Байланысты: Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы
Сабақты жоспарлау кезеңдері, мұғалімнің оған дайындығы:
- бөлім және тақырып бойынша сабақ жүйесін жете дайындау;
бағдарлама негізінде сабақта әдістемелік құралдың, мектеп оқулығының және қосымша әдебиеттердің білімдік – дамытушылық, тәрбиелік мақсатын анықтау.
Сабақ мазмұнын іріктеу, мағынасына қарай аяқталған блоктарға, бөлімдерге бөлу, бастапқы білімдерін анықтау, дидактикалық өңдеу;
Сабақта оқушы түсініп және есінде сақтайтын негізгі мазмұнды таңдау;
Сабақ құрылымын, оның түрін және әдіс-тәсілдерін анықтау;
Берілген материалдың басқа пәндермен байланысын табу; жаңа материалдарды оқытуда осы байланыстарды пайдалану және оқушылардың жаңа білім мен дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа білім мен біліктілікті меңгерту, сондай-ақ оны қалыптан тыс жағдайларда қолдану мақсатымен сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының барлық іс-әрекеттерін жоспарлау;
Сабақтың дидактикалық құралдарын жинақтау (кино- диафильмдер, суреттер, плакаттар, үлестірмелер, сызбалар, арнайы әдебиеттер т.б);
Оқытудың техникалық құралдарының жабдықталуын тексеру;
Мұғалімнің тақтада қолданылатын жазбалары мен суреттерін жоспарлау, оқушының осы тапсырманы тақтада және дәптерінде орындауы;
Оқушының дамуына бағытталған сабақта өзіндік жұмыс түрлері мен олардың мөлшерін қарастыру;
Оқушының сабақта және үйде меңгерген білімдері мен дағдыларының бекіту түрлері мен тәсілдерін анықтау;
Оқушылардың біліктілігін тексеру жолдарын жоспарлау;
Үй тапсырмасының мазмұнын, мөлшерін және түрін анықтау, үйге берілетін тапсырманың әдістемесін ойластыру;
Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысын жоспарлау;