардың философиялық ойлануы үшін мазмұнды және әдістемелік жағдай туғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |