Ашу және жазуға үйретудің



бет89/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Оқу жылдамдығы


Оқу жылдамдығының құрамдас бөліктерінің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Оның әрқайсысы оқу жылдамдығына әсер етеді. Бөліктерінің ішіндегі маңыздысы оқудың әдістері.

Оқу әдістерінің 5 негізгі түрі бар: 1) бірқалыпты буындап оқу, 2) бірқалыпты буындай отырып сөзді тұтас оқу; 3) тұтас сөздерді оқу; 4) сөз топтарын оқу.

Әдістерді жүйелі түрде дамыта отырып, оқушыны буындап оқудан, тұтас сөздерді, сөз топтарын оқуға бірте-бірте жетелеу керек.

Оқу шапшаңдығы оқу әдістеріне, әрине түсініп оқуға тікелей байланысты. Оқу жылдамдығының шамалай орнатылған деңгейі бар:



Міндетті деңгей

сынып

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

1

20-25 сөз (1, одан да көп әріптен тұрады)

30-35 сөз




2

40-45 сөз

55-60 сөз

3

65-70 сөз

75-80 сөз

4

85-90 сөз

95-100 сөз




Мүмкіндік деңгей

сынып

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

1

30-35 сөз

40-50 сөз

2

55-60 сөз

65-70 сөз

3

75-80 сөз

85-90 сөз

4

95-105 сөз

110-120 сөз


Оқу жылдамдығын тексеру кезінде барлық сыныптарда 1 әріптен тұратын сөзден бастап түгел саналуы тиіс. Бағаны тек қана оқу жылдамдығы үшін емес, оқушы қалай оқығанын да атау қажет: деңгейге сай, деңгейден жоғары, деңгейден төмен. Бірақ әр баланың жүйке жүйесінің түрін (флегматик, меланхолик, холерик, сангвиник) ескеру міндетті. Оқу жылдамдығын тексеру барысында баланың қорқу, абыржу сияқты жағдайлары туындаған жағдайда бағалау баланың пайдасына шешілуі керек. Оқу шапшаңдығынан, түсініп оқудан, қателер саны жағынан да аталған ескертпелер ескерілуі қажет.

Оқу дағдысының келесі көрсеткіші – дұрыс оқу. Дұрыс оқуда төмендегі жағдайлар ескеріледі:



    • ауыстыру;

    • қалдырып оқу;

    • орнын алмастыру;

    • қосып оқу;

    • бұзып оқу;

    • әріп, буын, сөздерді қайталау;

    • екпін қателері.

Осындай қателерді болдырмау үшін:

    • Оқыр алдында сөздердің лексикалық мағынасын түсіндіру. Сөз мағынасын түсінбесе, мәтінді дұрыс қабылдауы қиынға соғады.

    • Буындық құрамы, тілдік құрамы күрделі сөздерді алдын ала буындап оқыту.

    • Сабақ үстінде мәтінді мұқият тыңдауға қолайлы жағдай (ахуал) туғызу, сұрақтар мен тапсырмаларды нақты қою.

    • Мәтінді алдын ала ішінен оқып шығу.

    • Оқушылардың оқу қызметін мұғалімнің жүйелі түрде бақылауы.

    • Қателердің сипатына қарай оларды әдістемелік дұрыс түзетіп отыру.

    • Сөздердің жалғауларын қате оқығанда, мұғалім оқушының оқу барысын тоқтатпай түзетіп отырады.

    • Орфоэпиялық мөлшерді бұзып оқыған қателерді түзетуге басқа оқушылар қатыстырылады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет